Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі



бет12/19
Дата17.07.2016
өлшемі1.26 Mb.
#204589
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

106-бап. Бюджетті нақтылау

1. Тиісті қаржы жылы ішінде республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы республикалық және жергілікті бюджеттердің көрсеткіштерін өзгерту республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау болып табылады.

2. Республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау:



1) Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тұрақтылығына қауіп төндіретін ахуалды жою қажет болған;

2) республикалық және жергілікті бюджеттер кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері қабылданған немесе өзгертілген;

3) республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару барысында түсімдері ағымдағы қаржы жылы олардың бекітілген жылдық көлемінен он проценттен астам сомаға кеміген;

4) жоғары тұрған бюджеттен қосымша бөлінген және бөлінген нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемдері өзгерген;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) осы Кодекстің 10-бабының 4-тармағында, 20-бабының 5-тармағында және 104-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда жүргізіледі.

3. Сондай-ақ бірыңғай бюджеттік сыныптамаға өзгерістер енгізу кезінде жергілікті бюджеттерді нақтылауға жол беріледі.

4. Жергілікті атқарушы органның бастамашылығы бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде тоқсанына бір-ақ рет жергілікті бюджетті нақтылауға жол беріледі.

5. Тиісті бюджеттік комиссияның республикалық бюджет туралы заңға немесе мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстары негізінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджет қаражатын қысқарту туралы шешім қабылданған бюджеттік бағдарламалар бойынша операцияларды тоқтата тұруға құқылы.

 

107-бап. Республикалық бюджетті нақтылау



1. Республикалық бюджетті нақтылау Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің және (немесе) Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады.

2. Республикалық бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстарды Республикалық бюджеттік комиссия қарайды.

3. Республикалық бюджетті нақтылау кезінде осы Кодексте белгіленген республикалық бюджетті әзірлеу мен бекіту кезіндегі талаптар сақталады.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4. Республикалық бюджеттік комиссияның республикалық бюджетті нақтылау туралы ұсынысын ескере отырып, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қоспағанда, стратегиялық жоспарға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын және Республикалық бюджеттік комиссия өзгерістерін мақұлдаған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімді табыс етеді.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



5. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган стратегиялық жоспарға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын және республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік өтінімдерді ұсынғаннан кейін он жұмыс күні ішінде стратегиялық жоспарға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын және бюджеттік өтінімдерді қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды және оларды Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.

6. Республикалық бюджеттік комиссияның ұсынысын ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде нақтыланған республикалық бюджеттің жобасын жасайды және оны Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.

7. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджеттік комиссияның ұсынысы негізінде нақтыланған республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасы бойынша он жұмыс күні ішінде республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңның жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынады.

 

108-бап. Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін нақтылау



1. Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін оның атқарылу барысында нақтылау осы Кодекске сәйкес тиісті жергілікті атқарушы органның және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады.

2. Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін нақтылау жөніндегі ұсыныстарды тиісті бюджеттік комиссия қарайды.

3. Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін нақтылау кезінде облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін әзірлеу мен бекіту кезінде осы Кодексте белгіленген талаптар сақталады.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4. Облыстық бюджеттерді, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін нақтылау республикалық бюджетті нақтылауға байланысты жүргізілген жағдайда, мәслихаттың тиісті шешімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірілмей қабылданады.

 

109-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау



1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін оны атқару барысында нақтылау осы Кодекске сәйкес тиісті жергілікті атқарушы органның және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады.

2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау жөніндегі ұсыныстарды тиісті бюджеттік комиссия қарайды.

3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау кезінде осы Кодексте белгіленген ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін әзірлеу мен бекіту кезіндегі талаптар сақталады.

4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттер мен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасында бөлінетін түсімдер бойынша нақтылау облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органымен келісім бойынша жүргізіледі.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау облыстық бюджетті нақтылауға байланысты жүргізілген жағдайда, мәслихаттың тиісті шешімі облыстық бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жергілікті атқарушы органның қаулысы қабылданғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірілмей қабылданады.

 

20-тарау. Секвестр және бюджетті түзету



 

110-бап. Секвестр

1. Секвестр бюджет қаражатының шығыстарын белгілі бір шектерде қысқартуды көздейтін арнайы тетікті білдіреді, ол республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару кезінде бекітілген түсімдер республикалық және жергілікті бюджеттерге толық түспеуі салдарынан бекітілген бюджеттік бағдарламаларды толық көлемде қаржыландыру мүмкін болмаған жағдайларда енгізіледі.

2. Бюджеттік бағдарламаларды олардың бекітілген жылдық көлемінің он процентінен кем сомаға секвестрлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша, ал он проценттен астам сомаға секвестрлеу заңның немесе мәслихат шешімінің негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның секвестр жүргізу туралы қаулысының негізінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган осы Кодексте белгіленген тәртіппен тиісті бюджетті түзетуді жүзеге асырады.

4. Бюджеттік бағдарламалар қысқартылған кезде олардың басымдығы мен әлеуметтік бағыттылығы ескеріледі.

5. Тиісті бюджеттік комиссияның секвестрлеу туралы ұсынысын ескере отырып, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган азаматтық-құқықтық мәмілелердің тіркелуін жүзеге асыруды және секвестрлеу белгіленген бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдер жүргізуді тоқтата тұрады.

6. Секвестрлеу кезінде бюджет қаражаты есебінен жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша туындаған қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

111-бап. Бюджетті түзету



2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың қаулылары және өзге де нормативтік құқықтық актілер негізінде түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, кезекті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы бекітілген (нақтыланған) бюджеттің көрсеткіштерін өзгерту бюджетті түзету болып табылады.

Егер жүргізілген түзетуден кейін бюджетті нақтылау жүргізілсе, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды қоспағанда, бюджеттің түзетілген көрсеткіштері нақтыланған бюджетте көрсетіледі.

2. Республикалық бюджетті түзету:

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) орталық мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, функциялары мен штат санының лимиттері өзгертілген жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл ретте бюджетті түзету аталған жағдайларға байланысты тиісті бюджеттік бағдарламаларды республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген (нақтыланған) осы бюджеттік бағдарламалардың жалпы сомасы шегінде біріктіруді, бөлуді, қысқартуды (ұлғайтуды) беруді білдіреді;

2) бюджетте бюджеттік бағдарламалардың белгілі бір әкімшісінің бюджеттік бағдарламалары құрамында бекітілген бюджеттік бағдарлама қаражаты бюджеттік бағдарламалардың түрлі әкімшілері арасында бөлінген;

3) осы Кодекстің 24-бабының 3-тармағында көзделген;

4) осы Кодекстің 104-бабының 4-тармағында көзделген;

5) осы Кодекстің 110-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

3. Жергілікті бюджеттерді түзету:

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, функциялары мен штат санының лимиттері өзгертілген жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл ретте бюджетті түзету аталған жағдайларға байланысты тиісті бюджеттік бағдарламаларды мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімінде бекітілген (нақтыланған) осы бюджеттік бағдарламалардың жалпы сомасы шегінде біріктіруді, бөлуді, қысқартуды (ұлғайтуды) беруді білдіреді;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2) қаржы жылы iшiнде төмен тұрған бюджетке Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және облыстың жергілікті атқарушы органының резервтерiнен қаражат бөлiнген, сондай-ақ қаржы жылы ішінде төмен тұрған бюджетке жоғары тұрған бюджетте көзделген бөлінетін бюджеттік бағдарламалардан қаражат бөлінген;

3) бюджетте бюджеттік бағдарламалардың белгілі бір әкімшісінің құрамында бекітілген бюджеттік бағдарлама қаражаты бюджеттік бағдарламалардың түрлі әкімшілері арасында бөлінген;

4) осы Кодекстің 44-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген;

5) осы Кодекстің 104-бабының 4-тармағында көзделген;

6) осы Кодекстің 110-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

 

21-тарау. Бюджеттік мониторинг және нәтижелерді бағалау



 

112-бап. Бюджеттік мониторинг

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Міндеттемелердің уақтылы қабылданбау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің уақтылы жүргізілмеу себептерін анықтау, бюджет түсімдері мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасау мақсатында жүзеге асырылатын бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін тұрақты және жүйелі жинау, бақылап отыру және талдау бюджеттік мониторинг болып табылады.

2. Бюджеттік мониторингті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар жүзеге асырады.

3. Бюджеттік мониторинг бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілігі және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынатын ақпарат негізінде жүзеге асырылады.

4. Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есептер береді.

5. Бюджеттік мониторингтің нәтижелері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар тоқсан сайын және жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне, жергілікті атқарушы органдарға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы талдамалық есепті, сондай-ақ ай сайын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданбаған міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының уақтылы орындалмағаны туралы ескертпе-ақпарат береді.

6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар тиісті бюджетті әзірлеу немесе нақтылау кезінде тиісті бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есептің нәтижелерін ескереді.

7. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік мониторинг жүргізу жөніндегі жалпы әдіснамалық және әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді.

Бюджеттік мониторинг жүргізу ережесін қара

 

113-бап. Нәтижелерді бағалау



2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік орган қызметінің ел немесе өңір экономикасының дамуына, экономиканың, қоғамның жеке саласына (аясына) тигізетін әсерін кешенді және объективті бағалау, мемлекеттік орган қызметі нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізуді стратегиялық жоспар мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау негізінде талдау нәтижелерді бағалау болып табылады.

2. Нәтижелерді бағалау:

1) нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығын, олардың түсінікті және анық жазылуын, бюджеттік бағдарламаны іске асыруға қажетті ресурстарды жоспарлаудың дұрыстығын талдауды;

2) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен бюджеттік бағдарламаларында айқындалған нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесін талдауды;

3) алынған нәтижелердің стратегиялық жоспарда айқындалған мемлекеттік органның стратегиялық бағыттарына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігін бағалауды;

4) қол жеткізген нәтижелердің мемлекеттік қызмет көрсетуді алушылардың мүдделері мен қажеттіліктеріне сәйкестігін бағалауды;

5) нәтижелердің стратегиялық мақсаттар мен көрсеткіштерге қол жеткізе алмау себептерін талдауды;

6) мемлекеттік органның қызметін жақсарту, бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру көлемін ұлғайту, қысқарту не оларды бюджеттен алып тастау жөніндегі ұсынымдарды қамтуға тиіс.

3. Нәтижелерді бағалауды жүргізу кезінде үкіметтік емес ұйымдардың (қоғамдық бірлестіктердің) оларды алушыларға сауал қою негізінде алынған мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну сапасы туралы ақпараты пайдаланылады.

4. Нәтижелерді бағалауды бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және Қазақстан Республикасының Президенті уәкілеттік берген мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

5. Нәтижелерді бағалауды жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

 

5-бөлім.



Қазақстан Республикасы Ұлттық банкін және оның еншілес ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алуының және қаржылық есептілігінің жүйесі

 

22-тарау. Бухгалтерлік есепке алу жүйесі

 

245-бапқа сәйкес 114-бап 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

114-бап. Бухгалтерлік есепке алудың және қаржылық есептіліктің мақсаты

Бухгалтерлік есепке алудың және қаржылық есептіліктің мақсаты мүдделі адамдарды мемлекеттік мекемелердің қаржылық жағдайы туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

 

245-бапқа сәйкес 115-бап 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді



115-бап. Бухгалтерлік есепке алудың және қаржылық есептіліктің принциптері мен негізгі сапалық сипаттамалары

1. Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілікті жасау принциптері есептен шығару және қызмет үздіксіздігі болып табылады.



Есептен шығару принципі ақы төлеу уақытына қарамастан, оларды жасау фактісі бойынша операциялардың нәтижелерін танумен қамтамасыз етіледі.

Қызмет үздіксіздігі принципі мемлекеттік мекеменің алдағы болашақта жұмыс істейтін ниеті бар екенін, қызметін таратудың немесе қызмет ауқымдарын едәуір қысқартудың қажеті болмайтынын білдіреді. Егер мұндай ниет немесе қажеттілік бар болса, онда қаржылық есептілік арнаулы ережелер бойынша жасалады.

2. Қаржылық есептіліктің негізгі сапалық сипаттамалары түсініктілік, орындылық, сенімділік және салыстырмалылық болып табылады.



Түсініктілік – қаржылық есептілікте берілетін ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.

Орындылық – шешімдер қабылдайтын пайдаланушылар үшін ақпараттың орынды болуы және олардың оқиғаны бағалауына көмектесуі, бұрынғы бағаларын растауы немесе түзетуі тиіс.

Сенімділік – елеулі қателер мен бұрмалаушылықтардың болмауы және пайдаланушылардың ақпаратқа шынайы ақпарат ретінде сенуі.

Салыстырмалылық - әртүрлі кезеңдердегі және әртүрлі мемлекеттік мекемелердің ақпаратын салыстыру мүмкіндігі. Ұқсас операциялардың қаржылық нәтижелері барлық мемлекеттік мекемелер үшін бірыңғай әдіснама бойынша жүзеге асырылуға тиіс.

 

245-бапқа сәйкес 116-бап 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді



116-бап. Бухгалтерлік есепке алу жүйесі

1. Бухгалтерлік есепке алу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен және есепке алу саясатымен регламенттелген мемлекеттік мекемелердің операциялары туралы ақпаратты жинаудың, тіркеудің және жинақтаудың тәртіпке келтірілген жүйесін білдіреді.

2. Есепке алу саясаты мемлекеттік мекемелер барлық мемлекеттік мекемелер үшін бірыңғай болып табылатын қаржылық есептілікті жасау мен ұсыну кезінде қолданатын принциптерді, негіздерді, ережелерді, қағидаларды және практиканы қамтиды. Есепке алу саясатын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлеп, бекітеді.

3. Бухгалтерлік есепке алудағы операциялар мен оқиғалар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.

5. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша қажет болған жағдайларда олардың қызмет ерекшелігін ескеріп және мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізудің белгіленген тәртібін сақтай отырып, мемлекеттік мекемелерде өз жүйесінің бухгалтерлік есепке алу жөніндегі жалпы ережелерін қолдану тәртібі туралы нұсқаулар шығара алады.

 

23-тарау. Қаржылық есептілік



 

245-бапқа сәйкес 117-бап 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет