Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі



бет13/19
Дата17.07.2016
өлшемі1.26 Mb.
#204589
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19

117-бап. Қаржылық есептілік

1. Қаржылық есептілік мемлекеттік мекеменің қаржылық жағдайы және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпаратты білдіреді.

2. Мемлекеттік мекеменің қаржылық есептілігі:



1) бухгалтерлік балансты;

2) активтер мен міндеттемелердегі өзгерістер туралы есепті;

3) қаржыландыру көздері бойынша мемлекеттік мекеменің шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есептерді;

4) түсіндірме жазбаны қамтиды.

3. Мемлекеттік мекеменің қаржылық есептілігі бастапқы құжаттармен расталады.

4. Мемлекеттік мекеме барлық операциялардың бірыңғай бухгалтерлік есепке алынуын жүргізеді.

5. Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.

 

245-бапқа сәйкес 118-бап 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді



118-бап. Шоғырландырылған қаржылық есептілік

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасауға міндетті.

 

119-бап. Есепті кезең



1. Жылдық қаржылық есептілік үшін 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғандағы күнтізбелік жыл есепті кезең болып табылады.

2. Жаңадан құрылған мемлекеттік мекеме үшін бірінші есепті жыл ол мемлекеттік тіркелген кезден бастап сол жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы кезеңді қамтиды.

 

120-бап. Қаржылық есептілікті ұсыну



1. Мемлекеттік мекемелер қаржылық есептілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне табыс етеді.

2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаржылық есептілікті:

1) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына ұсынады.

3. Қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен беріледі.

4. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аралық қаржылық есептілікті ұсыну мерзімін анықтауға және жылына кемінде бір рет өзге де кезеңділікті белгілеуге құқылы.

 

6-бөлім. Бюджеттік есепке алу мен есептілік



 

24-тарау. Бюджеттік есепке алу

 

121-бап. Бюджеттік есепке алу бойынша негізгі ережелер



Бюджеттік есепке алу бірыңғай қазынашылық шоттан және мемлекеттік мекемелердің шоттарынан жасалатын операциялар туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың талаптары мен міндеттемелері туралы ақшалай түрдегі ақпаратты жинаудың, тіркеудің және жинақтаудың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен реттелген, тәртіпке келтірілген жүйесін білдіреді.

 

122-бап. Бюджеттік есепке алуды жүргізу



1. Бюджеттік есепке алу деректері бюджеттік есептілік жасау үшін негіз болып табылады.

2. Бюджеттік есепке алуды жүргізу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

123-бап. Бюджеттік есептіліктің сапалық сипаттамалары



1. Бюджеттік есептілік мынадай:

1) жасалған операциялардың түпнұсқалығын және есепке алуда оларды көрсеткен кезде қателердің жоқтығын білдіретін анықтық;

2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген барлық талап етілетін ақпараттың көрсетілуін білдіретін толықтық;

3) осы Кодекстің және басқа да нормативтік құқықтық актілердің есептілікті жасау жөніндегі ережелерінің сақталуын білдіретін сәйкестік сапалық сипаттамаларға сай келуге тиіс.

2. Алынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілген қызметтің) бюджетке түсетін түсімдері бюджеттік есептілікте ақшалай түрде көрсетіледі.

 

124-бап. Бюджеттік есептіліктің түрлері



1. Бюджеттік есептілік есептердің мынадай түрлерін:

1) мемлекеттік мекемелердің есептерін:



міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының орындалуы туралы есепті;

тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есепті;

демеушілік пен қайырымдылық көмектен ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есепті;

дебиторлық берешек туралы есепті;

кредиторлық берешек туралы есепті;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептерін:

бюджеттік мониторингтің нәтижелері туралы есепті;

бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есепті;

тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есепті;

демеушілік пен қайырымдылық көмектен ақшаның түсуі және оның жұмсалуы туралы есепті;

дебиторлық берешек туралы есепті;

кредиторлық берешек туралы есепті;

стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті;

стратегиялық жоспар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есебін;

3) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілігін:



республикалық, тиісті жергілікті бюджеттердің, облыс бюджеттерінің, мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есепті;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасын бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есепті;

мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есепті;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың талаптары мен міндеттемелері туралы есепті

мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша демеушілік және қайырымдылық көмектен ақшаның түсуі және оның жұмсалуы туралы есепті;

мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің дебиторлық берешегі туралы есепті;

мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің кредиторлық берешегі туралы есепті;

бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша республикалық (жергілікті) бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есепті;

4) Қазақстан Республикасы Yкіметінің, жергілікті атқарушы органның есептерін:



республикалық немесе тиісті жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті қамтиды.

2. Бюджетті атқару және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдар өз құзыреті шегінде бюджеттік есептіліктің қосымша нысандарын белгілеуге құқылы.

3. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер бюджеттік есептілікті жасау және табыс ету жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алуға міндетті.

4. Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті қоспағанда, осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген бюджеттік есептілікті жасау және табыс ету тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.

 

125-бап. Бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсыну



2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеп бекітілген, нақтыланған, түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттерді, қабылданған, төленбеген міндеттемелерді, бюджет түсімдерінің атқарылуын және (немесе) тиісті бюджеттің бюджеттік бағдарламалары бойынша төленген міндеттемелерді көрсетеді.

245-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның өкілеттіктеріне қатысты 125-баптың 2-тармағында көзделген нормалар 2009 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болды



2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органға, тоқсан сайын - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне мемлекеттік, шоғырландырылған, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп береді.

245-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның өкілеттіктеріне қатысты 125-баптың 3-тармағында көзделген нормалар 2009 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болды



3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша әкімдікке, мәслихаттың тексеру комиссиясына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарына, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есеп береді.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары ай сайын және жыл қорытындылары бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Кодекстің 124-бабында көзделген есептерді береді.

245-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның өкілеттіктеріне қатысты 125-баптың 4-тармағында көзделген нормалар 2009 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болды



4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша әкімдікке, мәслихаттың тексеру комиссиясына, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына, облыстың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органына және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы есепті, сондай-ақ осы Кодексте көзделген басқа да есептерді береді.

 

126-бап. Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есеп



1. Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есеп оны іске асыру барысы, мемлекеттік орган қызметінің мақсаттарына, міндеттері мен нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізудегі прогресс туралы ақпаратты қамтиды.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті жыл сайын ағымдағы қаржы жылының 15 ақпанына дейінгі мерзімде:

Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, — Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға және Қазақстан Республикасының Президенті нәтижелердің бағалауын жүргізуге уәкілеттік берген органдарға;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін мемлекеттік органдар, — Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға және Қазақстан Республикасының Президенті нәтижелердің бағалауын жүргізуге уәкілеттік берген органдарға;

жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, — әкімге, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға және Қазақстан Республикасының Президенті нәтижелердің бағалауын жүргізуге уәкілеттік берген органдарға ұсынады.

3. Стратегиялық жоспарлардың іске асырылуы туралы есептер бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатады.



Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті жасау және ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді.

 

25-тарау. Бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп



 

127-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну

245-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның өкілеттіктеріне қатысты 127-баптың 1-тармағында көзделген нормалар 2009 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болды

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті айдан кейінгі жылдың 25 наурызынан кешіктірмей есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына ұсынады.

2. Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп:

1) республикалық бюджет туралы заңға қосымшаларға сәйкес республикалық бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерді білдіретін тиісті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептен;

2) республикалық бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы, жүргізілген бюджеттік мониторинг және оның нәтижелерін бағалау негізінде республикалық бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың есепті қаржы жылы ішінде стратегиялық жоспарларының нәтижелеріне, мақсаттарына қол жеткізілуін және міндеттерінің шешілуін талдау нәтижелері туралы талдамалық есептен;

3) түсіндірме жазбадан тұрады.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Түсіндірме жазба елдегі экономикалық ахуал және республиканың тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң баптарының орындалуы туралы талдамалық ақпаратты қамтиды.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын ағымдағы жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне ұсынады. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді.

5. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

 

128-бап. Қазақстан Республикасының Парламентінде республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылау және бекіту



1. Қазақстан Республикасының Парламенті Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін алғаннан кейін есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жылдық есебін өз кезегімен қарау арқылы Палаталардың бөлек отырысында – алдымен Мәжілісте, содан кейін Сенатта талқылайды.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылаған кезде Қазақстан Республикасының Парламенті:

Қазақстан Республикасының Yкіметі уәкілеттік берген адамдардың республикалық бюджеттің атқарылуы және тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған елдегі салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы баяндамасын;

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының республикалық бюджеттің атқарылуы туралы баяндамасын;

Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары уәкілеттік берген адамдардың республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытынды жасалған қосымша баяндамаларын тыңдайды.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептері Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатында талқыланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында бекітіледі.

 

129-бап. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну



245-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның өкілеттіктеріне қатысты 129-баптың 1-тармағында көзделген нормалар 2009 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болды

1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті әкімдікке, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органына ұсынады.

2. Есепті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есеп:

1) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті туралы мәслихаттың шешіміне қосымшаларға сәйкес облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерді білдіретін тиісті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есептен;

2) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің түсімдер бойынша атқарылуы, жүргізілген бюджеттік мониторинг және оның нәтижелерін бағалау негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың есепті қаржы жылындағы стратегиялық жоспарларының нәтижелеріне, мақсаттарына қол жеткізілуін және міндеттерінің шешілуін талдау нәтижелері туралы талдамалық есептен;

3) түсіндірме жазбадан тұрады.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3. Түсіндірме жазба экономикалық ахуал және тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы, тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті баптарының орындалуы туралы талдамалық ақпараттан тұрады.

4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктері жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей есепті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен қоса облыстық мәслихатқа, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына ұсынады.

 

130-бап. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту



1. Мәслихат өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің жылдық есебін облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы мәслихаттың тексеру комиссиясының есебін алғаннан кейін бір айдың ішінде мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Жылдық есепті қараған кезде мәслихат:

әкімдік уәкілеттік берген адамдардың облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы және тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған өңірдің салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы баяндамасын;

мәслихаттың тексеру комиссиясы төрағасының облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы баяндамасын;

мәслихат уәкілеттік берген адамның (адамдардың) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытынды жасалған баяндамасын тыңдайды.

3. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есеп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейін мәслихаттың сессиясында бекітіледі.

 

131-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну



245-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның өкілеттіктеріне қатысты 131-баптың 1-тармағында көзделген нормалар 2009 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болды

1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей есепті қаржы жылғы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен қоса әкімдікке, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға ұсынады.

2. Есепті қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есеп:

1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті туралы мәслихаттың шешіміне қосымшаларға сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерді білдіретін тиісті қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы есептен;

2) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің түсімдер бойынша атқарылуы, жүргізілген бюджеттік мониторинг және оның нәтижелерін бағалау негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың есепті қаржы жылындағы стратегиялық жоспарларының нәтижелеріне, мақсаттарына қол жеткізілуін және міндеттерінің шешілуін талдау нәтижелері туралы талдамалық есептен;

3) түсіндірме жазбадан тұрады.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3. Түсіндірме жазба экономикалық ахуал және тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы, тиісті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті баптарының орындалуы туралы талдамалық ақпараттан тұрады.

4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі жыл сайын ағымдағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен қоса ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына ұсынады.

 

132-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту



1. Мәслихат аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің есепті қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін мәслихаттың тексеру комиссиясының аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы есебін алғаннан кейін бір ай ішінде мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды.

2. Жылдық есепті қараған кезде мәслихат:



әкімдік уәкілеттік берген адамның аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы баяндамасын;

мәслихаттың тексеру комиссиясы төрағасының аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы баяндамасын;

мәслихат уәкілеттік берген адамның (адамдардың) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытынды жасалған баяндамасын тыңдайды.

3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есеп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейін мәслихаттың сессиясында бекітіледі.

 

26-тарау.  Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет