Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрліГі Қазақ мма медициналық жоғАРҒы біЛім беру орындарының ОҚУ-ӘДістемелік секциясы



бет2/8
Дата17.06.2016
өлшемі0.62 Mb.
#141453
1   2   3   4   5   6   7   8

Ввг

• Нағыз енділік – бар тауарлар тобының дұрыс саны.

• Базалық ендік – нормативтік құжаттармен реттелген тауарлар тобының немесе шағын топтарының саны.

Ассортимент толықтығы әрбір нақты топтағы ассортимент позицияларының санын сипаттайды. Мысалы, дәріханада “Медициналық бұйымдар, күтім және гигиена заттары” тобы бойынша медициналық тауарлар ассортиментінің толықтылығы 110 құрайды, “Медициналық құрал-жабдықтар” бойынша – 28 және т.с.с.

Ассортимент толықтылығы оның нағыз толықтылығының (Дсом) базалық толықтылыққа (Всом) қатынасы ретінде коэффициентпен (Ксот) белгілейді.

Дсоn

Квr= х 100%

Всоn



Ассортимент тереңдігі тауардың (немесе жеке тауарлар нұсқаларының) бір түрінің болуымен сипатталады.

Мысалы, дәріхана “Ворсмен медициналық жабдықтар зауыты” ЗАҚ, “Мединфорт” бірлестігі, “Серпухов тоқымасы” ЗАҚ шығаратын мөлшері 5мх 7 см залалсыздандырылмаған дәкені бинттерді сата алады.

Ассортимент тереңдігінің көрсеткіші ретінде оның нағыз тереңдігінің (Дd) базалық көрсеткішіне (Вd) қатынасымен анықталатын тереңдік коэффициенті (Кd) белгіленеді.
Dd

Кн= х 100%

Вd

Ассортиментті қолдану дәрежесі – нақты уақыт аралығында ұйымдағы бар тауарлар ассортиментін қолдану көрсеткіші.



Ассортиментті толықтыру – тауарлар жиынтығының өзгерген қажеттіліктерді жаңа тауарлар есебінен қанағаттандыру қасиеті. Ол нағыз толықтырумен – жаңа тауарлар атауының жалпы санына (В) тең жалпы тізімдегі тауарлар саны (Н) мен толықтыру индексімен (Кн) сипатталады.

Н Н


Кн= немесе Кн=

в Dвr




Даярлаушы мен сатушыларды ассортиментті толықтыруға итермелейтін себептер:


• Моральдық ескірген, сұраныста қолданылмайтын тауарларды алмастыру.

• Сапасы жақсарған тауарларды тұтынушылардың оны сатып алуын ынталандыру мақсатында өңдеу.

• Бұрын ұқсас болмаған тауарларды жобалау және өңдеу.

• Ұжымның бәсекелестік артықшылығын жасау үшін ассортиментті толықтыру есебінен ұлғайту.



Ассортимент құрылымы жалпы жиынтықтағы тауардың әрбір түрінің және немесе атауларының үлес салмағымен сипатталады. Ассортимент құрылымы көрсеткіштерінің табиғи немесе ақшалай көрінісі бар және салыстырмалы сипатқа ие. Оны жеке тауарлар санының ассортиментке енетін барлық тауарлардың жалпы санына қатынасы ретінде есептейді.

Ассортимент құрылымы көрсеткіштерін аналитикалық зерттеу мақсатына байланысты таңдайды. Егер қойма бөлмелерінің аумағына қажеттілікті, сондай-ақ тауарды есептеу үшін аумақты анықтау қажет болса, ассортимент құрылымының табиғи көрінісін таңдайды, ал тауардың жеке түрінің пайдасын талдауда – ақшалай көрінісін қарастырады.

Медициналық техника бұйымдары үшін ассортименттің моральдық тозуы бойынша құрылымы үлкен мағынаға ие, оны Кm коэффицентімен көрсетуге болады.
Тс

Кm = , мұндағы

Ті


Тс – бұйымның типтік үлгісі нарықта алғаш шыққан кезден бастап оның өнеркәсіпке түскен уақыты (немесе емдеу – сауықтыру мекемелерінде пайдалану мерзімі),

Ті – осы сауда маркісі бұйымының өміршеңдігі.

Медициналық техника бұйымдарын моральдық тозу дәрежесі бойынша төрт топқа бөледі.

• І – топ - қазіргі кездегі бұйымдар (Кm 0,3-0,35 аспайды).

• ІІ – топ – фирма даярлаушылар өндіретін немесе енді шығарылмайтын біршама жаңа бұйымдар (0,33<Кm<1,0), алайда тиісті фирмалық техникалық қолдауға ие.

• ІІІ топ – 3-4 жыл аралығында шығарылмайтын, алайда тиісті техникалық қолдауға ие жаңа емес бұйымдар (1,0<Кm<1,7).

• ІV – топ - өндірістен алынып тастаған және фирмалық техникалық қолдауы жоқ ескі бұйымдар (Кm<1,7).

Ассортимент тұрақтылығын зерттелетін уақыт аралығындағы ассортименттің енділігі, толықтығы, тереңдігі көрсеткіштерінің өзгеру дәрежесімен анықтайды.



Ассортименттің үйлесімділігі (салыстырылатындық) – іс жүзіндегі пайдалану, өндіріс ұжымына қойылатын талаптар және басқа да көрсеткіштерге сәйкес әртүрлі ассортимент топтарының тауарлары арасындағы жақындық дәрежесі. Үйлесімділік ассортименттің сапа жағын қамтамассыз етеді және санмен өлшенбейді.
Сабақтың мазмұны.

Өз бетімен атқаратын жұмыс:

1 тапсырма:

Берілген фармацевтикалық тауарларды топтарға бөліңіз.

2 тапсырма:

Фармацевтикалық тауарлар сатып алушы сұранысына зерттеу сауалнамасын құрастырыңыз.
Оқытушылармен бірге атқаратын жұмыс:

- Тестілік тапсырмалардың қорытындысын талдау.


Тақырып 4: Дәріханалық ыдыстар, орау-буу заттары мен материалдары

таҚырыптыҢ Өзектілігі:

Орауыш заттар – дайын заттарды орауға қолданылады. Олар дайын өнімдерді сыртқы күштердің әсерінен (ыстықтан, суықтан, тасымалдаудан, соққыдан) сақтайды. “Орауыш” деген сөз екі мағынаны білдіреді. Біріншіден, бұл дайын өндірілген өнімді орау, тығындау, байлау сияқты үрдістерді айтса, екіншіден осы өндірілген өнімді (дәріні) салатын орынды айтады. Мысалы, ампуланы салатын картон қорапша. Арнайы ыдыс -деп дәрілік заттарды салуға арналған қақпағы бар арнайы ыдыстар. Мысалы, темір флягтар, бөшкелер. Ал ыдысты жасауға арналған материалдар орауыш материалдар деп аталады.



Осы оқытылатын тақырып арқылы студенттер ыдыстардың, орауыш материалдардың қасиеттерімен жақын танысып, олардың сақталу тәртібімен және тауартанулық талдауды жасауды үйренеді.
сабаҚтыҢ маҚсаты:
Студенттерді тығындауға арналған заттардың сапалылығын анықтауды, оларға керекті сақталу жағдайларын ұйымдастыруды және осы тығындаушы заттарды, ыдыстарды, орауыш материалдарды дұрыс жіктеп топтастыруға үйрету.
Студент білуге тиіс:


  • фармацевтикалық тауарлардың сапасы туралы түсінікті;

  • ыдыстардың, орау-буу заттардың, орауыш материалдардың топтасуын;

  • ыдыстар мен буып-түю заттарына қойылатын талаптарды, сақталу ерекшеліктерін;

  • тығындағыш заттардың топтасуын;

  • орауыш материалдардың жаңа түрлерін.


Студент жасай алуға тиіс:

  • ыдыстардың, тығындағыш заттардың, орау-буу материалдардың сапасын анықтауды;

  • оларға тиісті сақталу ережелерін жасауды;

  • керекті ыдысты дұрыс таңдай білу және дәріханада дұрыс қолдануды;

  • дәріханалық ыдыстарды топтастыруды;

  • дәріханалық ыдыстардың, орауыш материалдардың сапалылығын анықтауды.



Сабаққа дайындалу сұрақтары:

І Негізгі білім бойынша:

  1. Фармацевтикалық тауарлардың топтасуы.

  2. Фармацевтикалық тауарлардың ассортименті туралы түсінік.

ІІ Осы сабақ тақырыбы бойынша:

  1. Дәріханалық ыдыстар және орауыш материалдар туралы түсінік. Дәріханалық ыдыстардың топтасуы.

  2. Дәріханалық ыдыстарға, орауыш материалдарға қойылатын негізгі талаптар.

  3. Дәріханалық ыдыстарды жасауға қолданылатын материалдар. Мінездемесі, жасауының технологиялық үрдісі, артықшылықтары және кемшіліктері.

  4. Дәріханалық ыдыстардың, орауыш материалдардың сапалығын анықтау. Әйнектің сапасын тексеру: химиялық төзімділігін анықтау.

  5. Дәріханалық ыдыстардың таза жуылған сапалығын тексеру.

  6. Тығындағыш заттар. Оларды жасауға қолданылатын материалдар (резеңке, полимер, қағаз, әйнек және т.б.)

  7. Орауыш материалдардың жаңа түрлері.


аҚпаратты-дидактикалыҚ блок.

Ыдыстардың классификациясы.
Жасалу материалы бойынша:

  1. Металдық ыдыстар-дүңгіршектер (флягтар).

  2. Шыны ыдыстар-баллондар, штанглаздар

  3. Фарфорлы-жағармайға арналған штанглаздар.

  4. Пластмассалық-қорапшалар, шприц тюбиктер.

  5. Ағаш жәшіктер, торлар

  6. Қағазды-картонды-қорапшалар, пакеттер.

Төзімдік деңгейіне байланысты:

  1. Қатты ыдыс-бөшкелер, дүңгіршіктер (флягтар), фарфор ыдыстар, барабан.

  2. Жартылай қатты ыдыс-кәрзеңкелер, қорапшалар.

  3. Жұмсақ ыдыстар-пакеттер, қаптар.



Қолдануына байланысты:

  1. Алғашқы немесе жеке буу-түю-оған ашқыш, тығынмен немесе тамызғышпен тығындалған шыны флакондар, полимерлі сиымдылықтар, шыны банкалар, жұмсақ және қатты, желатинді капсулалар, полиэтиленді пакеттер алюминий сиымдылықтар және т.б. жатады.

  2. Екіншілік буып-түю-оған картонды будалар, политилен немесе алюминий фольгадан жасалған бумалар, пакеттер, қағаз қаптар жатады.

  3. Тасымалдық буып-түю-қораптар, жәшіктер, қаптар, контейнерлер жатады.

Біріншілік буып түю сол ыдыстағы дәрілік түрдің сақталуына керекті жағдайлар жасауға арналған дәрілік түрмен тікелей контактыға түсетіндіктен, оларға ерекше талаптар қойылады:

  1. Газ, бу өткізуі

  2. Дәрілік түрге химиялық индифференттілігі

  3. Температураның әсеріне тұрақтылығы, төзімділігі

  4. Жарық өткізбеуі

  5. Микроорганизмдерге тосқау ретінде тұрақтылығы

Екіншілік буып-түю ыдысқа мынандай талаптар қойылады, яғни ол алғашқы буып-түюді сақтай отырып, дәрілік затты қарапайым әрі қолайлы түрде есепке алынып, бақылануын қамтамассыз ете алуы керек. Тасымалдық буып-түю дәрілік препаратты тасымалдаған кезде оның бүтінділігін толық сақталуын қамтамассыз ету керек.
Ыдыс пен буып-түю заттарға қойылатын жалпы талаптар.

  1. Күнделікті қолдануға қолайлы әрі тұрақты болу керек.

  2. Ашылып-жабылуы қарапайым болуы керек.

  3. Сыртқы бетін тазалаудың оңай болуы.

  4. Дәріні науқас қабылдамас бұрын байқаусызда немесе кездейсоқ жабылып қалмауы керек.

  5. Дәрілердің физикалық және химиялық қасиеттерін өзгертпеу керек.

  6. Жеткілікті мөлшерде берік және минималды көлем мен салмаққа ие болуы керек.

  7. Арзан, әрі сыртқы көрінісі әдемі болуы керек.

Тығындаудың кең түрде қолданылатын және көп таралған түрлері.

  1. Бұралатын әр түрлі размерлі қақпақтар.

  2. Тығындағыш элементтері бар тығындар.

  3. Флакондар мен банкаларға арналған дәріханалық қабықтан жасалған тығындар.

  4. Алюминий қақпақшаларымен прокладкілер.

  5. Химия-лабораториялық ыдыстар мен дәріханалық ыдыстарды тығындауға арналған резеңке тығындары.

Буынып-түйілудің, ыдыстың техникалық деңгейін бағалаудың негізгі сапаның өлшемдері:

  1. Буып-түюдің және ыдыстың сапалық деңгейі

  2. Буып-түю материалдарының шығын мөлшері

  3. Буып-түю үрдісін механикаландыру деңгейі

Буудың сапалық деңгейі буып-түю материалдарының, ыдыстардың тәжірибе жасауға, өңдеуге кеткен экономикалық шығындары мен дайындалудың өзіндік құны арқылы анықталады.

Буып-түюдің арнайы түрлері.



  1. Компоненттерді жеке-жеке сақтауға арналған буып-түю (аралас орау). Ерітінді түрінде активтігін жоғалтатын немесе тек қолданар алдында араластырылатын препараттырды дайындау барысында дәрілік заттарды комплект ретінде жеке-жеке орайды. Тәртіп бойынша комплект 2 сиымдылықтан тұрады (флакон немесе флакон және ампула).

Шет елдерде бір-бірінен изоляцияланған дәрілік заттардың комбинирленген түрлері кең таралған. Орау-буудың бұл түрінде екі дәрілік зат бір бумада жеке камераларда орналасады, қолданар алдында дәрілік заттарды араластырады да емін қабылдайды.

  1. Дәрілік затты ылғалтартқыштармен орау. Көптеген дәрілік заттар сыртқы орта факторларының әсересе тұрақсыз болып келеді (ылғал, жарық, О2, ауа). Бума ішіндегі заттарды сыртқы факторлардан қорғау мақсатында көптеген шетелдік фирмалар ылғалтартқыш бумаларды қолданады. Ылғалтартқыштарды гранула түрінде қалталарда, капсулаларда немесе таблеттелген түрде пайдаланады. Ылғалтартқыш бумалар ылғал тропикалық климатты елдерде медикаменттерді буып-түю үшін кең қолданылады.

  2. Дәрілік заттарды бір мөлшерлеп буылуы-буынудың бұл түрінде дәрінің 1 реттік мөлшерлері жеке-жеке буылып, жеке түрде этикеткаланады. Өлшеуші көмекші заттарды қолданбай-ақ дәрілік препаратты мөлшерлеп іше алу мүмкіндігі, максимальды тазалықты қамтамасыз етуі, дәрілік заттың стерильді болуы, әрі медициналық тәжірибеде қолдануына ыңғайлы болғандықтан буынудың бұл түрі алғашқы орынға ие. Ал кемшілігі: басқа буылып-түюлу әдістеріне қарағанда қымбат, сонымен қатар дайындалуы өте қиын.

  3. Буылып-түюлудің арнайы түрлері. Балалар тәжірибесінде арнайы 1мл-ге дейінгі сұйық затты мөлшерлеу үшін жайлап ағуды қамтамасыз ететін тығыны мен кішкентай мензуркасы болады.

Ампулаларды орамдау кезінде амортизатор ретінде медициналық алигнинді қолдану жіберіледі. Ампулалары бар әр орамдауға ампулаларды ашу үшін қажетті құрал салынуы керек.

Дәрілік заттардың тұтыну ыдыстары топтық ыдыстарға салынған болуы мүмкін. Топтың ыдыс ретінде картон қорапшалар қолданады.

Шыны банкаларды, пробиркаларды, құтыларды, шөлмектерді аэрозольді баллондарды, алюминий термостатты пленкаға орамдап жіберіледі.

Топтық ыдысты жабыстыру немесе клейлеу ушін жабысқан қабатты лентаны, гумирленген лентаны, мелованданған қағазды, қапшық қағазды және тағы басқаны қолдануға рұқсат.

Кез келген топтық ыдыстың әр орамдалу бірлігі этикеткамен жабыстырылуы керек.

Топтық тасымалдаған орамдалған тауарды тасымалдау, қоймалау, сақтау үшін және көтерме саудамен немесе майда бөлшек саудамен сату үшін қолданады. Ол тауарды механикалық әсерлерден қорғайды. Механикалық әсерлер қорғау, бұралу, созу және тауарды тасымалдау және сақтау кезінде болуы мүмкін.

Дәрілік заттарға арналған тасымалдағыш орамдарға ағаш, полимерлі және картонды жәшіктер жатады. Бұл жәшіктердің ішкі беті қаптағыш қағазбен, пергаментпен, полиэтиленді қабықшалармен орамдап қағазбен және тағы басқалармен қапталады.

Дәрілік заттар орамдалуы кезінде жәшіктердегі бос кеңістікті дәрілік заттармен жылжуын болдырмау үшін жұмсақ материалдармен тығындалады. Тығыздығыш материал ретінде: орамдағыш алигнинді, қағаз немесе картонды, капсуласы және т.б. қолдануға болады. Алигнин мен орау массасы 20кг-нан аспау керек.


Медицинамен бекітілген бұйымдар мен дәрілік заттардың таңбалануы.

Таңбалау – тауарлық ақпараттың бір құралы. Ол орамдауға белгіленген текстік белгіменен немесе таңба болып табылады. Ол өз кезінде тауар туралы ақпарат үшін өте қажет.

Белгілену жеріне байланысты өндірісте немесе саудалық таңбасы болады. Әсіресе алатын өнімнің өндірістік таңбасына қатаң талаптар қойылады. Ол “Стандартизация туралы”, “Дәрілік заттар туралы” “ҚР Денсаулық Сақтау Министрлігі №0947-015-05749470-90”, “Әр заттардан безендіруліге жалпы талаптар” деген нұсқаулармен, регламентелінеді.

Мысалы: соңғы құжатқа сәйкес дәрілік заттың регистрациялық нөмері “Р” әрібімен немесе арап сандарымен белгіленеді. Алғашқы екі сан ДСМ бұйрымен көрсетіледі.

Таңбаға үш элемент жатуы мүмкін:

Мәтін, сұрақ және ақпараттық белгілер. Соңғы бұйрықтарға сәйкес өндірістік маркировкасы мемлекеттік тілінде жазылуы керек және оқуға ыңғайлы болуы керек деп көрсетілген.

Таңбаны талдау кезінде ақпараттық белгілердің мағынасын таба алуда білу керек. Негізінен ақпараттық белгілердің 10-нан көп түрлері бар. Солардың ішінде ең тиімдісі тауармен бекітіледі, штрихты код, компонентті белгілер және т.б.

Тауар белгісі – бір өндірістің шығарған тауардың конкуренттер тауарынан ажырату үшін және тауарды белгілеу үшін арналған кез-келген атаулар, символдар, суреттер және олардың комбинациялары. Тауарлық белгіге құқық заңымен қорғалынады. Тауарлық белгілеу тіркелген соң 10 жыл бойы күшін жоймайды.

Штрихты кодтар – бағамен, мөлшерімен, салмағымен, түсімен, сапасымен ерекшелінген әр тауар белгісіне тіркелген белгілі сан: ол тауарға штрихтар түрінде немесе екі әртүрлі пробалы түрінде белгіленуі мүмкін. Штрих кодтардан бірнеше стандарттар бар. Штрих кодта бірінші саны мемлекетті білдіреді.

Құрамдық белгіленуі – тауарға қойылған әртүрлі компонентті және ас қоспаларды туралы ақпаратқа ие Е компонентті белгілер жиі кездеседі, яғни атаулары өте қиын және ол қоспалардың химиялық атауларының альтернативті белгілері.

Сауда таңбасы- тасымалдаушы ретінде тауарлық және кассалық шектер болып саналады. Олар тауарды нақты дәріханада және нақты уақытта сатып алынғанын көрсету үшін өте қажет.

Ішкі және сыртқы упаковкаларда көрсетіледі:



  1. Дәрілік заттардың атауы;

  2. Өндіруші мекеменің атауы.

  3. Серия нөмері және жасалу күні.

  4. Қолдану әдістері.

  5. Оралымдағы дозалар саны.

  6. Жарамды мерзімі.

  7. Босату шарттары.

  8. Сақтау жағдайлары.

  9. Дәрілік затты қолдану кезінде сақтық шаралар.

Қолданысқа түсетін дәрілік заттардың қолдану туралы штрих кодта мемлекеттік тілінде келесі жазулар болуы керек. 1) дәрілік заттарды шығарған өндірістік кәсіп орынның адресі және атауы. 2) Дәрілік заттардың атауы 3) Дәрілік заттың құрамына кіретін компоненттер туралы ақпарат; 4) қолдану саласы; 5) қолдануға қарсы көрсеткіштер; 6) жанама әсерлері; 7) басқа дәрілік заттармен әрекеттесуі; 8) дозалануы және қолдану түрі; 9) жарамды мерзімі; 10) дәрілік затты жарамды мерзімі біткеннен кейін қолдануға болмайды деген жазу бар; 11) дәрілік заттарды балалардан тыс жерде сақталуы туралы жазу бар; 12) босату жағдайлары.

Этикеткада: маркалы белгі, спецификациясы, жарнамасыз материалдар, қолдануға арналған инструкциясы, сақтық шаралары және т.б. болуы тиіс.



Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған

ыдысқа қойылатын талаптар
Дәрілік заттарды нормативтік құжаттама талаптарына сәйкес келетін (тұтыну, топтық, көліктік) ыдыста сақтап, тасымалдау қажет.

Тұтыну ыдыстарды мен оны тығындау құралдарының барлық түрлері нормативтік құжаттама талаптарына сәйкес дәрілік заттардың қасиеттеріне, мақсаты мен мөлшеріне байланысты таңдалуы қажет. Тығындау материалының дәрілік заттарға сәйкес келуіне ерекше назар аударылады.

Тығындау материалы бірізділігі, тазалығы мен басқа да сапалары бойынша нормативтік құжаттама талаптарына сәйкес келетін сынақтан өткізілуі қажет.

Сабақтың мазмұны.

Өз бетімен атқаратын жұмыс:

1 тапсырма

Берілген ыдыстың, орауыш, тығындағыш материалдың түрін жазу; жасалған материалын, қолдануын көрсету.



2 тапсырма

Сұйық дәрілерді құюға арналған ыдыстардың сапалылығын анықтау тәртібін жазу.


Оқытушылармен бірге атқаратын жұмыс:

  1. Тест тапсырмалардың қорытындысын талдау.



Тақырып 5: Фармацевтикалық тауарлар топтарының сақталуы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет