Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет265/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

ІІ-ші саты. Екінші сатыда келіге көмекші заттарды есептелген мөлшерде 
және қатынаста қосады. Дәрілік заттардың қоспасына алдымен сұйық немесе 
тұтқыр көмекші заттарды (байланыстырғыш), содан соң ұнтақ тәрізді 
(консистенті) заттарды қосады. Көмекші заттарды дәрілік заттарға біртіндеп 
қосады, егер массаның тұтқырлығы төмен болса, онда байланыстырғыш заттар 
қосады. 
Егер масса жұмсақ болса, онда тығыздаушы зат (крахмал, бентонит, қант, 
өсімдік ұнтақтар) қосады. Егер масса үгілгіш болса, онда өсімдік 
экстрактыларын, декстрин ерітіндісін, ұн қосып жабыстырады. Сұйық және 
ұнтақ компоненттерді абайлап қосу керек, себебі байланыстырғыш заттардың 
артық мөлшері массаның керексіз жұмсақ, ал консистенттік – өте тығыз 
болуына әкеліп соғады. Пилюлялық массаны дайындау кезінде енгізілетін қоспа 
мөлшері өте аз, ал салмағы мен көлемі де аз болуын қадағалау керек. Дайын 
масса тығыз, эластикалық, біртекті болуы керек. Алынған массаны келсап 
басына жинап, пергамент қағазына ауыстырып, салмағын өлшейді және оның 
салмағын рецептіде немесе сигнатурада көрсетеді. Себебі осы жазылым 
бойынша қайта пилюля дайындаған кезде, пилюля сондай мөлшерде болуы 
керек. 


354 
ІІІ-ші саты. Массаны пилюлялық машинаға ауыстырып серіппе 
дайындайды. Алдымен массадан шарик, содан соң таяқшаның көмегімен тегіс 
цилиндр формалы пилюлялық серіппе дайындалады. Пилюлялық машина 
суретте келтірілген. 
Серіппе цилиндр формалы, белгілі ұзындықта және ол қуыссыз болуы 
керек. Цилиндрдің әртүрлі диаметрі пилюляның өлшемінің және дозасының 
әртүрлі болуына әкеп соғады. 
Пилюлялық серіппенің ұзындығын, пилюлялық кескішпен анықтап, алдын-
ала белгілейді. Пилюлялық кескіштің екі жағы да өлшемдері әр түрлі 30 
пилюляға есептелген. Пилюлялық серіппенің ұзындығы жазылымдағы пилюля 
санына сәйкес болу керек. Егер рецептіде пилюля саны 30 пилюлядан көп болса, 
массаны екіге бөледі, әр бөлігінен тиісті пилюля санына сай серіппе 
дайындайды. 
ІV-ші саты. Серіппені пилюля (сурет 47) машинасының кескішімен 
үдемелі-қайтымды қозғалыс жасап, үстіңгі кескішпен кеседі. Кесілген 
пилюляларды шыны пластина бетіне тастайды. 
Сурет 47. Пилюлялық машина 
1 - тірегі; 2- төменгі кескіш; 3 - – жоғарғы кескіш; 4 - ағаш тақтайша; 5 - 
ролик; 6 - пилюляны санауға арналған үшбұрыш. 
V-ші саты. Ағаш ролик көмегімен пилюляларға тығыз шарик 
формасы беріледі, олардың беттері тегіс болуы керек. Дайын 
пилюляларды ауада кептіріп, санап, бір-біріне жабыспауы үшін 
индифферентті ұнтақпен опалайды. Үшбұрыш көмегімен пилюля санын 
формула бойынша есептейді: 
к
n
n
с



2
2
,
мұндағы: с – пилюля саны;
n – пилюлялардың толық қатар саны; 


355 
k – пилюлялардың толық емес қатардағы саны. 
Мысалы, егер пилюлялар толық 7 қатар түзсе және толық емес 
қатарда 2 пилюлялар болса, онда пилюлялар саны 30құрайды. 
30
2
2
7
7
2




с
Пилюляларды санаумен бірге шар тәрізді формасын, өлшемінің 
сәйкестігін тексереді. 
VІ-шы саты. Индифферентті опалаушы ұнтақ ретінде ликоподий, 
сүт қанты, ақ балшық, крахмал, пилюля құрамына байланысты таңдап 
алынады. Опалауды 30 пилюляға 0,75 - 1 г есеппен бірден босататын 
құтыда жүргізеді. Пилюля дайындау кезінде санитарлық режимді қатаң 
түрде сақтау қажет. Пилюлялық массаны ауыстыру, серіппені ұстау, тек 
қана пергамент қағазы көмегімен жүргізілуі тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет