Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы



бет4/6
Дата05.07.2016
өлшемі1.11 Mb.
#179280
1   2   3   4   5   6

Балаларда көмей күлі жиі кездеседі. Күлмен ауырғанда дене қызуы баяу көтеріледі, жұтынғанда тамағы ауырады.

Емі – күлге қарсы дәрі егіп, үй ауасын тазартып, тағам тәртібін реттеу.

Аурудан алдын ала сақтану үшін 5-12 жас арасындағы балаларға арнаулы екпе егіледі. Ауырған баланы сау балалардан бөлек ұстап, тез ауруханаға орналастырған жөн. Науқас адам жатқан бөлмені дезинфекциялау керек.

1-Тапсырма

Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз




күл – дифтерия

түкірік – плевок

сілекей – слюна

екпе – прививка

көмей – гортань

көмей бездері – лимфатические узлы

қабықша – корочка

танау – ноздря

жыныс мүшесі – половой орган

көрші – сосед; соседний

пайдаланған – использованный

жабысу – прикрепляться; прилипать

орналастыру – поместить; расположить




2-Тапсырма

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарды есте сақтап, жауап беруге дайындалыңыз


    1. Күл дегеніміз не?

    2. Жылдың қай мезгілінде кездеседі?

    3. Бұл аурудың қандай белгілері болады?

    4. Бұл ауруға қарсы қандай ем қолданылады?

5. Алдын ала сақтану шаралары қандай?
3-Тапсырма
Оң жақтағы етістіктермен керекті сөздер арқылы сөз тіркесін құрыңыз (сұрақ арқылы)


адамнан

ағзаны


ұлпа

баяу


екпе

уландырады (нені?)

егіледі (не?)

көтеріледі (қалай?)

жұғады (кімнен?)

тарайды (не?)

Жүрек, қан тамырлар жүйесі


Жүрек кеуде қуысының сол жағына жақын орналасқан. Ересек адамның жүрегінің салмағы 250-300г. Жүрек бірнеше қабаттан тұрады. Бірінші қабаты өте жұқа қабықша эпикард деп аталады. Бұлшық еттерден тұратын екінші қабаты миокард деп аталады. Жүректің ішкі жағын үшінші қабатты эндокард деп атайды. Бұл қабаттың астында өте көп жүйке талшықтары орналасады.

Адамның жүрегі төрт бөліктен тұрады: екі құлақша, екі қарынша. Құлақша мен қарыншалар қақпақшалар арқылы байланысады.

Жүректің жұмысы өте күрделі. Жүрек жұмысы үш кезеңнен тұрады: құлақшаның жиырылуы, босаңсуы және үзіліс. Жүрек жиырылғанда өзінен қанды айдайды. Босаңсу және үзіліс кезеңдерінде жүрекке қан келіп, оның құлақшалары қанға толады және жүрек тынығады. Ересек адамның жүрегі минутына 70-75 рет жиырылып, босаңсиды. Мұны жүректің жұмысы немесе соғуы дейді.

Қан тамырларына күре тамырлар, көк тамырлар, қыл тамырлар жатады. Күре тамырлар мен көк тамырлар арасында қыл тамырлар бар. Оттегіне қаныққан алқызыл түсті қан күре тамырлармен ағады. Ең үлкен күре тамыр қолқа деп аталады.

Күре тамыр – жүректен шыққан қанды денеге тарататын тамыр. Онда қан жоғары қысыммен ағады. Күре тамырдың қабырғасы қалың, мықты және серпімді болады.

Қыл тамырлар – зат алмасу жүретін өте ұсақ тамырлар. Адам ағзасында 150 млд-тай қылтамыр бар. Қыл тамырлар қабырғасы арқылы оттегін ұлпаға, жасушаларға тасып, олардан көмірқышқыл газын сіңіреді. Қыл тамырлардың жалпы ұзындығы 100000 шақырымға дейін жетеді.

Денедегі қанды жүрекке қуатын тамыр көк тамыр. Бұл қанның құрамында оттегі аз, көмірқышқыл газы көп. Сондықтан қанның түсі өзгеріп, көк тамыр қанына айналады. Көк тамырда қан қысымы төмен болады.
1-Тапсырма

Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз


Жүректің жұмысы, соғуы - сердцебиение; пульс

Жасуша – клетка

Қолқа – аорта

Күре тамыр – артерия

Көк тамыр – вена

Қыл тамыр – капилляры

Қабат – слой

Қабықша – оболочка; корочка

Жоғары қысым – высокое давление

Тамыр қабырғасы – стенка сосуда

Жүйке талшығы – нервное волокно

Құлақша – предсердие

Қарынша – желудочек

Қақпақша – клапан

Үзіліс – перерыв; пауза

Шақырым – километр

Ересек – взрослый

Жұқа – тонкий

Қаныққан – насыщенный

Алқызыл – алый; румяный

Қалың – густой; толстый

Мықты – прочный; крепкий; сильный

Серпімді – эластичный

Ұсақ – мелкий

Жиырылу – сокращение; сжиматься

Босаңсу – расслабляться

Айдау, қуу – гнать; изгонять; угнать

Толу – наполняться

Тынығу – отдыхать

Ағу – протекать; течь

Тарату – распространять
2-Тапсырма

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз

1. Жүрек қайда орналасқан және неше қабаттан тұрады?

2. Адамның жүрегі неше бөліктен тұрады?

3. Жүректің жұмысы дегеніміз не және неше кезеңнен тұрады?

4. Қан тамырлар нешеге бөлінеді?

5. Күре тамыр қандай қызмет атқарады?

6. Қыл тамыр қандай қызмет атқарады?

7. Көк тамыр қандай қызмет атқарады?

3-Тапсырма

Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңыз: алға ..., құлақша ..., жылдам ..., қақпақшалар ..., қанға ..., артқа ... , өзара ... .
Керекті сөздер: байланысады, ашылады, ағады, айналады, ақпайды, босаңсиды, толады
Жүрек, қан тамырлар жүйесінің аурулары
Миокард инфарктісі – жүрек күре тамыры атеросклерозға ұшырағанда немесе қан жүрісі бұзылғанда кездесетін ауру. Мұндай бұзылу тамырларда қан ұю салдарынан болады. Миокард инфарктісіне адамның қайғы шегуі, қатты күйзелуі және қан қысымы ауруы, қант диабеті, шылым шегуі де себепші болуы мүмкін. Бұл ауруға көбінесе 40-60 жастағы ер адамдар жиі шалдығады. Дене еңбегімен айналыспайтын және толық адамдар осындай жүрек ауруына бейім келеді.

Аурудың негізгі белгілері: науқастың жүрек тұсы – төстің асты шаншып ұзақ ауырады, аурудың әсері сол жақ қолға, сол жақ жауырынға беріледі. Жүректің шаншу ұстамасы бірнеше сағатқа, кейде бірнеше күнге созылып, науқастың мазасы кетеді. Бұл ауруда адам әлсірейді, талықсиды, аяқ-қолы мұздайды, денесін суық тер басады, беті көгереді және жүрек қызметінің басқа да бұзылу көріністері пайда болады.



Аурудың емі: Миокард инфарктісімен ауырған адам тек ауруханада жатып емделуі керек. Өте ауыр жағдайларда хирургиялық ем де қолданылады.

Бұл аурудан алдын ала сақтану үшін адам өзін байсалды ұстап, көкөністер мен жеміс-жидектерді көбірек жеп, майлы тамақты азайтып, денесін шынықтырып, демалысын дұрыс өткізіп, зиянды әдеттерден аулақ болған жөн.

Миокард инфарктісіне жеңіл-желпі қарауға болмайды, өйткені науқас жазылғаннан кейін дәрігердің емі мен белгілеген ережелерін сақтамаса өліп кетуі мүмкін.

1-Тапсырма. Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз


Қан ұюы – свертывание крови

Қан жүрісі – циркуляция крови

Қан қысымы – давление

Ұстама – приступ

Жүрек тұсы – область сердца

Жүректің шаншу ұстамасы – стенокардическая боль

Талықсу – полуобморок

Көрініс – вид; проявление

Дене еңбегі – физический труд

Ер адамдар – мужчины

Байсалды – спокойный; уравновешенный

Мұздау – холодеть

Қайғы шегу – изведать горе

Қатты күйзелу – сильно переживать; впадать в депрессию

Мазасы кету – становиться беспокойным

Ұшырау – подвергаться

Суық тер басу – покрываться холодным потом

Бейім келу – быть предрасположенным

Көгеру – посинеть; синюшность

Жеңіл-желпі – легкомысленно


2-Тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз
1. Миокард инфаркті қандай ауру?

2. Бұл ауруға не себепші болуы мүмкін?

3. Мұндай ауруға қандай адамдар бейім келеді және жиі ауыратын кімдер?

4. Аурудың негізгі белгілеріне нелер жатады?

5. Бұл ауруды қалай емдейді?

6. Бұл аурудан қалай сақтанады?


Жүрек ақауы
Жүрек ақауы – жүрек қақпақшалары қызметінің бұзылуы немесе сол қақпақшалар жабатын қан жолының тарылуы. Жүрек – ағзаға қан тарататын орталық. Жүректің екі түрлі ақауы кездеседі: біріншісі іште пайда болады, ал екіншісі адам өмірінде жүре пайда болады, асқынған аурулардан қалады. Ревматизмнің немесе мерездің асқынуынан жүрек қақпақшалары бүрісіп, қан жолын тұтас жаба алмайды немесе құлақшалар мен қарыншалардың арасындағы қан жолы тарылады, бұдан қан айналымы, жүрек қызметі нашарлайды. Адам дер кезінде емделмесе, ақаулар ұлғая береді.

Жүрек ақауының үш кезеңі болады. Біріншісінде адам ауырғанын сезбейді, сау адамдай жұмысын атқарып жүре береді. Екіншісінде ентігу басталады, кейде қол-аяғы іседі, еңбек қабілеті төмендейді. Үшіншісі – қауіпті кезең. Бұл кезеңде адамның ентігуі өршиді, жүрек соғуы шапшаңдайды, қол-аяғы ісініп, ішіне сары су жиналады, жата алмай, тік отырып ұйықтап, демалатын болады.



Емі. Жүрек ақауын емдеу оның түріне байланысты. Сондықтан жүрек ақауына шалдыққан адам дер кезінде дәрігерге көрініп емделуге, оның кеңесін мұқият орындауға тиіс. Баланың іштен туған жүрек ақауын ерте аңғарып, денесін шынықтыру, түрлі курорттарда емдеу немесе операция жасау керек.
1-Тапсырма

Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз


жүрек ақауы – порок сердца

қан жолы – кровеносное русло

мерез – сифилис

кеңес – совет

еңбек қабілеті – работоспособность

қан айналымы – кровообращение

жүрек қызметі – функция сердца

ұлғаю – увеличиваться

тарылу –сужение, делаться тесным; перен. скупиться

тарату – распускать; распространять

іште пайда болған – врожденный

жүре пайда болған – приобретенный

бүрісу – сморщиваться

сезбеу – не чувствовать

қалу – оставаться

шапшаңдау – ускорить; убыстрить

жиналу – собраться; готовиться; накопиться

тік отыру – сидеть прямо

аңғару – заметить

ісу, ісіну – отекать

тұтас – целиком; полностью

мұқият – тщательно


2-Тапсырма

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз

1. Жүрек ақауы қандай ауру?

2. Жүрек ақауының неше түрі кездеседі?

3. Жүрек ақауының екі түрінің айырмашылығы неде?

4. Жүрек ақауының қандай кезеңдері болады?

5. Жүрек ақауы кезеңдерінің белгілері қандай?

6. Іштен пайда болған жүрек ақауын қалай емдейді?


3-Тапсырма

Төмендегі «жүрек» сөзіне қатысты фразеологизмдерді қолданып, сөйлем құраңыз және есте сақтаңыз


Жүрегі аузына тығылу – испытывать сильное волнение, тревогу, страх

Жүрегі елжіреу – проявлять душевную теплоту; испытывать чувство сострадания, жалости

Жүрегі лүпілдеу – волноваться

Жүрек тоқтату - успокоиться

Жүрек жалғау – перекусить, слегка утолить голод

Жүрегі қараю – очень голоден

Жүрегінің түгі бар – бесстрашный
Жүрек демікпесі
Жүрек демікпесі – бұл адамды кенет тұншықтырумен сипатталатын ауру. Ол жүрек күре тамырының склерозында, миокард инфарктінде, қан қысымы артқанда, жүрек ақауларында жиі кездеседі. Демікпеге қалыптан тыс ауыр жұмыс, қатты тебірену, мешкейлікке салыну да себеп болады.

Жүрек демікпесі адамды қатты ұйқы кезінде тұншықтырып, тынысын тарылтып, оятады, денесін суық тер басады, тамыры тез соғады, қатты қиналады. 1-2 сағаттан кейін жүрек демікпесінің беті қайтады, науқастың аузынан көбіктенген қақырық түседі де, науқас ұйықтайды. Ауру қатты басталса, өкпе ісінуі дамиды. Ауруды басу үшін камфора, кардиамин және наркотикалық дәрілерді ет пен тері астына, ал күре тамырға строфантин, корглюкон дәрілерін егеді. Ауру адамды оттегімен дем алдырған да пайдалы.

Науқас адам үнемі дәрігердің байқауында болуға тиіс. Дәрігер болмаған жағдайда оның аяғына ыстық басып, науқас жатқан бөлменің ауасын тазартқан жөн.

1-Тапсырма

Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз


жүрек демікпесі – сердечная астма

мешкейлікке салыну – предаваться обжорству

дәрігердің байқауы – наблюдение врача

өкпе ісінуі – отек легких

егу – вакцинация

көбіктенген – пенообразный

ұстамалы – приступообразный

қалыптан тыс – ненормированный

тұншықтыру – удушать

сипатталу – характеризоваться

беті қайту – отступать (болезнь)

тебірену – волноваться

тынысы тарылу – задыхаться

тамыры тез соғу – учащенный пульс

қиналу – мучиться

ауруды басу үшін – для подавления боли

ауру қатты басталса – при тяжелом(молниеносном) течении болезни

тері астына – подкожно

күре тамырға – внутривенно

ыстық басу – приложить горячее

кенет – внезапно
2-Тапсырма

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз


1. Жүрек демікпесі қандай ауру?

2. Ол қандай жағдайларда жиі кездеседі?

3. Жүрек демікпесіне не себеп болады?

4. Аурудың белгілері не?

5. Ауруды басу үшін қандай дәрілер қолданылады?
3-Тапсырма

Төмендегі «жүрек» сөзіне қатысты сөздер мен сөз тіркестерін есіңізге сақтаңыз және сол сөздермен сөйлем құраңыз

Жүректі – батыл, батыр, күшті

Жүрексіз – 1. қайырымсыз (бессердечный)

2. қорқақ (трусливый)

Жүрексіну – қорқу (робеть)

Жүрегі жарыла қуану – қатты қуану

Ақ жүрек – қайырымды (доброжелательный)

Қара жүрек – зұлым, қайырымсыз (жестокий)
Гипертония
Гипертония – қан қысымының артуынан болады. Дені сау адамның да кейде ауыр ой еңбегінен кейін уақытша қан қысымы көтерілуі мүмкін. Ол қауіпті емес. Қан қысымы бүйрек қабынуынан, ішкі секреция бездерінің сырқатынан да жоғарылайды. Бұл жағдайда қан қысымы сол мүше ауруының белгісі. Гипертонияда ұсақ қан тамырларының іші тарылады да, қанның күре тамырларға өту процесі қиындайды. Осының салдарынан күре тамырларда қан қысымы жоғарылайды. Қажу, тұрмыстың жағдайсыздығы, қайғы-қасірет шегу, жүйке жүйесін зақымдап алу – гипертонияның пайда болуына әсер етеді. Үнемі майлы тағам пайдалану (ет, май), қара жұмыспен шұғылданбау да гипертонияға себепші болады. Оның үстіне тұқымында осы аурумен ауырған адам болса, мұндай жанұяда гипертониямен ауыратыңдар жиі кездеседі.

Аурудың алғашқы кезеңінде күре тамырда және басқа мүшелерде ешқандай өзгеріс сезілмейді. Қан қысымы өршіген кезеңде тарылған тамырларға жүрек қанды күшпен тартады. Сөйтіп, жүректің қызметі артады. Осының салдарынан жүректің көлемі үлкейіп, бұлшық еті қалыңдайды. Тамырдың тарылуы әсерінен қанның мүшелерге жеткізілуі нашарлайды. Сөйтіп, мүшелер оттегі мен басқа түрлі қоректік заттарға зәру болады.

Ауру біліне бастаған кезде аздап бас ауырады, жүрек қатты соғады, шаншиды және желке тұсы қысады. Қан қысымы жоғарылайды. Дегенмен бұл кезеңде қан қысымын емдеп қалпына келтіруге болады. Ал ауру білінісімен емдемесе, ол асқына береді, адамның басы айналып, саусақтары мен бақайлары ұйиды. Көзі қарауытып, елес пайда болады, ұйқысы нашарлап, тез шаршайды. Еңбек қабілеті төмендейді. Аурудың екінші склероздық кезеңі ұзаққа созылуы мүмкін. Үшінші, соңғы кезеңінде жүрек, бүйрек қызметі нашарлайды және жүрек ентікпесі пайда болады, бауыр үлкейіп, дене ісінеді. Ми гипертониясында бас айналып, ауру күшейеді. Құлақ шуылдайды, көзі нашар көреді. Қан тамырлары жарылып, миға қан құйылса, дененің бір жағы жансызданып, адам сал болып қалады.
1-Тапсырма

Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз

сал – паралич

қажу – переутомление

ауыр ой еңбегі – тяжелый умственный труд

тұрмыстың жағдайсыздығы – неустроенный быт

қан құйылу - кровоизлияние

қан ұю – свертывание крови

саусақтар ұю – онемение пальцев

көзі қарауыту – потемнение в глазах

құлақ шуылдау – шум в ушах

тұқым – потомство

зәру – нужда

елес – галлюцинация

қайғы-қасірет шегу – изведать горе

сезілу – чувствоваться

біліну – проявляться

қамту – охватить

қалыңдау – утолщаться

қалпына келу – восстановиться; приходить в норму

жансыздану – онеметь

дегенмен – все ж таки


2-Тапсырма

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз


1. Гипертония неден болады?

2. Гипертония ауруының пайда болу себептері қандай?

3. Аурудың алғашқы кезеңі қалай өтеді?

4. Аурудың өршу кезеңі қалай өтеді?

5. Ауру біліне бастағанда қандай өзгерістер болады?

6. Ауру асқынған кездегі сырқат белгілері қандай?

7. Аурудың соңғы кезеңі қалай өтеді?
3-Тапсырма

Мәтінде курсивпен берілген сөйлемдерге сұрақ қойыңыз. Сұрақтарыңыз бен жауаптарыңызды дәптерге жазыңыз


Гипертониялық криздер
Гипертониялық криз қан қысымының кенеттен өзінің қалыпты деңгейінен өте жоғары деңгейге көтерілуі салдарынан пайда болады. Ол көбінесе гипертония ауруының асқынуынан болады.

Гипертониялық криздерді өршітуші себептер: көңіл-күй күйзелістері, ауа райы өзгерістері, тұз бен суды мөлшерден көп қолдану т. б. жатады.

Криздің басталуы қатты бас ауруымен, көздің қарауытуымен сипатталады. Науқас тітіркенгіш, мазасыз болады. Аяқ-қолы дірілдеп, мұздайды. Жүрек тұсында шаншу сезімі байқалады, ентігуі мүмкін. Науқастың бетінің, мойнының, қолының терісі қызарады.

Гипертониялық криздің қан айналымының бұзылуына байланысты церебралды және құрысу, ал жүрекке байланысты кардиалды түрлері болады. Церебралды түрінде – бастың желке тұсы ауырады, әлсіздік, ұйқышылдық, есеңгіреу, құлаққа шудың естілуі, жүрек айну, көру мен есту қабілетінің бұзылуы, аяқ-қолдың жансыздануы сияқты белгілер пайда болады. Құрысу түрінде – науқастың денесі қалтырап, тоникалық және клоникалық құрысуға ұласады. Кардиалды түрінде – жүрек демікпесі байқалады. Науқас адамның жүрек тұсы ауырып, ентігуі мүмкін.

Емі. Ол науқастың көңіл-күйіне, жасына, гипертония ауруының сатысына, криздің түріне қарай жүргізіледі. Гипертониялық криз кезінде науқастың басын аздап көтеріп төсекке жатқызады. Бөлмеде тыныштық сақтаған жөн және оның ауасы таза болуы қажет.
1-Тапсырма

Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз


қалыпты деңгей – нормальный уровень

сезім – чувство

өршітуші – возбудитель

көңіл-күй күйзелістері – депрессивные состояния

тыныштық – спокойствие

жансыздану – онемение

жүрек тұсы – область сердца

шаншу, түйілу – колика

құрысу, тырыспа – судороги

ұйқышылдық – сонливость

құлақта шудың естілуі – шум в ушах

аурудың сатысы – стадия болезни

мөлшерден көп – ненормированный; чрезмерный

тітіркенгіш – раздражительный

есту қабілеті – способность слышать

есеңгіреу – бредить

дірілдеу – дрожать

қалтырау – лихорадить

жүргізілу – проводиться
2-Тапсырма

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз


1. Гипертониялық криз ненің салдарынан пайда болады?

2. Гипертониялық криздердің өршітуші себептері нелер?

3. Аурудың белгілері қандай?

4. Гипертониялық криздің қандай түрлері болады?

5. Криз түрлерінің белгілері қандай?

6. Бұл ауруға қандай ем қолданылады?


3-Тапсырма

Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңыз: ауа-райының ..., мазасыз ..., аяқ-қолы ..., есту қабілетінің ..., мөлшерден көп ..., көз ... , тыныштық ... , тілдің астына ... .


Керекті сөздер: қолдану, өзгеруі, қарауыту, болу, дірілдеу, бұзылуы, қою, сақтау
4-Тапсырма

Гипертониялық криз бойынша науқастың жауаптарына дәрігердің сұрақтарын дайындаңыз




  1. – Басым қатты ауырады

  2. – Иә, басым айналады

  3. – Көзім қарауытады

  4. – Аяқ-қолдарым дірілдейді

  5. – Иә, жүрегім шаншиды

  6. – Ентігемін

  7. – Мойнымның да, қолдарымның да терісі қызарып кетті

  8. – Құлағым шулайды

Қант диабеті
Қант диабеті полиэтиологиялық ауру. Оның дамуында тұқым қуалаушылық елеулі орын алады.

Диабеттің пайда болуына тамақты көп ішу, тамақта көмірсулар мен майлардың тым көп мөлшерде болуы себеп болады. Аурудың дамуына физикалық және психикалық жарақаттар: басқа, ішке тиген соққылар, қатты қорқу т.б. әсер етеді. Жұқпалы аурулар (гепатит, қызылша, жел шешек, тұмау) себеп болуы мүмкін. Қант диабетінің ең ерте білінетін белгісі шөл қысу – полидипсия болып табылады. Тәулік ішінде бөлінетін зәрдің мөлшері 3 литрге дейін, кейде одан да көп болады.

Науқастың терісі құрғап кетеді, ауыр түрлерінде алақаны, табаны жарылады, бетінде, маңдайында, иегінде қызғылт түс байқалады. Шашта себорея (майлылық, қайызғақтық) пайда болады. Ауыз қуысы мен еріннің шырышты қабығы құрғақ, қою қызыл түсті болады. Стоматит, пародонтоз дамып, тістерінің босауы мүмкін. Бауыры үлкейеді. Ауыр жағдайларында жүрек-тамыр жүйесінің өзгерістері дамиды: артерия қысымы төмендейді, жүрек соғысы баяулайды, жүрек тұсында систолалық шуыл естіледі. Қант диабетімен ауыратын науқасты дер кезінде және жүйелі түрде емдеу оның өмірін көптеген жылдарға ұзартады. Емі инсулин енгізу мен диетаны сақтау болып табылады. Инсулин – ақуыздан жасалатын белсенді зат.

Қант диабетімен ауыратын науқастарға белгілі мөлшерде қара нан, сары май, сүзбе, қаймақ, айран, жұмыртқа, картоп, капуста, сәбіз, қызылша, сұлы, қарақұмық жармасын, күріш беруге рұқсат етіледі. Етті балықпен алмастырып отыруға болады.


1-Тапсырма

Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз


ақуыз – белок

көмірсу – углевод

жарақат – травма

қайызғақ – перхоть

соққы – удар

шуыл – шум

білінетін белгі – проявляющийся признак

тұқым қуалаушылық – наследственность

қарақұмық жармасы – гречневая крупа

сұлы – овес

жүйелі – системный

белсенді – активный

қызғылт – красноватый

қою қызыл – темно-красный

алмастыру – менять

тіс босау – расшатывание зубов

табаны жарылу – появление трещин на подошве

шөлдеу, шөл қысу – жажда; испытывать жажду

қайызғақтану – покрываться перхотью

ұзарту – удлинять

белгілі мөлшерде – в ограниченном количестве
2-Тапсырма

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз


1. Қант диабеті қандай ауру?

2. Қант диабеті ауруына не себеп болуы мүмкін?

3. Бұл аурудың ең ерте білінетін симптомы не?

4. Сырқаттың тағы қандай белгілері бар?

5. Науқастың өмірін не ұзартады?

6. Бұл аурудың емі не болып табылады?


3-Тапсырма

Төменде қант диабетімен ауырған науқасқа дәрігердің сұрақтары берілген. Науқастың атынан тиісті жауабын жазыңыз




  1. – Қандай себеппен келдіңіз?

  2. – Қашаннан бері ауырасыз?

  3. – Қан қысымыңыз бір қалыпты ма?

  4. – Қан қысымыңыз төмен екен. Ал жүрегіңізде шуыл бар. Өзіңіз бұрын емделдіңіз бе?

  5. – Күніне неше литрдей су ішесіз?

  6. – Ауызыңыз құрғайды ма?

  7. – Қаныңызды, зәріңізді анализге өткізіңіз. Тексерейік. Диагноз анықталған соң емделесіз

4-Тапсырма

Төмендегі қанатты сөздердің мағынасын түсіндіріп беріңіз


  1. Адам үшін денсаулықтан артық бағалы зат жоқ

  2. Тәннің саулығына ең жақсы шипалы дәрі – сергек әрі жайдарлы көңіл-күй

Қанның құрамы, қызметі


Қанның атқаратын маңызы өте зор. Қансыз адам өмір сүре алмайды. Қан тамырмен бойлай ағып, көптеген қызмет атқарады. Ол оттегін өкпеден жасушаларға тасып, оның орнына көмірқышқыл газын тыныс алу мүшелеріне жеткізеді. Сөйтіп, тыныс алу қызметін атқарады. Ас қорыту мүшелеріндегі қоректік заттарады өзіне сіңіріп, денеге таратады. Бұл – қоректендіру қызметі. Жасушалардағы пайда болған, оның тіршілігіне керексіз заттарды зәр шығару жүйесіне жеткізеді. Қан, сондай-ақ , су мен минералды заттардың көлемін және дене қызуының бір қалыпты болуын сақтайды. Қан денені жұқпалы аурулардан қорғайды, мүшелерді өзара байланыстырады. Ол 23 секунд ішінде денені бір рет айналып шығады. Осы уақытта өзінің барлық қызметін атқарып үлгереді. Қан мен қан айналымының адам өмірін сақтауда, оның әрекетінде де маңызы зор.

Қанның құрамы сұйық плазмадан және эритроциттерден, лейкоциттерден, тромбоциттерден тұрады. Ересек адамдарда 4,5 – 5 литр қан болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет