Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет349/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

Суппозиториялар. Әдетте балаларға араналған суппозиторияларды 
дайындау үшін табиғи және нейтралды жартылайсинтеткалық және 


480 
синтетикалық майлы негіздер қолданылады. Полиэтиленоксидті және 
желатин-глицеринді негіздер олардың күйдіргіш әсеріне байланысты 
қолдануға ұсынылмайды. 
Шаншуға арналған ерітінділер. Жаңа туған балаларға арналған 
шаншуға арналған ерітінділер ҚР ДСМ бұйрықтары мен инструкциялары 
талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Балаларға, әсіресе нәрестелерге арналған барлық дәрілік түрлер толық 
химиялық бақылаудан өтеді. Балаларға арналған дәрілік түрлерді бақылауда, 
көз практикасында қолданылатын, құрамында есірткі және улы заттары бар, 
сонымен бірге емдік бүркуге арналған ерітінділерге ерекше назар
аударылады. Балаларға арналған дәрілік түрлерді босатқанда қолдану 
уақытына және оларды қабылдау ерекшілігіне, сонымен қатар сақтау 
жағдайына көңіл аудару керек. 
Балаларға араналған дәрілік түрлерді жетілдіру. Қазіргі кезде 
ғылыми зерттеулер, балалар психикасын минималды жарақаттайтын, 
жасының физиологиялық ерекшілігіне бейімделген, жағымды дәмі, иісі, түсі 
түрі, оптималды фармакологиялық эффектіні қамтамасыз ететін дәрілік 
препараттарды жасауға бағытталған. 
Балаларға арналған дәрілік препараттарды өңдеу және жасау екі бағытта 
жүргізіледі: 
1. Белгілі ересектерге арналған дәстүрлі дәрілік түрлердің дозасын 
балалар дозасына дейін азайту. 
2. Балаларға арналған арнайы дәрілік түрлерді жасау. 
Қазіргі кезде бұл мәселені шешу мүмкіндіктері: 

жалпы әсерлі препараттарды ингаляция түрінде кеңінен, әсіресе 
стационар жағдайында қолдану, ректалдық дәрілік түрлерді енгізу; 

дәмі жақсартылған, тұрақты, сұйық дисперті ортасы бар пероралды 
қолданылатын 
стерильді 
препараттарды 
немесе 
«құрғақ 
суспензиялар» жасау. 
Жасы үлкен балалар үшін, тек стерильді, тұрақты ғана емес, сонымен 
бірге дәмі, иісі, түсі жақсартылған сұйық дәрілік түрлерді жасау актуалды 
және перпективті бағыт болып саналады. 
Бұл 
кезде 
корригенттердің, 
абсорбцияның 
жылдамдығы 
мен 
толықтығының өзгеруіне байланысты, дәрілік құралдың терапевтикалық 
эффектісінің өзгеруі қиындық туғызуы мүмкін. Мысалы, кальции хлоридінің, 
тетрациклиннің, изониазидтің абсорбция жылдамдығы және дәрежесі оларға 
шырындар қосқан кезде күрт өзгереді. 
Шырындардың корригирлеуші потенциалы эфир майларын, әсіресе анис 
және апельсин, қосқанда едәуір жоғарлайды. Аралас корригирлеуші құрамдар 
жақсы эффект береді, мысалы: 15% қант ерітіндісі, екі тамшы эфир майы 
(анис немесе апельсин), 0,1% лимон немесе аскорбин қышқылдары, 1% какао 
ұнтағы немесе кофе. 
Суспензияларды, эмульсияларды тұрақтандыру үшін 1%МЦ немесе 
NaKMЦ, тракант ерітінділері; 80% шырын 4% глицеринмен; твин-60 (0,02% 


481 
дейін) ұсынылады. Корригирлеуші заттар қосылған құрғақ суспензиялар 
ұсынылады. 
Арнайы ғылыми мәселе – балаларға арналған препараттардың орауышы. 
Орауыш қиын ашылуы, бір дозаға (0,1-30 мл) арналған, дозалау дәлдігін және 
толық қолданылуын қамтамасыз етуі, консервантсыз стерильді болуы, 
дозалайтын қондырғының (қасықша, пипетка, тамызғыш, шприцтер) болуы, 
тартымды болуы керек. 
Балаларға арналған дәрілік түрлерді жетілдіру мақсатында, балаларға 
арналған жаңа дәрілік құралдарды жасау бойынша ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын кеңейту, жоғары тиімді көмекші заттардың ассортиментін 
(солюбилизаторларды, корригирлеуші заттарды, суппозиторияларға арналған 
негіздерді) арттыру, балаларға арналған дәрілік түрлерге арнайы орауыш 
(құтыларға арналған қиын ашылатын қақпақ, қолдану барысында 
стерильдігін сақтайтын және герметикалылығын бұзбауға мүмкіндік беретін, 
бір рет қолдануға арналған орауыштар) түрлерін жасау керек. Ғылыми және 
өндіріс ұйымдарының күш салысы, қолданғанда ыңғайлы, жағымды дәмі, 
иісі, баланың психикасын минималды жаралайтын, тартымды сыртқы түрі 
және сонымен бірге минималды жанама әсері максималды терапевтік әсер 
көрсететін, балаларға арналған дәрілік түрлерге қойылатын талаптарға жауап 
беретін дәрілік құралдарды жасап шығаруға бағытталған болуы керек. 
Балаларға арналған қатты дәрілік түрлерді бірнеше дозаларда жасап шығару 
керек. Олар сүйір формалы болуы және тайғақ қабықшамен қапталуы керек. 
Дәрілік форманы бөліктерге бөлуге ыңғайлы болуы үшін, бөлгіш сызытар 
енгізуге болады. Шаншуға арналған ампулалардағы және құтылардағы 
ерітінділер, қолдануға ыңғайлы және қолданылатын дәрілік құралдардың 
шығынын төмендету үшін, бірнеше дозалар мөлшерінде шығарылуы керек. 
Фармацевтикалық технологияның және биофармацияның педиатриядағы 
заманауи жетістіктері жоғары ғылыми деңгейде балаларға арналған дәрілік 
түрлерді жасап шығару бойынша сұрақтарды шешуге мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет