Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын және банкноталарды


күмән туғызатын шетел валютасындағы қолма-қол ақшамен



бет7/13
Дата20.06.2016
өлшемі0.8 Mb.
#148939
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

күмән туғызатын шетел валютасындағы қолма-қол ақшамен
және төлем құжаттарымен жұмыс жүргiзу тәртiбi

      220. Банктiң кассирлерi шетел валютасындағы қолма-қол ақшаны және төлем құжаттарын қабылдаған және өңдеген кезде ресми жерлерден (эмитент банктерден, Интерполдан, Ұлттық Банктен, анықтамалық материалдарды таратумен шұғылданатын басқа да ұйымдардан) келiп түскен олардың үлгiлерiне, анықтамалық және ақпараттық материалдарды басшылыққа ала отырып, олардың түпнұсқалығына және төлемге жарамдылығына бақылау жасап отыруға мiндеттi.


      Шетел валютасы жөнiндегi анықтамалық материалдарда бар айналымнан алынған деп есептелген банкноттар айналымнан алынатын күннен бастап төлем құралы ретiнде сатып алынбайды және қабылданбайды.
      Банктер клиенттерден қабылданған айналымнан шығарылатын банкноттарды корреспондент банктерге олардың арасында жасалған шарттарда айтылған мерзiмде жiберуге тиiс.
      Банктер мен қызметiнiң түрi айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын уәкiлеттi ұйымдар осы өнiм түрiн көбейтумен шұғылданатын ұйымдарда шетел валютасындағы ақша белгiлерi мен төлем құжаттарының түпнұсқалығын және төлемге жарамдылығын анықтау жөнiнде анықтамалық және ақпараттық материалдарды өздерi сатып алатын болады. Сонымен бiрге Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерi мен нұсқаулары мiндеттi түрде орындауға тиiс.

      221. Төлем жасауға күмән туғызатын шетел валютасындағы банкноттар мен төлем құжаттары клиенттерден инкассоға қабылдануы мүмкiн. Мұндай жағдайда клиент өтiнiш толтырады (Ережеге 35 қосымша), онда валютаның (төлем құжатының) атауы, банкноттар мен төлем құжаттарының деректемелерi, олардың құны, жалпы сомасы және төлем құжаттарын кiм және қашан бергенi көрсетiледi.


      Бухгалтерия қызметкерi (бухгалтер-кассир) өтiнiштiң дұрыс толтырылуын тексередi, баланстан тыс кiрiс ордерiн және квитанция жазып, кассаға өткiзедi. Кассир клиенттен төлемге жарамды екендiгiне күмән келтiретiн банкноттарды (төлем құжаттарын) қабылдап алып, клиентке қол қойып, мөрмен куәландырылған квитанция бередi.
      Корреспондент банктен инкассоға қабылданған шетел валютасындағы қолма-қол ақшаны (төлем құжаттарын) жiберер алдында екi дана етiп тiзiмдеме жасалып, оның бiрi корреспондент банкке жiберiледi, екiншiсi банкте қалады. Тiзiмдеме корреспондент банктердiң талаптарына сәйкес жасалады.
      Банкноттардың (төлем құжаттарының) корреспонденттерден инкассоға қабылданғаны туралы қорытынды алу жөнiнде банк клиентке хабарлама жiбередi (Ережеге 36 қосымша).
      Клиенттерден инкассоға қабылданған банкноттар мен төлем құжаттары үшiн өтелуге тиiстi сома қолма-қол шетел валютасымен немесе ұлттық валютамен не оны клиенттiң ұсынған квитанциясы негiзiнде клиенттiң өтiнiшiне сәйкес (Ережеге 36 қосымша) клиенттiң банктiк есепшотына шетел валютасымен немесе ұлттық валютамен есептей отырып төленедi. Егер клиент Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шағым-талап мерзiмi өтiп кетуi бойынша өтелген соманы алмаса, онда өтеу сомасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нотариалды кеңсенiң депозитiне есептеледi, ал осы құндылықтар жөнiндегi барлық материалдар сол күнi бақылаудан алынып, күн құжатына тiгiледi.

      222. Шетел валютасы банкнотасының тозуын айқындау тәртібі тиісті мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалады.


      Ескерту: 222-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен.

27-тарау. Операция кассасын қорытындылау тәртiбi

      223. Касса меңгерушiсi (арнайы бөлiнген кассир) валюталық құндылықтары, кассирлерден есептiк анықтамаларды және құжаттарды қабылдап, есептiк анықтамалардағы қалдықтарды шығарудың дұрыстығын, бақылау парақтарының, қабылданған және берiлген құндылықтардың есебiн жүргiзу кiтабының дұрыс толтырылуын тексередi, бiр күн iшiндегi касса айналымы жөнiнде жиынтық анықтама жасайды (Ережеге 11 қосымша), оны бухгалтерлiк есептегi мәлiметтермен салыстырып тексередi, сонымен қатар салыстырып тексеру нәтижелерi қол қойылып ресiмделедi.


      Касса меңгерушiсi бiр күн iшiндегi касса айналымы туралы жиынтық анықтаманы жасағаннан кейiн тиiстi кiтаптардағы валюталық құндылықтардың қалдығын шығарады (Ережеге 10, 37, 38 қосымшалар).

      224. Операция кассасының мәлiметтерiнде анықталған нақты бар валюталық құндылықтардың және есептiк құжаттардың арасында алшақтық болған жағдайда, касса меңгерушiсi бұл жөнiнде бөлiмше кассасының басшысына мәлiмдейдi. Артық екендiгі немесе жетпейтiндiгi расталған жағдайда акт жасалады ( Ережеге 7 қосымша), сонымен қатар касса меңгерушiсi банк (филиал) басшысына түсiнiктеме бередi.


      225. Бiр күнгi касса құжаттары Ереженiң 9-тарауында айтылған тәртiппен жасалады. Жұмыс мерзiмi ұзартылған кассалардың және айырбастау пункттерiнiң касса құжаттары жеке жасалады.

28-тарау. Валюталық құндылықтарды сақтау тәртiбi

      226. Сирек кездесетiн шетел валютасының (төлем құжаттарының) толмаған түбiртектерiнен тұратын бумаларды бақылау үшiн қайта санамай-ақ банкте үш ай бойы сақтауға болады.


      Чемодандарға (арбаларға, инкассатор қоржындарына, қапшықтарға) салынған құндылықтар қоймада он күнтiзбелiк күннен артық сақтауға болмайды.
      Көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн құндылықтар тексеру үшiн қайта саналуға тиiстi.
      Қолма-қол шетел валютасы және шетел валютасындағы төлем құжаттары салынған таратылмаған жөнелтiмдердi (қапшықтарды) үш жұмыс күнiнен аспайтын уақыт сақтауға болады.

      227. Таратылмаған жөнелтiмдер, инкассатор қоржындарындағы қайта саналмаған валюталық құндылықтар, сондай-ақ басқа да құндылықтар олардың түрлерiне, сипатына және белгiлерiне қарай құндылықтар қоймасында сақталады және тиiстi есепшоттар бойынша жеке-жеке есепке алынады.

      228. Жалпы қойманы ашу және жабу Ереженiң 41-тарауында айтылған тәртiпке сәйкес жүзеге асырылады.

29-тарау. Валюталық құндылықтарға ревизия жүргiзу

      229. Касса қызметкерлерi өз жауапкершiлiгiне алған кассалардағы және бiрiнен бiрiне өтетiн аванс қалдығы бар аванс дайындау кассаларындағы, сондай-ақ айырбастау пункттерiндегi валюталық құндылықтарға ревизия жүргiзу Ереженiң 9-тармағындағы талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

      230. Айырбастау пункттерiне және банк кассаларына жүргiзiлген ревизия туралы акт жасалады (Ережеге 39 қосымша).

30-тарау. Валюталық құндылықтардың
сақталуына жауапкершiлiк

      231. Операция кассасындағы валюталық құндылықтарды сақтауға және олармен операция жасауға байланысты толық дербес материалдық жауапкершiлiк банк кассасының меңгерушiсiне жүктеледi.



31-тарау. Валюталық құндылықтардың аванстарын
әзiрлеу және айырбастау пункттерiне жеткiзу тәртiбi

      232. Банктердiң айырбастау пункттерi мен кассалары аванс әзiрлеу жөнiндегi кiдiрiссiз жұмысты демалыс және мереке күндерi де атқаруы үшiн касса бөлiмшесiнiң басшысы (арнайы бөлiнген қызметкер) жұмыс күнi қарсаңында кiрiс ордерлерi мен жолдама ведомостерiн жасау үшiн бухгалтерия қызметкерлерiне валюталық құндылықтар беруiне аванстық тапсырыс бередi (Ережеге 40 қосымша).


      Ақша авансына арналған тапсырыстар бөлiм басшысының немесе тиiстi учаскеге басшылық жасайтын оның орынбасарының қолы қойылып ресiмделедi, қосымша тапсырыс берiлген қатаң есептегi бланкiлер - оны талап еткен қызметкердiң қолы қойылып ресiмделедi.

      233. Жасалған шығыс ордерлерi касса меңгерушiсiне, ал жолдама ведомостерiн - аванс жасауға жауапты кассирлерге берiледi. Өткiзу ведомостерi үш дана етiп, ал кешкi касса бар болса - төрт дана етiп жасалады.

      234. Кассирлер авансты даярлау үшiн касса меңгерушiсiнен касса меңгерушiсiнiң қабылданған өткiзiлген құндылықтар есебiн жүргiзу кiтабына (Ережеге 32 қосымша) қол қойып, егер олар даярлаған аванстар сол күнi касса меңгерушiсiне қайтарылатын болса, қажеттi құндылықтарды алады. Егер даярланған аванстар салынған қоржындар сол күнi касса меңгерушiсiне қайтарылмай, кассир оны банктiң (филиалдың) жалпы қоймасындағы арнайы бөлiнген сейфте (бөлек сейфте) сақтаса немесе кешкi кассаға өткiзсе, қолма-қол ақша кассирге шығыс ордерiне қол қойғыза отырып берiлетiн болады.
      Бухгалтерия қызметкерлерi шығыс ордерлерi және жолдама ведомостерi негiзiнде соманы (аванстық тапсырыс шегiнде) аванс даярлайтын кассирдiң жеке есепшотына есептейдi.

      235. Кассир даярланған валюталық құндылықтарды инкассатор қоржындарына салып пломбы қояды да, өздерiнде қалатын және он күн бойы сақталатын, онан кейiн жойылатын жолдама ведомосiнiң екiншi данасына қол қойып, оларды iлеспе құжаттармен бiрге кешкi кассаға сақтауға өткiзедi.


      Инкассаторлар келесi күнi таңертең кешкi касса қызметкерлерiнен аванс салынған қоржыны және олардың iлеспе құжаттарын айырбастау пункттерiне жеткiзу үшiн шығыс ордерлерiнiң және жолдама ведомостерiнiң төртiншi даналарына қол қойып алады, олар кешкi кассада қалады және он күн бойы сақталады да, артынан жойылады.
      Кешкi касса болмаса, кассирлер аванс салынған қоржындарды жалпы қойманың iшiндегi сейфке не жеке сейфке салып қояды, кiлттеп, мөр қойып күзетке тапсырады. Кассирлер келесi күнi таңертең оларды инкассаторларға шығыс ордерлерiнiң және жолдама ведомостерiнiң екiншi даналарына қол қойғызып бередi, олар кассирлерде қалады және он күн бойы кассирлерде сақталады да, артынан жойылады.

      236. Аванс салынған қоржындар айырбастау пункттерiнiң қызметкерлерiне тiкелей берiледi. Мұндай жағдайда аванс жасайтын кассирлер қоржындарды пломбыламайды. Айырбастау пункттерiнiң қызметкерлерi қоржынға салынған құндылықтарды қайта есептеп, аванс жасаған кассирлерде қалатын шығыс ордерлерiнiң және жолдама ведомостерiнiң екiншi даналарына қол қояды. Сонан кейiн шығыс ордерлерi және жолдама ведомосiнiң бiр данасы бухгалтерия қызметкерiне өткiзiлiм жасау үшiн берiледi.

      237. Касса меңгерушiсi айырбастау пункттерiнiң қызметкерлерiне валюталық құндылықтар аванстарын тiкелей банкте шығыс ордерлерiне қол қойғызып беруiне болады.

      238. Айырбастау пункттерiнiң қызметкерлерi қайта саналған валюталық құндылықтарды чемоданға (қоржындарға) салып, автомашинамен қарулы күзетпен айырбастау пункттерiне жеткiзедi.

      239. Айырбастау пункттерiнiң қызметкерлерi инкассаторлар жеткiзген немесе тiкелей банктен берiлген валюталық құндылықтар салынған қоржындардың номерлерiнiң жолдама ведомостерiнде көрсетiлген номерлермен сәйкестiгiн тексередi және инкассаторларды қатыстыра отырып, қоржындарға салынған құндылықтарды қайта санайды. Қоржындарды жолдама ведомостерi айырбастау пункттерiнiң қызметкерлерiнiң қайсысының атына ресiмделсе, тек сол адам қабылдайды, ал егер ол адам болмаса, құндылықтар салынған қоржындар айырбастау пункттерiнiң басқа қызметкерлерiне (жеке басының куәлігі болған кезде) тапсырылады, аты-жөнi мен қажеттi деректемелерi қоржындарды қабылдаған (қайта санаған) кезде жолдама ведомостерiнiң барлық даналарына енгiзiледi.
      Аванс салынған қоржындарды қабылдағанда және қайта санаған кезде анықталған артық немесе жетпеген ақша жолдама ведомосiне екi дана етiп актiмен ресiмделедi (Ережеге 17 қосымша).
      Ескерту: 239-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен.

      240. Айырбастау пункттерiнiң қызметкерлерi инкассаторлар арқылы аванс жасаған кассирлерге жолдама ведомостерінің үшінші даналарын қайтарады, олар айырбастау пункттерi қызметкерлерiнiң ондағы қойылған қолдарын, мөрлердi және құндылықтар салынған қоржындардың толық болуын тексередi. Жолдама ведомостерi тексерiлгеннен кейiн тиiстi жазбалар жасау үшiн бухгалтерия қызметкерлерiне жiберiледi.



32-тарау. Айырбастау пункттерiндегi
касса жұмысының тәртiбi

      241. Банктiң әрбiр айырбастау пункттерi үшiн банк пункттiң күнi бойы жұмысын қамтамасыз ететiн қолма-қол шетел валютасындағы және қолма-қол теңгедегi аванс мөлшерiн анықтайды. Демалыс және мереке күндерi, сондай-ақ жасалатын операциялар көлемiне байланысты аванс мөлшерi көбейтiлуi мүмкiн.


      Аванс мөлшерi (оны өзгерту) айырбастау пунктiмен жұмыс жүргiзу жөнiндегi лауазым иесiнiң қолы қойылған өтiнiшпен белгiленедi.

      242. Айырбастау пунктiнiң қызметкерi валюталық құндылықтармен операциялар жасалғанға дейiн өзiнiң жұмыс орнын дайындауға, дабыл беру жұмысын тексеруге, өзiнде бар нормативтiк және ақпараттық материалдарға келiп түскен өзгерiстердi енгiзуге, сондай-ақ айырбастау пункттерiндегi мүлiк пен техникалық құралдар жазылатын тиiстi кiтаптар бойынша тексеруге және қабылдап алуға тиiс. Айырбастау пунктiнiң қызметкерi алшақтықтар немесе мүлiктiң қандайда бiр бүлiнгенi анықталғаны туралы тиiстi шаралар қолдануы үшiн өз басшысына тез арада хабарлайды.


      Айырбастау пунктiнiң қызметкерi жеке адамдардан валюта және шетел валютасындағы төлем құжаттарын қабылдағанда олардың түпнұсқалығын және төлемге жарамдылығын тексерiп барып, сонан кейiн ғана ақша айырбастауға мiндеттi.

      243. Айырбастау пункттерi қолма-қол шетел валютасын (төлем құжаттарын) сатып алу және сату бойынша операциялар жүргiзген кезде қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргiзудi реттейтiн Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiн басшылыққа алуға тиiс. Бұл операциялар сатып алынған (сатылған) шетел валютасын тiзiмдеу арқылы ресiмделедi.


      Айырбастау пунктiнiң қызметкерi операция жүргізгеннен кейiн клиентке шетел валютасын сатып алу, сату мәмiлелерiнiң жасалғаны жөнiндегi фактiнi растайтын касса аппаратының не компьютер чегiн мiндеттi түрде бередi.

      244. Шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын инкассоға қабылдау бойынша операциялар клиенттiң өтiнiшi негiзiнде (Ережеге 35 қосымша) оған квитанция беру арқылы (Ережеге 41 қосымша) жүзеге асырылады.

      245. Айырбастау пунктiнiң қызметкерi жұмыс күнi аяқталғаннан кейiн касса айналымы және құндылықтар қалдығы туралы анықтамасын жасайды (Ережеге 5 қосымша), валюталық құндылықтарды есептейдi, оларды касса аппаратының немесе компьютердiң есеп жүргiзу құжаттарының мәлiметтерiмен сәйкестiгiн салыстырып тексередi және құндылықтар салынған инкассатор қоржынының әрқайсысына үш дана етiп жолдама ведомостерiн жасайды.
      Сонымен бiрге инкассоға қабылданған банкноттар (төлем құжаттары) буылады және жолдама ведомосiнде жеке көрсетiледi.
      Валюта айырбастау операцияларын жасаған кезде дербес электронды-есептеу машиналарын пайдаланған жағдайда валюталық құндылықтар қалдығының сомасы электронды-есептеу машиналарына басылып, жолдама ведомосiне бекiтiледi.
      Нақты бар құндылықтар мен есеп жүргiзу құжаттарындағы мәлiметтер арасында алшақтық болған жағдайда айырбастау пунктiнiң қызметкерi бұл жөнiнде бөлiмше басшысына немесе тиiстi учаскеге басшылық жасайтын оның орынбасарына хабарлайды, нақты бар құндылықтар бойынша есеп құжаттарын жасап түсiндiрме жазып бередi.
      Егер айырбастау пунктiнiң режимiнде оның кешкi уақытта, сондай-ақ демалыс және мереке күндерiнде жұмыс iстеуi көзделген болса, онда есептiк анықтама жасалғаннан кейiн қолма-қол шетел валютасымен жүргiзiлген айырбастау операциялары келесi жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей есепке алынуға тиiс. Сонымен бiрге мұндай операциялар бойынша жеке есеп жасалады.

      246. Айырбастау пункттерiнiң валюталық құндылықтары олардың санына және банктегi оларды қайта есептеу бойынша белгiленген тәртiпке байланысты бiр, екi немесе үш инкассатор қоржындарына салынуы мүмкiн (теңгенi, шетел валютасын және шетел валютасындағы құжаттарды жеке-жеке өткiзуге болады). Айырбастау пунктiнiң қызметкерi бiр күн iшiнде жасалған операциялар туралы есеп құжаттарымен бiрге банкке олардың валюталық құндылықтар авансын алғанын растайтын құжатты (аванс қоржынына салынатын жолдама ведомосiнiң бiрiншi данасын) тапсырады.

      247. Инкассация қоржынына нақты бар құндылықтар мен есеп жүргiзу құжаттарын жолдама ведомосiндегi мәлiметтермен салыстыра тексерiп салады. Жолдама ведомосiнiң бiрiншi данасы инкассатор қоржынының арнайы қалтасына салынады да, сонан кейiн қоржынға айырбастау пунктi қызметкерiнiң жеке пломбысының таңбасы және айырбастау пунктiнiң жалпы пломбирiнiң таңбасы қойылып пломбыланады.
      Айырбастау пунктiнiң қызметкерi валюталық құндылықтар салынған қоржынды пломбылау алдында өз жұмыс орнын тексеруге және барлық құндылықтардың инкассатор қоржынына салынғанына көз жеткiзуге мiндеттi.

      248. Айырбастау пунктiнiң қызметкерi валюталық құндылықтар салынған қоржынды берер алдында:


      1) инкассаторлардың қоржындарындағы пломбир таңбаларымен салыстыру үшiн пломбир таңбаларының үлгiсiн даярлауға;
      2) инкассаторлардан қызмет куәлiгiн сенiмхатты, инкассация бөлiмi (қызметi) куәландырған келу карточкасын, бос қоржындарды талап етуге;
      3) инкассатордың жолдама ведомосiндегi қойылған қол мен қызмет куәлiгiндегi қойылған қолды салыстырып тексеруге;
      4) келу карточкасына қажеттi жазбалар жасауға;
      5) инкассатордың берген құжаттарын өзiне қайтаруға және құндылықтар салынған қоржындарды жолдама ведомостерiнiң екiншi даналарымен бiрге беруге мiндеттi.
      Инкассатордың қолы және инкассация бөлiмшесiнiң (қызметiнiң) мөрi қойылған жолдама ведомостерiнiң үшiншi даналары айырбастау пункттерiнде он күн бойы сақталады, сонан кейiн жойылады.
      Ескерту: 239-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен.

      249. Инкассаторлар банкке валюталық құндылықтар салынған қоржындарды Ереженiң 6-тарауында айтылған тәртiппен бередi.

      250. Айырбастау пунктiнен банкке валюталық құндылықтарды айырбастау пунктiнiң қызметкерiнiң өзi қарулы күзетпен автомашинамен алып барып өткiзуге рұқсат етiледi.

7-бөлiм. Құндылықтар қоймасының клиенттердiң
дербес сейфтерiмен жұмыс жүргiзу тәртiбi 

      <*> алынып тасталды


      Ескерту: 7-бөлім алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.11.28 N 94 Қаулыларымен.

8-бөлiм. Құндылықтарды сақтау

41-тарау. Ақша және басқа құндылықтарды сақтау тәртiбi

      299. Қолма-қол ақша және басқа құндылықтар банктiң құндылықтарды сақтауды қамтамасыз етуге жауапты лауазымды адамдарының жауапкершiлiгiнде құндылықтар қоймасында сақталады.

      300. Банктердiң құндылықтар қоймаларында:
      1) қолма-қол ақша;
      2) қолма-қол шетел валютасы;
      3) төлем құжаттары (чектер, вексельдер, пластикалық және басқа карточкалар);
      4) қатаң есептегi бланкiлер;
      5) бағалы қағаздар, оның iшiнде банктiң клиенттерiнен сақтауға алынғандар және кепiл түрiнде алынғандар;
      6) алтын, күмiс, платина және басқа қымбат металдар және олардан жасалған бұйымдар, оның iшiнде банктiң клиенттерiнен сақтауға алынғандар және кепiл түрiнде алынғандар;
      7) бақылау-касса аппараттары кiлттерiнiң жиынтықтары;
      8) филиалдардың және басқа банктердiң құндылықтар қоймалары кiлттерiнiң көшiрмелерi;
      9) пайдаланылмайтын пломбирлер және пайдаланылмайтын мөртаңбалар;
      10) ұлттық және шетел валютасының, басқа төлем құжаттарының, бағалы бланктер мен қағаздардың қозғалысын есепке алу жөнiндегi құжаттар;
      11) жауапты сақтауға қабылданған құндылықтар сақталады.

      301. Құндылықтар қоймасында Ереженiң 300-тармағында көрсетiлмеген құжаттар мен заттарды сақтауға тыйым салынады.

      302. Құндылықтар қоймасына кiруге тек қана құндылықтардың сақталуына жауапты лауазымды адамдарға рұқсат етiледi.

      303. Құндылықтар қоймасына кiретiн жер арнайы құрылымдағы брондалған, ең азы үш кiлтпен жабылатын есiкпен жабдықталады. Өзгертiлетiн және өзгертiлмейтiн коды бар электрондық және механикалық құлыптар кiлтi бар құлыптармен барабар.


      Құндылықтар қоймасы есiгiнiң кiлттерi банктiң басшысында, бас бухгалтерiнде (оның орынбасарында) және касса меңгерушiсiнде сақталады.
      Жұмыс күнi iшiнде құндылықтар қоймасын құндылықтардың сақталуына жауапты лауазымды адамдар жауып тұрады.
      Кассалық операцияларды жасағаннан кейiн кiлттердi құндылықтар қоймасының, сейфтердiң, металл шкафтардың, арбалардың құлыптарында қалдырып қоюға жол берiлмейдi.

      304. Құндылықтар қоймасын мөрлеу үшiн құндылықтардың сақталуына жауапты лауазымды адамдар реттiк номерi бар металл мөрлермен (пломбирлермен немесе клишелермен) қамтамасыз етiлуi тиiс.


      Банктердегi құндылықтар қоймасын мөрлеу үшiн берiлген металл мөрлер бедерiнiң тиiстi лауазымды адамдардың қолдарымен расталған үлгiлерi күзет орнына қолхат алумен берiледi.

      305. Жұмыс iстемейтiн уақытта банктiң құндылықтар қоймасын жiптi және сургуч салатын ойығы бар қалақшаны пайдаланып құндылықтардың сақталуына жауапты лауазымды адамдар металл мөрлерiмен мөрлейдi.


      Жiп тұтас, түйiндерi жоқ болуға тиiс және есiктi ашқан кезде жiптi және мөрлердiң сургуч бедерлерiн бұзып ашатындай етiлiп, есiктiң арнайы құлақшаларынан өткiзiлуге тиiс.
      Кендiр жiптiң ұштары қалақшаның сырт жағындағы жоғарғы екi тесiктен өткiзiледi және екi түйiнмен тартылады, содан соң қалақша ойығымен бiрдей етiлiп ерiтiлген сургуч құйылады.

      306. Қалақшаға мынадай ретпен:


      1) алдымен - касса меңгерушiсiнiң;
      2) онан кейiн - бас бухгалтердiң (орынбасардың);
      3) соңынан - арнайы тағайындалған лауазым иесiнiң сургуч мөрi қойылады.

      307. Құндылықтардың сақталуына жауапты кемінде үш лауазымды тұлғаға жауапкершілікті міндетті түрде жүктей отырып, банктің ішкі құжаттарында белгіленген және бекіту құрылғыларының техникалық сипаттамаларына сәйкес банк құндылықтары қоймасын жабудың өзге де тәртібін пайдалануға жол беріледі.


      Ескерту: 307-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен.

      308. Банктер құндылықтар қоймасы кiлттерiнiң толық жазылған тiзiмдемесiмен пакетке салынған, матамен орап тiгiлген және құндылықтардың сақталуына жауапты лауазымды адамдардың мөрлерiмен мөрленген көшiрмелерiн ұстауға тиiс.


      Кiлттердiң көшiрмелерi бар пакет құндылықтардың сақталуына жауапты лауазымды адамдар қол қойған iлеспе хатпен Банктiң жақын филиалдарының бiрiне немесе шарттық талаптармен басқа банкке сақтауға өткiзiледi, ол туралы пакет өткiзген банкке ресми қолхат берiледi (Ережеге 45 қосымша). Iлеспе хатта кiлттердiң көшiрмелерi бар пакет құндылықтардың сақталуына жауапты лауазымды адамдар қол қойған және банктiң мөрiмен расталған банктiң жазбаша талабы болғанда керi қайтып берiлетiнi көрсетiледi.
      Банктердiң (филиалдардың) құндылықтар қоймасы кiлттерiнiң көшiрмелерiн сақтауға өткiзу туралы ресми қолхат тiзiмдеменiң және iлеспе хаттың көшiрмелерiмен бiрге банктiң басшысында сақталады.
      Кiлттердiң банк сақтауға қабылдаған көшiрмелерi бар пакет құндылықтар қоймасына салынады.
      Кiлттердiң көшiрмелерiн алу қажет болғанда, құндылықтардың сақталуына банктiң жауапты лауазымды адамдары кiлттердiң көшiрмелерiн сақтауға қабылдаған банкке (банктiң филиалына) оларды алу себептерiн көрсетiп жазбаша талап жасайды. Құндылықтар қоймасы кiлттерiнiң көшiрмелерiн бергенде, жазбаша талап негiзiнде акт жасалады және ол баланстық емес шығыс ордерiне қосылады.
      Кассирлердiң құндылықтар қоймасы iшiндегi құндылықтарды сақтауға арналған, сондай-ақ жұмыста пайдаланбайтын металл шкаф, сөрелер, сейфтер, арбалар кiлттерiнiң көшiрмелерi және сақтау құралдарының құндылықтардың сақталуына жауапты лауазымды адамдар буып-түйген және мөрлеген ақаулы кiлттерi тiзiмдемемен бiрге құндылықтар қоймасында сақталады.
      Құндылықтардың сақталуына жауапты лауазымды адамдар, кассирлер пайдаланатын мөрлердi, пломбирлердi, жеке және басқа мөртаңбаларды, сақтау құралдарының кiлттерiн басқа адамдар оларды пайдалану мүмкiншiлiгiн болдырмайтын етiп сақталуға тиiс.

      309. Қойманы ашу алдында құндылықтардың сақталуына жауапты лауазымды адамдар күзет өкiлiнiң қатысуымен кiретiн есiктiң, құлыптардың, кендiр жiптiң және мөр бедерлерiнiң тұтастығына және бұзылмағандығына көз жеткiзуi, содан соң құндылықтар қоймасын күзеттен шығаруы, ол туралы қойманы, отқа төзiмдi сейфтердi және басқа ақша сақтау орындарын ашуға, жабуға және мөрлеуге рұқсат етiлген адамдардың бақылау журналына қол қоюы тиiс (Ережеге 29 қосымша). Содан соң жiптiң бiр орамын қырқып алып, мөр бедерлерi бар тақтайшаны қойманы тексеру аяқталғанға дейiн бүлiнбейтiндей етiп кесiп алу керек. Қойманы қарау аяқталысымен мөр лагының бедерлерi жойылуға тиiс.

      310. Есiктердiң, қоршаулардың, құлыптардың, жiптердiң, мөрлердiң бүлiнгенi байқалған жағдайда, сондай-ақ құндылықтар қоймасына кiру әрекетi жөнiнде күдiк туған жағдайда, бұл туралы қойма ашылғанша дереу актi жасалып, құндылықтардың сақталуына жауапты лауазымды адамдардың бәрi және күзет өкiлi қол қояды. Сонымен бiрге бұл туралы банктiң басшысына және құқық қорғау органдарына хабар берiледi.
      Құндылықтар қоймасының есiгi құқық қорғау органдарының өкiлi келген соң ашылады, содан кейiн қабырғалардың, сәкiнiң және төбенiң, сондай-ақ сейфтердiң, сөрелердiң, үлдiрiктердiң есiктерi мен құлыптарының, қойма iшiндегi құндылықтардың тұтастығына көз жеткiзу керек. Олардың түгел болмауына күмән болған жағдайда дереу құндылықтардың бұл туралы акт жасап тексеру керек.

      311. Ақша және басқа құндылықтар қоймадағы металл шкафтарда бөлiктерге бөлiнген және тор есiктерi бар сөрелерде, сейфтерде, арбаларда сақталады. Банктiң клиенттерiне келесi жұмыс күнi беру үшiн алдын ала дайындалған қолма-қол ақша қапшықтарда, арбаларда операциялық кассаның қолма-қол ақшасынан бөлек сақталады.

      312. Қолма-қол ақша, шетел валютасы және шетел валютасындағы төлем құжаттары, сондай-ақ басқа құндылықтар жеке-жеке сақталады.

      313. Банкноттар құны бойынша бумаларға оралып сақталса, металл ақша құны бойынша оралып қапшықтарда сақталады. Төлем құжаттары түрлерi бойынша бумаларға оралып сақталады. Шетел валютасы мен шетел валютасындағы төлем құжаттары валюта атауы және құны бойынша сақталады.

      314. Қымбат металдан жасалған бұйымдар құлыпталатын металл шкафтарда сақталады. Олардың саны аз ғана болса, оларды қапшықтарға салып, басқа құндылықтармен бiрге металл шкафта сақтауға болады.

      315. Қызметкерлер құндылықтардың сақталуына жауапты лауазымды адамдардың көзiнше чек кiтапшаларының бумаларын бiртiндеп ашып отырады, әр бумадағы кiтапшалар саны, әр кiтапшадағы чектер саны және олардың номерлерiнiң реттiгi тексерiледi. Клиенттерге беруге жататын чектерге банктiң аты, банктiк коды бар мөртабан соғылады.

      316. Құндылықтар қоймасына қабылданған банкноттар, металл ақшалар және басқа құндылықтар құндылықтарды есепке алу кiтабында есепке алынады. Қолма-қол шетел валютасы құны бойынша және шетел валютасындағы төлем құжаттары жеке кiтаптарға есепке алынады.
      Кiтаптарды касса меңгерушiсi жүргiзедi. Касса меңгерушiсi болмаған жағдайда құндылықтардың есебi жөнiндегi кiтапты жүргiзу оның орнындағы адамға жүктеледi.

      317. Құндылықтар қоймасы жабылғанға дейiн әр есепшот бойынша құндылықтарды есепке алу кiтаптарындағы құндылықтардың келесi күннiң басындағы жалпы қалдықтары жазылады.


      Құндылықтарды есепке алу кiтаптарында шығарылған қалдықтардың дұрыстығы күн сайын құндылықтардың сақталуына жауапты лауазымды адамдардың қолдарымен куәландырылады.
      Құндылықтарды есепке алу кiтаптарындағы түзетулер лауазымды адамдардың қолдарымен расталады.
      Құндылықтарды есепке алу кiтаптары күнi бойы касса меңгерушiсiнде, жұмыс күнi аяқталған бойда құндылықтар қоймасында сақталады.
      Құндылықтардың қозғалысын көрсететiн құндылықтарды есепке алу кiтаптары нөмiрленуге, тiгiлуге және банктiң мөрiмен бекiтiлуге тиiс. Кiтаптардың парақ саны банк басшысының, бас бухгалтердiң және касса меңгерушiсiнiң қолдарымен расталады.

      318. Құндылықтар қоймасының жабылуы алдында құндылықтардың сақталуына жауапты лауазымды адамдар:


      1) құндылықтар қоймасына құндылықтардың, кiтаптардың және құжаттардың бәрi де кiргiзiлгенiн;
      2) операциялық кассадағы нақты ақша мен басқа да құндылықтардың бухгалтерлiк есептiң және құндылықтарды есепке алу кiтаптарындағы қалдықтардың деректерiмен сәйкестiгiн тексередi.

      319. Құндылықтар қоймасы кiлттермен жабылады, содан соң күзет өкiлiнiң көзiнше құндылықтардың сақталуына жауапты лауазымды адамдар мөрлейдi. Мөрлердiң бедерлерiн қолда бар үлгiлермен салыстырып тексергеннен кейiн қоймаларды, отқа жанбайтын сейфтердi және басқа ақша сақтайтын орындарды ашуға, жабуға және мөр қоюға рұқсат берiлген адамдардың бақылау журналына күзет өкiлi қол қояды (Ережеге 29 қосымша).


      Қоймаларды, отқа жанбайтын сейфтердi және басқа ақша сақтайтын орындарды ашуға, жабуға және мөр қоюға рұқсат етiлетiн адамдардың бақылау журналы касса меңгерушiсiнде сақталады.

      320. Құндылықтар қоймасының барлық мөрлерi және кiлттерi, пломбирлер, клишелер және мөртабандар, сондай-ақ кассирлердiң банктегi құндылықтарын сақтауға арналған жеке құралдарының кiлттерi металл мөрлердi, мөртабандарды, клишелердi, пломбирлердi және қойма мен жанбайтын шкафтардың кiлттерiн өткiзу журналына тiркелуге тиiс (Ережеге 44 қосымша).


      Құндылықтар қоймасының мөрлерiн және кiлттерiн, пломбирлерiн, клишелерiн және мөртаңбаларын және кассирлердiң құндылықтарды сақтау үшiн жеке құралдарының кiлттерiн беру және өткiзу металл мөрлер мен қойманың, отқа төзiмдi шкафтардың кiлттерiн берудi тiркеу журналына жазылатын қолхат арқылы жүргiзiледi (Ережеге 44 қосымша).
      Жұмыста пайдаланылмайтын мөрлер, пломбирлер, клишелер, жеке мөртабандар және құндылықтарды сақтау бойынша жеке құралдардың кiлттерi банктiң құндылықтардың сақталуына жауапты лауазымды адамдарының мөрлерi қойылған қапшыққа салынып, құндылықтар қоймасында сақталуға тиiс.
      Барлық мөрлер мен мөртабандар банктегi олардың сақталуына жауапты лауазымды адамдардың кiлттенетiн дербес металл сейфтерiнде (шкафтарында) сақталуға тиiс. Мөрлердi, кiлттердi, пломбирлердi, мөртабандарды басқа орындарда сақтауға тыйым салынады.
      Мөрдi, кiлттердi немесе мөртабандарды алған қызметкер олардың сақталуына және пайдаланылуына жеке жауап бередi. Кiлттердiң, құндылықтар қоймасы мөрлерiнiң немесе кассирлердiң жеке мөртабандарының жоғалу оқиғасының әрқайсысы бойынша қызметтiк тергеу жүргiзiледi.
      Құндылықтар қоймасының (сейфтiң, металл шкафтың) кiлтi жоғалғанда құлып ауыстырылуға немесе құлыптың құпиясы өзгертiлуге тиiс. Аталған жұмысқа тиiстi рұқсаты бар адамдар жiберiледi. Құлыпты ауыстыру туралы немесе құлыптың құпиясын өзгерту және жаңа кiлттер жасау туралы банк басшысы тағайындайтын комиссия акт жасайды. Онда құлыптың құпиясын өзгерту және жаңа кiлттер жасау себептерi және осы жұмысты iстеген адамның рұқсаты бар екендiгiне сiлтеме жасалып, аты-жөнi көрсетiледi. Актiлер банктiң басшысында арнайы iс қағаздарында сақталады.
     Мөрлердiң, кiлттердiң және жеке мөртабандардың жоғалуына банктiң кiнәлi қызметкерi iстiң жағдайына қарай тәртiп бойынша және материалдық жауап бередi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет