Үсікке адам денесінің көбінесе ашық жерлері шалдығады, көбіне құлағы, беті үсиді. Кейде киімі жұқа немесе аяқ киімі тар болса, онда оның аяқ-қолының басы, саусақтары үсиді.
Суыққа тонған жері алдымен қызарады. Одан кейін бозарып, домбығады. Біртіңдеп жаны кете бастайды да, соңынан қараяды. Қатты күйген және үсіген теріні емдеу өте қиын.
Терінің әр түрлі жағдайлардың әсерінен пайда болатын көптеген аурулары бар. Тері ауруларын зерттейтін ғылым – дерматология, ал емші дәрігерді дерматолог деп атайды.
1-Тапсырма
Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз
күбіртке – панариций
күйік – ожог
үсік – отморожение
күлдіреу – волдырь
қол тигізбей ауру – нестерпимая боль
денеге жайылу – распространение по всему телу
солқылдап ауыру – пульсирующая боль
сілті – щелочь
суға малу – делать ванночки
қараю – чернеть
толу – наполняться; полнеть
тері сыдырылу – отслойка поверхностных слоев кожи
бозару – бледнеть
домбығу – вспучивание; припухание
жаны кету – омертвление
2-Тапсырма
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарды есте сақтап, жауап беруге дайындалыңыз
1. Күбіртке қандай ауру және неден пайда болады?
2. Күбірткенің белгілері мен емі қандай?
3. Адам күйік алғанда қандай жәрдем көрсету керек?
4. Үсікке қай жерлер шалдығады?
5. Тері ауруларын зерттейтін ғылым қалай аталады?
3-Тапсырма
Сол жақтағы етістіктермен сұрақ арқылы қажетті сөздерді тауып, сөз тіркесін құраңыз
|
|
жағу (не?)
|
шүберекпен
|
ауыру (қалай?)
|
үйге
|
малынған (неге?)
|
соңынан
|
таңу (немен?)
|
дәрігерге
|
жеткізу (қайда?)
қараяды (қашан?)
|
дәрі
спиртке
|
көріну (кімге?) қол тигізбей
4-Тапсырма
Мәтіндегі курсивпен берілген сөйлемдерге сұрақ әзірлеңіз. Сұрақтарыңызды дәптерге жазыңыз
5-Тапсырма
Төмендегі сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз
На грязной коже размножаются микроорганизмы. Чаще всего обмораживается кожа открытых частей тела. Вначале кожа бледнеет, потом мертвеет. Пострадавшему дают горячее питье (сладкий чай, молоко). Пламя, горячий металл, кипяток могут вызвать ожог. Нельзя прокалывать пузыри. На пораженную поверхность наложить стерильную повязку. Какую помощь необходимо оказать при обмораживании? Почему необходимо следить за чистотой кожи?
Жел шешек
Жел шешек – жұқпалы ауру. Ол дене қызуының көтерілуімен, терінің және шырышты қабықтардың, кейде ішкі мүшелердің зақымдануымен сипатталады.
Жел шешекті вирус қоздырады. Айналадағы ортада жел шешектің вирусы төзімсіз, тез өліп қалады. Табиғи жағдайларда жел шешектің вирусы адам ағзасында ғана өмір сүреді. Вирустың көпшілігі жел шешек күлбіректерінде аурудың алғашқы 5 күнінде болады, 5 күннен кейін вирус саны тез азаяды, 8-ші күнге қарай ол табылмайды.
Инфекция ауа жолымен тарайды. Ауру жұғу үшін науқаспен тікелей жанасу міндетті емес. Вирус көрші бөлмелерге, іргелес пәтерлерге тез еніп кете алады. Балалар бұл аурумен тым ауырғыш келеді. Тұрмыста жел шешекті «ветрянка» деп атайды.
Жел шешек бөртпесі көбінесе дене қызуының көтерілуімен пайда болады, күлбіректер біркелкі орналаспайды. Бөртпе бетке, бастың шаш өскен жерлеріне, денеге, қол-аяққа шығады. Әдетте, алақан мен табанда бөртпе болмайды.
Бөртпе басталғанда қышып, науқастың мазасын алады. Жел шешек бөртпесі бір мезгілде шықпайды, көбінесе толқын тәрізді. Қызу көтерілген кезде баланың жалпы жағдайы нашарлайды, ол кірпиязданып, мазасызданады, тәбеті нашарлап, ұйқысы бұзылады. Ауру басталғаннан кейінгі 3 – 5 күнде сулы бөртпелер қабықшаларға айналады, қызуы төмендеп, қалпына түседі, көңіл-күйі жақсарып, ұйқысы, тәбеті қалпына келеді. Қабықшалар теріде 1 – 2 апта тұрады, содан соң сәл-пәл із қалдырып, түсіп қалады, әдетте тыртық қалмайды.
1-Тапсырма
Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз
жел шешек – ветрянка
күлбірек – волдырь
қабықша – корочка
сулы бөртпе – везикула
бөртпе – сыпь
тыртық – шрам
тұрмыс – быт
із – след
төзімсіз – невыносливый
іргелес – соседний; рядом
қышу – зудеть; чесаться
жанасу – касание; прикоснуться
қоздыру – вызывать; возбуждать
өліп қалу – умереть
қалпына келу – приходить в норму
кірпияздану – капризничать
қалдыру – оставлять
әдетте – обычно
сәл-пәл – чуть-чуть; слегка
тікелей – непосредственно
біркелкі – равномерно
толқын тәрізді – волнообразно
2-Тапсырма
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарды есте сақтап, жауап беруге дайындалыңыз
1. Жел шешек қандай ауру?
2. Жел шешектің вирусы қандай?
3. Инфекция қалай тарайды?
4. Бөртпе қашан, қалай және қай жерлерде пайда болады?
5. Везикула (сулы бөртпе) қашан қабықшаға айналады?
6. Қабықшалар қашан түсіп қалады?
3-Тапсырма
«Тұрмыс» сөзін тәуелдеп, сөз тіркестерін құрастырыңыз
Қышыма
Қышыма – жұқпалы тері ауруы. Ол адамның (малдың) терісіне қотыр жұқтыратын кененің түсуінен, ауру адаммен қол ұстасып амандасудан және онымен киім алмастырып киюден жұғады. Қышыма – адамға малдан сирек жұғады.
Қышыма алғашқыда кене шаққан жерден бөртіп шығады да, бара-бара дененің басқа жеріне тарайды. Ол көбінесе саусақтардың арасына, шапқа және екі тақымға жайылады. Қышыма, әсіресе жылы киінгенде, кешке шыдатпай қышытады, сондықтан адам денесін қасып, қанатып та алады. Ол жер кейде асқынып, іріңдейді. Бұл ауру тазалық сақтамайтын салақ адамдарда, моншасы жоқ жерлерде жиі кездеседі. Қышыма болған адамды тек дәрігер емдейді.
Емі – қышыманың кенесін өлтіру үшін Вилькинсон майы мен күкірт қосқан сабынды денеге сіңіре ысқылап жағу керек.
1-Тапсырма
Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз
қышыма – чесотка
қотыр - болячка
кене – клещ
кене шаққан жер – место укуса
бөрту – покрыться сыпью
шап – пах
тақым – подколенная ямка
күкірт – сера
монша – баня
жұқтыру – инфицирование
салақ – неряшливый
қол ұстасып амандасу - рукопожатие
алмастыру – заменить
ысқылау – растирать
қасу – чесать
жайылу – распространяться
шыдатпай – нестерпимо
2-Тапсырма
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарды есте сақтап, жауап беруге дайындалыңыз
1. Қышыма қандай ауру?
2. Қышыма неден, қалай пайда болады?
3. Қышыма көбінесе дененің қай жерлеріне тарайды?
4. Ауру қандай жағдайларда жиі кездеседі?
5. Аурудың емі қандай?
3-Тапсырма
«Қол ұстасып амандасу» етістігін келер шақтың үш түрінде жіктеңіз
Қызылша
Қызылша – балаларда жиі кездесетін, вирус арқылы тез тарайтын жұқпалы ауру. Қызылшамен бала кезінде ауырмайтын адам аз кездеседі. Ол сау балаға ауру баладан түшкіргенде, жөтелгенде ауа арқылы тарайды. Бір ауырған бала онымен екінші рет ауырмайды, яғни мәңгілік иммунитет қалыптасады.
Микроб жұққаннан кейін аурудың білінбейтін кезеңі 10 күнге созылады. Ал екінші кезеңінде, 3-5 күн, баланың дене қызуы 38-39 градусқа дейін жоғарылап, басы ауырады, ұйқысы қашады, тамаққа тәбеті тартпайды, тұмауратып, құрғақ жөтел пайда болады, түшкіреді, екі көзі қып-қызыл болып жасаурап, жарыққа қарай алмайды. Осы кезде екі ұртына, содан кейін бетіне, құлақ сыртына, қабағына, маңдайына, бірнеше сағаттан кейін бүкіл денесіне бөртпе шығады. Содан кейін бөртпе ыдырап, терісі түлейді, дене қызуы басылады, яғни бала жазыла бастайды.
Қызылша әлсіз балаларға ауыр тиеді. Ол көбінесе өкпені қабындырады. Сондықтан балаға салқын тигізбеу керек, оңаша ұстап, жатқан бөлмені таза ұстау керек. Қызылша асқынбаса емді қажет етпейді.
Аурудың алғашқы белгісі білінгеннен бастап 17 күнге дейін сау балалармен қатыстыруға болмайды.
1-Тапсырма
Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз
қызылша – корь
мәңгілік иммунитет – вечный иммунитет
білінбейтін кезең – инкубационный период
ұйқысы қашу – бессонница
қабақ – надбровная часть
жарық – свет
бөртпе – сыпь
ұрт – щеки
әлсіз – слабый; бессильный
оңаша ұстау – изолировать
тұмаурату – появление насморка
ыдырау – распадаться
қалыптасу - формироваться
қажет етпеу – не нуждаться
білінгеннен бастап – с момента проявления
салқын тию – простужаться
2-Тапсырма
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарды есте сақтап, жауап беруге дайындалыңыз
1. Қызылша ауруы қалай тарайды?
2. Адам қызылшамен неше рет ауыруы мүмкін ?
3. Қызылшаның белгілері қандай?
4. Қызылшаның салдары қандай?
5. Қызылшаны қалай емдейді?
Нәресте және оны күту
Бала туғаннан кейін 2 сағат өткен соң оның салмағы мен бойы өлшенеді, кіндігінің таңылу жағдайы тексеріледі. Туа біткен кемшіліктерін анықтау үшін мұқият қарап шығады.
Жаңа туғандар бөлімшесінде нәрестелер одан кейінгі күндерде былайша күтіледі: тәулігіне екі рет нәрестенің беті мен құлақ қуысын бор қышқылының ерітіндісі және қайнаған суға малынған стерильді мақтамен сүртіп тазалап отырады. Көзін фурациллин ерітіндісімен жуады. Әр көзге жеке-жеке мақта тампоны алынады. Терісінің қатпарлары мен шабына арнайы крем жағады.
Денсаулығы жақсы болып туған барлық нәрестелерге 5-7 күн ішінде туберкулезге қарсы вакцина егіледі.
БЦЖ вакцинасын мынадай жағдайларда егуге болмайды: 1) тері сыртында жара болғанда; 2) туған кезде алынған жарақаттың клиникалық белгілері болғанда; 3) дене қызуы көтерілгенде; 4) ас қорытуы бұзылғанда; 5) сәбидің жалпы жағдайына әсер ететін аурулар (отит, тұмау, өкпенің қабынуы және т. б.) болғанда; 6) резус – үйлесімсіздік болғанда.
Туғанда салмағы 2000 грамнан жоғары болған және жалпы жағдайы жақсы шала туған балаға вакцина егуге болады.
Вакцина егілген күн сәбидің даму тарихына жазылады. Вакцина егілгеннен кейін 1,5-2 айдың ішінде иммунитет пайда болып, 3-5 жыл бойы сақталады.
1-Тапсырма
Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз
сәби, нәресте – младенец; дитя
шала туған бала – недоношенный ребенок
жаңа туғандар бөлімшесі – отделение для новорожденных
үйлесімсіздік – несоответствие
кемшілік – недостаток
тері қатпарлары – складки кожи
бор қышқылы – борная кислота
туа біткен – врожденный
қайнаған суға малынған – смоченный в кипяченной воде
кіндіктің таңылу жағдайы – заживление пуповины
егілу - прививаться
мұқият – тщательно
2-Тапсырма
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз
1. Балаға туғаннан кейін не істейді?
2. Жаңа туғандар бөлімшесінде нәрестелер қалай күтіледі?
3. Жаңа туған нәрестеге қандай вакцина егіледі?
4. Қандай жағдайларда жаңа туған баланы егуге болмайды?
5. Иммунитет қашан пайда болады?
Сәбидің өсуі
Баланың дамуын сипаттайтын маңызды көрсеткіш – қозғалысының дамуы. Екі айлығында сәби басын ұстайды, күледі, үш айлығында бала қолын еркін қимылдата алады. Төрт айлығында сәби дыбыс шыққан жаққа мойнын бұрады. Бес айлығында ұзақ «гуілдейді», анасын және жақын адамдарын таниды, ойыншыққа қолын созып, оны ұстайды, шалқасынан жатқанда етпетінен аударылады. Ересектер сүйемелдегенде тұра алады, еңбектеуге талпынады, тамақты қасықпен жей бастайды. Жеті айлығында ұзақ былдырлайды, ойыншықпен жақсы ойнайды, жақсы еңбектеп, отыра біледі. Сегіз айлығында сәби сөз буындарын дауыстап, қайталап айтады, өзі отырып өзі жатады. Ойыншықтармен көп ойнайды. Он айлығында бала ешнәрсеге сүйенбей-ақ көтеріліп тұра алады, орындықты айналып жүреді. Он екі айлығында он шақты сөз айтады, өз бетімен жүріп, ыдыс-аяқтан өз бетімен тамақ ішеді.
Бала бір жастан асқанда оның ойнау кезеңі көбейеді, ол көп жүріп, жүгіреді, мұның өзі оның айналадағы дүниені жақсырақ білуіне жағдай жасайды.
1-Тапсырма
Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз
көрсеткіш – показатель; указатель
қозғалыс – движение
ойыншық – игрушка
маңызды – существенный; важный
ұстау – держать
тану – узнавать
еркін – свободный; вольно
қимылдату – двигать; шевелить
бұру – повернуть; поворачивать
гуілдеу – гулить
созу – вытянуть; растянуть
ешнәрсеге сүйенбеу – ни на что не опираться
шалқасынан – на спине
етпетінен – на животе
аударылу – переворачиваться
ересектер сүйемелдегенде – при поддержке взрослых
тіреу – опора
еңбектеу – ползать
талпыну – пытаться; стремиться
былдырлау – говорить невнятно; лопотать
өз бетімен – самостоятельно
2-Тапсырма
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарды есте сақтап, жауап беруге дайындалыңыз
1. Бала дамуының көрсеткішіне не жатады?
2. Сәби екі айлығында не істейді?
3. Сәби үш, төрт, бес айлығында не істей алады?
4. Қай кезде сәби былдырлайды?
5. Он айлығында не істейді?
6. Он екі айлығында не істейді?
Мешел
Мешел тез өсіп келе жатқан ағзаның ауруы, онымен балалар көбінесе алғашқы жылдарында ауырады, ол гиповитаминоздың салдарынан пайда болады.
Мешелдің негізгі себебі – D дәруменінің жеткіліксіздігі. Ол: 1) тұқым қуалап, 2) D3 дәруменінің түзілуіне қажетті ультракүлгін сәуле тапшы болғанда, 3) тағамда D дәрумені аз болғанда, 4) D дәрумені ішек арқылы дұрыс сіңірілмегенде дамиды.
Емшек еметін балалар мешелмен сирегірек ауырады. Аралас және әсіресе қолдан тамақтандырылған жағдайда балалардың онымен ауыруы едәуір көбірек.
Ерте мешелге тән өзгерістер бас сүйекте және қаңқаның ең жылдам өсетін бөлімдерінде айқын байқалады. Бас сүйектің, әсіресе шүйде-төбелік бөлімінде дөңгелектеу ошақтар пайда болады. Баланың ми сауыты төртбұрышты болып қалыптасады. Еңбектері ұлғайып, кеш жабылады.
Кальциферол бауырда, жұмыртқаның сарысында, балық майында, уылдырықта болады. Осы өнімдерді қосып, қосымша тамақтандыруды мезгілінде енгізу бала ағзасында кальциферолды көбейтеді. Балалардың ауада аз уақыт, жеткіліксіз болуы да мешелдің пайда болу себептерінің бірі. Ультракүлгін сәуленің немесе кварц шамының ықпалымен теріде холекальциферол (D3 дәрумені) түзіледі. Балалардың мешелге жиі шалдығуына іштің жиі өтуі, санитарлық-гигиеналық және тұрмыстық жағдай нашарлығы да себепші болады.
1-Тапсырма
Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз
мешел - рахит
тез өсіп келе жатқан ағза – быстрорастущий организм
емшек еметін бала – грудной ребенок
тұқым қуалау – наследственность
ошақ – очаг
еңбек – родничок
ультракүлгін сәуле – ультрафиолетовые лучи
тапшы болу – дефицит
шам – лампа
аралас тамақтандыру – смешанное питание
қолдан тамақтандыру – искусственное питание
жетіспеушілік – недостаток; недостаточность
негіз – основа
ықпал - влияние
уылдырық – икра
іш өту – понос
сирегірек - реже
едәуір – значительно; много
2-Тапсырма
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарды есте сақтап, жауап беруге дайындалыңыз
-
Мешелмен кімдер ауырады?
-
Мешел ауруының пайда болу себептері қандай?
-
Мешел белгілері қандай?
-
Қандай тамақтардың құрамында кальциферол бар?
-
Ультракүлгін сәуленің ықпалымен теріде не түзіледі?
Дәрігерлік этика
Дәрігердің ауру адаммен тіл табысып сөйлесе алуы өте маңызды болып саналады. Дәрігер мен аурудың қарым-қатынасы, дәрігердің парызы мен міндеттері дәрігерлік деонтология (грекше deonos – парыз, logos – оқу) деп аталады.
Ауру адам психикасы өте сезімтал келеді, ол дәрігердің сөзінен немесе ісінен сезіктенуі мүмкін. Сондықтан науқастың көзінше түсініксіз терминдер мен сөздерді қолданбауға тырысу керек. Сырқат адамның психологиясын, интеллектісін, сол кездегі көңіл-күйін (қуану, ренжу, қайғыру, шаршау) дұрыс ескере білу қажет.
Дәрігердің науқаспен арадағы жақсы психологиялық қатынасы аурудың тез сауығуына әсер етеді. Адамды толық есімімен атаған дұрыс. Науқастың шағымдарын сұрастырғанда телефон қоңырауына, бөтен әңгімелерге көңіл бөлмеу керек.
Сонда ғана науқас өзін еркін ұстап, ауруы туралы сыр ашады. Рецепт берген кезде дәрігер дәрілерді қабылдайтын уақытты, қанша емделетінін, қабылдау әдістерін түсіндіріп, ақыл-кеңес айту керек.
Дәрігердің білімділігіне, емнің көмектесетіндігіне сену – ауруға қарсы жасалған үлкен қадам болып есептеледі.
Дәрігерлік деонтологияға дәрігерлік құпияны сақтау қажеттігі жатады. Науқас адам және оның ауруы туралы мәліметтер ешкімге жарияланбауы тиіс.
Сондай-ақ, дәрігердің сыртқы пішіні, киім киісі, жүріс-тұрысы, сөйлеу мәдениеті де талапқа сай болуға тиісті.
1-Тапсырма
Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз
парыз – долг
міндет - обязанность
білімділік – образованность
қадам – шаг
құпия – тайна; секрет
қажеттік – необходимость
мәлімет - сведения
сыртқы пішін – внешний вид
сөйлеу мәдениеті – культура разговора
сезімтал – чувствительный; лабильный
түсініксіз – непонятный
бөтен – посторонний; чужой
тіл табысу – найти общий язык
сезіктену – заподозрить; засомневаться
ескеру – учесть; предусмотреть
ренжу – обида; обижаться
қайғыру – страдать
көңіл бөлу – уделить внимание
қолданбау – не пользоваться
тырысу – стараться; стремиться
сыр ашу – открыть душу; раскрыться
есептелу - считаться
талапқа сай – соответствующий требованиям
көзінше – при нем; в его присутствии
2-Тапсырма
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарды есте сақтап, жауап беруге дайындалыңыз
-
Дәрігер үшін өте маңызды нәрсе не?
-
Дәрігерлік деонтология деген не?
-
Ауру адам қандай болады?
-
Дәрігер нені ескеруі қажет?
-
Ауруға қарсы үлкен қадам не?
3-Тапсырма
Төменде берілген қанатты сөздерді есіңізге сақтаңыз
-
Егер сырқат адам дәрігермен әңгімелескеннен кейін жағдайы жеңілдемесе – ол дәрігер емес.
-
Дәрігер аурудың дертін емес, ауру адамды емдеуі керек.
Әдебиет
-
Исаев C.М. Қазақ тілі. – Алматы: Университет «Қайнар», 1993.
-
Момынов Т., Рақышев А. Медициналық сөздік (орысша-қазақша). Алматы, 1999.
-
Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия – Алматы: Ғылым, 2004.
-
Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі медициналық оқу орындарына арналған – Алматы: Қайнар, 2002.
-
Франк В. Орысша-қазақша-ағылшынша пәндік сөздік. Алматы, 2000.
-
Аяпбергенова К. Қазақ тілі для медицинских институтов и училищ. – Алматы: Рауан, 1995.
-
Оралбаева Н., Әбдіғалиева Т., Шалабаев Б. Практикалық қазақ тілі. – Алматы: Ана тілі, 1993.
-
Беріков Н. Қазақ тілі сабақтары. – Алматы: Ана тілі, 1994.
-
Кристман В.И. Внутренние болезни. – Москва: Медицина, 1974.
-
Исамбаев М., Сәрсенова Ш. Медицина терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. – Алматы: Қазақстан 1982
-
Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Медицина. – Алматы: Рауан, 2000
-
Жөкебайқызы З., Сейсенбекқызы С. Тәнтану. Адам және оның денсаулығы – Алматы: Рауан, 1992
Мазмұны
Алғы сөз ...........................................................................................4
Қазақтың халық медицинасы ........................................................ 5
Дәрумендер және олардың тамақта сақталуы .............................6
Денсаулыққа зиянды әдеттер .........................................................8
Анатомиялық терминдер ............................................................. 10
Медициналық терминдер ..............................................................11
Адам ағзасы ....................................................................................14
Тірек-қимыл жүйесі ...................................................................... 16
Адам қаңқасы .................................................................................18
Адам қаңқасының зақымдануы ....................................................20
Спондилит .......................................................................................22
Артрит .............................................................................................23
Бруцеллез ........................................................................................24
Ас қорыту жүйесі ...........................................................................26
Ас қорыту ағзаларының аурулары ...............................................28
Жедел гастрит .................................................................................30
Холецистит ......................................................................................32
Тыныс алу жүйесі ............................................................................34
Тыныс алу жүйесінің аурулары .....................................................36
Баспа .................................................................................................37
Тонзиллит .........................................................................................39
Тұмау ................................................................................................41
Бронхит .............................................................................................42
Туберкулез ........................................................................................44
Пневмония..........................................................................................47
Күл ....................................................................................................49
Жүрек, қан тамырлар жүйесі ..........................................................50
Жүрек, қан тамырлар жүйесінің аурулары ...................................53
Жүрек ақауы ....................................................................................54
Жүрек демікпесі ................................................ ...........................56
Гипертония ........................................................................................58
Гипертониялық криздер ..................................................................59
Қант диабеті .....................................................................................61
Қанның құрамы, қызметі ................................................................ 63
Қан аздық .........................................................................................65
Жүйке жүйесі ...................................................................................66
Жүйке жүйесінің аурулары ............................................................68
Эпилепсия ........................................................................................69
Полиомиелит ...................................................................................71
Зәр шығару жүйесі ..........................................................................73
Зәр шығару жүйесінің аурулары ...................................................75
Пиелонефрит ...................................................................................76
Тері аурулары ..................................................................................78
Жел шешек ........................................................................................80
Қышыма ............................................................................................82
Қызылша ..........................................................................................83
Нәресте және оны күту ....................................................................85
Сәбидің өсуі .....................................................................................86
Мешел ........................................................................... ..................87
Дәрігерлік этика ..............................................................................89
Пайдаланған әдебиет ......................................................................91
ҚММА- баспаханасында басып шығарылды
Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 40
Көлемі 5.8 есепті-баспа табағы
100 дана
Достарыңызбен бөлісу: |