Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет155/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

Ісіну қабілеті бойыншашексіз ісінетін; шекті ісінетін ЖМҚ. 
Жоғары молекулалық қосылыстар молекулалық салмағына байланысты 
келесі қасиеттерге ие: ұшпайды, су буымен айдалмайды, тұтқырлығы өте 
жоғары, сыртқы факторлардың әсеріне сезімтал, жоғары температураның 
әсерінен ыдырайды. 
Жоғары молекулалық қосылыстар ерітінділері нағыз ерітінділер және 
коллоидты ерітінділер аралығында аралық орын алады. 
Нағыз ерітінділерге ұқсас қасиеттері: еріткішпен жанаса отырып, нағыз 
ерітінділер 
түзеді, 
жоғары 
молекулалық 
қосылыстар 
ерітінділері 
термодинамикалық тұрақты. 
Коллоидты ерітінділерге ұқсас қасиеттері: молекула мөлшерінің 
үлкендігінен еру процесі баяу жүреді, диффузия баяу өтеді, жоғары 
молекулалық қосылыстар ерітінділері жартылай өткізгіш мембранадан өте 
алмайды, диализденбейді, жоғары молекулалық қосылыстар ерітінділерінде 
осмос қысым өте төмен, сыртқы факторлардың әсеріне сезімтал. 
Осы қасиеттер жоғары молекулалық қосылыстарының барлық 
ерітінділеріне тән және жоғары молекулалық қосылыстар ерітінділерін 
коллоидты 
ерітінділерімен 
жақындастырады. 
Жоғары 
молекулалық 
қосылыстар ерітінділерінде ерітілген зат молекулаға дейін ыдыраған, ерітінді 
гомогенді және бір фазалы жүйе. 
Жоғары молекулалық қосылыстарды молекула түріне қарай екі топқа 
бөледі: сфералық (ақ уыздар) және тізбекті (крахмал, целлюлоза туындылары) 
құрылысты. 
Молекуласы сфера түріндегі заттарды еріту төмен молекулалы заттарды 
еріту 
процесінен 
айырмашылығы 
жоқ. 
Бұл 
заттардың 
жоғары 
концентрациядағы ерітінділерінің өзі де тұтқыр болмайды. 
Тізбекті құрылысты макромолекуласы бар жоғары молеулалық 
қосылыстар химиялық байланыспен кезектесіп байланысқан, көп мөлшердегі 
мономерлерден тұрады. Мұндай молекулалар майысқақ болып келеді, олар 
глобульдер (спираль) түзеді немесе тізбек (фибриллярлы глобульдер) болып 
созылады. Еріткен кезде өте көп мөлшерде суды сіңіріп, ісініп, жоғары 
тұтқырлы ерітінді түзеді. 
ЖМҚ ерітінділерінің тұтқырлағына байланысты оларды негізінен үлкен 
саңылаулы материалдардан - дәке, мақта, үлкен саңлаулы шыны фильтрлер 
арқылы сүзеді. 
Сонымен бірге тармақты және кеңістік, немесе үшөлшемді ЖМҚ 
кездеседі. Тармақты ЖМҚ макромолекулалары бүйір тармақтары бар ұзын 
тізбектен тұрады. Олардың саны, ұзындығы және бір-бірімен орналасуы, 
қасиеттеріне елеулі әсер көрсетіп, кең диапазонда ауысуы мүмкін. 


227 
ЖМҚ молекуласы дифильді. Оның бір бөлігі полярлы қасиеті бар (-
СООН; - NН
2
; -ОН және т.б.), сумен жақсы әрекеттесетін, ал екінші бөлігі 
полярсыз гидрофобты радикалдардан (-СН
3
; -СН
2
; -С
6
Н
5
және т.б.) полярсыз 
сұйықтықтармен сольватацияланатын атомдық топтардан тұрады. ЖМҚ 
молекуласында полярлы топтардың көптігіне байланысты, суда еріткенде 
гидрофильді заттар сияқты қасиет көрсетеді. 
ЖМҚ еруі алдын-ала жүретін ісіну процесімен сипатталады. Ісіну – 
төмен молекула еріткішті сіңіру арқылы, жоғары молекулалы заттың 
көлемінің ұлғаюымен аяқталатын өздігінен жүретін процесс. Ісіну сатысы 
кезінде еріткіш ЖМҚ макромолекуласының арасына еніп, бос кеңістікті 
толтырады. Алдымен еріткіштің енуі капиллярлық қасиеттерге негізделген. 
Әрі қарай ЖМҚ полярлы топтарының гидратациясына байланысты, молекула 
аралық байланыстар босайды және түзілген бос кеңістіктер еріткіштің жаңа 
молекулаларымен толтырылады. 
Бұл процесс ісіну және жүйенің сығылуымен жүретін жылу бөліну 
процесінен тұрады, әрі қарай еріткіш молекуласы жоғары молекулалы 
заттарға диффузия түрінде еніп, оның көлемін едәуір ұлғайтады. Бір мезетте 
макромолекулалар баяу еріткішке диффузиялана бастайды. 
Сонымен, ісіну процесін екі сатыда өтетін процесс ретінде қарастыруға 
болады: бірінші саты - сольватация-гидратация (жылу бөле) жүреді; екінші 
саты - ісіну (сұйықтық жылу бөлінусіз жұтылады). 
Еріткіш диффузиялы түрде молекула жіптерінің арасына енеді. Бұл 
сатыда еріткіштің көп мөлшері жұтылып, ісінген ЖМҚ көлемі 10-15 есеге 
бірден ұлғаяды. Бірақ ісіну процесі әрқашан толық ерумен бітпейді, ісіну 
шекті немесе шексіз болады. 
Егер сольватация кезінде бөлінген энергия молекула аралық 
байланыстарды үзуге жеткілікті болса, онда ісіну процесі ерумен бітеді. 
Мұндай ісіну шексіз деп аталады. 
Егер сольватация кезінде бөлінген энергия молекула аралық 
байланыстарды үзуге жеткіліксіз болса, онда тек ЖМҚ көлемі ұлғаяды және 
процесс сілбі немесе гель түзумен бітеді, ісінуді шектелген деп атайды. ЖМҚ 
шекті (желатин, крахмал) және шексіз ісінетін (пепсин, трипсин, 
хемотрипсин, шайырлар, экстрактар) болып бөлінуі осыған негізделген. 
Ісіну көлеміне әртүрлі факторлар әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет