-
Шынайы босату көлемінің өсу темпі жыл сайын 0,1 өсіп отырады, демек жобаланған жылдағы өсу темпі 1,5 тең.
-
Айналым ұсталымдарының өсу темпі жыл сайын 0,01 төмендейді, демек, жобаланған жылдағы өсу темпі 1,03 құрайды.
-
Д жылындағы шынайы босату көлемінің жобаланған мәні 1,5 есе көбейеді, айналым ұсталымы-1,03 есе, ал тауар қорының мөлшері 0,99 есе төмендейді.
Жобаланған көрсеткіш Жк салыстырмалы бағада формула бойынша есептеледі:
Жк = Жф Тжыл ; Жк = Жф Торт , мұндағы
Жф - ағымды уақыттағы көрсеткіш мәні; Тжыл – пайда болған тенденция есебімен жобаланатын өсу темпі (өсім) ; Торт – орташа өсу темпі (өсім).
Содан соң жобаланған жылда мүмкіндік көрсеткіші баға түрінде, яғни, мүмкін болатын құлдырауды есепке ала отырып есептейді.
Кесте 9.
Дәріхананың босату көлемі
Есептеу периоды |
Жыл А
|
Жыл Б
|
Жыл В
|
Жыл Г
|
Жыл Д
(жоспар)
|
Босатылымның номинальды көлемі, млн. теңге
|
100,0
|
180,0
|
343,2
|
546,0
|
982,8
(327,6 3)
|
Баға индексі
|
1,0
|
1,5
|
2,2
|
2,5
|
3,0
|
Босатылымның шынайы көлемі, млн. теңге
|
100,0
|
120,0
|
156,0
|
218,4
|
327,6 (218,4 1,4)
|
Өсу темпі
|
---
|
1,2
|
1,3
|
1,4
|
1,5
|
Тесттер:
1. Дәріхананың таза табысы деп түсіндіріледі:
А) дәрілік препараттар және медициналық мақсаттағы бұйымдардың бөлшектік және босату бағалары арасындағы айырмашылық
Б) таза табыс және таза ұсталым арасындағы айырмашылық
В) өнімнің бірлігін сатудағы таза кіріс немесе өнім бірлігінің бағасы
Г) таза табыс және босату бағалары арасындағы айырмашылық
Д) таза кіріс және таза ұсталым бірлігінің бағасы
2. Өндіріс (сату), ұсталым, табыс көлемі арасындағы қатынас балансын есептейді:
А) шектеулі ұсталымдар
Б) шығынсыз (зиянсыз) нүктесі
В) шектеулі еңбек өнімі
Г) созылғыштық коэффициенті
Д) еңбек өнімділігі
3. Дәрілік препараттарды жарнамалауды реттеу құқығымен қамтамасыз етіледі:
А) Дәрілік заттар туралы заңымен
Б) Пациент құқығы туралы заңымен
В) Жарнама туралы заңымен
Г) Денсаулық сақтау туралы заңымен
Д) Қоршаған ортаны қорғау туралы заңымен
4. Ұйымдастыруда басқару деңгейінің логикалық қарым-қатынасы аталады:
А) ұйымдастырушылық құрылым
Б) басқару нормасымен
В) басқару функциясымен
Г) басқару міндеттерімен
Д) басқару талаптарымен
5. Біріккен еңбек қызмет ету процесінде ұжымда туындайтын қиын шешілетін қарама-қайшылық аталады:
А) келіспеушілік (жанжал)
Б) басшы стилі
В) іскерлік өзара қарым-қатынас
Г) координация
Д) коммуникация
6. Басшыдан бағынышты адамға құзырлығын өткізу аталады:
А) координация
Б) коммуникация
В) делегирлеу
Г) өзара қарым-қатынас
Д) келіспеушілік
7. Ұйым мүшелерінің өзара ақпарат алмасу процесі аталады:
А) координация
Б) коммуникация
В) делегирлеу
Г) жанжал
Д) басшы стилі
8. Провизорлар және фармацевттер аккредитациясы мына мақсатпен өткізіледі:
А) дәрілік көмек және қызмет көрсету бойынша олардың қызметтерінің бекітілген стандарт талаптарына сәйкес (мамандығы) мемлекеттік дәрежесі туралы шешімін алу
Б) біліктілік категориясын алу
В) еңбек ақысы бойынша разрядын анықтау үшін
Г) сертификация
Д) стандартизация
9. Дәріхана қызметкерлерінің еңбегін қорғау жауапкершілігі жүктеледі:
А) бас бухгалтерге
Б) провизор-аналитикке
В) дәріхана меңгерушісіне
Г) дефектарға
Д) провизор-рецепторға
10. Қоғамдық өндірісті басқаруға арналған қажетті динамикалық ашық қадағалау жүйесі, өлшеу, шаруашылық қызметі әрекеті және фактілер туралы ақпаратты алу және өңдеу аталады:
А) баланс
Б) бәсекелестік
В) екі реттік жазылым
Г) бухгалтерлік есеп
Д) қаржылық нәтиже
11. Тартымды қаржы көзі:
А) уставтық қор
Б) табыс
В) кеспелер
Г) уставтық қор және табыс
Д) есептесулер бойынша міндеттер
12. Тауардың нақты болуына серіктес құжаттар болмаса, жасалады:
А) қызметтік хат
Б) акт
В) консомент
Г) накладная
Д) счет – фактура
13. Ресептсіз босату бойынша сауда көлемдері жайында мәліметтер бекітіледі:
А) чектермен
Б) рецепттермен
В) ингредиенттердің бағасын қосу арқылы
Г) жеке дайындалатын дәрілерге тапсырыс санымен
Д) чектермен және ингредиенттер бағасын қосу арқылы
14. Дәрігер рецептте «арнайы тағайындалумен» деп жазып, өз қолын және мөрін қоюға міңдетті, егер асырылса:
А) жоғарғы реттік доза
Б) жоғарғы тәуліктік доза
В) ДП орамдарының саны
Г) штрих коды болмаса
Д) бір уақытта босату нормасы
15. Концентраттар – бұл:
А) дәрілерді босатуға келетін мөлшерде дозалау
Б) дайындаудың дозаланбаған түрі
В) дәрілік түрлерді жиі кездесетін рецептуралық жазбалар бойынша алдын – ала дайындау
Г) күрделі дәрілік түр
Д) концентрациялары рецептте жазылған концентрациядан жоғары дәрілік заттардың алдын – ала дайындалған ерітінділері
16. Барлық этикеткаларда ескерту болу керек:
А) «Қолданар алдында шайқаңыз»
Б) «Салқын жерде сақтау керек»
В) «Қараңғы жерде сақтау керек»
Г) «Абайлап қолдаңыз»
Д) «Балалардан сақтау керек»
17. Амбулаториялық емдеуде жүрген науқастарға наркотикалық дәрілік заттарды белгілеу құқығына ие:
А) акушерка
Б) фельдшер
В) ЕПМ дәрігері
Г) медициналық кооператив дәрігері
Д) медбике
18. Төмендегілердің қайсысы ҚР ДСМ Фармация комитетінің міндетіне жатпайды:
А) жаңа дәрілік заттарды тіркеу
Б) медициналық тәжірибеде қолдануға рұқсат беру
В) мамандар аттестациясы
Г) сертификаттау
Д) бақылау – надзорлық
19. Төмендегілердің қайсысы фармакопиялық эксперттік комиссия міңдетіне жатпайды:
А) фармакопиялық мақалаларды дайындау
Б) мемлекеттік реестерден ескірген және аз тиімді дәрілерді алып тастау
В) дәрілік заттарды А және Б тізімдеріне бөлу
Г) нормативтік құжаттар жобаларын қарастыру
Д) мемлекеттік фармакопияны бекіту және шығару
20. «Өте жақсы» бағасы үшін бағалардың проценттік қатынастағы бағамы келесі түрде анықталады:
А) 50 % -дан 60 % -ға дейін
Б) 65 % - 75%
В) 75 % - 80%
Г) 80 % - 85%
Д) 88 % - 100%
21. Мамандарға біліктілік дәреже беру аттестацияның мақсаты:
А) білімнің кәсіптік деңгейін жоғарылату
Б) жалақыны жоғарылату
В) мамандарды тандау, орналастыру
Г) атақ беру
Д) лауазымен жоғарылату
22. Мамандарға квалификациялық дәреже бермеуге негіз:
А) тауардың толық ассортиментінің болмауы
Б) дәрілік заттарға жоғары бағалар
В) штаттық қызметкерлер саны толық емес
Г) дәріхана ұйымдарына қойылатын квалификациялық талаптарға сай болмау
Д) мамандардың квалификациялық дәрежеге сай болмауы
23. Аккредитациядан өткен органдарға бақылауды жүргізеді:
А) ДСМ
Б) фармация комитеті
В) Мемстандарт
Г) әділет органдары
Д) салық инспекциясы
25. Дәріхана дүмбешегінде келесі дәрілік заттар мен ММҚ сатылады:
А) сульфаниламидті препараттар
Б) гормондар
В) прекурсорлар
Г) дәрігердің рецептісіз босатылатын дәрілер
Д) антибиотиктер
26. Өндірістік бөлшек сауда дәріханаларында сатуға болады:
А) стационарлық дәрігерлер жазған дәрілік заттар
Б) ветеринарлық дәрігерлер жазған дәрілік заттар
В) наркозға арналған дәрілік заттар
Г) ІІ тізім кестесінің наркотикалық заттарын басқа қала рецептімен
Д) тіркелген ЕПМ рецептері бойынша дәрілік заттар
27. ЕПМ дәріханасы келесі дәрежеге ие:
А) муниципалды
Б) дәріхана бөлімі
В) денсаулық сақтау органдарының бөлімі
Г) ЕПМ – ң құрылымдық бөлімшесі
Д) дәріхана қызметі органдарының бөлімі
28. ДЗ және ММБ көтерме саудасы – бұл:
А) дәріханалар арқылы сату
Б) дәріханалық пунктер арқылы сату
В) дәріханалық дүмбешектер арқылы сату
Г) дәріханалық дүкен арқылы сату
Д) көтерме сауда фирмасы арқылы сату
29. Келіп түскен дәрілік заттардың қабылдау бақылау мына талаптарға сәйкестігіне негізделген:
А) «сипаттама», «орамдау», «маркировка» көрсеткіштері бойынша
Б) техникалық бақылау бөлімінің паспорты болуына
В) тауарлы – транспорттық накладной болуына
Г) есеп – қисап (счет) – фактура болуына
Д) сәйкестік сертификатының болуына
30. Дәріханадан наркозға арналған эфирді босату мына құжат негізінде жүзеге асырылады:
А) есеп – қисап
Б) рецепт
В) кассалық чек
Г) накладнойдың міндетті болуы
Д) тауарлы транспорттық накладной
Жауаптар эталондары:
1. Б
2. Б
3. В
4. А
5. А
6. В
7. Б
8. А
9. В
10. Г
11. В
12. Б
13. А
14. Д
15. Д
16. Д
17. В
18. Г
19. Б
20. Д
21. А
22. Д
23. В
24. Г
25. Г
26. Д
27. Г
28. Д
29. А
30. Г
ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТТАРҒА БАҒА ЖАСАУ НЕГІЗІ
Сұраныс пен ұсыныспен қатар баға да ең негізгі экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Баға емес факторларының рөлінің өсуіне қарамастан, баға тұтынушының тауарды сатып алудағы шешуші негізгі элемент болып табылады, ал дәріхана үшін- табыс әкелуші көзі болып табылады.
Фармацевтикалық нарықта қолданылатын бағалар
Айналымның қызмет көрсету мінезіне қарай бағалар: босатылатын, көтерме және бөлшектік болып бөлінеді.
Босатылатын және көтерме бағалар ұйымдар мен мекемелер арасында тауардың ірі партияның айналымында жүреді.
Бөлшектік баға- тұрғындардың сатып алатын соңғы және нақты бағасы.
Босатылатын және көтерме бағалардың айырмашылығы көтерме сауда үстемелілігі, ал көтерме және бөлшектік – бөлшектік сауда үстемелілігін көрсетеді.
Мемлекеттің және бәсеке әсері дәрежесіне қарай бос және реттелетін деп 2-ге бөлінеді. Реттелетін (регулируемые) бағаларды басқару органдары белгілейді (ҚР президенті, ҚР үкіметі т.б.).
Тұрғындарға және стационарлық науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде мемлекеттің шығыны жылдан жылға өсуде. Бұл: әртүрлі аурулардың көбеюі, жаңа технологиялардың енгізілуі, дәрігерлердің санының өсуі, қарт кісілердің санының өсуі, пациенттердің денсаулық сақтау жүйесіне талаптарының өсуі.
Босатылатын, көтерме және бөлшектік бағаларды реттелуге жатады.
Бос (нарықтық) баға- нарықта сұраныс пен ұсыныс негізінде көрсетілетін қызмет пен өнімге қойылатын баға.
Дәрілік препараттарға баға қоюда қолданылады:
-
дайындаушы-ұйымның босатылатын бос бағасы;
-
дәрілік препараттарға бос көтерме баға;
-
делдалдың (посредник) бос көтерме бағасы;
-
келісім бағасы (келісімде келісілген бағасы);
-
дәрілік препараттарға төлеуге арналған бағасы;
-
бос бөлшектік бағасы;
-
өндіруші-ұйымның бос босатылатын бағасын өндіруші-ұйым өзіндік құнына қарай, нарыққа, сапасына және т.б. қасиеттеріне қарай анықтайды.
Фирма ішілік дәрілік заттарға баға жасау
Дәріханада дәрілік заттардың бөлшектік бағасын қалыптастыруда 2 әдістің жолы бар:
-
Дайын дәрілік заттарға баға жасау;
-
Дәріханада дайындалатын дәрілік заттарға баға жасау.
Дайын дәрілік заттарға бөлшектік бағаны қалыптастыру 1 суретте көрсетілген.
-
Босатылатын баға
|
+
көтерме
сауда
үстемесі
|
Көтерме
баға
|
+
бөлшектік
сауда үстемесі
|
Бөлшектік
баға
|
Сурет 1. Дайын дәрілік заттарға бөлшектік бағаны қалыптастыру схемасы.
Көтерме делдалы дәрілік зат және медициналық белгіленетін бұйымдарды өндірушіден көтерме баға бойынша алады. Көтерме бағамен және осы бағаға қосылатын көтерме сауда үстемесін қосқанда делдалдың көтерме бағасы шығады.
Дәрілік затардың және медициналық белгіленетін бұйымдарды бөлшектік бағасы делдалдың көтерме бағасы және бөлшектік звеносы сауда үстемесін өндірушінің босататын бағасын қосқанда бөлшектік баға шығады.
Экстемпоралды дәрілік формалар және дәріхана ішілік дайындамалардың бөлшектік баға құрылымы 2 суретте көрсетілген.
-
Бастапқы ингредиенттердің және ыдыс (орама) бағасы
|
Дайындауға, орамдауға, босатылуға қойылатын бағалар
|
|
Экстемпоралды дәрілік
түр, дәріханаішілік дайындамаларға
қойылатын бағалар
|
|
Бірлік өнімге жұмсалатын күнделікті және қосымша шығындардың қорытынды бағасы
|
-
Сурет 2. Экстемпоралды дәрілік формалар және дәріхана ішілік дайындамалардың бөлшектік баға құрылымы.
Сонымен, дәріханада дәрілік препараттарға баға жасау саясатын анықтайды:
А) тауар жол каналдары типтері (тікелей немесе жанама);
Б) дәріханалық ұйым қызметі (өндірістік қызметі).
Тесттер:
1. Саудаға тауарды енгізу бағасы дегеніміз
А) жаңа тауарды саудаға енгізу төлемі
Б) ескі тауар төлемі
В) қолданған тауар төлемі
Г) бүлінген тауар төлемі
Д) әртүрлі медикаменттер төлемі
2. “Психологиялық баға”
А) тұрақсыз баға
Б) толық суммадан сәл жоғары
В) жоғары баға
Г) төмен баға
Д) толық суммадан сәл төмен
3. Басты бәсекелестердің қойған бағасымен қойылған баға
А) лидер баға
Б) фирма бағасы
В) бұйым бағасы
Г) жалпы бағасы
Д) сауда бағасы
4. Толық суммадан сәл төмен баға
А) мәртебелі
Б) лидерлік
В) “Психологиялық ”
Г) төмен
Д) қорқынышты
5. Жаңа тауардың бағасы лидер бағасынан ауытқуы мүмкін
А) белгілі бір шамада
Б) 100 тенге
В) 15 тенге
Г) 1 тенге
Д) белгілі суммаға
6. Егер де саудада фирма салыстырмалы түрде үлкен емес өндіруші ретінде болса, онда олар бағаны қояды
А) басқа фирмалардан төмен
Б) саладағы жетекші фирмалардын тауарлар бағасындай
В) басқа фирмалардан жоғары
Г) фирмалармен бірдей
Д) жаңа баға
7. Өте сапалы тауар бағасы
А) секіруші
Б) психологиялық
В) лидерлік
Г) мәртебелі
Д) қорқынышты
8. Өндіріс көлемі мен фирма өнімдерінің бағасы
А) бір-бірімен тығыз байланысты
Б) байланысты емес
В) әртүрлі бағытта
Г) кейбір параметрлері ұқсас
Д) бір – біріне қатысы жоқ
9. Саудада сұраныс пен ұсыныстың қатынастарының өзгеруіне тез әсер ететін баға
А) келісімді
Б) ерекше
В) икемді
Г) лидерлік
Д) мәртебелі
10. Тауарлар бағасының өсуімен өндіріс шығымдарының көбеюі неге әкеледі
А) сапасының жоғарлауы
Б) сапасының төмендеуі
В) медикаменттер көбеюі
Г) бұйымдар көбеюі
Д) тұтынушылардың көбеюі
11. Рецептпен босатылатын дәрілік заттар сатылмайды:
А) дайын дәрілік түрлер дәріханасы
Б) І категориялы дәріхана пункттерінде
В) өндірістік дәріханаларда
Г) ІІ дәрежелі дәріхана пункттерінде
Д) дәріхана дүмбешектерінде
12. Рецепттің фармацевтік экспертизасын жүргізеді:
А) дәрігер
Б) провизор
В) тіс дәрігері
Г) фельдшер
Д) акушерка
13. Дәріхана пунктін орналастыруға квалификациялық талаптар:
А) тұрғын үйдің 1 этажында
Б) сауда орталығында
В)автовокзалда
Г)дүкенде
Д)амбулаторлы – емханалық мекеме жанында
14. Дайын дәрілік дәріханасының ауданы Сан –Пин бойынша:
А)10 м 2
Б) 15 м 2
В)20 м 2 -ден кем емес
Г) 25 м 2
Д) 30 м 2 - ден кем емес
15. Өндірістік дәріханаға дәрі дайындаумен айналысу құқығына лицензия келесі талаптарға сай болғанда беріледі:
А) аудандарының санитарлық нормаларға сәйкес болуы
Б) қабырғаларының безеңдірілуі әдемі және мықты
В) қазіргі заманғы дизайн
Г) бекітілген ЕПМ
Д) транспорттың болуы
16. Тұрғындарға медициналық және дәрілік көмек көрсету қағидалары қарастырылған:
А)ДЗ айналымы субъектілерін лицензиялау туралы ҚР Үкіметінің бұйрығында
Б)«Сертификаттау туралы» заңда
В)«Дәрілік заттар туралы» заңда
Г)«ҚР азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» заңда
Д)Сан – Пинде
17. Өткізу қызметі мынадан тұрады:
А)пайданы анықтау сомасымен
Б)тауарды алдын – ала сатып алуында
В)көліктенуінде
Г)қоймалануында
Д) тауардың сатылуында
18. Дәрілік заттарды зауыттық жағдайда шығарылатындарға және шетелде сатып алынатындарға келесі бағалар белгілінеді:
А)эластикалық
Б) келісім-шарт түрде босатылуы
В)эластикалық емес
Г)реттелінген
Д)шектелген
19. Артықшылық бағасы мынаған негізделген:
А) нарықтың үлкен бөлігінің бақылауында
Б) сұраныс пен ұсынысқа есеп жүргізілуі
В) тауарлардың бірін – бірі толтыруы
Г) сапасыз өнімнен қорғану
Д) арзан баға
20. Дәріханада негізгі заттардың кірістірілгенің кіріс құжаттарымен анықтайды:
А)кіріс ордерларымен
Б) накладнойлармен
В)квитанциялардың қабылдануында
Г)счет – фактурада
Д)кассалық ордерлармен
21. Сатып алудың және негізгі заттардың құрылуының орталықтандырылудың негізгі көзі болып табылады:
А) пайда
Б)кәсіптік фонд
В)бюджеттік ассигнация
Г)арнайы фонд
Д)өз еркінің арансы
22. Өткізуге ықпал ететін нарықтың негізгі факторлары болып табылады:
А)инфляция дәрежесі
Б)дәрігерлер мектебі
В)науқастың дара ерекшелігі
Г) сұраныс пен ұсыныстың өзгеруі
Д)баға тұрақтылығы
23. Тез тозатын заттардың және аз құнды (бағалы) инвентардың негізгі есепке алу міндеті:
А)еңбек ақыны сақтап қалу
Б)жабдықтаушымен қарым – қатынасты жақсарту
В) тиімді шығындалуын және экономды пайдалануын бақылау
Г)бөлменің (помещение) санитарлық жағдайының жақсартылуы
Д)ақша қаражатын сақталуын және бар болуын бақылау
24. ҚР – да азаматтардың денсаулығын қорғауды реттейтін құжат:
А)ҚР ДСМ № 85 бұйрығы
Б)ҚР Үкіметінің № 1624 бұйрығы
В)ҚР № 279 заңы
Г)ҚР ДСМ Комитетінің № 20 бұйрығы
Д) ҚР № 111 заңы
25. Провизорларға жоғарғы квалификациялық дәреже беруге аттестацияны жүргізеді:
А)білім және ғылым Министрлігі
Б)фармакопеялық эксперттік комиссия
В)дәрілік заттар және ММҚ экспертизасының ұлттық орталығы
Г)зерттеу лабораториясы
Д) ҚР ДСМ Фармация комитеті
26. Улы және күшті әсер ететін дәрілік заттардың жоғарғы реттік дозасын артырып жазуға құқылы:
А)дәрігер
Б)провизор
В)тіс дәрігері
Г)фельдшер
Д)акушерка
27. Егер дәрігер дәрілік заттың жоғарғы реттік дозасын сәйкес безендірусіз арттырып жазса, провизор оны қанша мөлшерде босатуы керек:
А)жоғарғы реттік дозада
Б)жоғарғы тәуліктік дозада
В)жоғарғы тәуліктік реттік дозаның 1/2
Г) жоғарғы реттік дозаның 1/2
Д)мүлде босатуға құқығы жоқ
28. Таза күйіндегі және қоспадағы наркотикалық дәрілік заттарға, пахикарпин гидройодидіне рецепттер жарамды:
А)3 күн
Б)5 күн
В)10 күн
Г)1 ай
Д)2 ай
29. «А» тізімдегі препараттарға, кодеин мен диониннің басқа заттармен қоспасына, ұйықтатқыш, нейролептиктер, транквилизаторлар, 8 – оксихинолин туындыларына, стероидты гормондарға, этил спиртіне, заманиха тұндырмасына рецептер жарамды:
30. ДЗ сапасын дәріханаішілік бақылауға жатады:
А)дәріханадағы санитарлық тәртіп
Б)рецепттерді жазу ережелері
В)дәрілерді сақтау шарттары
Г)дәрілік заттардың фармацевтік экспертизасы
Д) дайындалған дәрілік түрлердің химиялық сараптамасы
Жауаптар эталондары:
1. А
2. Д
3. А
4. В
5. А
6. Б
7. Г
8. А
9. В
10. А
11. Д
12. Б
13. Д
14. Д
15. А
16. Г
17. Д
18. Б
19. А
20. Б
21. А
22. Г
23. В
24. Д
25. Д
26. А
27. Г
28. Б
29. В
30. Д
ТАУАРЛАРДЫҢ БОСАТЫЛУ КӨЛЕМІН ЖӘНЕ ӨТКІЗІЛУІН ЖОБАЛАУ
Босатылу көлемін жобалау (тауар айналым)- белгіленген уақыт аралығында ақша түрінде болашақ сату бағасы.
Тауар айналым өзара баланстық байланысы бар үш бөлімнен тұрады. Тауар айналым дегеніміз- белгіленген уақыт аралығында ақша түрінде тауар көлемінің сатылуы және қызметтің көрсетілуі. Шығын дәріханалық ұйымның экономикалық көрсеткішінің бірі болып табылады, өйткені одан жылдық босатылу көлемін жобалау басталады (жалпы және таза табыс көлемі, тауар қоры, ұстаным).
Дәріханалық ұйымның тауар айналымына келесі факторлар әсер етеді:
-
тауар номенклатурасы;
-
тауар қорының көлемі;
-
тұрғындардың тізімдік саны;
-
дәріхана және емдеу-профилактикалық мекемелер саны;
-
фармация қызметкерлерінің және дәрігерлердің саны;
-
дәріханадағы тауарлар жиынының тұтынушылар сипаттамасы;
-
сату әдістері;
-
сұраныстың икемділігі және интенсивтілігі;
-
баға деңгейі;
-
ақпараттық жұмыстың сапасы және т.б.
Осы факторлардың біреуі әсерінен босатылу көлемі жоғарлауы мүмкін.
Сату көлемін жоғарлататын факторлар:
-
провизор және дәрігерлер санының өсуі;
-
тұрғындардың жасының ұлғаюы;
-
жоғары әсерлі дәрілік препараттардың өсу үлесі;
-
денсаулық сақтауға бюджеттен қаржы бөлінуінің жоғарлауы және т.б.
Тауар айналым өзгерістерін жобалауда сұраныстың бағалық икемділігін есте сақтау керек.
Кесте 10.
Тарату көлеміне сұраныстың бағалық икемділігінің әсері
Икемділігі
|
Бағаның өсуі
|
Бағаның төмендеуі
|
Икемді, (Еd)>1
|
Түсім ақша төмендейді
|
Түсім ақша жоғарлайды
|
Бірлікті икемді, (Еd)=1
|
Түсім ақша өзгеріссіз
|
Түсім ақша өзгеріссіз
|
Икемді емес, (Еd)<1
|
Түсім ақша жоғарлайды
|
Түсім ақша төмендейді
|
Егер де сұраныс икемді болса, онда баға өсуімен сатып алатын тауар саны қысқарады, сол себепті түсім де төмендейді.
Бағаның төмендеуі сұраныстың жоғарлауына және дәріхана табысына алып келеді.
Егер де сұраныс икемді болмаса, бағаның өсуі сұраныстың төмендеуін тудырмайды, және дәріхана пайдасы жоғарлайды және керісінше, бағаның төмендеуі сұраныстың жоғарлауын тудырмайды, және жалпы пайда төмендейді.
Дәріханалық ұйым жеке, жанұялық және жалпыға пайдалану үшін тауарларды сатуды жүзеге асырады. Мұндай босатылу түрі бөлшектік тауар айналым деп аталады.
Кесте 11.
Тарату көлемінің құрылымы
Белгілері
|
Құрамдық бөліктері
|
Тұтынушы
|
Тұрғындарға жеке, жанұялық және жалпыға қолдануға арналған тауарларды сату көлемі. Ұйымдардың (аурухана, санатория, бала-бақша т.б.) тұтыну арқылы жалпы пайдалану. Мұндай сату ақшалай түрінде немесе ақшаны аудару арқылы іске асырылады.
|
Тауар номенклатурасы
|
Фармацевтикалық тауарлар (дәрілік зат, медициналық маңызы бар бұйымдар ), парафарм. тауарлар (санитарлы-гигиеналық заттар, науқасқа күтім жасайтын заттар,т.б.) Басқа тауарлар (мед. приборлар,медициналық мақсатта пайдаланатын ыдыстар және т.б.).
|
Сату әдістері
|
Рецепт бойынша сату көлемі. Рецептсіз босату бойынша сату көлемі.
| 1> Достарыңызбен бөлісу: |