Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет99/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

 
Бақылау сұрақтары: 
1. Сұйық дәрілік түрлердің кеңінен қолданылуын немен түсіндіруге болады? 
2. Сұйық дәрілік түрлердің қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар? 
3. Сұйық дәрілік түрлер қолданылуы бойынша қалай жіктеледі? 
4. Сұйық дәрілік түрлердің дисперстік жүйе типтеріне байланысты жіктелуі. 


156 
5. Қолданылатын еріткіштің табиғатына қарай сұйық дәрілік түрлер қалай 
жіктеледі? 
6. Тазартылған суға МФ бойынша қандай талаптар қойылады? 
7. Қандай аквадистилляторларды білесіздер және олардың жұмыс істеу 
принциптеріне сипаттама беріңіздер. 
8. Тазартылған суларды сақтау мерзімдері қандай бұйрықпен нормаланады? 
9. Минералсыздандырылған 
суларды 
алу 
принциптері 
мен 
қолдану 
перспективалары қандай?  
 
 
3.2 Сулы ерітінділер (нағыз ерітінділер) 
Ерітінділер – инъекцияға, ішуге, сыртқа қолдануға арналған, бір немесе 
бірнеше дәрілік заттарды еріту арқылы алынған сұйық дәрілік түр. 
Ерітінділер құрамына және қолдану тәсіліне қарай әртүрлі болады. Бұл 
тарауда ең алдымен нағыз ерітінділер қаралады. Нағыз ерітінділер бөлшектерінің 
диаметрі 1 нм-ден төмен, еріген заттары молекулаға немесе ионға дейін ыдыраған 
сұйық дисперсті жүйе. Нағыз ерітінділер бір фазалы, гомогенді жүйелер. Олар 
мөлдір, ультрафильтрден еркін өтетін және біртектілігін ұзақ уақыт аралығында 
сақтайтын сұйықтықтар.
Нағыз ерітінділер еріген зат пен еріткіш арасындағы байланыстың 
беріктігімен сипатталады. 
Сулы ерітінділер салмақ-көлемдік тәсілмен дайындалады, яғни, дәрілік 
заттардың жазылған мөлшері салмақ бойынша (грамм), еріткіш - тазартылған су - 
көлем бойынша (мл) алынады. 
Сулы ерітінділердің технологиясы келесі сатылардан тұрады: 
- жұмыс орнын және көмекші материалдарды дайындау;
- дәрілік заттарды еріту;
- сүзу немесе фильтрлеу;
- орамдау және босатуға безендіру;
- дайын өнімнің сапасын бағалау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет