Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет103/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

және вакууммен (г) фильтрлеу. 
Алкалоидтардың, бояғыш заттардың (метилен көгі, этакридин лактаты, 
бриллиант жасылы), пигменттердің (өсімдік шырындары), ферменттердің 
(пепсин) ерітінділерін фильтрлеген кезде дәрілік заттардың едәуір көп 
мөлшері адсорбциялануы байқалады. Жеңіл тотығатын заттардың (калий 


161 
перманганаты, күміс нитраты) ерітінділері клетчатканы тотықсыздандырады, 
сондықтан, оларды шыны фильтр арқылы фильтрлейді. 
Шыны фильтрлер шыны ұнтақтарын балқыту арқылы алынған, кеуекті 
шыны пластиналар, конус немесе цилиндр тәрізді воронкаға орналастырылған 
(сурет 31).
Шыны фильтрлерді қолданған кезде еріген заттардың адсорбциялануы, 
фильтрленетін ерітіндінің жоғалуы төмендейді. Шыны фильтрлер алкалоидтар, 
бояғыш заттар, ферменттер, тотықтырғыш заттар, қорғалған коллоидты 
заттардың ерітінділерін фильтрлеуге қолайлы. Фильтрлер кеуектерінің 
диаметрінің әртүрлілігімен ажыратылады: №1 - кеуегінің өлшемі 90-150 мкм - 
мақта тампонына сәйкес келеді; № 2 - кеуегінің өлшемі 40-90 мкм - борпылдақ 
фильтр қағазына сәйкес келеді; № 3 - кеуегінің өлшемі 20-40 мкм - тығыз фильтр 
қағазына сәйкес келеді; № 4 - кеуегінің өлшемі 10-20 мкм - өте тығыз фильтр 
қағазына сәйкес келеді. 
Іс жүзінде №1 және №2 шыны фильтрлер қолданылады. Сұйықтық олардан 
өздігінен өтеді. №3 және №4 шыны фильтрмен жұмыс істеу вакууммен 
фильтрлеуді қажет етеді. Олар көзге және шаншуға арналған ерітінділерді 
фильтрлеуге қолданылады. 
Сурет 31. Шыны фильтрлер. 
 
Жаңа шыны фильтрлерді жылы (50-60
0
С) тазартылған сумен жуады, 
егер жуылған суда шыны шаңдары көп мөлшерде болса, фильтрлерді 
концентрлі күкірт қышқылымен өңдеп, тазартылған жылы сумен, сульфат-
ионына теріс реакцияға дейін жуады. 
Қолданылған фильтрлерді мұқият жуады, өте ластанғандарын 1% 
натрий нитраты немесе перхлораты қосылған концентрлі күкірт қышқылы 
ерітіндісімен, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып, өңдейді. 
Шыны фильтрлердің кемшіліктері: олар тез сынғыш, концентрлі 
ерітінділерді фильтрлеген кезде кеуектері тез ластанады. 
Фильтрлеу процесі қосымша ыдыстан босататын құтыға жүргізіледі. 
Дәріханада көп мөлшерде дайындалған ерітінділерді фильтрлеу үшін 
АФРП аппараты қолданылады (Сурет 32). 
Фильтрлеген (сүзген) соң ішуге және сырт тәнге қолданылатын 
ерітінділердің тазалығын жеңіл сілкіп, тығындалған флаконды тікелей 
және шағылған жарықта қарау арқылы бөгде заттардан тазалығын 


162 
бақылайды. Егер ерітіндіде механикалық қоспалар анықталса, ерітіндіні 
сол фильтр арқылы қайта сүзеді (фильтрлейді). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет