Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы



бет5/6
Дата05.07.2016
өлшемі1.11 Mb.
#179280
1   2   3   4   5   6

1-Тапсырма

Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз


тіршілік – жизнь; существование

әрекет – действие

қоректендіру қызметі – питательная функция

күкірт – сера

маңыз – значение

өттегі – кислород

жасуша – клетка

қан айланымы – кровообращение

тасу – транспортировать; носить

жеткізу – доставлять; доставить

тарату – распространить

байланыстыру – связывать

атқару – исполнять

үлгеру – успевать

23 секунд ішінде – в течении 23 секунд

сұйық – жидкий

өзара – между собой
2-Тапсырма

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз




  1. Қанның атқаратын маңызы қандай?

  2. Қан қандай қызмет атқарады?

  3. Қан неше секундтің ішінде денені айналып шығады?

  4. Қанның құрамы неден тұрады?

  5. Ересек адамдарда қанша литр қан болады?

Қан аздық


Қан аздық – қанның жалпы мөлшері мен қызыл түйіршіктерінің және ондағы ерекше зат – гемоглабиннің азаюы. Қаны азайғанда ағзада оттегі мен басқа да заттар жетіспейді. Соның салдарынан адам әлсірейді, түрі бозарады, басы айналады, шаршағыш келеді. Қан аздықтың ауыр түрінде адам ентігеді, кейде талып та қалады. Адамның мұндай ауруға душар болуына көбінесе өкпеден, өңештің кеңіген тамырларынан, жарақаттанудан және асқазан жарасынан қан ағуы себепші болады. Бұл қан аздықтың жедел түрі деп аталады. Мұнда қанның жалпы мөлшері азаяды. Қан ұзақ уақыт аз-аздап қайталап ақса, ол қан аздықтың созылмалы түріне айналады.

Ағзаның аурулы жағдайында асқазандағы тамақ дұрыс қорытылмайды. Сондықтан тамақ құрамындағы темірді, В12 дәруменін толық сіңіре алмайды. Темір - өте керекті зат, оның жеткіліксіздігінен қан азаяды. Теміртапшылықты анемиямен ауырған науқастардың шағымдары: тәбеттің нашарлауы, аузында дәмнің болмауы, кекіріктің пайда болуы, ерін жарылуы. Науқастың терісінің қуқыл тартқаны, терінің құрғақтығы, шаштың ерте ағаруы, түсуі байқалады.



Емі: біріншіден, құрамында темірі бар дәрілермен емдеу және құрамында темір мөлшері көп тамақтармен (бауыр, сиыр еті, жұмыртқа, алма, кептірілген жеміс-жидектер) тамақтандыру. Екіншіден, себепші ауруларды емдеу.
1-Тапсырма

Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз

Қан аздық – анемия

Теміртапшылықты қан аздық – железодефицитная анемия

Қанның қызыл түйіршіктері – эритроциты

Аурулы жағдай – болезненное состояние

Жетіспеу – недостаточность; нехватка

Шағым – жалоба

Кекірік – отрыжка

Ауыр түрі – тяжелая форма

Талу – падать в обморок

Қан ағу, қан кету – кровотечение

Қан топтары – группы крови

Қан құйылу – кровоизлияние

Қан ұюы – свертывание крови

Қан құю – переливание крови

Кеңіген – расширенный

Шаршағыш – усталый

Бозару – бледнеть

Душар болу – подвергаться

Темірді толық сіңіре алмау – невозможность полного усвоения железа
2-Тапсырма

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз


1. Қан аздық дегеніміз не?

2. Бұл аурудың пайда болуына қандай себептер бар?

3. Теміртапшылықты анемия неден пайда болады?

4. Теміртапшылықты қан аздықтың белгілері қандай?

5. Емдік шаралары қандай?
3-Тапсырма

«Шағым» сөзін тәуелдеп, 5 сөйлем құрастырыңыз


Жүйке жүйесі
Жүйке жүйесі мидан және жұлыннан құралады.

Жүйке жүйесі мүшелердің жұмысын реттеп отырады және ағзанның біртұтастығын қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесі арқылы адам өзінің айналасындағы ортаны танып, біліп, зерттеп және өзгертуге белсенді араласып отырады.

Жүйке жүйесі орталық және аймақтық бөлім болып екіге бөлінеді. Орталық бөлім ми және жұлыннан құралады. Аймақтық бөлімге жүйкелер мен жүйке түйіндері жатады.

Жұлын омыртқа жотасының жұлын өзегінде орналасқан. Оның диаметрі 1 см. Жұлынның қызметін ми реттеп отырады. Жұлын негізінен рефлекстік және өткізгіштік қызмет атқарады.



Жұлын зақымдалғанда өткізгіштік және рефлекстік қызметтері жойылып кетедi. Жұлын мен ми арасындағы байланыстар үзіледі.

Ми бас сүйек куысында орналасқан. Оның орташа салмағы 1300-1400 г. Адамның миы 20 жасқа дейін өседі. Ми бес бөліктен тұрады: үлкен ми сыңарлары, аралық ми, ортаңғы ми, мишық, сопақша ми. Бұлардың атқаратын қызметі әр түрлі болғанымен, бір-бірімен тығыз байланысты.

Жүйке жүйесiнiң бір бөлiгi қанқа бұлшық еттерінің қызметін реттейдi, ол соматикалық жүйке жүйесі деп аталады. Соматикалық жүйке жүйесі арқылы адам iс-әрекеттi меңгередi, яғни өз еркiмен қимылдайды немесе қозғалысты тоқтатады. Жүйке жүйесiнiң бір бөлігі ішкi мүшелердiң жұмысын реттейдi, ол автономиялық жүйке жүйесi деп аталады. Автономиялық жүйке жүйесiнiң қызметi адам еркiне бағынбайды. Мысалы, жүректi тоқтатуға, астың қорытылуын тездетуге болмайды.
1-Тапсырма

Берілген мәтін бойынша жаңа сөз мен сөз тіркестерімен танысып, жаттап алыңыз


жұлын – спинной мозг

жұлын өзегі – спинномозговой канал

үлкен ми сыңарлары – большие полушария мозга

жүйке түйіндері – нервные узлы

өткізгіштік қызмет – проводниковая функция

зақым – травма; повреждение

жойылу – уничтожение

мишық – мозжечок

сопақша ми – продолговатый мозг

аймақтық – периферический

белсенді – активный

біртұтас – единое

реттеу – регулировать

өсу – расти

меңгеру – освоить

тоқтату – остановить

үзілу – прерываться

тану – познание; узнать; признать

бағынбау – не подчиняться

өз еркімен – произвольно; самостоятельно


2-Тапсырма

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз




  1. Жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады?

  2. Жүйке жүйесі нешеге бөлінеді?

  3. Жұлын қайда орналасқан?

  4. Жұлын қандай қызмет атқарады?

  5. Жұлын мен ми арасындағы байланыс қай кезде үзіледі?

  6. Ми қайда орналасқан?

  7. Соматикалық жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады?

  8. Автономиялық жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады?

3-Тапсырма

Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңыз: айналаны ..., ми мен жұлыннан ..., белсене ..., тұтастығын ..., балаға ..., бассүйекте ... , қызмет ... .
Керекті сөздер: қамтамасыз ету, орналасады, зерттеп жүр, құралады, араласады, атқарады, бағынбайды
4-Тапсырма

Курсивпен берілген сөйлемдерге сұрақ дайындаңыз. Сұрақтарыңыз бен жауаптарыңызды дәптерге жазыңыз

Жүйке жүйесінің аурулары
Ми – ортаңғы жүйке жүйесінің жоғарғы мүшесі. Ол қалыпты жұмыс істеу үшін қанмен жеткілікті түрде қамтамасыз етілуі тиіс. Қан арқылы мидың жүйке жасушаларына өттегі мен қоректік заттар үздіксіз жеткізіліп тұрады. Сау адамның қан тамырлары тарылмайды және оларға серпінділік қасиет тән. Мысалы, адам атеросклерозбен ауырса қан тамырларының қабырғасында холестерин пайда болады. Ол қан тамырын, оның серпінділігін жояды. Тамырдың тарылуынан қан ағысы баяулап, қан қысымы артады. Күре тамырдың тарылған жерінде қан ұйып, тромб түзіледі. Тромб тамыр қуысын бітейді. Сондықтан қан мидың тиісті бөліктеріне жетпейді де сол жер жансызданады. Жансызданған ми бөлігі қызметін дұрыс атқармайды.

Кейде артерия қысымы кенет артып немесе қан тамырлары түйіліп қалады. Бұдан қан тамырлары жарылып, миға қан құйылады да инсульт пайда болады. Мұндай жағдайда ауру адамды төсекке жатқызып, желкесіне, балтырына қыша жапсырады және дереу дәрігер шақыру керек. Ауру адамды мүмкіндігінше қозғамаған, мазаламаған дұрыс. Керісінше жағдайда қан тамырына салмақ түсіп, миға қан құйылуы күшейеді. Бұл адамды ауыр жағдайға ұшыратуы ықтимал.

1-Тапсырма

Берілген мәтін бойынша жаңа сөз мен сөз тіркестерімен танысып, жаттап алыңыз


серпінділік - эластичность

қан ағысы - кровоток

жасуша – клетка

арту – увеличиваться

жетпеу – не доходить

түйілу – закупориваться

тарылу – сужаться

қан тамырлары жарылу – разрыв сосудов

ұшырату - подвергать

атқару – исполнять

бітеу – закупорить

баяулау – замедляться

жою – уничтожить

керісінше – наоборот

үздіксіз – беспрерывно

ықтимал – возможно

мүмкіндігінше – по возможности

2-Тапсырма

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз


  1. Ми қандай мүше?

  2. Қан арқылы миға не жеткізіледі?

  3. Қан тамырларына қандай қасиеттер тән?

  4. Холестерин қандай жағдайда пайда болады және оның салдары?

  5. Инсульт қалай пайда болады?

  6. Ауру адамға қалай көмек көрсету керек?

Эпилепсия


Қояншық – ұстамалы ауру. Ұстама әсіресе қорыққанда, ашуланғанда, шаршағанда жиiлейді. Ауру ұстар алдында адамның басы ауырып, мең-зең болады, қолы дiрiлдеп, көздерi қарауытады, естен танып құлайды, ауызынан көбiк ағады, басын жерге соғып, тілін тiстеп алады. Шалқайып құлағанда денесі сіресiп, дем алмай, көгерiп қатып қалады. Бiрнеше секундтан соң селкiлдей бастайды. Мұндай жағдайда адамның басына жастық қойып, ауызына қатты нәрсе тiстетiп, денесін басып отыру керек. Осындай көмек болмаса, денесін бір жерге соғып, жаралауы мүмкiн.

Ұстама басылған соң адам бiраз уақыт есiн жия алмай ұйықтап кетедi. Оянғанда не iстегенін бiлмейдi. Кейде ауру жеңіл ұстап, тез басылады. Бара-бара ауруы жиi ұстап, адамның мiнезi, жүріс-тұрысы, ой-өрiсi өзгередi, өз ойын толық айтып бере алмайды, бiрақ мiндеттi жұмысын мұқият атқарады. Сәл нәрседен көңiлiн қалдырған адамды ол ұмытпайды, тiптi өшiгiп алады. Ауру созылған сайын ойы, iстеген жұмысы – бәрi баланың iсiне ұксайды, ұмытшақ болады. Қояншық ауруының себебi әлi күнге дейін белгiсiз. Көбiнесе сәбидiң iштегi кезiнде немесе туғанда миына зақым келгеннен деген болжам бар. Кейбiреулер қояншық ауруы басы жарылғаннан немесе басында iсiк болғаннан, басы қатты соғылып, миы шайқалғаннан және т. б. болады дейдi. Кейде араққа салынып, уланғаннан да болады. Қояншықты емдеу өте қиын. Дәрiгер көбiнесе аурудың ұстамасын сиретiп, асқынуына жол бермеу жағын қарастырады.


1-Тапсырма

Берілген мәтін бойынша жаңа сөз мен сөз тіркестерімен танысып, жаттап алыңыз


қояншық – эпилепсия

ұстама – приступ

ой-өріс – мышление

ашулану – сердиться

дірілдеу, селкілдеу – трястись; дрожать

ұстаманы сирету – уменьшить частоту приступов

қарастыру – рассматривать

соғылу – удариться

көңіл қалдыру - обидеть

естен тану – терять сознание

денесі сіресу – окоченеть

өшігу – затаить обиду

сәбидің іштегі кезі – внутриутробный период

басы жарылу – ранение волосистой части головы

араққа салыну – злоупотребление алкоголем

көбік – пена

тістеу – прикусить

өй-өріс – мышление

ұқсау – быть похожим

ұмытшақ – забывчивый

мең-зең – рассеянный

болжам – предположение; прогноз

миы шайқалу – сотрясение мозга

ауру ұстар алдында – перед приступом

мұқият – тщательно; внимательно

белгісіз – неизвестно


2-Тапсырма

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз




  1. Қояншық қандай ауру?

  2. Ауру қашан жиілейді?

  3. Ауру ұстар алдында қандай белгілер болады?

  4. Бұндай жағдайда науқас адамға қалай көмектесу керек?

  5. Бара-бара науқас қалай өзгереді?

  6. Бұл ауруды қалай емдейді?

3-Тапсырма

«Қарастыру» етістігін бұрынғы өткен шақта жіктеп, 5 сөйлем құрастырыңыз


Полиомиелит
Полиомиелит (polios–сұр, myelos–жұлын) – жұлынның сұр затының зақымдануымен сипатталатын орталық жүйке жүйесінің өте сирек кездесетін ауруы. Қоздырғышы вирус болып табылады. Адамға бұл ауру ауа-тамшылық немесе алиментарлық жолмен жұғады. Вирус бала ағзасына кір қол мен ойыншықтар арқылы енуі мүмкін. Инфекцияның таралуына шыбындар да әсер етеді. Вирус жұтқыншақ, ішек-қарын жолы арқылы бадамша бездерге енеді. Бастапқы көбею лимфа ұлпасында өтеді де, содан соң лимфа жолдарымен қанға, жүйке жүйесіне енеді.

Полиомиелиттің клиникасын бірінші рет 1840 жылы неміс дәрігер-ортопеді Якобсон Гейне суреттеген. 1887 жылы швед дәрігері Медин бұл инфекцияның жұқпалы екендігін дәлелдеген.

Бұл ауру аяқ-қол бұлшық еттерінің кішіреюі мен күш жоғалтуымен (атрофия) сипатталады.

Cіңірлік рефлекстер жойылады, кейін жұтыну рефлексі және сөйлеу қызметі бұзылады. Жоғары қызудың арқасында жалпы ми, қозғалу бұзылулары (тырыспа, дірілдеу), ұйқышылдық, естен тану пайда болады. Егер жүйке жасушалары 75 пайыздан артық жойылса адам салданады. Науқастың шетінеуі тыныс алудың салынан болады.

Полиомиелитке тән ем жоқ. Ауруды (боль) басу үшін құрғақ бумен жылытылған жүн матамен орау, ауырсынуды басатын препараттар қолданылады. Қалпына келу кезеңінде массаж, емдік гимнастика, жүзу, курорттық ем көрсетілген.
1-Тапсырма

Берілген мәтін бойынша жаңа сөз мен сөз тіркестерімен танысып, жаттап алыңыз


сұр зат – серое вещество

бадамша без – миндалины

бу – пар

сал – паралич

жүн мата – шерстяная ткань

ойыншық – игрушка

шыбын – муха

қалпына келу кезеңі – восстановительный период

шетінеу – летальный исход; умереть

ауа-тамшылық – воздушно-капельный

ауырсынуды басатын - болеутоляющий

кір – грязный

жоғалту – потеря; потерять

жойылу – уничтожение

салдану – парализоваться

орау – укутывать; заворачивать

суреттеу – описывать

дәлелдеу – доказывать

жүзу – плавать

сирек – редко


2-Тапсырма

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз




  1. Полиомиелит қандай ауру?

  2. Бұл ауру адамға қалай жұғады?

  3. Полиомиелиттің белгілері қандай?

  4. Науқас қай кезде салданады және неден шетінейді?

  5. Полиомиелиттің емі не?

3-Тапсырма

«Шыбын» сөзін септеп, 7 сөйлем құрастырыңыз
Зәр шығару жүйесі
Зәр шығару жүйесіне: бүйрек, несепағар, қуық және несеп шығаратын өзек жатады.

Бүйрек – жұп мүше, бұршақ пішінді, қошқыл қоңыр түсті. Бүйректер бел омыртқаның екі жағында орналасқан. Оң жақ бүйрек сол жақ бүректен 2-3 см төменірек орналасқан. Ересек адамның бүйрегінің ұзындығы 10-12 см, ені 5-6 см, салмағы 120-200 грамм шамасында. Бүйрек биологиялық сүзгіш қызметін атқарады. Әр минут сайын бүйрек арқылы ағзадағы қанның 1/5 бөлігі өтеді. Бүйрекке қан қолқа тамыр арқылы келеді. Ағзаның тіршілігіне қажетсіз зиянды немесе улы заттар, артық су, минералды тұздар қанның құрамынан шығарылып, бүйрек арқылы сүзіледі. Тазартылған қан төменгі көк тамырға қайтып келеді. Сонымен, бүйректе зәр шығару түзіледі, ол несепағар арқылы қуыққа ағады.

Несепағар қуықпен жалғасқан. Оның ұзындығы 30 см-ге жуық түтік. Диметрі 4-7 мм. Тәулігіне ересек адамда 1,5 литр зәр түзіледі.

Қуықта несеп жиналып, одан рефлексті жолмен несеп шығаратын өзек арқылы сыртқа шығарылады. Қуық пішіні толуына қарай өзгерілмелі болады. Оның орташа сыйымдылығы 500-700 мл.


1-Тапсырма

Берілген мәтін бойынша жаңа сөз мен сөз тіркестерімен танысып, жаттап алыңыз


несепағар – мочеточник

қуық – мочевой пузырь

несеп шығаратын өзек – мочеиспускательный канал

орташа сыйымдылығы – средняя вместимость

тіршілік – жизнедеятельность

ұзындық – длина

ен – ширина

түтік – трубка

сүзгіш – фильтр

тәулік – сутки

қошқыл – темный

жұп – парный

бұршақ пішінді – бобовидной формы

өзгерілмелі – изменчивый

сүзілу – фильтроваться

қайтып келу – возвращаться

жалғасу – соединяться; продолжаться

жиналу – собираться

толуына қарай – в зависимости от наполнения
2-Тапсырма

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз



  1. Зәр шығару жүйесіне қандай мүшелер жатады?

  2. Бүйрек қандай мүше және қай жерде орналасқан?

  3. Бүйрек қандай қызмет атқарады?

  4. Бүйректе не түзіледі?

  5. Несепағардың ұзындығы, диаметрі қанша және немен жалғасқан?

  6. Қуықтың пішіні, сыйымдылығы қандай?

3-Тапсырма

Төмендегі мүшелердің қай жүйеге жататынын көрсетіңіз:

бауыр, өкпе, бүйрек, асқазан, тіс, несепағар, ішек, жүрек, қуық, қолқа, ми, көмей, саусақ, омыртқа, ұйқы безі, өт, қыл тамыр, бұғана, жұтқыншақ, жұлын, өңеш


4-Тапсырма

Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңыз: минералды тұздар ..., сыртқа ..., бел омыртқада ..., өзгермелі ..., зәр ..., жоғары ... .


Керекті сөздер: орналасу, орналасу, шығару (нелер?), шығарылу, болу, түзілу

Зәр шығару жүйесінің аурулары


Бүйрек және несеп жолдары ауыратын науқастардың негізгі шағымдары: бүйректің немесе белдің ауруы, зәр шығарудың нашарлауы немесе бұзылуы, зәр түсінің өзгеруі, ісіктің пайда болуы.

Қосымша шағымдарға: бас ауру, бас айналу, жүрек ауруы, көрудің нашарлауы, тәбеттің төмендеуі, лоқсу, құсу, қызу көтерілу жатады.

Бүйрек тұсының тұрақты сыздап ауруы жедел және созылмалы пиелонефритте, гломерунефритте байқалады.

Бүйрек немесе несеп жолдары зақымданғанда ауру бел, несеп жолдары, қуық тұсында болады.

Бүйректің әр түрлі ауруларында пайда болатын ісік барлық денені немесе оның біршама бөлігін қамтиды, тез дамиды, сипағанда өте жұмсақ сезіледі. Ісік үстінің терісі түсі қуқыл болады

Зәр шығарудың бұзылуының бірнеше түрі бар.

Анурия – несеп бөлудің тоқтауы.

Дизурия – несеп бөлгенде несеп жолының сыздап ауруы. Бұл – циститте, уретритте, простатаның гипертрофиясында байқалады.

Полиурия – несептің 2 литрден көп бөлінуі. Көбінесе бұл жағдай бүйректегі ісік қайтқан кезде (нефрит, нефроз) болады.

Олигурия – несептің 600 мг-нан аз бөлінуі. Көбінесе жедел нефритте, қызу көтерілгенде, қатты терлегенде, іш өткенде байқалады.

Зәр түсінің өзгеруі. Қалыпты жағдайда зәр ақшыл сары болады. Зәрге қан араласқанда оның түсі ет жуған су сияқты, ал ірің араласса, лайланып, ақшыл түске өзгереді.
1-Тапсырма

Берілген мәтін бойынша жаңа сөз бен сөз тіркестерімен танысып, жаттап алыңыз


шағым - жалоба

несеп бөлу – выделение мочи

ісік – опухоль

лоқсу – тошнота

көрудің нашарлауы – ухудшение зрения

тұс(ы) – сторона; место

қуқыл – бледный

қалыпты – нормальный

қосымша – дополнительный

лай – мутный; грязь

ақшыл – светлый

сипағанда – при пальпаций

қамту – захватить; охватить

тоқтау – остановиться

араласу – смешиваться

қатты терлегенде – при сильном потовыделении

түсі ет жуған су сияқты – цвет мясных помоев
2-Тапсырма

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз




  1. Бүйрек және несеп жолдары ауыратын науқастардың негізгі шағымдары қандай?

  2. Қосымша шағымдарға не жатады?

  3. Бүйрек тұсының сыздап ауыруы қандай ауруларда байқалады?

  4. Ісік қай жерлерді қамтиды, қалай дамиды, ісік үстін сипағанда қандай әсер береді?

  5. Зәр шығарудың бұзылуының түрлері қандай?

  6. Зәр түсі қандай болады?

3-Тапсырма

Төменде науқас адамның жауаптары берілген. Жауапқа негіздеп (основательно) дәрігердің сұрақтарын дайындаңыз


  1. – Белім ауырады

  2. – Зәрдің түсі шайға ұқсайды

  3. – Кіші дәретке 3-4 рет барамын

  4. – Иә, кіші дәрет алғанда ауырады

  5. – Тас түскенін байқаған жоқпын

  6. – Бұрын бүйрегім ауырған жоқ

  7. – Көзімнің астында ісік пайда болғанын байқадым

  8. – Басқанда ауырады

  9. – Қанымның да, зәрімнің де анализдері жоқ

Пиелонефрит


Пиелонефрит – бүйрек түбегі ұлпасының қабынуы. Пиелонефритті негізінен зәр жолдары арқылы түсетін инфекция тудырады. Несеп жолдарының тарылуы мен бұзылуына, қысылуы және несептің жүруіне стрептококк, стафилококк және тағы басқа бактериялар да себеп болады.

Бұл бүйректің ең жиі кездесетін ауруы. Пиелонефриттің жедел және созылмалы түрлері бар.

Жедел пиелонефрит кенеттен басталады. Науқастың дене қызуы 40 градусқа дейін көтеріледі, басы ауырып, жалпы әлсіздік сезінеді. Пиелонефрит жиі шап пен жыныс мүшелеріне берілетін бел ауруымен сипатталады. Науқастың кіші дәретке жиі және ауырсынып отыруы байқалады. Бұл аурудың негізгі белгісі пиурия болып табылады, яғни зәрде іріңнің болуы. Зәрдің түсі ірің араласқаннан лай болады. Лабораториялық зерттеулер жүргізгенде қанда лейкоциттер, зәрде ақуыздың көбейгені байқалады. Жедел пиелонефриттің диагнозын ертерек қоюдың маңызы зор, өйткені 90% жағдайда бұл ауруды жазуға және созылмалы түріне көшуден сақтануға болады.

Емі. Алдымен осы ауруды қоздырған себебін жою керек. Егер бұл ауруға инфекция себеп болса, онда ем осы инфекцияға қарсы бағытталу керек, егер себебі бүйректегі тас болса, онда ол тастарды алып тастау үшін хирургиялық көмек қажет. Аурудың жедел түрінде науқасты төсектен тұрғызбау керек. Зәр арқылы іріңді шығару үшін науқасқа көп су ішкен жөн. Антибактериялық терапия арасында шөптермен (шай шөп, жалбыз, итмурын, қалақай т.б.) емдеу қажет. Емдік шаралардың бірі – тамақ тәртібін реттеу, яғни диета, науқастың тамағында тұзды шектеу.

1-Тапсырма

Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз


бүйрек түбегі – нефроны почки

кіші дәрет – моча

несеп жүруі – мочеиспускание

шара – мера

тарылу – сужение

қысылу – сжимание

қою – поставить

жою – уничтожить; удалить

бағытталу – направить

алып тастау – удалить

ауруды жазу – вылечить болезнь

көшу – перейти (в другую форму); переехать (в другое место)

шектеу – ограничить; ограничение

ауырсыну – испытывать боль; болезненно

кенеттен – внезапно
2-Тапсырма

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз




  1. Пиелонефрит қандай ауру?

  2. Пиелонефриттің пайда болуына нелер әсер етеді?

  3. Пиелонефрит қалай басталады?

  4. Жедел пиелонефрит қалай сипатталады?

  5. Пиелонефритті қалай емдеуге болады?

3-Тапсырма

Төменде пиелонефрит ауруы бойынша дәрігердің сұрақтары берілген. Науқастың жауптарын негіздеп дайындаңыз


  1. – Қай жеріңіз ауырады?

  2. – Дене қызуыңыз бар ма?

  3. – Ауру кенеттен басталды ма, әлде көптен бері ауырасыз ба?

  4. – Беліңіз қалай ауырады, сыздап ауыра ма, әлде батып ауыра ма?

  5. – Зәріңіздің түсі өзгерді ме?

  6. – Басыңыз ауырады ма?

  7. – Әлсіздік сезінесіз ба?

  8. – Көзіңіздің асты, денеңіз іседі ме?

Тері аурулары


Күбіртке – саусақтағы тырнақ астының іріңдеп қабынуы. Бұл көбінесе жарақаттан болады. Жұмыс кезінде жараланған саусаққа (тырнақ астына) микроб түсіп, оны іріңдетеді, солқылдап, қатты ауырады. Егер микроб қанға өтіп, денеге жайылса, адам өміріне қауіпті ауру басталады. Сондықтан күбіртке түскенде күн сайын саусақты 10-15 минут жылы суға малып, дәрі жағып, жылы орап, дәрігерге көріну қажет.

Күйік ыстықтан, қайнаған су мен ыстық темір, от және химиялық заттардан (қышқыл, сілті, улы заттар және т.б.) болады. Тері қызарып күйеді, қол тигізбей ауырады, қызарған тері күлдіреп, ішіне су толады, ашып ауырады, терінің кейбір жері сыдырылады, сөйтіп күйген жердің жаны кетіп, қараяды.

Алғашқы жәрдем: оттан, судан, зақымданған жерден тез шығару, ал химиялық заттар күйдірсе, күйген жерді сумен жуу керек. Егер денені қыщқыл күйдірсе, онда көмір қышқыл натрийдің (сода) ерітіндісімен жуу керек. Содан кейін күйген жерді спиртке немесе марганец ерітіндісіне малынған дәкемен немесе шүберекпен таңып, науқасты ауруханаға жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет