Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет215/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

 
Гидрофобты негіздер. Бұл топқа гидрофобтық қасиеті айқын 
байқалатын, яғни майлармен, көмірсутектермен араласатын немесе оларда 
еритін, сумен нашар немесе тіпті араласпайтын негіздер: 
- майлар және олардың туындылары: 
а) жануарлар майлары 
б) өсімдік майлары 
в) гидрогенизацияланған майлар 
- балауыздар 
- көмірсутекті негіздер 
- силиконды негіздер жатады 
Майлар және оның туындылары ерте уақыттан жағар майларды 
дайындауға қолданыла бастаған. Олар үшглицеридтердің, яғни глицериннің 
шекті және шексіз қышқылдарының эфирлері болып табылады. Майлы 
негіздер суда ерімейді, этанолда өте аз ериді, эфир мен хлороформда жеңіл 
ериді. 
Жануар майлары. Шошқа майы. (Аdeps suіllus depuratus) ақ түсті 
біртекті масса, балқу температурасы 34-36 
0
С, майлармен, балауыздармен, 
көмірсутектермен, майлы қышқылдармен оңай араласады. Ол пальмитин, 
стеарин, олеин және линолен қышқылдарының үшглицеридтер қоспасы. 
Шошқа майында дайындалған жағар майлар теріге жақсы сіңеді, теріден, 
шаштан және киімнен сабынды сумен оңай жуылады. Шошқа майының 
сақтау кезіндегі тұрақсыздығы, азық-түлікке жататындығы, оның жағар май 
негізі ретінде қолданылуын шектейді.
Қаз майы (Adeps anserіnum) өте жұмсақ негіз, балқу температурасы 26-
34 
0
С.
Бұқа майы (Sebum bovіnum) құрамында 55% үшпальмитин және 
үшстеарин, 45% үшолеин қышқылдары бар. Балқу температурасы 42-50 
0
С,
теріге қиын жағылады. 
Қаз майы да, бұқа майы да азық-түлік өнімі болғандықтан қолданылуы 
шектеулі.
Өсімдік майлары. Olea pіnguіa. Күнбағыс майы (Oleum Helіanthі), 
шабдалы майы (Oleum Persіcorum), бадам майы (Oleum Amygdalarum) және 


296 
басқа құрамында қанықпаған қышқылдардың глицеридтері бар өсімдік 
майлары жатады. 
Шошқа майы секілді тері эпидермисінен оңай өтеді, осыған байланысты 
линименттегі және жағар майдағы дәрілік заттар жақсы сіңіріледі. 
Консистенциясы сұйық болғандықтан өсімдік майлары негіз ретінде тек 
линименттер дайындау үшін, жағар майларда тек негізге қоспа ретінде 
қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет