Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі


Арнайы тағайындалған қатаң эпидемияға қарсы тәртіптегі



бет4/6
Дата05.07.2016
өлшемі0.49 Mb.
#178868
1   2   3   4   5   6

5.4 Арнайы тағайындалған қатаң эпидемияға қарсы тәртіптегі

медициналық жасақтың жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері
Арнайы тағайындалған медициналық жасақ әскери округтың іс-әрекеттік аумағында төтенше жағдайларды жою, ірі апаттар кезінде, жаппай санитарлық жоғалту ошақтарының маңында зақымдалғандар мен науқастарға арнайы медициналық көмек көрсету үшін орналастырылады.Арнайы тағайындалған медициналық жасақ келесі міндеттерді атқарады:

  • зақымдалғандар мен жаралыларды қабылдау, медициналық сұрыптау, тіркеу, санитарлық өңдеу, орналастыру;

  • келіп түскен зақымдалғандар мен науқастарға қорытынды диагноз қою;

  • мамандандырылған және арнайы медициналық көмек көрсету, жаралыларды және аса қауіпті жұқпалы аурумен ауырғандарды сауығып шыққанға дейін кешенді емдеу;

  • емделіп шыққандарды аса қауіпті жұқпалармен зақымдалудан қамтамасыз ету;

  • әскери жеке құрамның арасында аса қауіпті жұқпалардың пайда болуы мен таралуын ескерту және жұқпалардың сыртқа шықпауын қамтамасыз ету;

  • жұқпалы аурулармен ауырған науқастарды тасымалдаған көліктерге дезинфекция жүргізу.

Қатаң тәртіптегі аумақта сұрыптау, тасымалдау, обсервациялық, оңашалау бөлімі, рентген кабинет және зертханалық бөлім орналасады. Шектеулі аумақта жасақтың басқармасы, дәріхана және қаттамасыз ету бөлімшелері орналасады.Жасақтың қатаң эпидемияға қарсы тәртібінің жұмысы қарастырады:

  • ауруханаішілік сұрыптауды 4 лек бойынша жүргізеді:

а) аса қауіпті жұқпаларға күдіктілерді диагнозы анықталғанға дейін оңашалау бөлмесінің диагностикалық палатасына жіберіледі;

б) аса қауіпті жұқпалармен ауырған науқастар оңашалау бөлімінің госпитальдық палатасына жіберіледі;

в) аса қауіпті жұқпалы ауруларға белгілері жоқ зақымдалғандар обсервациялық бөлімге жіберіледі;

г) аса қауіпті жұқпалы ауруларға жатпайтын, бірақ басқа жұқпалы аурулардың белгілері бар адамдарды оңашалау бөлмесіне жібереді.

Эпидемияға қарсы қатаң тәртіптегі жасақтың жұмысы тағы да қарастырады:


  • жасаққа келіп түскен науқастардың санитарлық өңдеу, дезинфекция, дезинсекция жүргізу, сонымен қатар жасақтың нысаналарының аймағында дератизацияны жүргізеді;

  • жасақты басқа әскери бөлімдер мен мекемелерден алшақ ұстау;

  • диагнозы анықталғанға дейін науқастар мен зақымдалғандарды жасақтан тасымалдауды уақытша тоқтату;

  • қажет болған жағдайда жасақтың жеке құрамына зақымдалғандар мен науқастарға жедел профилактика жүргізу;

  • жасақтың жеке құрамына қауіпсіздік шараларын жүргізу керек;

  • арнайы тағайындалған медициналық жасақты барлық құралдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

Арнайы тағайындалған медициналық жасақтың қатаң эпидемияға қарсы тәртіпке ауысуының шешімін округтың медициналық қызметінің бастығы жасақтың бастығының баяндамасынан кейін қабылдайды. Эпидемияға қарсы қатаң тәртіпті енгізуге жасаққа аса қауіпті жұқпалы аурулармен(оба, тырысқақ және т.б.)келіп түскен науқастар немесе емделіп жатқандардың арасынан науқастар анықталса көрсеткіштері болып табылады. Эпидемияға қарсы шараларды жүргізуге және ұйымдастыруға жасақты эпидемияға қарсы топпен толықтыру(дәрігер, бактериолог және 2 лаборант),медициналық далалық зертханамен жабдықталған, сонымен қатар жуғыш дезинфекциялық көлікпен жабдықталуы тиіс.
6 ТАРАУ

Биологиялық қару. Әскерді биологиялық қарудан қорғау және медициналық тасымалдау кезеңдерінің негіздері
6.1 Биологиялық қару туралы түсінік және оның зақымдау қасиеттері
Қазіргі кездегі биологиялық қаруға (БҚ) – арнайы қару-жарақтар (авиациялық бомбалар, ракеталар, миналар, снарядтар) және биологиялық қоздырғыштар салынған (бактериялар, риккетсиялар, вирустар, биологиялық токсиндер) құралдар жатады. Олар адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді зақымдауға немесе мемлекетке экономикалық шығын келтіруге арналған.

Биологиялық қарудың зақымдаушы әсерінің ерекшеліктеріне жатады:



  1. жоғары потенциалды тиімділігі–адамдарды немесе жануарларды биологиялық қарумен аз мөлшерде зақымдауы және қысқа мерзім ішінде жаппай санитарлық жоғалту;

  2. жұқпалылығы, яғни жұқпалы аурулардың ауру адамнан сау адамға жылдам жұғуы және жұқпалы аурулардың эпидемиялық таралу мүмкіншілігі;

  3. жасырын кезеңнің (инкубациялық) болуы, биологиялық қарудың зақымдаушы әсері белгілі бір мерзім, яғни бірнеше сағат, бірнеше күндер және апталар өткеннен кейін ғана көрінуі;

  4. әсер ету ұзақтылығы:

- спора түзетін микроорганизмдердің ұзақ уақыт бойы қоршаған ортада сақталуы: (cібір түйнемесінің споралары, сіреспе, газды гангрена);

- кейбір патогенді микроорганизмдердің тасымалдаушылар организмінде ұзақ уақыт бойы сақталуы:обаның қоздырғышы бүргенің организмінде өмір бойы сақталады (1 жылдай), кене энцефалитінің вирусы кененің организмін зақымдап қана қоймай, тұқым қуалайды (трансовариальді).



  1. Қолданған БҚ түрін айқындайтын құралдардың жоқтығына байланысты анықтау қиындығы: уландырғыш және радиоактивті заттарды анықтау үшін химиялық және радиациялық барлаудың құралдары (ӘМ-ХБА және т.б.) болады. Қолданылған биологиялық қарудың түрін анықтау үшін арнайы адамдармен дайындалған күрделі және ұзақ зертханалық зерттеулерден кейін ғана жүзеге асырылады. Қазіргі кездегі экспресс әдістер (мысалы, люминесцентті микроскопиялық әдіс) зерттеуден 2-6 сағаттан кейін ғана жобалы жауап береді

  2. пайда болып жатқан зақымдалулардың диагностикасының күрделілігі:

  • белгісіз қоздырғыштарды қолдану мүмкіншілігі; қазіргі кездегі алдын алу және емдеу препараттарына тұрақты жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының штамдарын шығару;

  • биологиялық қарумен зақымдалудың басқа да жолдарының және зақымдаушы мөлшерінің көп болуы;

  • дезинфекциялық құралдарға тұрақты тасымалдаушылардың түрлерін қолдану;

  1. адамдар, жануарлар және өсімдіктерге жұқпалы аурулар қоздырғыштарының көп мөлшерде болуына байланысты биологиялық қарудың бір бағытта таңдаулы әсер етуі;

  2. күшті психологиялық әсер ету (қарсылас биологиялық қаруды қолдану туралы үрей туғызса, адамдарда қорқыныш пайда болады);

  3. биологиялық қарудың химиялық және ядролық қаруға қарағанда өндірілуінің технологиялық қарапайымдылығы және арзандылығы;

  4. жұқпалы аурулардың пайда болуына қолайлы жағдайлардың болуы;

  5. әскерде және медициналық тасымалдау кезеңдерінде тәртіпті шектеу шараларды міндетті түрде жүргізу;

  6. биологиялық қаруды кең масштабта қолдану күрделі экологиялық зардаптарға әкелуі мүмкін.


6.2 Биологиялық қаруды қолдану заттары, тактикасы, әдістері.

Биологиялық зақымдалу ауданы (ошағы) туралы түсінік
Бактериялық заттардан жасалған биологиялық қаруды тек арнайы дайындалған биологиялық рецептура түрінде қолданғанда бірінші және екінші санитарлық шығын болуы мүмкін. Биологиялық рецептура дегеніміз – ол әртүрлі препараттардың қосындысы ретінде, өзінің зақымдаушы қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Әрбір биологиялық рецептура бірнеше құрамдас бөліктерден тұрады. Оның негізгі құрамдас бөлігі биологиялық агент болады. Егер рецептурада әсер етуші бактериологиялық зат ретінде бірнеше түрі болса, онда рецептура құрастырылған деп саналады.

Биологиялық қарудың тиімділігі тек бактериялық заттардың зақымдау қасиеттеріне ғана емес, қолдану әсеріне де байланысты.

Бактериялық заттар адам организміне келесі жолдармен енеді:


  • ауамен тыныс алу жолдары арқылы;

  • тағам және сумен, асқазан-ішек трактісі арқылы;

  • ауыз, мұрын, көз шырыш қабаты, тері қабаты арқылы;

  • зақымдалған қансорғыш буынаяқтылардың және жәндіктердің (масалар, бүргелер және т.б.) шағуы арқылы.

Осыған байланысты әскердің жеке құрамының, тұрғындардың, ауылшаруашылық жануарлар мен өсімдіктердің жаппай зақымдалуы аэрозольді, трансмиссивті және диверсионды әдістермен болуы мүмкін.

Биологиялық заттарды аэрозольді әдіспен қолдану атмосфераның жер үсті қабатын, аймақты, жеке құрам мен әскери техниканы зақымдау үшін арнайы биологиялық бомбалар мен аэрозоль генераторларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Биологиялық аэрозоль–аэродисперсионды жүйе, дисперсті фаза өмір сүре алатын микроорганизмдер немесе токсиндерді тасымалдайтын тамшылар мен қатты бөлшектерден тұрады, ал дисперсті орта ауа болып саналады.

Бактериологиялық заттарды аэрозольді қолдану шетел әдебиеттерінде перспективті болып саналады, өйткені аяқ астынан және жасырын түрде үлкен аймақтарды, ауаны, тұрғылықты жерді, техниканы, ауылшаруашылық жануарлары мен өсімдіктерді зақымдай алады.

Ауадағы биологиялық аэрозольдің болуы жүйе ретінде физика заңдарына бағынады. Бірінші аэрозольді бұлттың эволюциясы желдің бағыты мен жылдамдығына байланысты.

Аэрозольді бөлшектерінде болатын микроорганизмдердің өмір сүруін сақтап қалуға ауа ылғалдылығының қажетті шамасы керек. Олардың өмір сүруіне ауа температурасының көрсеткіші көп әсер етеді. Биологиялық аэрозольдің өмір сүру мүмкіншілігіне күн радиациясының ультрафиолетті спектрі әсер етеді.

Ауа температурасының +100С-ден төмен толуы, күн сәулесі радиациясының, қатты желдің болуы, ауа ылғалдылығының 30-90% болуы зақымдалған учаскелердің ұзақ уақыт сақталуына мүмкіншілік етеді. Биологиялық аэрозольдің зақымдау мүмкіншілігіне микробтардың аэрозольда өмір сүру уақыты да әсер етеді.

Биологиялық заттарды трансмиссивті қолдану әдісіне мақсаттағы ауданда жасанды түрде зақымдалған қансорғыш буынаяқтылар (кенелер) мен жәндіктер (масалар) жатады. Табиғатта өмір сүретін қансорғыш буынаяқтыларды тез қабылдауы және ұзақ уақыт бойы қауіпті жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын сақтауы бұл әдістің негізіне жатады. Зақымдалған тасымалдаушыларды қолдану мүмкіншілігі олардың аурудың қоздырғыштарын ұзақ уақыт бойы өз денесінде сақтауын, адамдарға және жануарларға кенеттен шабуыл жасауын анықтайды.

Биологиялық заттарды диверсионды әдіспен қолдану–бұл биологиялық заттармен жасырын түрде жабық кеңістіктердің ауаның, судың, азық-түліктің зақымдалуы. Биологиялық қаруды қолдану үшін авиациялық бомбалар, кассеталар, реактивті артиллериялық заттары бар, әртүрлі ұзақтылықта әсер ететін ракеталардың бөлшектері, аэростаттар, шашыратқыш құралдар пайдаланады. БҚ-ды диверсионды әдіспен қолданған кезде диверсионды топтар құрамымен арнайы оқытылған адамдарды қатыстырады. Биологиялық заттарды әртүрлі әдіспен қолданған кезде биологиялық зақымдау аудандары (ошақтар) пайда болуы мүмкін.

Биологиялық зақымдалған аудан деп-жеке құрамға, тұрғындарға, ауылшаруашылық жануарлары мен өсімдіктерге, сонымен қатар қоршаған табиғи ортаға шығын келтіріп, бактериялық заттармен зақымдалған ауданды айтады. Бактериялық заттарды қолдану әдісіне байланысты биологиялық зақымдау ауданы деп аэрозоль пайда болғанда атмосфераның жер үсті қабатында зақымдаушы концентрациясы бар биологиялық аэрозоль болғанда және әскер, тұрғындар, әскери техника орналасқан жерде биологиялық аэрозоль бұлты өткен аймақты айтады. Зақымдалған тасымалдаушыларды қолданғанда аудан олардың таралу ауданы деп аталады, ал диверсионды қолданған кезде диверсия нысанасы деп аталады.

Биологиялық қарудан санитарлық жоғалтудың көлемі бірнеше факторларға байланысты болуы мүмкін. Оның ішінде аса маңыздысы зақымдалған ауданның көлемі, жеке құрамның саны, зақымдау ұзақтылығы, қарсыластың қолданған рецептураларының құрамы мен сипаты,жеке құрамның иммундық қорғау дәрежесі,жеке және ұжымдық қорғау заттарының болуы және қолданылуы, санитарлы-гигиеналық жағдайы және т.б.

Биологиялық қарудан санитарлық шығындар біріншілік және екіншілік болып бөлінеді. Біріншілік биологиялық қарудан санитарлық шығынға бактериялық заттармен зақымдалған аэрозольді бұлттардың болуы жатады. Екіншілік санитарлық жоғалтуларға екіншілік аэрозольмен аспирациялық әсер ету, зақымдалған азық-түлікті және ауыз суды қолдану, жұқпалы нысаналармен және жұқпалы аурулармен ауырған адамдармен қатынаста болу жатады.



6.3 Биологиялық шабуылдардың зардаптарын жоюға және ықтимал қарсылас биологиялық қаруды қолдану қаупі туғанда әскерді биологи-ялық қорғау жүйесіндегі қауырт тактикалық және арнайы шаралардың мазмұны
Әскерді биологиялық қорғау дегеніміз–бұл әскерде жұқпалы аурулардың пайда болуына, таралуына немесе қарсылас биологиялық қаруды қолданған жағдайда ескертулерге бағытталған емдеу-тасымалдаушылық, санитарлы-гигиеналық, эпидемияға қарсы ұйымдастырушы шаралар жүйесі. Биологиялық қорғау әскердің зақымдалуына және биологиялық қарудан тылдағы нысаналарға жол бермеу немесе биологиялық қарудың әсер етуін максимальді түрде әлсірету мақсатында жүргізіледі.

Биологиялық қорғау штаб командирімен және басқа да әскери бастықтармен ұйымдастырылады. Биологиялық қаруды ұйымдастыру әрқашан міндетті түрде қажет. Қарсылас биологиялық қаруды қолданған жағдайда биологиялық қарудың зақымдау ерекшеліктерін анықтайды. Әскерді биологиялық қорғаудағы шаралардың мазмұны және жүргізілу уақыты шартты түрде қарсыластың биологиялық қаруды қолданбай тұрғандағы шаралары және қолданғаннан кейінгі шаралары болып бөлінуі мүмкін.


6.3.1 Әскерді биологиялық қорғау жүйесінде қарсылас биологиялық қаруды қолданғанға дейінгі қауырт-тактикалық және арнайы шаралардың мазмұны
Әскерді биологиялық қорғау жүйесінде қарсылас биологиялық қаруды қолданғанға дейінгі қауырт-тактикалық және арнайы шаралардың мазмұны болады:

  • қарсыласта биологиялық қарудың болуына барлау жасау және оның қолданылуына дайындықтарды анықтау;

  • қарсыластың биологиялық қаруды қолданғанда және қолдану қаупі туғанда әскерді хабарландыру және сенімді байланыс жүйесін дайындау;

  • әскердің жеке құрамын биологиялық қорғау мақсатында шаралардың мазмұны мен көлемін анықтауды бағалау және болжау жасау;

  • қарсыластың биологиялық қаруды қолданғандағы әсерінің тиімділігін төмендету мақсатында және болатын шығынды азайту мақсатында әскердің орналасу аудандарын ауыстырып отыру;

  • тұрғылықты жерді инженерлік қамтамасыз ету және тұрғылықты жердің қорғаныс қасиеттерін ұқыпты қолдана білу;

  • әскердің жеке құрамын жеке қорғаныс заттармен және табельді медициналық қорғаныс заттарымен қамтамасыз ету;

  • әскердің жеке құрамын биологиялық қорғанудың әдістеріне оқыту;

  • әскердің жеке құрамына биологиялық қарудың әсерін максимальді түрде төмендету немесе алдын алуға бағытталған эпидемияға қарсы және санитарлы-гигиеналық шараларды жүргізу және ұйымдастыру;

  • биологиялық заттармен зақымдалудан тағам мен ауыз суды қорғауды қамтамасыз ету;

  • қарсылас биологиялық қаруды қолданғанда биологиялық қорғаныс жүргізу үшін арнайы күштер мен заттарды дайындау және бөлу;

  • әскердің жеке құрамын моральді-психологиялық дайындау және т.б.

Қарсылас биологиялық қаруды қолданбай тұрғанда әскердің жеке құрамын қорғауда медициналық қызмет келесі шараларды жүргізеді:

  1. әскердің жеке құрамын биологиялық қарудан қорғауда табельді жеке медициналық заттарымен қамтамасыз ету;

  • жеке химиялық заттарға қарсы пакеттермен ( ЖХП-8);

  • жеке аптечкалармен (ЖА-1);

  • жеке таңу пакеттерімен және ауыз суды залалсыздандыруға арналған таблеткалармен (аквасепт, аквасан);

  1. әскердің жеке құрамын жеке табельді-медициналық заттарды қолдану ережелерімен таныстыру;

  2. әскердің жеке құрамын медициналық қорғау шараларының мазмұны мен көлемін анықтау мақсатында медицина-санитарлық жағдайды болжау;

  3. әскердің жеке құрамына биологиялық қарудың әсерін болдырмауға немесе әсерін максимальді түрде төмендету бағытындағы эпидемияға қарсы және санитарлы-гигиеналық шараларды жүргізу және ұйымдастыру. Бұл жерде санитарлы-эпидемиологиялық барлауға, жұқпалы ауруларды ерте белсенді түрде анықтауға, оларды оңашалауға, ауыз су және азық-түліктерге санитарлық бақылау жүргізуге көп көңіл бөледі;

  4. медициналық қызметтің жоғары лауазымды басшылары штабтың үкіміне сәйкес медициналық қызметтің күштері мен заттарын қарсылас биологиялық қаруды қолданған кезде медициналық зардаптарды жоюға үнемі дайындығын қамтамасыз етеді. Медициналық бөлімшелер мен мекемелер арнайы аптечкалармен, сөмкелермен, алғашқы көмек көрсетуге арналған медицина-тактикалық заттармен қамтамасыз етіледі;

  5. әскердің жеке құрамын биологиялық қаруды қолданған жағдайдағы іс-әрекетіне психологиялық дайындық жүргізуге медициналық қызметкерлердің қатысуын қамтамасыз ету;


6.3.2 Ықтимал қарсыластың бактериологиялық қаруды қолдану қаупі төнгенде әскерді биологиялық қорғау жүйесіндегі қауырт-тактикалық

және арнайы шаралардың мазмұны
Ықтимал қарсылас бактериялық қаруды қолдану қаупі төнгенде әскерді биологиялық қорғау жүйесіндегі қауырт-тактикалық және арнайы шаралардың мазмұны:

  • қарсыластың биологиялық қаруды қолдану қаупі төнгенде қосымша қорғаныс шараларын қолдану мақсатында әскерді хабарландыру;

  • әскердің жеке құрамын биологиялық қорғау мақсатында шаралардың мазмұны мен көлемін бағалау және болжау;

  • биологиялық қарудан қорғануды жүргізуге құралдар мен күштердің дайындығын тексеріп, жоспарын нақтылау;

  • қарсылас биологиялық қаруды қолданғанға дейін барлық шаралардың

толық көлемде орындалуы;

6.3.3 Ықтимал қарсылас бактериялық қаруды қолданған кездегі және биологиялық шабуылдың зардаптарын жоюдағы әскерді биологиялық қорғау жүйесіндегі жүргізілетін арнайы шаралар
Ықтимал қарсылас бактериялық қаруды қолданған кездегі және биологиялық шабуылдың зардаптарын жоюдағы әскерді биологиялық қорғау жүйесіндегі жүргізілетін арнайы шаралардың қауырт-тактикалық мазмұны:

  • ықтимал қарсылас бактериялық қаруды қолданғаны туралы әскерді дер кезінде хабарландыру және хабарландыруды барлық байланыс торабтарына кезексіз тағайындалған тәртіп бойынша біркелкі белгімен жүзеге асыру;

  • ықтимал қарсылас биологиялық қаруды қолданғаннан кейінгі зардаптарын анықтау және жою туралы шешім қабылдау;

  • барлық қорғаныс шараларын, оның ішінде жеке құрамда медициналық қорғау шараларын орындау

Ықтимал қарсылас биологиялық қаруды қолданғаннан кейінгі жеке құрамды медициналық қорғау шараларына жатады:

  • қарсылас биологиялық қаруды қолданғаннан кейінгі шаралардың көлемі мен мазмұнын анықтау мақсатында медицина-санитарлық жағдайды бағалауға қатысу;

  • барлық күштер мен медициналық қызметтің құралдарын биологиялық зақымдалған ошаққа бағыттау;

  • әскери жеке құрам орналасқан аудардарда эпидемияға қарсы және санитарлы-гигиеналық шараларды орындау және ұйымдастыру.

Қарсылас биологиялық қаруды қолданғаннан кейін полктың медициналық қызметінің бастығы штаб пен барлаудан алынған мәліметтер бойынша жағдайды бағалайды. Бағалау кезінде мүмкін болатын санитарлық шығындарды оның құрамын, зақымдалған ошақтардың сипатын, ол жерде жұмыс атқару жағдайын, медициналық қызметтің күштері мен құралдарын және басқа да элементтерді анықтайды. Одан кейін полктың медициналық қызметінің бастығы полктың командиріне медициналық қызметтің күштері мен құралдарын қолдану тәртібіне, емдеу-тасымалдау, санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралардың ұйымдастырылуына қабылданған шешімді анықтайды.

Қарсылас биологиялық қаруды қолданғаннан кейінгі зардаптарды жоюда медициналық қызмет жұмыс жағдайын келесі ерекшеліктермен жүргізеді:



  • биологиялық қарудың сипаты, сонымен қатар қарсылас қарудың нақты түрін аяқ асты және жаппай қолдануы бір мезгілде биологиялық қарумен зақымдалғандардың жаппай санитарлық шығындалуын көрсетеді. Сондықтан медициналық қызмет емдеу-тасымалдау және эпидемияға қарсы шаралар жиынтығын көлемді түрде жүзеге асыру керек;

  • биологиялық қарудың қолдану орнын, уақытын және масштабын алдын ала анықтау қиындайды. Бөлімшенің медициналық қызметінің бастығы медициналық қызметтің күштері мен құралдарына үнемі қор жинап отыру керек, оның жалпы қолдану тәртібін анықтап, шараларды жүргізуге медициналық қызметтің күштері мен құралдарын үнемі дайындықта ұстау керек;

  • медициналық құрам тері жамылғысын және тыныс алу органдарын қорғайтын қорғаныс құралдарымен жұмыс істеу керек;

  • медициналық құрамнан азық-түлік пен ауыз суды бактериологиялық қарумен зақымдалуы дәлелденгеннен кейін, оларды залалсыздандыруды және қолдануын шектеуді талап етеді.

Бұл жағдайда медициналық қызметтің аса маңызды міндеттеріне жатады:

  • биологиялық барлауды ұйымдастыру және қолданған биологиялық қарудың түрін жылдам анықтау (биологиялық заттардың арнайы және арнайы емес индикациясын жүргізу);

  • жұқпалы ауруларды белсенді ерте анықтау, оңашалау және оларды ауруханаға жатқызу;

  • зақымдалғандарға, жаралыларға, медициналық тасымалдау кезеңдерінде медициналық көмек көрсету және емдеу;

  • әскерде медициналық тасымалдау кезеңдерінде оңашалау-шектеу шараларын және эпидемияға қарсы қатаң тәртіпті ұымдастыру;

  • жеке құрамның арнайы толық және сапалы өңделуіне, киім-кешектерінің, аяқ-киімдерінің, қаруының дезинфекциясына бақылау жүргізу;

  • жедел және арнайы профилактика жүргізу;

  • зақымдалу қаупі төнгенін анықтау және оларға қадағалауды ұйымдастыру;

  • дезинфекцияның, дезинсекцияның және дератизацияның жүргізілуін ұйымдастыру;

  • жеке құрамның тағамына, ауыз суына, орналасуына бақылауды күшейту;

  • санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу.


6.4 Биологиялық барлау және биологиялық заттардың индикациясы
6.4.1 Биологиялық барлауға түсініктеме, оның міндеттері. Әскерде биологиялық барлауды жүргізу және жалпы ұйымдастыру
Биологиялық барлау–қарсыластың бактериялық қаруды қолдану дайындығына және оның қолдану фактісіне, бактериялық қарудың түрлеріне мәліметтер алуға арнайы басқарушылармен, барлаушы органдарымен және жеке қызметтермен жүргізілетін шаралардың жиынтығы. Биологиялық барлауды басқару медициналық қызметке жүктеледі. Биологиялық барлау медициналық қызметтің барлық звеноларымен, ротаның санитар нұсқаушыларынан бастап, майданның арнайы санитарлық-эпидемиологиялық мекемелерімен жүргізіледі және ұйымдастырылады.

Биологиялық барлау шешетін міндеттерді шартты түрде 3 топқа бөлуге болады:



  • қарсылас биологиялық қаруды қолдануға дайындығы және мүмкіншілігі туралы алынған мәліметтерді жинап талдау;

  • биологиялық қарудың индикациясы;

  • биологиялық шабуыл масштабын шамалап анықтау.

Биологиялық қаруды қарсыластың қолдануына дайындығын дер кезінде анықтауда биологиялық барлаудың мәліметтерін жинау және талдау жүргізіледі. Көптеген жиналған мәліметтерді бағалау үшін медициналық құзырлылық (компетенция) қажет болады. Бұл жерде нақты жағдайда әскерді әр түрлі ауруларға қарсы жаппай егу, биологиялық қарудан қорғануға арнайы қорғаныс заттарының (антибиотиктер, дезинфекциялық заттар және т.б.) қорын жинау қажет болады.

Биологиялық барлаудың негізгі әдістері:



  • қарсылас биологиялық қаруды қолданған аудандарды тексеру, әскер орналасқан аудандардың санитарлы-гигиеналық және эпидемиологиялық жағдайын бағалау;

  • жергілікті денсаулық сақтау органдарының, ветеринарлық мекемелердің және басқа да қызметтердің мәліметтерін жинау және нақтылау;

  • адамдардан, жануарлардан және сыртқы орта нысаналарымен алынған материалдарды зертханалық зерттеуге алу;

  • әскерде тұтқында болғандардан, әсіресе тұтқындағы медицина қызметкерлерінен жауап алғанда қатысу;

  • ықтималдық қарсыластан алынған құжаттарды зерттеу.

Биологиялық барлауды жүргізу және дайындық кезеңдері:

  • алдын-ала дайындық кезеңі, барлау жүргізілетін ауданмен алдын ала танысу және міндеттерді құру;

  • биологиялық барлауды жүргізуге жоспар құру, қажетті күштер мен құралдарды бөлу, биологиялық барлаудың нысаналарын, жүргізу мерзімін, байланыс түрлері мен әдістерін, барлау бойынша ақпарат тәртібін анықтау;

  • әскерде жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу үшін тұрғылықты жерде биологиялық барлауды жүргізу;

  • барлаудың қорытындыларын дайындау және эпидемиологялық барлаушының есеп-беру картасын толтыру.

Биологиялық барлауға келесі талаптар қойылады: мақсаттылық, үздіксіздік, дер кезінде анықтау, жылдамдылық, нақтылық, белсенділік, сабақтастық.

Биологиялық барлауды жүргізу жоспарының мазмұнын құрайды:



  • биологиялық барлаудың нысаналары және міндеттері;

  • барлаушы топтардың құрамы, олардың жабдықталуы, жол бағыты;

  • биологиялық барлаудың басталу мен аяқталу уақыты;

  • биологиялық барлаудың қорытындылары туралы баяндамалардың мерзімі, орны және тәртібі.

Биологиялық барлауды және биологиялық қарудың индикациясын әскери ауданда бөлімшенің СЭЗ-ның командирі ұйымдастырады, ол жерде бактериологиялық зертхана ГАЗ-66 (ӘМЗ) автокөлік кузовында болады. Биологиялық барлау әскердің медициналық бригадасының СЭЖ-ның және майданның СЭЖ-ның күштерімен жүргізіледі. Оны әскердің эпидемиологы және майданның бас эпидемиологы ұйымдастырады. Әскердің жеке медициналық бригадасы және майданның медициналық бригадасы барлаудан, басқа да қызметтерден алынған мәліметтерді талдап, өңдеу жүргізеді. Тұрғылықты жердің зақымдалуы және анықталуы (акватории, ауа кеңістігі) туралы барлық мәліметтер тез арада бастықтарға баяндалады, одан әрі қарай әскерді және тылдағы басқа да нысаналарды биологиялық қарудың зардаптарын тез арада жою мақсатында хабарландырылады. Бөлімшелер мен мекемелерде тиісті оңашалау-шектеу шаралары жүргізіледі.

Биологиялық барлау кезінде алынған мәліметтер медициналық қызметтің бастығына баяндалады және картаға немесе сызба-картаға түсіріледі. Графикалық көріністерге түспейтін басқа да мәліметтер аңыз түрінде көрсетіледі. Осындай аңызы бар карталар мен барлаудың қорытындылары графикалық сызба түрінде көрсетілген карталар эпид.барлаушының есеп-беру карточкасы және жүргізілген биологиялық барлаудың есеп беру құжаты болып табылады.

Биологиялық зақымдалу масштабын шамалап анықтау радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау қызметтерімен, есептеу мәліметтері негізінде медициналық қызметпен арнайы, арнайы емес индикациясы әдістерімен шешіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет