Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Сұйық дәрілік түрлердің кемшіліктері



Pdf көрінісі
бет95/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

Сұйық дәрілік түрлердің кемшіліктері: 
- олардың сыртқы орта факторларының (ауадағы бос оттегіннің, жарықтың, 
температура өзгеруінің) әсеріне тұрақтылығы төмен;
- олар микроорганизмдердің өсуіне және көбеюіне қолайлы орта болып 
саналады, сондықтан, сұйық дәрілік түрлердің сақтау мерзімі қысқа;
- тасымалдауға ықшамды емес;
- дозалануы дәл емес. 
ҚР МФ «Оральдік қолданылатын сұйық дәрі-дәрмектер» топтық мақаласы 
енгізілген (ҚР МФ т.1, 500 б.). Оральдік қолданылатын сұйық дәрі-дәрмектер 
әдетте, құрамында бір немесе одан да көп әсер етуші заттары бар сәйкес 
еріткіштегі ерітінділер, яғни эмульсиялар немесе суспензиялар болып келеді. 
Кейбір оральдік қолданылатын сұйық дәрі-дәрмектер тек сұйық әсер етуші 
заттардан ғана тұруы мүмкін (оральдік сұйықтықтар). 
Кейбір оральдік қолданылатын дәрі-дәрмектерді сұйық концентраттарды 
сұйылту арқылы немесе оральдік ерітінділер немесе суспензияларды дайындауға 
арналған түйіршіктер немесе ұнтақтардан, оральдік тамшылар немесе 
шырындарды сәйкес еріткіш көмегімен дайындайды. 
Оральдік қолданылатын сұйық дәрі-дәрмектер ҚР МФ келтірілген жіктелуі: 
- оральдік ерітінділер, эмульсиялар және суспензиялар; 
- оральдік ерітінділер және суспензияларды дайындауға арналған түйіршіктер 
мен ұнтақтар; 
- оральдік тамшылар; 
- оральдік тамшылар дайындауға арналған ұнтақтар; 
- шырындар
- шырындар дайындауға арналған түйіршіктер мен ұнтақтар. 
Сұйық дәрілік түрлердің жіктелуі 
Сұйық дәрілік түрлердің келесі белгілері бойынша бірнеше топқа жіктеледі: 


147 
- қолдану тәсілі бойынша; 
- дисперсті фазаның ұнтақталу дәрежесі және оның дисперстік ортамен
байланысы бойынша; 
- еріткіштің құрамы мен табиғаты бойынша. 
Сұйық дәрілік түрлердің қолдану тәсілі бойынша жіктелуі 
1. Ішуге қолданылатын дәрілер – Medіcamentum ad usum іnternum. Бұл 
микстуралар (Mіxturae) және тамшылар (Guttae). 
2. Сыртқа қолданылатын дәрілер – Medіcamentum ad usum externum.
3. Шаншуға (инъекцияға) арналған дәрілер – Medіcamentum pro іnjectіonіbus. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет