Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі


-тарау. Бюджеттің атқарылуы туралы жалпы ережелер



бет14/26
Дата29.02.2016
өлшемі1.45 Mb.
#30340
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26

15-тарау. Бюджеттің атқарылуы туралы жалпы ережелер

 

82-бап. Бюджеттің атқарылуы туралы жалпы ережелер



1. Бюджетке түсімдердің түсуін, бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуын қамтамасыз ету, бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бюджеттің атқарылуы болып табылады.

2. Республикалық бюджеттің атқарылуын Қазақстан Республикасының Үкіметі қамтамасыз етеді.

3. Жергілікті бюджеттердің атқарылуын жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді.

4. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттің атқарылуы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және оның іске асырылуын жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, бекітеді, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, бухгалтерлік және бюджеттік есепке алу, қаржылық және бюджеттік есептілік саласындағы әдістемелік басшылықты жүзеге асырады.

5. Бюджеттің атқарылуы ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанында аяқталады.

6. Бюджеттің атқарылуы республикалық бюджет туралы заңмен немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты көлемінің шегінде жүзеге асырылады.



Бюджеттің атқарылуы кезінде жоспарлы кезеңнің екінші және (немесе) үшінші қаржы жылдарында көзделген бюджет қаражатын ағымдағы қаржы жылында пайдалануға жол берілмейді.

7. Бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру бюджеттің атқарылуы жөніндегі тиісті уәкілетті органға жүктеледі.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8. Бюджеттің атқарылу рәсімдерін және оларға кассалық қызмет көрсетуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен 83-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



83-бап. Қазақстан Республикасының кейбір заңдарының және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің ерекшеліктерін ескере отырып, бюджеттің атқарылуы

Осы Кодекстің бюджеттің атқарылуын реттейтін ережелері мемлекеттік құпиялар, Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын, мәслихаттардың депутаттарын, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкiмдерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру, елдің сыртқы саяси қызметін, қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.

 

 

16-тарау. Бюджеттің атқарылу процесі



 

245-бапқа сәйкес 84-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді

84-бап. Бюджеттің атқарылу негізі болып табылатын құжаттар

Мыналар:

1) осы Кодекс;

2) республикалық бюджет туралы заң және жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі;

3) республикалық қаржы жоспары туралы жарлық және жергілікті атқарушы органның кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы қаулысы;

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның республикалық бюджет туралы заңды немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулылары;

5) Қазақстан Республикасы Yкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның республикалық немесе жергілікті бюджеттерді атқару барысында қабылдайтын шешімі;

6) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары;

2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды 

6-1) бюджеттік бағдарламалар;



7) 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары;

9) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарлары;

10) мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарлары;

11) осы Кодекске сәйкес бюджеттің атқарылу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер бюджеттің атқарылу негізі болып табылады.

 

245-бапқа сәйкес 85-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



85-бап. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары

1. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасауды, бекітуді және жүргізуді бюджетті атқару жөніндегі тиісті орталық және жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.

2. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің оларға арналған бюджет қаражатының жылдық көлемі шегінде ақшалай түрдегі міндеттемелердің ай сайынғы көлемін айқындайтын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің өздері қабылдайтын міндеттемелері бойынша қаржыландыру жоспарлары негізінде жасалады.

3. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бюджет түсімдерінің және төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың теңгерімделген ай сайынғы жоспарын айқындайтын құжат болып табылады.



Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары теңгерімделген болуға тиіс, ол жыл басынан бергі өспелі жиынымен айлар бойынша түсімдерден шығыстардың асып кетуіне жол бермеуді білдіреді.

4. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бюджет түсімдері сыныптамасының санаттары, сыныптары және кіші сыныптары мен ерекшеліктері бойынша жасалатын, бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспарынан және функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының бюджеттік бағдарламалары бойынша жасалатын төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарынан тұрады.



Бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бюджетке төленетін төлемдер түсімдерінің мерзімін, бюджетке өткен жылдары түскен төлемдер түсімдерінің қарқынын, мемлекеттік бағалы қағаздардың табыстылық қарқынын талдауды және бағалы қағаздар нарығындағы сұраныс пен ұсыныстар деңгейін, кредиттік шарттардың, қарыз шарттарының, байланысты гранттар туралы келісімдердің талаптарын негізге ала отырып, бюджет түсімдері сыныптамасының топтама кодтарының толық көлемі бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жасайды.

Төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары оларға арналған бюджет қаражатының жылдық көлемі шегінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің қабылдаған міндеттемелерді орындау есебіне төлемдерді жүзеге асыру үшін қажетті жеке бюджеті қаражатының ай сайынғы көлемін айқындайтын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарлары негізінде жасалады.

Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының жылдық сомалары бюджеттің бекітілген (нақтыланған) түсімдері мен шығыстарының сомаларына сәйкес болуға тиіс.

5. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамасы жөніндегі мемлекеттік мекемелер әзірлейді және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын бекіту және әзірлеу үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне беріледі.

6. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарлары бойынша шығыстардың жинақталған сомасы міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес болуға тиіс.

7. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасы бойынша әзірлейді және бюджеттік бағдарламалар деңгейінде бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға береді.



Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі операциялық жоспарды уақтылы іске асыру мақсатында айлар бойынша жоспарлы тағайындауларды бөлуді қамтамасыз етеді.

8. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарлары, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарлары жоспарлы кезеңнің бірінші жылына арналып әзірленеді және бекітіледі.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.23.11. № 55-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді

9. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері мен бюджеттік бағдарламалардың кіші бағдарламаларына қатысты және бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың жылдық және ай сайынғы көлемдерін өзгертпейтін міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістерді дербес енгізеді. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне қажетті бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың ай сайынғы көлемдерінің өзгерістері бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган арқылы жүзеге асырылады.

Бюджеттiң атқарылуы барысында бюджет қаражатының үнемделуi пайда болған жағдайда:

Республикалық бюджет комиссиясында белгіленген тәртіппен міндетті түрде қарай отырып, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаражатты бір бюджеттік бағдарлама шегінде республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар арасында қайта бөлуге құқылы;

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті бюджет комиссиясында белгіленген тәртіппен міндетті түрде қарай отырып, жергілікті атқарушы органдар қаражатты бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде және бір облыс шегінде жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында, сондай-ақ республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен келісу бойынша, жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында қайта бөлуге құқылы.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мемлекеттік мекемелердің өтінімдері бойынша мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізуді жүзеге асырады.

2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 9-1-тармақпен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



9-1. Бюджеттің атқарылуы барысында республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаражатты ағымдағы қаржы жылына арналып бекітілген (нақтыланған) республикалық бюджетте көзделген нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарлама ішінде, облысқа, республикалық маңызы бар қалаға, астанаға ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың он пайызынан аспайтын көлемде облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана арасында тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қайта бөлуге құқылы.

Бюджеттің атқарылуы барысында облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаражатты ағымдағы қаржы жылына арналып бекітілген (нақтыланған) облыстық бюджетте көзделген нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарлама ішінде ауданға (облыстық маңызы бар қалаға) ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың он пайызынан аспайтын көлемде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) арасында тиісті аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен және тиісті жергілікті өкілді органдармен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қайта бөлуге құқылы.

2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 9-2-тармақпен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



9-2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы қаражатты тікелей және түпкілікті нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштерін сақтау шартымен, ағымдағы қаржы жылына арналып бекітілген (нақтыланған) жергілікті бюджетте көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында нысаналы даму трансферттерi бойынша бір бюджеттік бағдарлама ішінде ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаға шығыстардың он пайызынан аспайтын көлемде жоғары тұрған бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен және тиісті жергілікті өкілді органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қайта бөлуге құқылы.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



10. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын жасау және жүргізу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.

 

 



17-тарау. Бюджеттің кассалық атқарылуына қызмет көрсету жөніндегі шоттар

 

86-бап. Бірыңғай қазынашылық шот



1. Бірыңғай қазынашылық шот аударым операцияларын орталықтандырып жүзеге асыру және олардың есебін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ұлттық валютамен ашылады.

Бірыңғай қазынашылық шот бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген тәртіппен ашылады.

2. Бірыңғай қазынашылық шот қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы ақша қалдықтарын қамтиды.

 

87-бап. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның шетел валютасындағы шоттары



Операцияларды шетел валютасымен жүзеге асыру және оларды есепке алуды жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген тәртіппен шетел валюталарының түрлері бойынша шоттар ашады.

 

88-бап. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары



1. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары мыналарға:

1) республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдерді есепке алуға және республикалық және жергілікті бюджеттердің шығыстарын жүргізуге;

2) мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатуынан түсетін ақшаны есепке алуға және олардың есебінен (ақылы қызметтер шоты) шығыстарды жүргізуге;

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін түсімдерді есепке алуға және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотына аударуға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемелерге арналған демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін ақшаны есепке алуға және жұмсауға (демеушілік, қайырымдылық көмек шоты);

5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемеге жеке және (немесе) заңды тұлғалар олардың қайтарымдылығы не белгілі бір талаптар басталған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға (ақшаны уақытша орналастыру шоты) аудару шартымен беретін ақшаны есепке алуға;

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) бюджет ақшасын есепке алуға және оларды ерекше шығыстарды (нысаналы қаржыландыру шоты) жүргізуге пайдалануға;

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен  7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



7) қаржы ұйымдарының жарғылық капиталдарын ұлғайту жағдайларын қоспағанда, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең төмен мөлшерде қалыптастыру кезінде республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға көзделген ақшаны есепке жатқызумен және оны инвестициялық жобаларды іске асыруға пайдаланумен не мемлекеттік тапсырманы орындаумен (бұдан әрі - квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоты) байланысты;

2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдерді есепке жатқызумен және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағыттаған шығыстарды жүргізумен (жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоты) байланысты;

2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды 

9) Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарттарға немесе байланысты гранттар туралы шарттарға сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан (бұдан әрі - сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау шоты) ұлттық валютаға қайта айырбасталатын үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар ақшаларын есепке жазуға және жұмсауға байланысты операцияларды есепке алуға арналады.

2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді



2. Тиісті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуінен түсетін ақшаның түсімдері және жүргізілген төлемдер мен аударымдар бойынша операциялар бірыңғай бюджеттік сыныптамаға және мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес ескеріледі.

Демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, нысаналы қаржыландырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және шетел валютасындағы шоттар бойынша түсімдер мен жүргізілген төлемдер бойынша операциялар мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес ескеріледі.

Ақшаны бір мемлекеттік мекеменің кодынан басқа мемлекеттік мекеменің кодына аударуға жол берілмейді.

3. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ашады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.

 

89-бап. Мемлекеттік мекемелердің шоттары



1. Мемлекеттік мекемелердің мынадай шоттары болуы мүмкін:

1) мемлекеттік мекеменің шетел валютасымен операциялар жүргізуі үшін оған валюталардың түрлері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ашатын шетел валютасындағы шот;

2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы немесе байланысты гранттар бойынша халықаралық шартта айтылған, екінші деңгейдегі банкте немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда шетел валютасында ашылатын, үкіметтік сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың аванстық төлемдері арқылы жаңартылатын сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты;

2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) ұлттық (шетелдік) валютада төлемдерді жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банкте немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылатын сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына арналған шот;

4) үкіметтік сыртқы қарыздар есебінен берілген кредит бойынша негізгі борышты өтеу шотына қарыз алушылар қайтаратын ақшаны есепке алу және пайдалану үшін бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру кезеңінде екінші деңгейдегі банкте ашылатын бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылатын шоты.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жүргізу және жабу бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

Екінші деңгейдегі банктерде немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жүргізу және жабу Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

 



18-тарау. Бюджеттің атқарылуы

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет