Технологиясы: Келіге алдын-ала өлшеп алынған крахмал - қант
қоспасынан шамамен 0,5 г салып, келі саңылауын бекітеді, содан соң
атропин сульфатының (1:10) тритурациясынан 0,3 г (N 481 бұйрықтың
талабына сай) және папаверин гидрохлоридінен 0,6 г салып ұнтақтап
араластырады. Қоспаға бөлшектеп крахмал-қант қоспасын және
тамшылатып 5% декстрин ерітіндісін қосып, пилюлялық масса алынғанша
илейді. Алынған пилюлялық массамен жоғарыда көрсетілгендей
пилюлялар дайындалады. Дайын пилюляларды кептіріп, құтыға салып,
опалайды (крахмалмен). Тығындап ҚР ДС ӘД министрінің 2015 жылғы 16
сәуірдегі № 227 «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды
және медициналық техниканы таңбалау қағидаларын бекіту» және 01.11.1996
ж. № 481 бұйықтарының талаптарына сай безендіреді.
4)
Пилюляны тотықтырғыш заттармен дайындау.Пилюля
түрінде жазылатын күшті тотырғыш заттарға күміс нитраты және калий
перманганаты жатады. Бұл дәрілік заттар органикалық заттар қатысында
ыдырайды, сондықтан осы препараттары бар пилюляларды өсімдік
ұнтақтарымен, экстрактыларымен дайындауға болмайды. Көмекші зат
ретінде ақ балшық, бентонит немесе ақ балшық, бентонит қоспасы (2:1),
байланыстырғыш зат ретінде тазартылған су қолданылады. Пилюлялық
серіппені пластмасса кескішімен кеседі.
Rp.: Argentі nіtratіs 0,15 Bolі albae q.s. Mіsce, fіant pіlulae N 30 Da. Sіgna. 1 пилюлядан күніне 2 рет
Күміс нитраты улы зат. Дозасын тексеру
Рецепт бойынша
МФ бойынша
ЖРД: 0,15 : 30 = 0,005
0,03
ЖТД: 0,005 х 2 = 0,01
0,1
дозасы аспаған
Есептеу:
360
0,15 күміс нитраты, бір пилюля салмағы m
1
=0,2
0,2 х 30 = 6,0 жалпы салмағы
6 - 0,15 = 5,85 ақ балшық
БП
Argentі nіtratіs 0,15 Bolі albae 5,85 Aquaе purіfіcatae quantum satіs m = 6,0 m
1
= 0,2 N 30