Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы баймұхамбетов М. А. Медешова А. Т. Фармакогнозия пәні бойынша таңдамалы дәрістер жинағы


Түкті дигиталис Сабынкөктер тұқымдасы



бет4/7
Дата25.02.2016
өлшемі6.72 Mb.
#18573
1   2   3   4   5   6   7

Түкті дигиталис Сабынкөктер тұқымдасы.

Digitalis lanata Enrb. Scrophulariaceaе

Сипаттама. Дигиталис туысына жататын, көп жылдық немесе екі жылдық шөптесін өсімдік. Бірінші жылы тамыр жапырақтары пайда болады, екінші жылы жекелік сабақтары өсіп шығады.Олардың жоғарғы жағы қалың түкті, кейде бұтақталған, төменгі жағы жалаңаш болып келеді. Төменге тамыр жапырақтары қандәуыр, түкті жиектері бүтін ұзындығы 6-12 см, ені 1,5-3,5 см. Жоғарғы жапырақтары отырмалы қандауыр жоғарғы ұшы сүйір. Гүл тәжінің ұзындығы 8-12 мм-ге жететін қауаша. Тұқымы төрт қырлы, сары немесе қоңыр түсті, майда. Маусым-шілде айларында гүлдейді, жемісі шілде-қыркүйекте піседі

Таралуы.Жабайы түрде Ресейде, кейде Закарпатье де, Молдавияда кездеседі.

Дайындалауы. Дәрілік мақсатта өсімдіктің жапырағын (Folium Digitalis) жинап алады. Жапырағын екі рет жинап алады. Екінші жылы гүлдемей тұрып 2-3 рет жинайды. Жинап болған соң тез арада 50-60°С температурада кептіргішке салып келтіру керек.

Химиялық құрам. Шикізаттың құрамында 0,51 %-ке дейін жүрек гликозидтер, оның ішінде лантозидтер А, В және С болады. Мұнан басқа дигитоксин, гитоксин, дигоксин, ланатозид Д, ланатозид Е, строспезид кездеседі.

Қолданылуы. Мұнан алынған дәрі-дәрмектер І-ІІ дәрежелі қан айналымының созылмалы жиі нашарлауынан туатын созылмалы жүрек ауруларында, аритмия мен тахикардияны емдеу үшін кеңінен қолданады.

Дәрі-дәрмектер. Целанид, дигоксин, ацетилдигитоксина лантозид.

Сақталу мерзімі 6 ай 1 жыл.



Тесттер

1. Гликозидтер молекуласы құралған :

А) әр түрлі қанттар молекуласынан

Б) қантты және қанттсыз бөліктен

В) қантты бөлік және азот атомы

Г) май қышқылының молекуласы және глицерин

Д) сенил қышқылынан және глицериннен.

2. Агликон туынды болып келетін табиғи қосылыстарды жүрек гликозидтері деп атайды :

А) антроцен

Б) циклопентанпергидрофенантрен

В) леанол қышқылы

Г) флавон

Д) Галл қышқылы

3.Жүрек гликозидтері қант молекулаларының агликонмен байланысу сипаты бойынша жатады:

А) С – гликозидтерге

Б) S – гликозидтерге

В) O - гликозидтерге

Г) N – гликозидтерге

Д) тиогликозидтерге

4. Құрамында жүрек гликозидтері бар деген затты стандарттаудың арнайы әдісі болып табылады :

А) химиялық

Б) физикалық

В) биохимиялық

Д) биологиялық

Г) физикохимиялық

5. Құрамында жүрек гликозидтері бар шикізаттардың кептіру температурасы

А) 50 – 60 град С

Б) 100 град С

В) 20 -30 град С

Г) 70 -80 град С

Д) 30- 40 град С

6. Жүрек гликозидінің кордиологиялық әсері молекулада ненің болуына байланысты:

А) азот атомына

Б) қанықпаған лактон сақинасына

В) спирокетальды топқа

Г) синил қышқылының атомына

Д) карбоксильді топқа

7. Құрамында жүрек гликозидтері бар препараттарды қалай сақтайды:

А) жалпы тізім бойынша

Б) бөлек “А” тізімі бойынша (улы)

В) бөлек “Б” тізімі бойынша (күшті әсер ететін)

Д) бөлек, эфир майы ретінде

Г) бөлек, жеміс және тұқым ретінде

8. Строфант тұқымдасқа жатады:

А) Scorphulariacеае

Б) Apocyneaе

Г) Liliaceae

Д) Rosaceae

Г) Ranunculaceae

9. Биологиялық стандартизация жүргізетін шикізат:

А) жень – шень.

Б) раувольфий.

В) строфанта.

Д) стефани гладкий.

Г) Семізот

10. Folia Digitalis шикізатының биологиялық белсенділігі:

А) 120 ЛЕД

Б) 200 ЛЕД

В) 90 ЛЕД

Г) 55-60 ЛЕД

Д) 15 ЛЕД

11. Қосылысты атаңыз:





  1. Атропин

  2. Строфантидин

  3. Пурпуреагликозид А

  4. Циклопентанопергидрофенантрен

  5. Цинеол

12. Құрамында жүрек гликозидтері бар шикізаттарды сақтау мерзімі:

А) 1 жыл


Б) 2 жыл

В) 3 жыл


Г) 4 жыл

Д) 5 жыл


13. Herba Adonidis vernalis шикізатын алмастыруға болады:

а) Herba Convallariae

б) Folia Digitalis

в) Folia Belladonnae

г) Folia Farfarae

д) Folia Menthae piperitae

14. Құрамында жүрек гикозидтері жоқ шикізат түрін көрсетіңіз:

а) Folia Digitalis

б) Folia Convallariae

в) Herba Adonidis

г) Folia Belladonnae

д) Rhizomata cum radicibus Hellebori

15. Кардиотоникалық әсерлі препарат алмайтын шикізат түрін көрсетіңіз:

а) Меруертгүл шөптері

б) наперстянка жапырақтары

в) трава желтушника раскидистого

г) Қырықбуын қылша шөптері

д) корневища и корни морозника

16. Digitalis тұқымдас өсімдіктерінен алынатын препарат, тек

а) дигоксина

б) дигитоксина

в) целанида

г) лантозида

д) коргликона

17. Жүрек гликозидтері негізгі биологиялық белсенді заттар тобы болады:

а) ащы жусан шөбінде

б) шашыңқы ақбасқурай

в) мия тамырында

г) сары мүйіз көкнәрі

д) в корнях стальника

18. Дигитоксин – бұл гликозид:

а) наперстянка

б) строфанта

в) меруертгүл

г) шашыңқы ақбасқурай

д) бақ-бақ

19. Helleborus caucasicus құрамында

а) алкалоидтар

б) карденолидтер

в) сапониндер

г) тиогликозидтер

д) буфадиенолидтер

20. Жүрек – қан тамырларына әсер етпейтін шикізат:

а) наперстянка жапырақтары

б) меруертгүл шөптері

в) строфанта тұқымдары

г) зығыр дәндері

д) морозник тамыры

21. Фармацевтикалық тәжірибеде жемістер дегеніміз

А) жай, күрделі және жалған жемістер және оның бөліктері

Б) гүлдерден түзілетін өсімдік бөліктері

В) жай және күрделі жемістер

Г) жеміс және оның бөліктері

Д) жаңа дайындалған немесе кептірілген жемістер және оның бөліктері

22. Дәрілік өсімдік шикізатының құндылығы

А) шикізаттың өз атына сай болуы

Б) шикізаттың НҚ сай болуы

В) шикізаттың өз атына және өндіретін өсімдікке сай болуы

Г) НҚ көрсетілген құрамынгда болатын қоспалар мөлшері және шикізатта болуға болмайтын қоспалардың болмауы

Д) шикізатта болуға болмайтын қоспалардың болмауы

23. Жіберілетін қоспалар

А) шыны


Б) улы өсімдіктер бөліктері

В) өндейтін өсімдіктің басқа бөліктері

Г) кеміргіштер нәжісі

Д) құс нәжісі

24. Көпшілік өсімдіктерді өндеу кезінде қолданылатын қорғау әрекеттері

А) шөптесінді баспайды

Б) өсімдіктерді тамырымен жұлмайды

В) өндеу аймақтарын ауыстырып тұрады

Г) өсімдіктердің жартысын тұқымдануға қалдырады

Д) барлығы дұрыс

25. Дәрілік өсімдіктер дегеніміз.

А) құрамында биологиялық белсенді заттар бар адам және жануар ағзасына әсер ететін д.ө.ш. Затын пйдалануға және емдік мақсатта қолданылатын өсімдіктер.

Б) дәрілік зат ретінде кептірілген түрде қолдаднылатын бүтін өсімдік немесе оның бөліктері.

В) Д.Ө.Ш заттың көзі болып табылатын нормотивті құжжаттардың талаптарына сәйкес келетін дәрілік өсімдіктер

Г) өнеркәсіптің әр түрлі салаларында қолданылатын және белгілі бір аймақтарда өсетін өсімдіктер.

Д) сағақ пен жәен сағақсыз жиеауға күрделі жаппырақшалардың немесе кептірілген жаңадан жиналған жапырақтар.

26. Фармацевтік практикада жапырақтар деп төменгі сипаттағы д.ө.ш- ті атайды.

А) өркеннің бүйірлік құрылымдық бөлігі.

Б) сағақпен немесе сағақсыз жиналған күрделі жапырақтардың кептірілген жекелеген жапырақшалары.

В) сағақ пен немесе сағақсыз жиналған Күрделі жапырақтың жекелеген кептірілген немесе жаңадан жиналған жапырақтар.

Г) гүлдену кезеңінде сағақты немесе сағақсыз жинақталған өсімдіктің кептірілген жапырақтары.

Д) күрделі жапырақтардың жекелеген жапырақшалары.

27. Жапырақтардың макроскоптық белгілеріне жатады.

А) эпидерма құрылысы.

Б) шеттерінің формасы.

В) кристалды қосындылар.

Г) сапалық реакциялардың нәтижелері.

Д) пропка құрылысы.

28. Д. өсімдік төмендегідей сыртқы белгілерге ие:

Биіктігі 20см болатын көп жылдық шөптесін өсімдік тамыр сабағы горизонтальді өрмелегіш жапырақтары прикорнивы,сопақша элипс тәріздес үштіктелген, шеттері тегіс доға тәріздес жүйкеленуі бар, гүлдері жай гүл шоғырлы сыртқы тәріздес жемісі қызғылт- сары Ресейдің Еуропалық бөлігінде Солт. Кавказдың аралас және жапырақты ормандарында өседі. Осы шикізат алынатын өсімдікті көрсет.

А) чемерица Лобеля.

Б) ландыш Майский.

В) купена лекарственная.

Г) любка двух листая.

Д) подснежник воронов (бәшешек).

29. Биологиялық стандартизация жүргізетін шикізат:

А) жень – шень.

Б) раувольфий.

В) строфанта.

Г) Стефани гладкий.

Д) родиолы розовый. (Семізот)

30. Ж. гликозидттері биологиялық белсенді заттардың негізгі тобы болып табылады:

А) ащы жусан шөбінде.

Б) ақбасқурай шөбі.

В) солодка тамырында (Мия).

Г) сарымачка шөбінде.

Д) стальник тамырында. (Қуаңдәрі)

Жауаптар эталондары:



  1. Г;

  2. А;

  3. Д;

  4. А;

  5. А;

  6. Д;

  7. Г;

  8. В;

  9. Г;

  10. Д;

  11. Г;

  12. А;

  13. Б;

  14. Г;

  15. Г;

  16. Д;

  17. Б;

  18. А;

  19. Д;

  20. Г;

  21. А;

  22. Б;

  23. В;

  24. Д;

  25. А;

  26. В;

  27. Б;

  28. Б;

  29. В;

  30. Б;






ҚҰРАМЫНДА САПОНИНДЕРІ БАР ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР МЕН ШИКІЗАТТАР

Стероидты сапониндер табиғи күрделі гликозидтердің катарына жататын органикалық қосылыстар болып саналады. Шнайдер 1811 жылы дәрілік сабыншөптен стероидты затты бөліп алган. 1819 жылы Мэлон осы қосылысқа сапонин деген терминді үсынған болатын, себебі олардың сулы түнбасын шайқағанда жақсы көпіреді. Латынша s аро көбіну, сабыну деген сөз. Сапониндердің көбісі эритритроциттердің ыдырау процесіне тікелей қатынасы бар. Сапониндер суық каңдылар жануарларға (бақа, қүрбақа, қүрт) өте улы заттар болып келеді.

Сапониндердің молекуласы көмірсулардың қалдығынан және агликонан (қантсыз бөлігі) тұрады. Олардың агликондары сапогенин деп аталады. Қышқыл
гидролиз арқылы олар моносахаридтерге және сапонинге бөлінеді.

Стероидты гликозидтердің екі типті түрі болады: спиростан және фуростан. Спиростанол қатарына жататын гликозидтердің (монодесмозидтер) стероидты молекуласының алты циклді сақиналары бар.

Табиғатта спиростан бос күйінде кездеспейді, бірак оның гидроксилданган туындылары өсімдіктерде ұшырасады.

Фурастонол гликозидтердің (бисдесмозидтер) құрамындағы сақинасы ашық болады, оның шет тізбегіне глюкоза молекуласы енеді.





Фурастонол гликизиді
Стероидты гликозидтердің азотты аналогтары-спиросолан туындылары да белгілі, олардың молекуласы 27 көміртек атомынан тұрады. Сілтілік қасиетіне байланысты олар гликоалкалоидтардың қатарына жатады.

Сонымен бірге стероидты сапогениндер бес циклді сақинасы гидросил тобы С-26 және сапогенин Е сақинасы ашық стероидты сапогениндер де белгілі.

Қазіргі кезде 35 стероидты сапогениндер, 150 гликозидтер табылган. Гликозидтерде қант компоненттері көбінесе 3 көміртекатомында, ал фуростонол қосылыстарда 26 көміртекте орналасады.

Стероидты сапониндер 100 ден астам өсімдіктерде анықталған. Олар әртүрлі өсімдік тұқымдастарында, көбінесе лалагүлдер (Jiliaceal), дискореялар (Discoreaceal) бұршақтар (Fabaceal), алқалар (Solanaceal), сарғалдақтар (Ranunculaceal) т.б. тұқымдастарда ұшырасады. 150 стероидты гликозидтердің ішінде 100-ден астамы спиростанол, 40-қа жуық-фурастанол сапониндер кездеседі.

Бойында сапониндері бар өсімдіктердің шипалы қасиеті сапогенин мөлшеріне байланысты белгіленді.

Медицинада стероидты сапониндердің цитостатикалық, фунгистатикалық, қан қысымын төмендететін, жүрек қызметіне әсер ететін қасиеттері пайдаланылады. Осыған орай олар қандағы холестериннің мөлшерін азайту, атеросклероз ауруын емдеу үшін, сондай - ақ стероидты гормондары синтездеу үшін де қолданады. Ал стероидты сапонин дигитонин реактив есебінде /ол кейбір стероиндермен тұнба түзеді/ пайдаланады.

Сапалық реакциялар. Сальковский реакциясы. Стероидтың хлороформдағы ерітіндісіне күкірт қышқылын қосқанда қызыл түс пайда болады.


  1. Либерман-Бурхардтың реакциясы. Стероидтың сірке қышқылы, сірке
    ангидридінің қоспасымен күкір қышқылың құйса қызыл-жасыл түс түзіледі.

  2. Стероидты қосылыстары бензолдағы ерітіндісіне сірке және күкірт
    қышқылдарын қосса жасыл немесе көк түс пайда болады.

  3. Розенхейм реакциясы. Сапониңдердің спиртті ерітіндісіне үш
    хлорсірке қышқылын қосқанда сия түс көк түске өзгереді, өтетін стероидтар
    комплексті қосылыстары түзеді.

  4. Стероидты сапониндер холестериннің спиртті ерітіндісімен ақ түңба
    түзеді.

Сапонидер гемолитикалық активті заттар. Олардың әсерінен ритрицидтердің мембранасы бұзылады да, клетканың ішіндегі сөлі эмоглобинмен қоса клетка аралығындағы плазмаға құйылады. Бұны ритроциттердің гемолизі деп атайды. Сапониндердің эритроциттердің мембранасын бұзу қасиетті бұрыннан белгілі болған, оны дәрілердің және өсіндішикізаттың активті қасиетін, күшін білу үшін пайдаланады.

Сапонидердің сан-сапасын анықтау үшін өлшеу және физико-химиялық әдістермен жүргізіледі /гравитометрия, фотометрия, флюориметрия және газ сұйықтық хроматография т.б./



Ниппон диоскореясы Дискореялар түқымдасы

Dioscorea nipponica Dioscoreuccai

Makino

Сипаттама. Диоскорея туысына жататын, ұзындығы 4 м-ге дейін жететін, көпжылдық шөптектес шырмауық. Көлденең жатқан тамыршасы бар. Сабағы жалаңаш, шөптектес, жіңішке, жұқа болады. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, сопақша, сағақты, ұзындығы 12 см-ге дейін жетеді. Гүлдері майда, сарғыш-жасыл түсті, шашақталып орналасқан. Жемісі үш ұялы қауашаң, ұзындығы 2,5 см-ге дейін болады. Тұқымы жалпақ, қанатшалары бар. Шілде-тамыз айларында гүлдейді. Мәуесі тамы-қыркүйекте піседі.

Таралуы. Қиыр Шыгыста (Приморск, Хабаровск өлкесінде) таралган. Қытай, Корея, Жапония елдерінде кездеседі.

Дайындалуы. Дәрілік мақсатта тамыры мен тамырсабағын (Rhizomata et radices Dioscoreal) жемісі піскен кезінде, күз айларында жинап алады. Қазып алынған тамырдың сабағынан және бөліктерден тазартып алып оны 10 см-дей етіп кесіп бөлшектейді. Кептірілген күйіңде немесе жаңа тамырды қабылдау пунктіне өткізуге болады. Кептіргіштерде 60°С температурада кептіруге де болады.

Сыртқы белгілер. Тамырдың кесінділері ұзындығы 3 см-дей, шеңбері 3 см-дей цилиндр тәрізді тармақталған, майсыңқы келген, беті әжімделген. Түсі ақшыл-сұр. Иісі әлсіз, дәмі ащы, күйдіргіш болып келеді.

Химиялық құрам. Тамыры мен тамырсабағында сапониндер 8 %, диосцин, диосгенин 0,5 % - 1,26 %, грацилин, кукубо сапонин, микро-макро элементтер бар.

Қолданылуы. Тамырынан жасалған дәрілер қан қысымының жоғарылауына байланысты болатын атеросклероз ауруларына қолданады. Олар холестеринің организмдегі мөлшерін төмендету арқылы оның артерия сосудтарын да мөлшерін азайтып, осы арқылы аурудың қан қысымың төмендетіп, жағдайын, көңіл-күйін жақсартады.

Дәрі-дәрмектер. Полиспонин.



ҮШТЕРПЕНДІ САПОНИНДЕР

Үштерпенді сапониндер пентациклді терпеноидтар. Олар төрт типке жатады: бета-амирин, гама-амирин, лупеол, фриделин және дамаран.






Қос байланыс көбінесе және 13 көміртек атомында кездеседі. Сапогениннің құрамында әр түрлі функциональдық топшаларын кездесу мүмкін. Мәселен: глицерретин қышқылында гидросил тобы үшінші (С-3), онбірінші (С-11) оттегі, карбоксил отызыншы көміртек атомыңда болады. Сапониннің молекуласында мыңшақты моносахаридтер: Д-галактоза, Д-глюкоза, Д-ксилоза, Д-глюкурон, Д-галактурон қышқылдары және альфа рамноза ұшырасуы ықтимал.

Үштерпеңді сапониндер аморфты заттар, анық балқу температурасы болмайды.

Үштерпенді сапониндер нейтральдық және қышқыл қосылыстар болуы мүмкін. Көптеген сапониндер, белоктар, липидтер, стеариндер, танинмен молекулалық комплекстерді түзеді.

Өсінді шикізаттан үштерпенді сапониндер сұйықталған этанол және метанолмен алынады. Алдын ала, майлы, бояу заттарды алып тастау үшін шикізатты петролей эфир, хлороформмен өңдейді.

Үштерпенді сапониндер көбінесе аралиялар (Araliaceal), бұршақтар (Fabaceal), тауқалақайлар (Jamiaceal), көкшегүлдер (Polymoniaceal) полигалалар (Polygolaceal), наурызшешектер (Primulaceal) тұқымдастарға жататын өсімдік түрлерінде ұшырасады.

Үштерпенді сапониндер организмге гормондар сияқты әсерін көрсетеді. Мысалы миясын т.б. өсімдіктердің сапониндерге күшті эстрогендік қасиеті болады. Медицинада күш-жігерді қалпына келтіруге, қақырық түсіргіш, зәр айдағыш, бүйрек ауруларында қолданады.

Өнеркәсіпте, халық шаруашылығыңда құрамында үштерпенді гликозидтер бар өсімдіктердің маңызы өте зор.


ҚҰРАМЫҢДА ҮШТЕРПЕНІ САПОНИНДЕРІ БАР ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР ЖӘНЕ ШИКІЗАТТАР

Панакс гинсенг, женьшень аралия тұқымдасы

Panay dinseng С.А. Меу Araliaceal
Сипаттама. Панакс туысына жататын, биіктігі 80 см-ге дейін жететін көп жылдық шөптектес өсімдік. Тамырлары ақ не сарғыш болып келеді. Олар кіндік тамыр қатарына жатады. Бас тамырдаң бірнеше жанама тамырлар шығады. Олардың құрылысына зер салып қарайтын болсақ расында да адам бейнесіне ұқсайды.

Соңдықтан женшенді «Адам тамыр» деп атауы осыдан қалған болуы керек. Сабағы тік біткен, жіңішке цилиндр пішінді, жасыл не қоңыр-қызыл түсті, жалаңаш, іші қуыс болады. Жапырақтары ұзын сағақты, күрделі 5 салалы, ұзындығы 40 см-ге жуық, сабағының ұшыңда розетка сияқты орналасқан. Толык, дамыған өсімдіктерде жапырақ розеткесінен биіктігі 25 см-ге жуық сабағы өседі. Оның ұшында бір жай шатырша шоғыры болады. Гүлдері ұсақ, диаметрі 2 мм шамасыңда, реңсіз, ақ жасылдау, қос жынысты, хош иісті болады. Мәуесі қыпқызыл сүйек, ішіңде 1-2 сүйекшелері бар, олар ақ, қатты келеді. Тұқымы ақ, қызғылт, ұрықтың қоры мол болады. Маусым -шілде айларында гүлдейді. Жемісі тамыз-қыркүйек айларында піседі.

Таралуы. Қиыр Шығыста, Кореяда, Солтүстік Қытайда, Канадада, Американың кейбір штаттарында өседі. Женшеннің табиғи қорының азарына байланысты өсімдік ретіңде қолдан өсіріледі.

Дайындалауы. Дәріге өсімдіктің жер астыңдағы өнімдерін (Radicis Ginseng) тұқымы толық піскен кезінде жинап алады. Панакс гинсенг тамырын қазғанда оның өскен жерінен бір метрдей алыс жерден бастап қазады. Оны қазу үшін ағаштан немесе сүйектен жасалған қүрекшелер пайдаланады. Темір заттармен женшенді қазуға ешқашанда рұқсат етілмейді, өйткені темір женшенге өте үлкен өсер етеді, шипалық қасиетін төмендетіп жібереді. Женшеннің тамырларын ресуа етпей сол иік езінің қалпында сақтау оның шипалық қасиетін арттырудың бірден-бір кепілі. Қазылып алынған женшен тамырларын ақырын ғана тал шыбықтарынан тоқылған ши әр түрлі маталармен қапталған, түбіне аздап қана мүк төселген себеттерге салады.

Панакс гинсенг тамырлары тамыз айынан бастап жиналады. Тұқымдарын сол жерге топыраққа көміп кетіп отырады, көмілгені туралы белгі жасайды. Ол үшін ағаштардың діңін кертеді немесе қазық қағады, әйтеуір бір шартты белгі қояды.

Химиялық құрам. Тамырының құрамында үштерпенді сапониндер, оның ішінде панаксозид А, В, С, Д, Е, Г бар. Олардың агликондары панакстриол, панаксуиол, дамаран туындылары қатарына жатады.




Сонымен бірге, шикізаттың бойында эфир майы (0,05-0,25 %), В1 В2, С витаминдері, пектинді заттар (16 - 23 %), крахмал (3 %), сахароза (3 %), панакс, пальмитин, стеарин, линол қышқылдары, микро-макро-элементтер кездеседі.

Қолданылуы. Адам денсаулығын және ой жұмысын жақсартуға көмегі зор. Өсімдіктен жасалған дәрілер адамның жалпы жұмыс қабілетін артыратын, нерв және жүрек қан тамырлары ауруларын, бас сақинасын тоқтататын, ой жұмысын жақсартатын, ауруға төзімділігін арттыратын, шаршағандықты басатып дәрі есебінде пайдаланады. Дәрі-дәрмектер. Спирт тұндырмасы, сұйық экстракт, тамырының ұңтағы, биоженшеннің спирт тұңбасы.

Сақталу мерзімі 5 жыл.

Жалаң миясы Бұршақтар тұқымдасы

hycyrhizaglabra L. Fabaceal (Leguminosue)
Сипаттама. Мия туысына жатаын, биіктігі 50-120 см-ге дейін жететін, көп жылдық шөптес өсімдік. Тамырлары өте тереңге кетеді. Негізгі тамырдан таралған жанама тамырлары жапыраққа көлбей де, тікте таралады. Тік кеткен тамырлары 30-50 см тереңдікке бойласа, өзен аңғарларындағылары 2-4 м-ге кетеді. Көлбей жатқан тамырлары жалғынды-аллювиальды топырақтарда 15-30 метр тереңдікке бойлайды. Ал шалғынды сазды, шалғынды-сортанды топырақтарда 1-5 метр тереңдікке кетеді. Сабағы жұмыр, қызыл-қоңыр түсті, сыртын қысқа, жабысқақ безді түктер қаптаған. Жапырағы тек қауырсын тәріздес, күрделі, үзындығы 8-20 см, әржапырағында 7-ден 17-ге дейін қысқа сағақты қаңдауыр немесе эллипс тәрізді жапырақшалары бар. Жапырақшаларының астыңғы жағы жабысқақ, шайырлы. Гүлдері шашақ шоғырын құрайды. Жеке бір гүлінде біріккен 5 тостағанша жапрақша, ақшыл-күлгінін түсті 5 күтері, 10 аталық, 1 аңалық болады. Жемісі сәл иіліп келген, сыртында жабысқан тікенектері бар, ұзынша бұршаққап. Тұқымының саны 2-ден 7-ге дейін, домалаққа пішінді, қоңыр-сұрғылт, жасылдау, ұзындығы 2-2,5 мм, ені 2 мм болады. Маусым -тамыз айларында гүлдейді.

Таралуы. Қазақстанда Балқаш көліне жақын жерлерде, Сырдария, Жайық, Шу, Іле тауларыңда, Тобыл, Есіл, Ертісте, Семей орманында, Торғай, Қаратуда кездеседі. Жалпы еліміздің европалық бөлігінде, Кавказ, Қырым, Орта Азия, Солтүстік Волга өзенінің бойында, Украинада таралған.

Дайындалуы. Дәрі жасау үшін тамырын /Raidicis Hycyrrhizal/ тамыз айынан қазаңға дейінгі уақыт ішінде дайындайды. Жер астындағы мүшесін қазып алып, топырақтан тазартпай кептіреді. Әбден кепкен тамыр бірден морт сынады. Жинау кезінде тамырының 50-75%-ін жинайды да, 25-50%-ін ары қарай даму, өсімдік жойылып кетпеу үшін қалдырады.

Сыртқы белгілер. Тамырының бөлшектері цилиндр тәріздес, әр түрлі ұзындықта, ішкіжағы күңгірт сары түсті де, сыртқы жағы ашық-сары түсті. Иісі жоқ, дәмі тәтті болады.

Химиялық құрам. Тамырының құрамында үштерпенді сапониндер (глициризин (8,4-22,1 5)), глицеритин қышқылдары, флавоноид қосылыстары бар.
Бұдан басқа стероидты, эфир майы, ащы заттар, сапониндер, кумариндер, фенолкарбон қышқылдары (ферул, синап), С витамині кездеседі.

Қолданалуы. Глициризин қышқылы тұз және су алмасуын көрсетеді. Қызыл миядан жасалған дәрілер қақырық түсіретін, қабынуға қарсы әсер ететін, іш жүргізетін, несеп айдайтын, қан тамырларын нығайтып, кеңейтетін қасиеттері бар. Жалаң миямен өкпе ауруларын, асқазан мен үлтабарда пайда болған жараларды емдейді. Мия геморройға қарсы, тыңыс жолдары қабынғанда пайдаланады. Өсімдіктен сан алуан алергиялық ауруларды емдейтін дәрілер дайындайды. Ол әсіресе тыныс жолы демі өкпесіне, теміреткеге қарсы қолданады. Бұл өсімдіктің өндірістік маңызы зор, әсіресе ветеринария, парфюмерия, конфет дайындауда, сыра, лимонад, квасс, басқа сусынның тәттілген арттыруға араластырады. Гуталин, акварель бояуларын жасағанда қосады. Мия гүлінен бал жинайды.

Дәрі-дәрмектер. Флакарбин, халкорин, ликвиртон, сұйық, құрғак, кою экстрактар, түңба, қайнатпа. Қақырық түсіретін, асқазан қоспаларының, май дәрілерінің, линимент, эмульсия құрамында енеді.

Сақталу мерзімі 10 жыл.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет