Біз білетіндей, барлық дәрілік заттар және басқа да фармацевтикалық тауарлар дәріхана жүйесі арқылы өтеді. Осыған байланысты, дәріхананың орналасуы, жобасы және мекеменің жабдықталуы үлкен мәнге ие. Сондықтан дәріхана дұрыс салынған және онда дәрі-дәрмекті дұрыс дайындау, сақтау, қызметкерлердің жағдайы дұрыс қаралып, соларға жағдай жасалу, тазалық-гигиеналық нормаларын дұрыс сақтауға жағдай жасалынуы қажет. Осы тақырыпты білу студенттерге дәрілік заттардың дұрыс сақтауды ұйымдастыруды үйретеді. Дәрілік заттарды дұрыс сақтауды ұйымдастыру олардың емдік қасиетін, агрегаттық жағдайын, түрін жоғалтпауына жағдай жасай және оларды бұзылудан сақтайды.
СабаҚтыҢ маҚсаты
Студенттерге әр түрлі топтарға кіретін дәрілік заттарды дұрыс сақтауды ұйымдастыруды үйрету. Дәрілік заттардың фармакологиялық топтары, токсикологиялық қасиеті бойынша және әр түрлі сыртқы факторлардың қатысуы, қолданылу тәсілі бойынша топтастыруды үйрету.
Студент білуге тиіс:
-
дәрілік зат, форма туралы түсінік;
-
дәрілік заттардың топтасуын;
-
сақтау бөлмелеріне қойылатын талаптарды;
-
улы, есірткі дәрілік заттар туралы түсінік;
-
улы, есірткі дәрілік заттардың тізімін;
-
осы топ дәрілік заттардың сақталу ерекшеліктерін.
Студент жасай алуға тиіс:
-
дәрілік заттарды дұрыс сақтауды;
-
дәрілік заттар сақталатын бөлмелерді дұрыс жабдықтауды;
-
дәрілік заттарды тасымалдауды ұйымдастыруды;
-
улы, есірткі және әсері күшті дәрілік заттардың сақтайтын бөлмелерді жабдықтауды;
-
дәріханаға улы, есірткі дәрілік заттарды қабылдауды;
-
улы, есірткі және әсері күшті дәрілік заттардың дәріханада сақталу жағдайларын ұйымдастыруды;
-
улы, есірткі дәрілік заттардың сандық-заттық есебін жүргізуді.
СабаҚҚа дайындалу сҰраҚтары:
-
-
Тауартану жүйесі деңгейлерінің топтары.
-
Медициналық және фармацевтикалық ұйымдарды тауарлармен қамтамасыз ету мекемелерінің функциялары мен міндеттері
Осы сабақ тақырыбы бойынша:
-
Дәрілік заттар, олардың сипаттамасы, алу жолдары.
-
Нормативті – техникалық құжаттарына сәйкес дәрілік заттардың сапасына қойылатын талаптар.
-
Дәрілік заттардың қолданылуы және фармакотерапевтік әсері бойынша топтасуы.
-
Құрал-жабдықтарға және сақталу бөлмелеріне қойылатын талаптар. Дәрілік заттарды сақтау классификациясы.
-
Дәрілік заттарды физика-химиялық қасиеттеріне байланысты сақтауды ұйымдастыру.
-
Дайын дәрілік препараттардың сақталу ерекшеліктері.
-
Дәрілік өсімдік шикізаттардың сақталу ерекшеліктері.
-
Дәріханада есірткі дәрілік заттардың сақталу ерекшеліктері.
-
Улы және өте улы дәрілік заттардың сақталынуы.
-
Дәріханада әсері күшті дәрілік заттардың сақталуы.
АҚпаратты-дидактикалыҚ блок Дәріханалық ұйымдарда тауарлардың сақталуын ұйымдастыру
Тауарлардың сақталуы дайын өнімнің шығарылуынан бастап тұтынуға дейінгі тауарлар қозғалысының барлық сатыларын қамтиды. Тауарлардың сақталуы-қоймалық сақтау бөлмелерде тауарларды орналастыру және олардың сапасын қамтамасыз ету мақсатында күту үрдістерін қамтиды. Тауарларды сақтаудың мақсаты – тауарлардың бастапқы қасиеттерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Дәріханалық ұйымдарда дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, басқа да фармацевтикалық тауарларды сақтауды ұйымдастырудың негізгі жағдайларына тауарларды сақтау үшін сәйкесті бөлмелердің болуы, тауарларды сақтауға керекті тәртіптердің қалыптастырылуы, тауарлардың сақталу талаптарына сәйкес дұрыс орналастырылуы жатады.
Тауарлардың сақтау жағдайын анықтайтын маңызды факторларға дәрі-дәрмектердің, басқа да фармацевтикалық тауарлардың сақталатын бөлмелердің қойылатын талаптарға сәйкес болуы, керекті жабдықтармен жабдықталуы және сақтау орындарында дұрыс орналасуы жатады.
Дәрі-дәрмектерді дәріханалық қойма бөлмелерінде сақтауды ұйымдастыру барысында тауарларды сақтаудың негізгі принциптері мен әдістерін қолдану қарастырылады.
Тауарларды сақтаудың негізгі принциптеріне тауарларды түсіру-тиеу жұмыстарының механикаландарылуын қамтамасыз ету, сақталу жағдайлары бірдей тауарлардың бір-бірімен қатар сақталу тәртібін сақтау және қоймалық бөлмелердің тиімді пайдаланылуы жатады. Тауарларды сақтаудың аталған принциптері негізінде тауарлар сақталатын бөлмелердің орналасуына пайдаланылуына, жабдықталуына қойылған талаптар анықталады.
Тауарлар сақталатын сөрелер қойма бөлмелерінің сыртқы қабырғаларынан 0,6-0,7 м қашықтықта, бөлме төбесінен 0,5 м аласа және еденнен 0,25 м биіктікте орналасуы керек. Сөрелердің арасында 0,75 м өту жолдары қалдырылып, жарықпен қамтамасыз етіледі. Тауарлар сақталатын бөлмелер тазалықта ұсталып, үнемі жуылып-шайылып тұрады.
Тауарларды сақтаудың негізгі әдістері тауарларды тасымалдау ыдыстармен және тасымалдау ыдыстарынсыз сақтау болып екіге бөлінеді.
Тауарлар тасымалдану ыдыстарынсыз сақталу кезінде вертикалды орналастырылған сөрелердің полкаларына қаланып, этикеткілері мен маркировкалары сыртқа қаралып қойылады. Дәрілік заттардың, басқа да фармацевтикалық тауарлардың жанына олардың атаулары, сериялары, саны және жарамды мерзімдері көрсетілген сөрелік карта ілінеді. Сөрелік карта түскен тауарлардың әр сериясының уақыттылы босатылуына бақылау жасау мақсатында жазылып отырады.
Тауарлардың негізгі сақталу бөлімдерінде дәрі-дәрмектердің, медициналық бұйымдардың, басқа да фармацевтикалық тауарлардың сақталу мерзімдерін бақылап, қадағалау үшін арнайы картотека жүргізіледі.
Дәрі-дәрмектерді, басқа да фармацевтикалық тауарларды сақтауда тауарларды сақтаудың негізгі принциптерінен басқа дәрі-дәрмектердің тауарлық ерекшіліктеріне тән бірнеше принциптер қолданылады. Дәрілік заттардың, басқа да фармацевтикалық тауарлардың топтарын сақтауды ұйымдастыруда қолданылатын ерекше принциптерге токсикологиялық және фармакологиялық топтары бойынша, қабылдау тәсілі бойынша, ангролық дәрілік заттардың агрегаттық түрлері бойынша, сақталу мерзімдері бойынша, дәрілік заттардың дәрілік формалары бойынша және сыртқы ортаның әсер ету факторлары мен физика-химиялық қасиеттерін ескере отырып сақтау жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |