155
Қондырғыларда қышқылға, сілтіге және дистилденген суға арналған
ыдыстары болады. Қолданған шайырларды регенерациялау (олардың
бастапқы қасиеттерін қайта қалыпына келтіру) керек. Катиониттердің
регенерациясын хлорсутек және күкірт қышқылдары көмегімен жүргізеді:
R(SO
3
H)
2
Ca
+
HCl ----
R(SO
3
H)
2
+ CaCl
2
Аниониттерді сілтілі ерітінділермен (2-5%) қайта қалыпына келтіреді:
RNH
3
Cl + NaOH ---
RNH
3
OH + NaCl
Суды минералсыздандыру үшін осындай аппараттарда алдымен
катионитті колонкадан, кейін
анионитті колонкадан өткізеді, немесе бір
мезетте катионит және анионитті бар колонкадан өткізеді (аралас колонка).
Сурет 27.
Деминерализатор.
Дәріхана тәжірибесінде катионитті және анионитті ион алмастырғыш
колонкалардан, тұзсыздандырылған судың электр
өткізгіштігін бақылайтын
қондырғыдан және тұзсыздандырылған судың электр кернеуі жіберілетін мәнінен
төмендеген кезде құбырдағы суды колонкаларға беруін тоқтататын жүйеден
тұратын деминерализаторлар қолданылады. Оның құрамына ион алмастырғыш
шайырларды – катиониттерді - натрий гидроксидімен,
аниониттерді - хлорсутек
қышқылымен бастапқы қалпына келтіруге арналған регенератор кіреді.
Регенерациядан кейін шайырларды ағынды сумен, содан соң тұзсыздандырылған
сумен мұқият жуып шаяды.
Деминерализаторларды ауруханааралық, ірі ауруханалық және басқа
дәріханаларда ыдыс, орауыш пен тығындауышы құралдарды жуатын бөлмеге және
дистилляторларға
тұзсыздандырылған
суды
беруге
қолданады.
Деминерализатордың өнімділігі 200 л/сағ.
Достарыңызбен бөлісу: