Хирургиялық емдеу
ЖЖЖ негізіндегі кейбір ауруларға міндетті түрдегі болжамды жақсартатын хирургиялық араласу қажет.
Хирургиялық түзетуге мұқтаж ЖЖЖ, кезіндегі жүрек аурулары
• Көп тамырлы ЖИА науқастың ЖМИ кезіндегі кардиогендік естен тану
• ИМ кейінгі қарыншалар арасындағы ақау
• ЛЖ бос қабырғасының алшақтауы
• Жүрек кемістіктігінің жедел декомпенсациясы
• Жүректің жасанды қақпақшасының тромбозы және шамасыздығы
• Перикарда қуысындағы жыртылу және қолқа аневризмасы немесе оның қабаттасуы
• Дисфункция кезінде жедел митралды регургитация немесе ишемияға бола папиллярлы бұлшықет жыртылуы, жарақат, эндокардит, миксоматозды хорданың жыртылуы
• Эндокардит кезіндегі жедел аорталы регургитация, кеуденің жабық жарақаты кезіндегі қолқаның қабаттасуы
• Вальсальв синусы аневризмасының жыртылуы
• Қан айналымының механикалық қолдау түрін пайдалану талап ететін жедел декомпенсациялы созылмалы кардиомиопатия.
Хирургиялық емдеу әдісі өзіне қанайналымның уақытша механикалық қолдауын, клапандарды протездеу және реконструкция, жүректің анатомиялық ақауын түзету, миокард реваскуляризациясын қосады. Операцияға анықтау кезінде маңызды диагностикалық әдіс көрсеткіші ЭхоКГ болып табылады.
Қанайналымның механикалық қолдау әдістері
Қанайналымның уақытша механикалық қолдау, стандартты емдеуді сезінбейтін ЖЖЖ науқастарға көрсетілген, миокард функцияларын қалыптастыру мүмкіндігі болғанда, жүрек трансплантациясы немесе функциялардың елеулі жақсартуларында бұзылулар болғанда хирургиялық түзетулер көрсетілген.
ҚІБК
Ауыр жедел жеткіліксіздік ЛЖ немесе кардиогенді естен тану стандартты құрылымды емдеу келесі жағдайларда:
• сұықтықты егуге жауаптың тез болмауы, инотропты қолдау және вазодилаторлармен емдеу;
• гемодинамиканы тұрақсыздандыру үшін айқын митралды регургитация немесе қарыншалар арасындағы жыртылулар;
• миокардтың ауыр ишемиясы (КАГ-пен реваскуляризацияға дайындалуда). ҚІБК гемодинамиканы елеулі жақсартады, бірақ оны орындау керек, ЖЖЖ себебін елеулі жоюға мүмкіндік бар – миокард реваскуляризациясы, жүрек клапандарын протездеу немесе жүрек трансплантациясы, немесе оның айқындалуы спонтанды кері кетуі мүмкін – ОИМ кейінгі миокардтың қатаңдануы, ашық жүректе операциялау, миокардит. Аортаның қабаттасуы, айқын аорталық жетіспеушілік, артериялардың ауыр перифиялық зақымдануы, ЖЖ жойылмайтын себептері, сондай-ақ полиорганды жетіспеушілік кезінде ҚІБК көрсетілмеген.
Жүрек қарыншаларын қолдау құралдары
Қарыншаның механикалық жұмысын алмастыратын механикалық насостар.
Қарыншаның жиі механикалық жұмысын алмастыратын механикалық насостар.Бұндай құрылымның көптеген модельдері бар, оның кейбірі ЖЖЖ емдеу үшін жасалған, сол кезде басқа құрылғылар ЖЖЖ кезінде аз уақыт пайдалануға арналған.Оларды пайдалану, стандартты емдеуге жауап бермейтін ауыр ЖЖЖ кезінде ғана расталған, сұйықтықты, диуретиктерді, инотропты препараттарды, вазодилататорларды, ҚІБК және керек болса ИВЛ адекватты егуді қосады.
Уақытша гемодинамикалық және клиникалық жақсарулар көп жағдайда басталатын болса да, жүрек функцияларын қалыпқа келтіру мүмкін болса, жүрек қарыншаларының механикалық құрылымдармен қолдау көрсетілген.
• жіті ишемия немесе МИ;
• жүрекке операциядан кейін естен тану;
• жіті миокардит;
• жүрек трансплантациясын күту.
Ауыр жалғасымды ауруларды кері көрсеткіштерге жатқызады.Процедураның негізгі функцияларына – тромбоэмболиялар, қан кету және инфекциялар жатады. Қондырғының техникалық сынулары белгілі.
Жүрек трансплантациясы
Жүрек трансплантациясы ауыр жедел миокардитте, босанғаннан кейінгі кардиомиопатиттерде, реваскуляризациялаудан кейінгі кеңейген ИМ нашар болжамда қажеттілік етеді. Қанайналымның механикалық заттармен қолдау арқылы науқастың жағдайы тұрақтандырылмағанға дейін жүрек трансплантациясы жасау мүмкін емес.
Тесттік сұрақтары
1.Оң жақ қарынша жеткіліксіздігі кезінде қандай симптомдар байқалады?
А) аяқ-қолдың ісінуі
В) қанайналымының аз шеңберінің гипертензиясы
С) мойын тамырларының ісінуі
D) өкпе қылтамырларындағы қысымның маңызды жоғарылауы
Е) оң жақ қарыншаның диастологиялық қысымының жоғарылауы
2. 38 жастағы науқаста емханада қабылдауда болғанда кеуде астында ауырсынулар пайда болды. ЭКГ-да –жіті МИ белгісі. Сіздің тәсіліңіз?
А) кардиологиялық бөлімге шұғыл түрде жатқызу
В) ауырсынуды басу және шұғыл түрде ауруханаға жатқызу
С) науқасты тексеру (қанның анализі, холестерин) және ауруханаға жатқызу
D) ауырсынуды басу және емдеуді жалғастыру
Е) емхананың күндізгі бөліміне шұғыл түрде жатқызу
3. Өзгерісті (тұрақсыз) стенокардиямен ауыратын науқастарда байқалады:
А) қарқынды жүктеме кезінде ұстаманың пайда болуы
В) стенокардия ұстамасы жиілігінің төмендеуі
С) стенокардия ұстамасы ұзақтығының төмендеуі
D) артериалды қысымның қарқынды жоғарлауы
Е) стенокардия ұстамаларының ұзақтығының ұлғаюы
4. Миокард инфарктісімен ауыратын науқастың ұзақ қозғалмауы әкеп соқтырады:
А) брадикардияға
В) артериалды гипертензияға
С)тромбоэмболитикалық асқынуға
D) жүрек жеткіліксіздігіне
Е) тахикардияға
5. Төменде көрсетілген жіті МИ асқыныстарының қайсысы алғашқы 12 сағат ауру-сырқау болуы мүмкін?
А) өкпенің ісінуі
В) қарыншалардың фибрилляциясы
С) кардиогенді шок
D) қарыншаішілік далданың жыртылуы
E) жүрекше-қарынша өткізгішінің бұзылуы
6. Төменде көрсетілген дәрі-дәрмектердің қайсысынан АҚ жоғары болғанда жіті МИ негізінде туындайтын өкпенің ісінуін емдеуді бастауға болады?
A) добутамин 2,5 мкг/кг/мин т/і
B) строфантин 0,05 % - 0,25 мл т/і
C) нитроглицерин т/і
D) метопролол 10 мг т/і
E) эуфиллин 2,4 % - 10 мл т/і
7.ӨАТЭ үшін қандай кеудедегі ауырсыну тән?
A) қысылушы, кейбір кездерде ашытумен
B) интенсивті қысылушы, ашытуымен мінезді
C) қатты және батып қақсауы
D) айқын демігумен қатты, көп жағдайларда шок дамуымен
E) қатты және батып ауруы
8.ӨАТЭ кезінде кеуде ауруының пайда болуының шарттары қандай?
A) физикалық немесе эмоционалдық ауырлық кезінде; тыныштықта немесе ұйқы кезінде
B) тыныштықта (көбінесе түнде), көбінесе физикалық немесе психоэмоционалды нақты байланыс бар
С) аяқ асты, артериялық гипертония фонында жиі немесе физикалық немесе эмоционалды жүтеме кезінде
D) операциядан кейін аяқ асты,физикалық жүктемеден кейін тромбофлебитті науқастарда
E) ылғи жөтел және тыныс алу кезінде күшейеді; дене қалпына байланысты
9.ӨАТЭ кезінде аурудың орналасқан жері қандай?
A) кеуде артында, сол қолда, мойында, эпигастриялар, сол жақ жауырында
B) кеуде артында, сол қолда, барлық кеудені алып, сол жақ жауынрында дамиды, іштің жоғарғы бөлігінде сирек болады
C) кеуде артында, кейде мойында, иықта, эпигастралды аймақта дамиды
D) кеуде арты мен омыртқа бойында дамиды, аорта жолы бойынша таралуы мүмкін
E) кеуде ортасында немесе зақымдану жағына байланысты сол жағында немесе оң жағында
10. Q тізшесіз миокард инфарктісі кезінде тағайындайды:
A) тромболитиктер, анальгетиктер
B) аспирин, анальгетиктер
C) анальгетиктер, лидокаин, строфантин
D) дәрілер, тұрақсыз стенокардия кезінде тағайындалатын
E) бетаблокаторлар, гепарин
11.ӨАТЭ диагностикасында көп мағыналы болады
A) мойын тамырларының ісінуі
B) прекардиалды аумақтағы ауырсыну
C) қан қақыру
D) тері жамылғыларының цианозы
E) ортопноэсыз тахипноэ
12.Ауырсыну ӨАТЭ синдромы кезіндегі емдеу үшін препаратты көрсетіңіз:
A) анальгин
B) диклофенак
C) но-шпа
D) морфин
E) баралгин
13.ӨАТЭ ағым бойынша созылады:
A) жедел, созылмалы
B) кенетті, жедел, қайталануы
C) жеңіл, орташа, ауыр
D) жедел, өте жедел
Е) жедел
14. 57 жасар науқаста 2 жыл бұрын миокард инфарктісі болған, әрдайым жүрекше жыпылықтауынан тұншығу ұстамасы дамыды. Жедел көмек дәрігері жағдайын сол жақ қарыншаның миокард инфарктісі деп бағалады. Диуретикалық терапия өткізілген, бірақ ахуалы нашарлай берді, өкпе ісігінің альвеолярлылығы көбейе берді. ЭКГде: ST V2-4 интервалының депрессиясы, осы алшақтануда оң Т тісшесімен ST II, III, aVF интервалының элевациясы. Миокард инфарктінің қандай нұсқасы туралы ойлауға болады?
A) астматикалық
B) аритмиялық
C) гастралгиялық
D) ауырсыну
E) ауырсынусыз
15. Жедел миокард инфаркті кезінде кардиогендік естен танудың пайда болуы
A) зақымданған миокард көлеміне байланысты емес
B) зақымданған миокардтың 20% көлеміне байланысты
C) зақымданған миокардтың 40% және одан да көп көлеміне байланысты
D) миокард инфарктінің орналасуына байланысты
E) миокард инфарктінің даму уақытына байланысты
16. Науқастың астматикалық жағдайында клиникалық айқындалған гиперкапнияның дамуы кезіндегі мақсатқа сәйкес шаралар
A) тыныс алу аналептиктерін тағайындау
B) регидратационды терапияны күшейту
C) өкпенің жасанды вентилиясына ауысу
D) тамырішілік гидрокарбонат натриясын тағайындау
E) атропин енгізу
17.Кернеу стенокардиясы бар науқастың миокард инфарктісінің даму қаупін анықтау кезінде көп мағынасы бар:
A) физикалық жүктемеге толераннтылығының төмендеуі
B) коронарлық артерияның зақымданған саны
C) болған миокард инфарктінің саны
D) жасы
E) ауырсыну синдромының қарқындылығы
18. Науқас ауыр жағдайда кеуденің пышақ жарақатымен жеткізілді. Мазасызданған, АҚ - 70/55 мм сн. бғ, пульс – минутына 130 рет, тері жамылғылары көгерген, жүрек дыбысы тұйықталған, мойын тамырлары толастанған. Жағдайының ауырлылығы болады:
A) өкпе жарақаты
B) геморрагиялық естен тану
C) жүрек тығындалуы мен гемрперикардит
D) кардиогендік естен тану
E) пневмония
19. Балада тұншығу көріністерімен тыныс алуда қыпылықтаулы шу естіледі. Берілген дауыстық феномен немен ескертілген?
A) бөгде зат және ауызжұтқыншақ арасынан ауа өтуі
B) стридозорлы тыныс кезінде таңдай пердесінің қимылынан
C) түсіп кеткен тілдің қозғалысынан
D) жатты таңдаймен бөгде заттың соғысы
E) кеңірдіктегі бөгде заттың қимылынан
20. Ашық пневмоторакста көрсетілетін бірінші медициналық көмек:
А) сіріспеге қарсы анатоксинді еңгізеді
В) плевра пункциясы
С) асептикалық таңғышты салу
D) окклюзиялық таңғышты салу
Е) жарақатты өңдеу
21.Өзіндік пневмоторакс сипатталатын клиникасының сипаттамасы
A) кеуде аурулары, қан қақыру
B) іріңді қақырықты жөтел
C) кеуде аурулары, демікпе
D) құрғақ жөтел, дауыстың қарлығуы
E) қызба, жалпы әлсіздік, демікпе
22.Өзіндік пневмоторакстың жиі себебі
A) өкпе туберкулезы
B) кеуде клеткасының жарақаты
C) буллезды ауру
D) өкпе абсцесі
E) плевраның жабыспасы және тыртығы
23. Ашық пневмоторакс кезінде ЖМК бригадасының әрекет алгоритмдері:
A) венепункция көрсетілген, 400 мл мөлшерде полиглюкинді құю, АҚ төмендеуінде – шокқа қарсы костюмды салу
B) мойындық бандажды салу, тамыр ішілік ауыруды сездірмейтін дәріні салу
C) интубация, қанды, құсықты кеңірдектен сору, аппарат көмегімен ӨЖВ ИВЛ
D) окклюзиялық танғыш, клапанды дренаж, ал айқын тыныс жеткіліксіздігінде интубация және ЖӨВ
E) қан алмастырушыларын және кристаллоид ерітінділерін, оксигенотерапияны тұрып тамыр ішіне құю
24. Бронх демікпесінің ұстамасы:
A) жиі түнде дамиды
B) экспираторлы қылқынумен бірге жүреді, дистанциялық жыланкөз, көбінесе түнгі уақытта дамиды
C) стридорозды тыныс алумен бірге жүреді
D) инспираторлы демікпемен бірге жүреді
E) дистанциялық ысқырумен сырылдармен бірге жүретін
25. Пневмонияның ең жиі асқынуларын атаңыз:
A) өкпенің ісінуі
B) тамыр соғысының бұзылуы
C) іріңдеген
D) жіті бауыр жеткіліксіздігі
E) жіті бүйрек жеткіліксіздігі
26.Жедел астма ұстамасын емдеу үшін «бірінші тағайындау» препаратына не жатады?
A) теофиллин
B) эпинефрин (адреналин)
C) парентералдық 2 - адреностимуляторлар
D) ингаляциялық 2 - адреностимуляторлар
E) холинолитиктар
27. Астмалық статус диагнозы қойылуы мүмкін, егер БА ауыр өршу эпизоды жалғасса:
A) 1 сағат
B) 24 сағат
C) 12 сағат
D) 20 минут
E) 2 апта бойы
28.Астма ұстамасын емдеу үшін пайдаланатын препараттарды көрсетіңіз:
A) глюкокортикостероидтер
B) седативті
C) метилксантиндер
D) β2 – агонисттер
E) антибиотиктер
29. Бронхтық демікпе кезіндегі шұғыл көмек көрсететін дәрі-дәрмектер (тұншығу ұстамасы):
А) оттегі
B) антибиотиктер
C) теофиллиннің ұзартылған әсері
D) бета-2 агонистердің қысқа әсері
E) тыныс алу стимуляторлары
30. Әйел 35 жаста, темекі тартады, дене салмағының индексі 32, оральды контрацептивтер қабылдайды, ентігуге шағымданады, дене қызуының жоғарлауы 37,5 о С-қа дейін, жөтелгенде қақырығы қан аралас, әлсіздік, кеуде жасушасының сол жақ жартысында ауырсынулар бар. Болжамды диагноз?
A) созылмалы бронхиттің асқынуы
B) ошақты пневмония
C) бронхоэктатикалық ауру
D) митралды жүрек ақауы
E) ӨАТЭ
Жауаптар эталоны:
1
|
D
|
|
11
|
E
|
|
21
|
C
|
2
|
А
|
|
12
|
D
|
|
22
|
C
|
3
|
Е
|
|
13
|
B
|
|
23
|
D
|
4
|
С
|
|
14
|
A
|
|
24
|
B
|
5
|
С
|
|
15
|
C
|
|
25
|
С
|
6
|
С
|
|
16
|
С
|
|
26
|
D
|
7
|
D
|
|
17
|
A
|
|
27
|
B
|
8
|
D
|
|
18
|
C
|
|
28
|
B
|
9
|
E
|
|
19
|
E
|
|
29
|
Д
|
10
|
А
|
|
20
|
D
|
|
30
|
Е
|
Қолданылған әдебиет тізімі:
1. [Best Evidence] Peek GJ, Elbourne D, Mugford M, Tiruvoipati R, Wilson A, Allen E, et al. Randomised controlled trial and parallel economic evaluation of conventional ventilatory support versus extracorporeal membrane oxygenation for severe adult respiratory failure (CESAR). Health Technol Assess . Jul 2010;14(35):1-46. [Medline] .Peek GJ, Elbourne D, Mugford M, Tiruvoipati R, Wilson A., Allen E, et al. Randomised controlled trial and economic evaluation of conventional ventilatory support versus extracorporeal membrane oxygenation for severe adult respiratory failure (CESAR)// Healht Technol Assess. – 2010.-14(35).-P. 1-46.
2. Girault C., Briel A., Benichou J, Hellot MF., Dachraoui F, Tamion F, et al. Interface strategy during noninvasive positive pressure ventilation for hupercapnic acute respiratory failure // Crit Care Med.-2009.-37(1).-P.124-31.
3. Brochard L, Mancebo J, Wysocki M, et al. Noninvasive ventilation for acute exacerbations of chronic obstructive pulmonary disease. N Engl J Med . Sep 28 1995;333(13):817-22. [Medline] .Brochard L, Mancebo J, Wysocki М., et al. Noninvasive for acute exacerbations of chronic obstructive pulmonary disease // N Engl; J Med.- 1995.- 333 (13).-P. 817-22.
4. Lee G, DeMaria AN, Amsterdam EA et al. Comparative effects of morphine, meperidine and pentazocine on cardiocirculatory dynamics in patients with acute myocardial infarction // Am J Med.- 1976.- 60.- P. 949–955.
5 Cotter G, Metzkor E, Kaluski E et al. Randomised trial of high_dose isosorbide dinitrate plus low_dose furosemide versus high_dose furo_semide plus low_dose isosorbide dinitrate in severe pulmonary oedema [see comments] // Lancet.- 1998.- 351.-P. 389–393.
6 Silver MA, Norton DP, Ghali JK et al. Effect of nesiritide versus dobutamine on short_term outcomes in the treatment of patients with acutely decompensated heart failure// J Am Coil Cardiol .-2002.- 39.-P. 798–803.
7 Lahav M, Regev A, Ra’anani P et al. Intermittent administration of furosemide vs continuous infusion preceded by a loading dose for congestive heart failure// Chest.- 1992.- 102.-P. 725–731.
8. Pivac N, Rumboldt Z, Sardelic S et al. Diuretic effects of furosemide infusion versus bolus injection in congestive heart failure //J Clin Pharmacol Res.- 1998.- 18.-P. 121–128.
9. van Meyel J.J, Smits P., Dormans T et al. Continuous infusion of furosemide in the treatment of patients with congestive heart failure and diuretic resistance// J. Intern.Med.- 1994.- 235.-P. 329–334.
10. Herlitz J, Waagstein F, Lindqvist J et al. Effect of metoprolol on the prognosis for patients with suspected acute myocardial infarction and indirect signs of congestive heart failure (a subgroup analysis of the Goteborg Metoprolol Trial)// Am J Cardiol.- 1997.-80.-P.40J–44J.
11. Thackray S, Easthaugh J, Freemantle N et al. The effectiveness and relative effectiveness of intravenous inotropic drugs acting through the adrenergic pathway in patients with heart failure—a meta-regression analysis. – 2002.- 4.-P.515–529.
12. Innes CA, Wagstaff AJ. Levosimendan: A review of its use in the management of acute decompensated heart failure// Drugs .- 2003.-63.-P.2651–2671.
13. Nieminen MS, Lilleberg J, Leikola_Pelho Т et al. Dose related responses of a new calcium_sensitizer, simendan, in man // Eur Heart J.- 1992.-13.- P.1440.
14. Nieminen MS, Akkila J, Hasenfuss G et nl. Hemodynamic and neuro–humoral effects of continuous infusion of levosimendan in patients with congestive heart failure // J Am Coil Cardioi.- 2000.-36.-P.1903–1912.
15. Slawsky MT, Colucci WS, Gottlieb SS et al. Acute hemodynamic and clinical effects of levosimendan in patients with severe heart failure. Study Investigators. Circulation.- 2000.- 102.-P.2222–2227.
16. Cleland JG, McGowan J. Levosimendan: a new era for inodilator therapy for heart failure? // Curr Opin Cardiol.- 2002.- 17.-P.257–265.
17. Hood WBJr, DansAL, Guyatt GH et al. Digitalis for treatment of congestive heart failure in patients in sinus rhythm. The Cochrane Database of Systematic Reviews.- 2004.- Issue 4.
28.06. 2011 ж. басуға қол қойылды
Көлемі 3,8 есепті-баспа табағы
Формат 60х84 1/16. 100 дана
ҚММУ- баспаханасында басып шығарылды
Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі,40
Достарыңызбен бөлісу: |