2-Тапсырма
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз
-
Бас сүйегі қандай сүйектерден тұрады?
-
Бет сүйектері қандай сүйектерден тұрады?
-
Тұлға қаңқасы нелерден тұрады?
-
Омыртқа жотасы қалай бөлінеді?
-
Иық белдеуі нелерден тұрады?
-
Жамбас белдеуі неден құралады?
3-Тапсырма
Оң жақта берілген етістіктермен сол жақтағы сөздерден сөз тіркесін жасап, аударыңыз
Беске қимылдауы (ненің?)
Саусақтарды бөліну (нешеге?)
Жұмыртқаға байланысу (қалай?)
Ауыздың қозғалту (нені?)
Қимылсыз ұқсау (неге?)
Адам қаңқасының зақымдануы
Оқыс қимылдағанда буынның шығуы мүмкін. Буын шыққанда бір сүйектің басы буын ойысынан шығып кетеді. Кейде сіңір созылуы немесе байламның үзілуі мүмкін. Мұндай кездерде буынның пішіні өзгереді, зақымданған аяқ немесе қолды қозғалту қиындайды. Буынның айналасы ісіп, қызарады, қатты ауырады.
Жәрдем көрсету үшін зақымданған буынды қозғалмайтын жағдайға келтіру керек. Буынды дәке немесе орамалмен мықтап таңып, сол жерге салқын нәрсе басу керек. Зардап шеккен адамды жедел ауруханаға жеткізу қажет.
Қатты құлағаннан, соғылғаннан сүйектер сынуы мүмкін. Сынықтың ашық және жабық түрлері болады. Ашық сынықтарда сүйек ұштары бұлшық етті, қан тамырларын, теріні жарақаттауы мүмкін. Жарақаттанған жерге микробтар түсуі мүмкін. Сондықтан, алдымен жараны тазалап, дәкемен байлап, шендеуіш салып таңу керек. Арнайы шендеуіштер дәріханада сатылады немесе шендеуіш ретінде таяқ, тақтай, қатты қағазды да пайдалануға болады.
Омыртқа жотасы зақымданғанда науқасты етпетінен тақтайға немесе зембілге жатқызып, ауруханаға жеткізу керек. Егер бас сүйегі сынса, онда науқастың басын аздап көтеріп, шалқасынан жатқызады.
1-Тапсырма
Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз
оқыс - неосторожно; неосмотрительно
оқыс қимылдау - неловкое движение
буын шығу – вывих сустава
буын ойысы – суставная впадина
байлам – связка
қан тамыры – кровеносный сосуд
сіңір созылуы – растяжение сухожилия
үзілу – разрыв
дәке – бинт; марля
жәрдем – помощь
жағдай – состояние
пішін - форма; фигура; вид
шендеуіш – шина
зардап шеккен – пострадавший
сүйек ұштары – острые края кости
таңғыш – повязка
таяқ – палка
сыну – перелом
ісу – опухать; отекать
таңу – перевязать
зарарсызданған – стерильный
етпетінен – на живот
шалқасынан – на спину
2-Тапсырма
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарды есте сақтап, жауап беруге дайындалыңыз
-
Қай кезде буын шығуы болуы мүмкін?
-
Сіңір созылғанда, буын шыққанда не болады?
-
Сіңір созылғанда, буын шыққанда қандай жәрдем көрсету керек?
-
Қай кезде сүйек сынуы мүмкін?
-
Сынықтың қандай түрлері бар?
-
Ашық сынықта алдымен не істеу керек?
-
Омыртқа жотасы зақымданғанда не істеу қажет?
-
Бас сүйек сынса не істеу керек?
3-Тапсырма
Оң жақтағы етістіктермен (сұрақ арқылы) керекті сөздерден сөз тіркесін құрыңыз
буын ойысынан қимылдау (қалай?)
өте қатты шығу (қандай?)
дәкемен ауыру (қалай?)
үйге таңу (немен?)
оқыс жеткізу (қайда?)
таяқты жарақаттанған (нені?)
дәрігерді пайдалану (нені?)
теріні шақыру (кімді?)
Спондилит
Спондилит (омыртқаның қабынуы) жас балаларда жиі кездеседі. Аурудың 95 пайызын туберкулез микробтары жұқтырады, ал қалған 5 пайызы іріңді жұқпалы аурулардың асқынуынан болады. Омыртқа туберкулезін, әсіресе, сүзек ауруы мен өкпе қабынуы, омыртқаның жарақаттануы қоздырады.
Бұл ауру cездірмей баяу басталады. Бірақ ауырған баланың жүріс-тұрысы, мінез-құлқы өзгереді, көп ойнамайды, шаршай береді, көңілсіз жүреді, тамақты дұрыс ішпейді. Жерден бір нәрсені алу үшін бір қолымен тізесіне сүйеніп, еңкейіп алады. Кейде бала «Ішім, кеудем ауырады» - дейді. Туберкулез 2-3 омыртқаны зақымдағанда, адамның белі бүкірейіп, кеуде сүйектері алға шығады. Ауру асқынып кетсе, омыртқадан ірің ағады. Ол бұлшық еттердің арасымен жылжып отырып, шапты, жотаны зақымдайды, сөйтіп тесік пайда болады. Тесік бірде бітіп, бірде ашылып, ұзаққа созылады. Кейде деформацияланған омыртқалар жұлынды қысып зақымдайды да, аурудың екі аяғы немесе екі қолы салданады.
Ауру адамды арнаулы курортта емдеуге болады. Омыртқаға салмақ түспеу үшін оны гипске салады. Кейде операция жасалады.
1-Тапсырма
Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз
жүріс- тұрыс – походка
шап – пах
сүзек – тиф
жұқпалы – инфекционный
көңілсіз – невеселый
тесік біту – заживание раны
қысу – сжимать; давить
қоздыру – вызывать; возбуждать
жылжу – продвигаться
еңкею – наклониться
бүкірею – горбиться
зақымдану – поражение (поражение к.-либо органа)
жұқтыру – заражать
салдану – парализоваться
сүйену – опираться
ағу – протекать; течь
баяу – медленно
сездірмей – незаметно
2-Тапсырма
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарды есте сақтап, жауап беруге дайындалыңыз
-
Спондилиттің пайда болуына нелер себеп болады?
-
Аурудың белгілері қандай?
-
Ауру ағымы қандай?
-
Ауру асқынғанда науқастың жағдайы қандай болады?
-
Спондилитте қандай ем қолданылады?
Артрит
Артрит (буын қабынуы) - көбіне бруцеллез, туберкулез, тұмау жұқпалы ауруларынан кейін болатын ауру. Сондай-ақ үлкен адамдарда (40 жастан асқан) заттар алмасу процесі, ішкі секреция бездерінің қызметі бұзылғанда, кәсіби ауруларда, адамға дәрумен жетіспегенде және кейбір дәріге сезімталдығынан пайда болады.
Аурудың белгілері: адам буыны сырқырап, жүргізбейді, ісінеді, буынға сары су жиналады, кейде ол іріңге айналады, буын терісі қызарып, дене қызуы көтеріледі. Буын қабынуынан сақтану үшін жұқпалы аурулармен ауырмай, таза жүру, ауырған күнде дұрыс емделу, дене шынықтырумен шұғылдану керек.
Емі. Дәрігердің рұқсатымен антибиотиктерді ішу, буынға майлы дәрілерді ыстық сорғыш ретінде басу жақсы нәтиже береді. Буын іріңдеп кетсе хирургиялық көмек қажет болады. Аурудың созылмалы түрінде физиотерапевтік әдіс-былау, сылау сияқты емдер қолданылады. Курорттарда минералды сулармен емдеу пайдалы.
1-Тапсырма
Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз
әдіс – метод
кәсіби аурулар – профессиональные заболевания
зат алмасу – обмен веществ
қызмет – функция
бұзылу – нарушение
былау – ванночки
нәтиже – результат
белгі – признак
буын – сустав
жетіспеу – нехватка
сезімталдық – чувствительность
сары су – суставная жидкость
буын сырқырау – ноющая боль в суставах
қолданылу – применяться
ыстық сорғыш ретінде – в качестве компресса
сақтану үшін – для предохранения
2-Тапсырма
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарды есте сақтап, жауап беруге дайындалыңыз
-
Артрит қандай ауру?
-
Артриттің пайда болу себептері не?
-
Аурудың белгілері қандай?
-
Буын қабынуынан қалай сақтану керек?
-
Артритте қандай емдер жүргізіледі?
3-Тапсырма
«Буын сырқырау» етістігін ауыспалы осы шақтың болымсыз түрінде жіктеп, 5 сөйлем құрастырыңыз
Бруцеллез
Бруцеллез – малда да, адамда да кездесетін, буынды, сүйекті, жүйке жүйесін зақымдайтын жұқпалы және созылмалы ауру. Ол, әсіресе қой мен ешкіде, сиырда жиі кездеседі.
Адамға бруцеллез көбіне көктемде, мал төлдегенде немесе етті шала пісіріп жегенде, сүтті шикі ішкенде жұғады. Сондықтан бруцеллез шопандарда, мал дәрігерлерінде және сауыншыларда жиі кездеседі.
Аурудың белгісі микроб жұққаннан 2-3 аптадан кейін білінеді. Алдымен адамның денесі мұздап тоңады, содан кейін қызуы 38-40 градусқа дейін көтеріледі, аяқ-қолы сырқырап, буыны іседі, аяғын баса алмайды. 2-3 аптадан соң дене қызуы төмендейді, буындарының ісігі қайтады, сөйтіп, науқас 1-2 аптада тәуір болады да, одан кейін ауру қайта күшейіп, жағдайы нашарлайды. Мұндай жағдай 3-4 айға немесе одан да көпке созылады. Бұл кезде адамның бауыры, көк бауыры ісініп, бездері шошиды, ұйқысы қашады, тамаққа тәбеті тартпайды, әлсірейді. Жазылғаннан кейін де буындары сырқырап, жүре алмай бара-бара таяқпен немесе балдақпен ғана жүретін болады.
Бруцеллезден сақтану үшін ауру малды сау малдан бөлек бағып, қажет болған жағдайда сойған да жөн. Ауру малды бағатын адам арнаулы киім киіп, қолын үнемі сабынмен жуу керек.
1-Тапсырма
Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз
жағдай – состояние
көк бауыр – селезенка
балдақ – костыль
ұйқысы қашу – бессоница
аяқ-қолы сырқырау - ломота рук, ног
без шошу - воспаление лимфатического узла
шикі сүт - некипяченное молоко
шала піскен – недоваренный
біліну – проявляться
төлдеу - приносить приплод
тәуір болу, жазылу, сауығу – выздороветь
қайта күшею – вновь усиливаться
созылу - длиться; тянуться
мұздау – холодеть
бөлек бағу - пасти отдельно
сою - зарезать (зарезать животное)
біршама – несколько
бара-бара – со временем; постепенно
жөн – желательно
үнемі – постоянно
2-Тапсырма
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз
-
Бруцеллез қандай ауру?
-
Бруцеллез көбіне қандай жағдайларда жұғады?
-
Науқастың жағдайы қандай болады?
-
Аурудан алдын ала сақтану шаралары қандай?
-
Аурудың белгілері қандай?
3-Тапсырма
Көп нүктенің орнына керекті қосымшаны қойып, сөйлемді толықтырыңыз
Бруцеллез – буын... , сүйек... , жүйке жүйелері... зақымдайтын ауру. Адамның дене... мұздап тоңады. Аяқ-қолы сырқырап, буын... іседі. 3-4 ай... созылады. Бұл кезде адам... тамақ... тәбеті тартпайды.
Ас қорыту жүйесі
Ас қорыту өте күрделі процесс. Ол ас қорыту жолынан және бездерден құралады. Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ұлтабар, ащы ішек, тоқ ішек – бұлар ас қорыту жолы болып табылады.
Ас ауыз қуысынан жұтқыншақ арқылы өңешке өтеді, одан соң асқазанға түседі. Ересек адамның асқазанының сыйымдылығы 1,5 литрдей. Асқазанның шырышты қабығының бездері асқазан сөлін бөліп шығарады. Адамның асқазан сөлі түссіз болады. Асқазанда ас 4-8 сағаттай болып, асқазан сөлінің әсерінен қорытылады. Қоймалжың ас бұдан кейін ас қорыту жүйесінің келесі бөлімі – ащы ішекке біртіндеп өтіп отырады. Оның басты бөлімі - ұлтабар. Ұлтабарда бауыр мен ұйқы безінің сөл шығару өзектері ашылады. Бауырдан бөлінетін өт сарғыш-жасыл түсті. Өттің әсерімен май уақ тамшыларға ыдырайды. Май осындай күйде тез қорытылады. Бауыр – ас қорыту бездерінің ішіндегі ең үлкен без. Бауыр ағзадағы улы заттарды зарарсыздандырып отырады.
Ұлтабарда астың негізгі қорытылуы аяқталады. Қоймалжың ас ботқасы ащы ішектің келесі бөліміне өтеді де, ең соңғы қорытуға түседі. Бұл қорыту ащы ішектің ұсақ көп бездерінен бөлінетін сөлдің әсерінен болады. Ащы ішектегі қорытылған кенеулі заттардың ерітіндісі қыл тамырлар арқылы қанға өтеді, майдың ерітінділері, негізінен, лимфаға сіңіріледі. Сөйтіп, ащы ішекте кенеулі заттар қан мен лимфа арқылы бүкіл ағзаға тарайды.
Ащы ішекте қорытылмаған заттар тоқ ішекке өтеді. Ол заттардағы су ішек қабырғасындағы тамырлар арқылы қанға өтеді. Ал қорытылмаған қалдық заттар тік ішекке түседі.
1-Тапсырма
Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз
он екі елі ішек, ұлтабар – двенадцатиперстная кишка
асқазан сөлі – желудочный сок
бөліп шығару (бөлу) – выделять
келесі – следующий
қорытылу – перевариваться
қоймалжың – полужидкий
ұйқы безі – поджелудочная железа
өзек- проток
өт – желчь
без – железа
уақ – мелький; мелочь
тамшы – капля
қыл тамыр – капилляр
сыйымдылық – вместимость
ботқа – кашица
ыдырау – расшепление; распад
зарарсыздандыру – обезвредить
сіңірілу – впитываться
тоқ ішек – толстая кишка
ащы ішек – тонкая кишка
тік ішек – прямая кишка
әсер – влияние
ерітінді – раствор
қалдық – остаток
кенеулі – питательный; калорийный
2-Тапсырма
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз
-
Ас қорыту қандай процесс?
-
Ас қорыту жолдарына нелер жатады?
-
Ас бірінші қайда түседі, одан кейін қандай мүшелерге барады?
-
Асқазанда ас қанша сағаттай болады және ненің әсерінен қорытылады?
-
Он екі елі ішекте қандай процесс жүреді?
-
Бауыр қандай қызмет атқарады?
-
Ең соңғы қорытылу қай жерде болады?
-
Ащы ішекте қорытылмаған заттар қайда барады?
3-Тапсырма
Төмендегі қазақ мақал-мәтелдерінің мағынасын қалай түсінесіз?
-
Ас – адамның арқауы
-
Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама
-
Аш адамнан ақыл сұрама
-
Ас біреудікі болғанмен, асқазан өзіңдікі екенін ұмытпа
4-Тапсырма
Төмендегі сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз
Тонкий кишечник имеет длину 3-4 метра. В двенадцатиперстной кишке под влиянием ферментов пищеварительного сока происходит расщепление белков, жиров и углеводов. Какова роль желчи в процессе переваривания жиров? Разнообразие пищи, различные салаты, добавления к пище небольшого количества перца возбуждает аппетит. Какую роль в процессе пищеварения играет сок поджелудочной железы? Вся кровь, которая течет от кишечника проходит через печень. В печени обезвреживаются ядовитые вещества, которые образуются в процессе пищеварения.
Ас қорыту ағзаларының аурулары
Ас қорыту ағзаларының аурулары ауру қоздыратын микробтар арқылы пайда болады. Бұл микробтар денеге қайнатылмаған су ішкенде, жуылмаған көкөніс және жемістер, кір ыдыс пен кір қолдан жұғады. Микробтар ішекте көбейіп, у бөледі, сөйтіп ағзаны уландырады. Адам ас қорыту ағзаларының ауруларына шалдығады. Әсіресе, тышқақ, іш сүзегі, тырысқақ, ішқұрт өте қауіпті ас қорыту аурулары болып табылады. Бұл аурулармен ауырғанда ішектің жұмысы бұзылып, дененің қызуы көтеріледі. Мұндайда дереу дәрігерге қаралу қажет. Өз бетімен емделу адам өміріне қатер туғызады.
Сондай-ақ, шылым шегу, ішімдікке әуестену ас қорыту жүйесінің мүшелерінің жұмысын бұзады. Өмірге қатерлі ауруларды дамытады.
Ас қорыту ағзаларының ауруларынан алдын ала сақтану үшін жеке бастың гигиенасын сақтау керек, таза жүру керек және суды қайнатып ішкен жөн болады.
1-Тапсырма
Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз
қайнатылмаған су – некипяченная вода
ауру қоздыратын микробтар – микробы-возбудители болезни
жуылмаған көкөніс (жеміс) – немытые овощи (фрукты)
кір – грязь; грязный
жұғу – заразиться
уландыру – отравлять
шалдығу – подвергаться
тышқақ – дизентерия
сүзек – тиф
тырысқақ – холера
ішқұрт – глист
бұзылу – нарушение
қатер – угроза; опасность
дереу – срочно; немедленно
әуестену – увлекаться
алдын ала сақтану – профилактика
жеке бастың гигиенасы – личная гигиена
2-Тапсырма
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз
1. Ас қорыту ағзаларының аурулары қалай пайда болады?
2. Микробтар қалай жұғады?
3. Қандай ас қорыту ауруларын білесіңдер?
4. Ауру белгілері қандай?
5. Аурулардан алдын ала сақтану шаралары қандай?
3-Тапсырма
Мәтінде кездесетін төмендегі сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз
Ас қорыту ағзаларының аурулары, қайнатылмаған су, жуылмаған көкөніс және жемістер, у бөлу, ағзаны уландыру, өте қауіпті, дененің қызуы көтерілу, өз бетімен емделу, шылым шегу, ішімдікке әуестену, жеке бастың гигиенасы
Жедел гастрит
Жедел гастрит – асқазанның шырышты қабығының қабынуы. Бұл - өте жиі кездесетін ауру. Адам бұл аурумен ащы тамақ ішкенде, қышқылдармен, сілтілермен уланғанда ауырады. Сондай-ақ, ас қорыту аппараттарында тамақпен бірге микроорганизмдер мен олардың токсиндері (сальмонелла, стафилококк және тағы басқалар) түскенде пайда болады.
Науқастың іші, басы ауырады, әлсіреп құсады, дене қызуы қалыпты болуы мүмкін немесе 38-39 градусқа дейін көтеріледі, қорытылмаған тамақты құсып тастайды. Терісі қуқылданып, тілін ақ үлпек басады, іші аздап кебеді. Ауыр түрлері кезінде жүрек соғысы баяулап, қан қысымы төмендейді, ішін басып қарағанда құрсақ үсті (эпигастрий) аймағының ауыратыны анықталады. Науқас есінен танып, аяқтары тырысуы мүмкін.
Аурудан алдын ала сақтану шаралары: тамақтану тәртібін реттеу, тіс ауруларынан сақтанып, дер кезінде емделу, ішкілікке салынбау.
Емі: аурудың жеңіл түрі емді керек етпейді, тамақтану тәртібін дұрыс сақтаса, соның өзі де жеткілікті болады. Дұрыс емделгенде жағдайы тез жақсарады, ауру 5-7 күнге созылады. Жедел гастритті соқырішектен, қантышқақтан айыра білу керек.
1-Тапсырма
Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз
қабыну – воспаление
қышқыл – кислота
сілті – щелочь
ақ үлпек – белый налет
қан қысымы – давление
шырышты қабықша – слизистая оболочка
жүрек соғысы – пульс; сердцебиение
тамақтану тәртібі – режим питания
құсу – рвота
жұқпалы – инфекционный
жедел (түрі) – острая (форма)
қалыпты – устойчивый; постоянный; нормальный
жеткілікті – достаточный
терісі қуқылдану – побледнение кожи
іш кебу – вздутие живота
баяулау – замедляться
естен тану – терять сознание
анықталу – определяться
аяқ тырысу – судороги ног
ішкілікке салыну – злоупотребление алкоголем
ішін басып қарағанда – при пальпации живота
2-Тапсырма
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз
-
Жедел гастрит дегеніміз не?
-
Адам бұл аурумен қандай жағдайларда ауырады?
-
Ауру кезіндегі науқас жағдайы қандай болады?
-
Аурудан алдын ала сақтану шаралары қандай?
-
Қандай ем қолданған жөн?
3-Тапсырма
Көп нүктенің орнына керекті қосымшаны қойып, сөйлемді толықтырыңыз
Жедел гастрит – асқазан... шырышты қабығының қабынуы. Науқас іші..., басы... ауыратынын айтады. Қорытылмаған тамақ... құсып тастайды. Ауыр формалары кезінде жүрек соғыс... баяулап, қан қысым... төмендейді. Тамақтану тәртібі... дұрыс сақтаса, соның өзі де жеткілікті болады.
4-Тапсырма
Төмендегі сұрақтарға науқас адамның атынан (мәтін бойынша) жауап беріңіз
-
– Қай жеріңіз ауырады?
-
– Қай кезде ауырады?
-
– Қашан ауырдыңыз?
-
– Қызуыңыз бар ма?
-
– Құстыңыз ба?
-
– Әлсіздік сезінесіз бе?
-
– Ішіңізді басқанда қай жеріңіз ауырады?
5-Тапсырма
Осы тақырыпқа байланысты даналардың сөзін есіңізге сақтаңыз:
-
Барлық ауру бір-ақ жолмен – қомағайлықпен келеді (Ж. Баласағұни)
-
Дертке шалдыққанша денсаулықтың қадірін ешкім білмейді (Т. Фуллер)
Холецистит
Өттің құрамындағы холестериннің көбеюі тастың пайда болуына әсер етеді. Сондай-ақ өт жолдарының қабынуы да оған себеп болады.
Тастардың сыртқы түрлері әр түрлі: дөңгелек, сопақша, көпбұрышты, сырты бұжыр-бұжыр немесе тегіс, жылтыр болады. Тастар өт жолында, өт қабында, кейде екеуінде де болады. Өт жолдарында пайда болған тас ауруы көп жағдайда белгісіз дамып, жылдар бойы адам ағзасында білінбей жүре беруі мүмкін.
Бұл аурудың негізгі және алғашқы белгісі – оң қабырғаның асты бірден шаншып ауырады. Бұл шаншу көбінесе майлы, сүр ет, қуырған тамақ немесе жұмыртқа жегеннен кейін басталады. Шаншу күшейеді де, оң жауырынға беріледі. Бірнеше рет жүрегі айнып, құсады. Кейбір науқастар біресе тоңып, біресе қызуы көтеріліп, мазасы кетеді, шөлдеп, ауызы құрғап, әлсірейді, жағдайы мүлдем нашарлайды. Кіші дәреттің түсі қоңырланып, кейде ағарып кетуі мүмкін. Өт жолы таспен жабылып қалғанда адам денесі, көзі сарғаяды. Сарғаю көбінесе 2-3 күннен кейін байқалады. Себебі өт жолын тас жауып, өттің қанға таралуына жағдай туғызады. Өт қабы қабынудың күшеюіне байланысты жарылып кетуі де мүмкін. Содан адамның бүкіл денесі өз өтіне уланады. Мұндай кезде науқастың өміріне қатер төнеді, сондықтан науқасты дереу ауруханаға жатқызып, қолма-қол операция жасау керек.
1-Тапсырма
Мәтін бойынша кездесетін жаңа сөздерді жаттап алыңыз
Жағдай – условие
Әсер ету- влиять
Тоңу – замерзать
Білінбей жүре беру - проходить незаметно
Шаншып ауыру - колющая боль
Шаншу – колика
Күшею – усиливаться
Берілу – передаваться
Жүрек айну – тошнота
Мазасы кету - становиться беспокойным
Шөлдеу - хотеть пить; жажда
Құрғау – высохнуть
Сарғаю – пожелтеть
Таралу – распространяться
Байқалу – наблюдаться
Жарылу – лопнуть; разрыв
Қоңырлану – темнеть
Қатер төну - подвергаться опасности
Қолма-қол – моментально
2-Тапсырма
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз
-
Тастың пайда болуына не әсер етеді?
-
Тастардың сыртқы түрлері қандай болады?
-
Тастар қай жерлерде болады?
-
Аурудың белгілері қандай?
-
Науқас неліктен сарғайып кетеді?
-
Аурудың емі не?
3-Тапсырма
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңыз: қабырғаның асты ..., кіші дәрет түсінің ..., таспен ..., беті ..., жылдар бойы ..., іріңді ..., өт қабы ..., біртіндеп ... .
Керекті сөздер: даму, білінбеу, шаншып ауыру, өзгеруі, жабылу, қабыну, сарғаю, жарылу
4-Тапсырма
Төмендегі өт жолдарының ауруларына байланысты дәрігердің сұрақтары берілген. Науқастың жауаптарын дайындаңыз. Дәрігердің сұрақтарын жаттап алыңыз
-
– Қай жеріңіз ауырады?
-
– Қалай ауырады?
-
– Қай кезде ауырады? Тамақтанғаннан кейін бе?
-
– Қандай тамақтардан кейін ауырады?
-
– Оң жақ жауырыныңыздың асты ауыра ма?
-
– Кіші дәретіңіздің түсі өзгерді ме?
-
– Жүрегіңіз айниды ма?
-
– Құстыңыз ба?
-
– Әлсіздік сезінесіз бе?
-
– Ауызыңыз құрғайды ма?
-
– Сіз УДЗ-ге (ультрадыбыстық зерттеу) түстіңіз бе?
Тыныс алу жүйесі
Тыныс алу дегеніміз - ағза және сыртқы орта аралығында газ алмасу процесі. Ағза оттегіні сіңіріп, көмірқышқыл газын бөліп отырады. Адам оттегісіз өмір сүре алмайды. Оттегі жасушалар мен ұлпалардың тыныс алуы мен өз қызметтерін атқаруы үшін қажет. Тыныс алу жүйесі оттегін қан айналу жүйесіне өткізеді. Ал оттегі қанның құрамындағы гемоглобинмен бүкіл денеге таралады.
Тыныс алу мүшелеріне мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, өкпе және бронхылар жатады.
Тыныс алу жолы мұрын қуысынан басталады. Мұрын қуысының ішкі қабырғасын шырышты қабықша астарлайды. Онда көптеген қан тамырлары, бездер және түкті эпителий орналасқан. Мұрын қуысында ауа залалсызданады, ылғалданады және жылынады.
Мұрын қуысынан ауа аңқаға, одан кейін көмейге барады, көмейден кеңірдекке өтеді. Кеңірдек доға тәрізді, 16-20 шеміршекті сақиналардан тұрады, олардың ұзындығы 10-15 см. Кеңірдек тармақталып 2 бронхыға бөлінеді. Бронхтар оң және сол өкпеге кіреді.
Өкпе кеуде қуысында орналасады. Өкпеде бронхының әрқайсысы тармақталып, біртіндеп кішірейетін, ауа жүретін түтікшелерге айналады. Түтікшелер өкпе көпіршіктерімен аяқталады. Көпіршіктердің саны 300-350 миллиондай.
Достарыңызбен бөлісу: |