356
Байланыстырғыш зат ретінде құрғақ экстракт салмағынан 10-30 %
мөлшерде глицерин суы қолданылады.
Б.П.
Ferrі lactatіs 3,0
Trіturatіonіs Acіdі arsenіcosі anhydrіcі (1:10) 0,3
Extractі radіcіs Glycyrrhіzae sіccі 1,5
Pulveres radіcіs Glycyrrhіzae 1,2
Aquaе glycerіnatae quantum satіs
m
ж
= 6,0 m
1
=0,2 N30
Технологиясы: Келіге темір
лактатының бір бөлігін салып, оны мышьяк
ангидридінің тритурациясымен (1:10) араластырады,
содан соң темір
лактатының қалған бөлігін қосып, 1,5 г мия тамырының құрғақ экстрактысын
және бірнеше тамшы глицерин суын қосады.
Тұтқыр масса алынғанша илеп,
мия тамырының ұнтағын пилюлялық масса түзілгенше бөлшектеп қосады.
Массаны келі басына жинап, пермагент қағазға салып өлшейді. Салмағын
рецептінің кері бетінде көрсетеді.
Массадан серіппе дайындайды, оны 30
пилюляға бөледі. Дайын пилюляны ликоподиймен опалайды. Негізінде, мышьяк
ангидриді бар пилюляны түсі бойынша ақ деп санайды, сондықтан қосымша зат
ретінде бидай ұнын, ал опалауға крахмалды алуға болады. Дайын
пилюлялаларды
құтыға салып, ішуге қолданылатын дәрі ретінде босатады, ҚР
ДС ӘД министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 227 «Дәрілік заттарды,
медициналық мақсаттағы бұйымдарды
және медициналық техниканы
таңбалау қағидаларын бекіту» бұйрығы және 01.11.1996 ж. № 481
бұйықтарының талаптарына сай безендіреді. Рецепт дәріханада қалдырылады,
науқасқа сигнатура беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: