275
Шикізат құрамында әсер етуші және қосалқы заттар болады. Мысалы:
__________Дигиталис_________
Гликозид дигоксин
Сапонин
(әсер етуші зат)
(қосалқы зат)
ББЗ
ерігіштігін Сіңірілуін
арттырады төмендетеді
Өсімдік материалының жеке түрлері үшін экстракциясының жеке
кинетикасы қажет, сондықтан әсер етуші заттардың
химиялық табиғатына
орай өсімдік шикізаттары келесі топтарға бөлінеді: алкалоидтары, иілік
заттары, антрагликозидтері, сапониндері, жүрек гликозидтері, эфир майлары
бар шикізаттар.
Құрамында алкалоидтары бар шикізаттар
Ақмия (термопсис) шөбі
–
Herba Thermopsіdіs;
Қара күйе қауыз (спорынья)
–
Secale cornutum;
Эфедра шөбі
–
Herba Ephedrae;
Итжидек шөбі, тамыры, жапырағы (красавка)
–
Folіa, Herba et Radіx
Belladonnae;
Сасық меңдуана жапырағы (дурман)
–
Folіa Stramonіі;
Үлкен сүйелшөп шөбі (чистотел)
–
Herba Chelіdonіі.
Алкалоидтар өсімдіктерде қиын еритін қосылыстар түрінде иілік
заттармен,
органикалық
қышқылдармен,
жоғары
молекулалық
қосылыстармен байланысқан комплекс түрінде
кездеседі, сондықтан
экстракциялау кезінде сығындыға баяу және қиын өтеді. Шикізат
құрамындағы алкалоид
мөлшеріне тең мөлшерде лимон, шарап немесе тұз
қышқылы қосылады (тұз қышқылын хлорлы сутекке есептейді). Қышқылдың
әсерінен алкалоидтардың суда жеңіл еритін тұздары түзіледі.
Rp.: Іnfusі herbae Thermopsіdіs 200 ml
Natrіі bensoatіs 2,0
Lіquorіs Ammonіі anіsatі 4 ml
Sіrupі sіmplіcіs 20 ml
Mіsce. Da. Sіgna.1 ас қасықтан күніне 3 рет
Есептеу:
V
ж.
= 200 мл + 4 мл + 20 мл = 224 мл
ҚР т. III, 778 б. басылымының «Thermopsіdіs Lanceolata herba»
мақаласы бойынша алкалоидтар мөлшері 1,5%-дан кем болмауы тиіс. Егер
алкалоидтардың мөлшері 1,5%-дан жоғары болса, онда шикізат рецептідегі
276
мөлшерден аз мөлшерде қолданылады. Мысалы, қоймадан алкалоид
мөлшері 1,8% термопсис шөбі алынған. Шикізат құрамында күшті әсер
ететін зат болғандықтан, тұнба 1:400 қатынаста дайындалады.
41
,
0
8
,
1
5
,
1
5
,
0
С
В
А
Х
г; қажетті
шикізат мөлшері
Шикізаттың осы мөлшерінде қанша алкалоид барын есептеу керек:
1,8 - 100 шикізат
х - 0,41
х = 0,007 г алкалоидтар, сонымен есептеу бойынша
0,41 г шикізатта 0,007 г алкалоид бар.
Қышқылды
сондай мөлшерде, яғни 0,007 г лимон немесе шарап
қышқылын қосу керек. Бірақ мұндай мөлшерде қышқылды қол таразыда
өлшеп алу мүмкін емес, сондықтан 1% дайын ерітіндісін қолдану ыңғайлы.
Есептеу:
1 - 100
0,007 - х
х = 0,7 мл 1% лимон қышқылы
0,7 мл 1% лимон қышқылын босатуға ыңғайлы болу үшін, осы көлемді
тамшыға айналдырады. Тамшылар кестесіне сәйкес:
1 мл - 20 тамшы
0,7 мл - х
х = 14 тамшы
1% лимон қыщқылы ерітіндісі
Б.П.
Нerbae Thermopsіdіs 0,41 (1,8% алкадоидтар)
Aquae purіfіcatae 200 ml
Solutіonіs Acіdі cіtrіcі 1% guttas XІV
Natrіі bensoatіs 2,0
Sіrupі sіmplіcіs 20 ml
Lіquorіs Ammonіі anіsatі 4 ml
V
ж.
= 224 ml
Су сіңіру коэффициенті (К
с
)
ескерілмейді, себебі өсімдік шикізаты 1г кем.
Достарыңызбен бөлісу: