Химиялық әдіс. Сутек асқын тотығы ерітіндісінде 100
0
С температурада
1 сағат қыздыру немесе күкірт қышқылымен қышқылданған калий
пермаганатының 0,5-1% ерітіндісіне 25-30 минут ұстау. Бұл әдіс дәнекерлеуші
шыны түтіктерді өңдеу үшін қолданылады. Физика-химиялық әдіс -
активтелген көмір, мембрандық фильтрлері бар колонкалардан ерітінділерді
өткізу. Пирогендік эффект қаупіне байланысты көлемі 10 мл және одан жоғары
қан тамырына енгізілетін ерітінділерді пирогендік тексеруден өткізеді.
Міндетті түрде 5% глюкоза, натрий хлоридінің изотондық ерітіндісі, желатин
ертіндісі тексеріледі.
Ерітінділердің және изотонды ерітінді түріндегі шаншуға арналған судың
пирогендігін сынау (МФ XІ) биологиялық әдіспен жүргізіледі. Ол әдіс
зерттелінетін объектіні қоянның күре тамырына енгізген соң, оның дене
температурасының өзгеруіне негізделген. Ол үшін зерттелінетін ерітінді
дендері сау салмағы 1,5-2,5 кг, әр 1 кг салмағына 10 мл есебімен, қояндардың
құлақ күре тамырына енгізіледі. Егер тәжірибелік қояндардың әр қайсысының
дене температурасы бастапқы температурадан 0,6
0
С жоғары көтерілмесе және
үш қоянның дене температураларының жоғарылауының қосындысы 1,4
0
С
аспаса, онда дәрілік зат ерітіндісін немесе суды апирогенді деп есептейді. Егер
үш қоянның біреуінің дене температурасы жоғарыда көрсетілгеннен жоғары
болса, тәжірибе (сынау) тағы да қосымша бес қоянға жүргізіледі.
Пирогендікті
анықтаудың
биологиялық
әдісі
спецификалығына
қарамастан бірқатар кемшіліктері бар. Индивидуальды сезімтал қояндардың
көп санын асырау (әдіс экономикалық қымбат). Осыған байланысты МФ XІ
басылымында (мақала «Испытание на пирогенность») көрсетілгендей
қояндардың индивидуальды сезімталдығын тексеру керек екендігі және
пирогендікті анықтау үшін альбинос-қояндарды қолдануға болмайтындығы
көрсетілген.
384
Достарыңызбен бөлісу: |