Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын және банкноталарды


-бөлiм. Ақша белгiлерiнiң түпнұсқалығын және



бет5/13
Дата20.06.2016
өлшемі0.8 Mb.
#148939
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

4-бөлiм. Ақша белгiлерiнiң түпнұсқалығын және
төлемге жарамдылығын анықтау

      Ескерту: 4-бөлім (133-143-тармақтар) алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен.



5-бөлiм. Қолма-қол ақша инкассациясы және
құндылықтарды тасымалдау

17-тарау. Инкассация қызметiн ұйымдастыру

      144. Клиенттерден және банктің бөлімшелерінен ақша түсімін қабылдау және жинау үшін, клиенттерге және банктің бөлімшелеріне қолма-қол ақша мен басқа да құндылықтарды жеткізу үшін, қолма-қол ақша және басқа да құндылықтар бар банктің клиенттері мен қызметкерлеріне ілесіп жүру үшін, қолма-қол ақшаны және басқа да құндылықтарды тасымалдау, сақтау және өткізу үшін банктер уәкілетті орган немесе Ұлттық Банк берген лицензия негізінде инкассация қызметін құрады не өзінің инкассация қызметі бар басқа банктермен немесе инкассация бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдармен шарт жасайды.


      Ескерту: 144-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен. 

      145. Инкассация қызметi банктiң дербес бөлiмшесi түрiнде не Касса операциялары басқармасының немесе Банк қауiпсiздiгi басқармасының (бөлiмiнiң) құрамында, сондай-ақ Ұлттық почта операторының арнайы байланыс қызметінің құрамында құрылады (бұдан әрi - инкассация қызметi).


      Ұлттық почта операторының қолма-қол ақша мен құндылықтарды инкассациялау бойынша арнайы байланыс қызметін ұйымдастыру осы бөлімде белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
      Ескерту: 145-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен. 

      146. Ұлттық почта операторының арнайы байланыс қызметінің қызметкерлеріне (фельдъегерь, фельдъегерь-жүргізуші) құндылықтарды инкассациялау және тасымалдау бойынша операцияларды арнаулы жіберілімдерді тасымалдаумен және жеткізумен қоса атқаруына жол беріледі. Инкассация қызметiнiң құрамына: инкассация қызметiнiң басшысы (бастықтары мен олардың орынбасарлары), инкассаторлар және жүргiзушi-инкассаторлар кiредi:


      1) Ақша түсiмiнiң инкассациясы мен құндылықтарды тасымалдау жұмысына банктiң басқа бөлiмшелерiнiң құрамына кiретiн қызметкерлердi жiберуге;
      2) инкассация қызметiнiң қызметкерлерiн ақша түсiмiнiң инкассациясына және құндылықтарды тасымалдауға байланысты емес мақсаттар мен мiндеттердi орындау үшiн (ғимараттарды, үй-жайларды күзетуге, банктiң рұқсатнама беру режимiне бақылау жасауға және т.б.) пайдалануға тыйым салынады.
      Ескерту: 146-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен.

      147. Инкассация қызметiнiң сандық құрамы қолма-қол ақшаны және басқа құндылықтарды жеткiзу және олардың инкассациясы бойынша операциялардың көлемiне және орындау күрделiлiгiне байланысты штаттық кестемен белгiленедi, ал инкассация қызметiнiң орындайтын жұмысы мен операцияларының түрлерi күнделiктi наряд-өкiмдерде көрсетiледi (Ережеге 24 қосымша).

      148. Инкассаторларды банк басшылары инкассация қызметi басшыларының ұсынуымен жұмысқа қабылдайды және тиiстi бұйрықпен ресiмдейдi. Инкассация қызметiне жұмысқа денсаулығы бойынша жарамды, iшкi iстер органдарында тексеруден өткен, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес қызметтiк қаруды сақтауға және алып жүруге iшкi iстер органдарының тиiстi рұқсаты бар адамдар қабылданады.
      Қолма-қол ақшамен және басқа құндылықтармен операцияларды орындайтын инкассация қызметкерiмен толық материалдық жауапкершiлiк туралы тараптардың әрқайсысы үшiн мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде, заңды күшi бiрдей төрт дана етiп шарт жасалады. 

      149. Банктер инкассация қызметiнiң әрбiр қызметкерiн олар қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде денсаулығына нұқсан келуiне байланысты келтiрiлген зияннан сақтандыруды қамтамасыз етуге мiндеттi. 

      150. Инкассация қызметiнiң әрбiр қызметкерiне жеке iс ашылады, Инкассация қызметi қызметкерлерiнiң жеке iсiнде мыналар болуы тиiс:
      1) толық материалдық жауапкершiлiк туралы шарт (түпнұсқа);
      2) инкассация және құндылықтарды тасымалдау жөнiнде мәлiм болған мәлiметтердi, қызметтiк және коммерциялық құпияларды жарияламау туралы қолхат;
      3) жұмысқа қабылдау туралы өтiнiш;
      4) бұйрықтың көшiрмесi, осы Ереженi бiлетiндiгi жөнiнде сынақ алынғандығы туралы хаттаманың көшiрмесi;
      5) инкассация қызметi қызметкерiн қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде денсаулығының зақымдануына байланысты келтiрiлген зияннан сақтандыру туралы шарт;
      6) инкассация қызметi қызметкерiнiң сақтандыру шартында көзделген сақтандыру сомасына мұрагерлiк нұсқауы (Ережеге 25 қосымша);
      7) қару алып жүру құқығына рұқсат берiлген қызметкердiң жыл сайынғы медициналық тексеруден өткенi туралы анықтама және оның лауазымдық мiндеттерi;
      8) өмірбаяны;
      9) жеке парағы;
      10) лауазымдық нұсқаулығы;
      11) жеке куәлігінің көшірмесі.
      Ескерту: 150-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен. 

      151. Инкассация қызметiнiң басшылары (орынбасарлары) кезең сайын, айына кем дегенде екi рет инкассаторлардың ақша түсiмiн жинау және құндылықтарды тасымалдау ережесiн орындауын тексерiп отыру, оның нәтижелерi туралы келу карточкасының, қоржындардың, мөрлердiң және ақша түсiмiн жинау сенiмхатының есебiн жүргiзуге арналған журналда "Ескерту" деген бағанға тиiстi жазбалар жасап отыруы қажет (Ережеге 26 қосымша).


      Инкассация қызметi қызметкерлерiнiң құндылықтарды уақытылы тасымалдауды қамтамасыз ету және банк клиенттерiне қызмет көрсету ережелерiн сақтау жауапкершiлiгi инкассация қызметi басшыларына жүктеледi.
      Банктiң басшысы инкассация қызметiнiң жұмысына бақылау жасауды ұйымдастырады.

18-тарау. Ақша түсiмiнiң инкассациясы

      152. Банктiң түскен ақшасын инкассаторлар жинап алатын клиенттерiнiң тiзiмi, сондай-ақ операциялық кассаларды қолма-қол ақшамен қамтамасыз етуге байланысты операция жасалатын банктер мен филиалдардың тiзiмi инкассация қызметiнде жүргiзiледi. Тiзiмге тiркелген әрбiр банк клиентiне номер берiле отырып, ай сайын клиентке келу карточкасы жасалады (Ережеге 13 қосымша).


      Ақша түсiмiнiң көлемiне қарай банк клиентiнiң әрқайсысына банктiң атауы жазылған жазуы бар арнайы инкассатор қоржындары қажетiнше берiледi. Әрбiр қоржынның бөлшекпен жазылған номерi бар, ондағы бөлiнгiш сан - клиенттер тiзiмiне тiркелген клиенттiң номерi, ал бөлгiш сан қоржынның рет номерi. Инкассатор қоржындарындағы номерлер қайталанбауға тиiс.
      Инкассатор қоржындарын сақтауға және пайдалануға инкассация қызметi бақылау жасайды. 

      153. Банк клиенттерi банкке ақша түсiмi салынған қоржындарды мөр басып, жабуға арналған пломбирдiң айқын таңбасы салынған пломбының екi үлгiсiн бередi. Пломбы таңбасында банк клиентiнiң номерi және қысқаша атауы көрсетiлуi тиiс.


      Инкассация қызметiнiң басшысы көрсетiлген үлгiлердi тексередi және банк клиентiнiң пломбы үлгiсiнiң төменгi жағындағы жiпке өз пломбасын қою арқылы оны растайды. Үлгiлер банктiң инкассацияланатын клиентiнiң атауы және оның тiркеу кiтабындағы номерi көрсетiлген картон параққа бекiтiледi.
      Пломбының куәландырылған үлгiсiнiң бiр данасы банк клиентiне берiледi. Бұл үлгi банк клиентiнiң кассирiнен алынған ақша түсiмiмен қоса қоржынды алған кезде инкассаторға ұсынылады. Екiншi данасы клиенттен ақшасы бар қоржынды қабылдайтын және қоржындардағы (қапшықтардағы) пломбалардың бүтiндiгін тексеретiн кiрiс (кешкi) кассасының кассирiне немесе басқа касса қызметкерiне өткiзiледi. 

      154. Банк клиенттерiнен ақша түсiмiн жинау үшiн инкассация қызметiнiң басшысы инкассаторлардың жүру бағыттарын және кестелерiн жасайды. Инкассаторлардың инкассация объектiсiне келу жүру бағыттары мен кестелерi (уақыты) ақша түсiмiнiң банк кассасына ең көп түсуiн және жүру бағыттарының қолайлы жасалуын ескере отырып банк клиенттерiнiң келiсiмi бойынша белгiленедi. 

      155. Қолма-қол ақша және басқа құндылықтар инкассациясын инкассаторлар бригадасы инкассация қызметiнiң арнайы автомобилiмен жүргiзедi. Инкассаторлар бригадасының сандық құрамы үш адамнан кем болмауға тиiс.
      Бригада мүшелерiнiң бiрi бригаданы басқарушы, басқасы - жинаушы болып тағайындалады. Жинаушы инкассатор банк клиенттерiнен түскен ақша түсiмi бар инкассатор қоржындарын қабылдап алады. Жүру бағыты бойынша жұмыс кезiнде бригада басшысы және жүргiзушi-инкассатор ақша бар қоржындарды күзетедi және жинаушы инкассатордың жұмысын бақылайтын болады.

     156. Инкассация қызметiнiң басшысы (кезекшi инкассатор) инкассаторлар бригадасы жүру бағыты бойынша объектiге жолға шығар алдында келу карточкасының, қоржындардың, мөрлердiң және ақша түсiмiн жинау сенiмхаттарының есебiн жүргiзуге арналған журналға қол қойғыза отырып (Ережеге 26 қосымша):


     1) Жинаушы инкассаторға:
     - сенiмхатты (Ережеге 27 қосымша);
     - келу карточкасын (Ережеге 13 қосымша);
     - жүру бағытының номерi белгiленген инкассация қызметiнiң мөрiн;
     - қызмет куәлiгiн бередi.
     2) Бригада басшысына:
     - бос қоржындарды;
     - байланыс құралын;
     - қызмет куәлiгiн бередi.
     Инкассация қызметiнiң басшысы (кезекшi инкассатор) берiлген келу карточкалары және бос қоржындар саны туралы анықтама жасап, берiлген инкассатор қоржындары (қапшықтар), келу карточкалары туралы кешкi кассаға немесе қайта санау кассасына өткiзедi (Ережеге  15 қосымша).
      Ескерту: 156-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен. 

      157. Инкассация қызметiнiң басшысы (кезекшi инкассатор) жолға шығар алдында инкассация қызметiнiң арнайы автомобилiнiң ақша түсiмiн жинау бойынша жүру бағытқа дайындығын тексередi (техникалық жарамдылығы, запас бөлшектерiнiң болуы, жанар-жағармай материалдарының құюлы болуы, байланыс құралдарының, өрт сөндiргiш құралдардың жұмыс iстеуi және т.б.) және жол парағына тиiстi жазбалар жасайды. Сондай-ақ жүргiзушi инкассатордың жолға шығуға дайындығы тексерiледi (денсаулығы және жүргiзушi құжаттары).


      Жүру бағыты бойынша жолға шығар алдында инкассаторлармен тапсырманы орындау тәртiбi туралы нұсқау берiлiп, соған арналған журналға қол қойылады. 

      158. Инкассациямен шұғылданатын қызметкерлер экипировкамен, арнайы қорғану құралдарымен, атап айтқанда бронежилетпен қамтамасыз етiлiп, оқпен атылатын табельдiк қарумен қаруланған болуы тиiс.


      Инкассаторлар бригадасының мүшелерi қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде "Қару алып жүру құқығына рұқсат", қару оның оқ-дәрiсi және бронежилеттер, қару мен оқ-дәрi берудi және қабылдауды тiркеу журналына қол қойып алады (Ережеге 28 қосымша).
      Табельдiк атыс қаруын және оның оқ-дәрiлерiн есепке алу, сақтау және пайдалану Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

19-тарау. Инкассаторлардың ақша және басқа құндылықтар
салынған қоржындарды қабылдау тәртiбi

      159. Инкассация объектiлерiнде пломбыланған инкассатор қоржынындағы ақшаны және құндылықтарды тапсыру үшiн қоржындарды инкассаторларға тапсыруға дайындайды.


      Инкассация объектiсiнiң касса қызметкерi (бұдан әрi - тапсырушы) инкассаторға берiлетiн әрбiр қоржынға өз қолымен үш дана етiп iлеспе ведомость жазады.
      Ведомостiң бiрiншi данасы қоржынға салынады, екiншi данасы (қоржынға жапсырма) - жинаушы инкассатор қоржынды алған кезде соған берiледi, үшiншi данасы (iлеспе ведомостiң көшiрмесi) ұйымда қалады. 

      160. Ақшаны және iлеспе ведомостi қоржынға салғаннан кейiн, ол ашылып кетпейтiндей етiп пломбы салынады. 

      161. Жинаушы инкассатор қоржынды алар алдында тапсырушыға жеке басының куәлiгiн, құндылықтарды алу сенiмхатын көрсетедi. Өткiзушi инкассация қызметiнiң пломбирiмен куәландырылған пломбир таңбасының үлгiсiн, ақша түсiмi салынған қоржынды және iлеспе ведомостiң екi данасын (екiншi және үшiншi) көрсетедi. 

      162. Жинаушы инкассатор құндылықтар салынған қоржынды қабылдап алады және:


      1) қоржынның бүтiндiгiн;
      2) оның дұрыс пломбыланғандығын (пломбы бекiтiлген шпагаттың бүтiндiгiн, пломбир таңбасының айқындығын, үлгiмен бiрдейлiгiн);
      3) қабылданатын қоржын номерiнiң келу карточкасында, жапсырма қағазда және жолдама ведомостiң көшiрмесiнде көрсетiлген номермен сәйкес келуiн;
      4) банк клиентiнiң жапсырмадағы лауазымды адамдарының қойған қолының болуын;
      5) өткiзушiнiң келу карточкасында көрсетiлген соманың жапсырма қағаздағы және iлеспе ведомосiнiң көшiрмесiндегi сомаға, сандарға және жазумен жазылған сандарға сәйкес келуiн;
      6) келу карточкасында және iлеспе құжаттарда көрсетiлген қоржынның номерiн, қабылданатын қоржынның номерiн тексередi.
      Осы тексеруден кейiн толтыру үшiн өткiзушiге келу карточкасын, бос қоржынды бередi, iлеспе ведомостiң көшiрмесiне қол қойып, оған күнiн жазады және жүру бағыты мөрiн қояды. 

      163. Жинаушы инкассатор екi және одан да көп қоржын қабылдаған кезде: қоржынның санын және жапсырмадағы жазбалар бойынша түсiмнiң жалпы сомасын және өзi қабылдап алатын әрбiр қоржынның iлеспе ведомосiнiң көшiрмесiн тексередi, "Ақша (құндылықтар) салынған қоржынның N" деген бағандағы және "Инкассатордан қабылданған бос қоржынның N" деген бағандағы номерлердiң орнына қоржындардың саны жазумен көрсетiледi. 

      164. Келу карточкасын толтырған кезде түзетiп жазуға болмайды. Дұрыс жазылмаған жазу сызылып тасталады, келу карточкасындағы ашық жерге қайта жазылып, өткiзушi кассирдiң қолымен куәландырылатын болады.
      Инкассатордың келу карточкасына жазбалар жасауына рұқсат етiлмейдi. 

      165. Қоржынның бүтiн еместiгi немесе iлеспе құжаттардың дұрыс ресiмделмегенi анықталған жағдайда құндылықтар салынған қоржындарды қабылдау тоқтатылады. Инкассатордың қатысуымен инкассаторлар бригадасының жүру бағыты бойынша жұмыс кестесiне кедергi келтiретiн қателiктер мен ақаулар, түзетулер жөнделетiн болады.


      Басқа жағдайда өткiзушiден құндылықтар салынған қоржындар қабылдау қайта келген кезде жүзеге асырылады, бұл жөнiнде келу карточкасына тиiстi жазбалар жасалады.
      Ақша салынған қоржынды өткiзуден бас тартқан жағдайда, өткiзушiнiң кассирi келу карточкасының "Ақша салынған қоржынның N" деген бағанға "Бас тарту" деп жазылған жерге оның себебiн көрсетiп, өзiнiң қолын қояды. 

      166. Жүру бағыты бойынша жұмыс кезiнде инкассаторлар бригадасының басшысы жинаушы инкассатордан ақша түсiмi салынған қоржынды Ереженiң 162-тармағында көрсетiлген тәртiппен қабылдап алады. Оған келу карточкасын қайтарады және келесi өткiзушiнiң бос қоржынын бередi. Жүру бағыты бойынша барлық жұмыс уақытында құндылықтар салынған қоржынды сейфке, металл жәшiкке қойып немесе олар болмаған жағдайда сақтауға арналған қапшыққа салып инкассаторлар бригадасы басшысының жауапкершiлiгiне сақтауға бередi.

      167. Жүру бағыты аяқталған соң инкассаторлар ақша салынған қоржындарды және бос қоржындарды Ереженiң 50-55; 58-тармақтарына сәйкес банктiң кешкi кассасына тапсырады немесе Ереженiң 20-бөлiмiне сәйкес өз жауапкершiлiгiне алып сақтайды.

      168. Қоржындарды өткiзгеннен кейiн инкассаторлар бригадасының басшысы инкассация қызметiнiң басшысына (кезекшi инкассаторға) қабылданған ақша салынған қоржындар мен бос қоржындардың (қапшықтардың) есебiн жүргiзу журналының екiншi данасын (Ережеге 14 қосымша), байланыс құралының, инкассация жүру бағытының арналған және құндылықтарды тасымалдау куәлiгiн, қызметтiк куәлiгiн, жеке қорғану құралын, сенiмхатты, келу карточкасын, мөрдi бередi, ол жөнiнде келу карточкасының, қоржындардың, мөрлердiң және ақша түсiмiн жинауға берiлген сенiмхаттардың есебiн жүргiзу журналына жазбалар жасайды (Ережеге 26 қосымша). Бұдан басқа олар қаруды, оқ-дәрiлердi және қару алу жүру құқығына берiлген рұқсатты өткiзедi, ол жөнiнде берiлген және қабылдап алынған қару мен оқ-дәрiлер жөнiнде тiркеу журналына жазба жасайды (Ережеге 28 қосымша).

      169. Инкассация қызметiнiң басшысы (кезекшi инкассатор) инкассаторлар ақша өткiзушiлердiң барлығына қызмет көрсеткендiгiн, инкассаторлардың банк кассасына өткiзген қоржындардың саны жолдамашылардан қабылдап алынған қоржындар санына сай келетiндiгін тексерiп, ол жөнiнде келу карточкаларын, мөрлер мен ақша түсiмдерiн жинауға арналған сенiмхаттарды есепке алу журналына жазбалар жасайды (Ережеге 14 қосымша).
      Инкассация қызметiнiң басшысы (кезекшi инкассатор) инкассаторлардың журнал бойынша өткiзген ақша түсiмiнiң жалпы сомасы туралы анықтама жасап, оны банктiң бас бухгалтерiне өткiзедi.

20-тарау. Құндылықтар салынған қоржынды арнайы
бөлiнген сейфтерде инкассаторлардың жауапкершiлiгiне
берiп сақтау тәртiбi

      Ескерту: 20-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен.

      170. Демалыс немесе мереке күндерi кешкі касса жұмыс істемеген кезде немесе банкте кешкі касса болмағанда, маршруттан қоржындарды жеткізген инкассаторлардың жауапкершiлiгiнде құндылықтар салынған қоржындарды сақтау тәртiбiн Ереженің 171-тармағында көзделген талаптар мiндеттi түрде сақталған жағдайда банк белгiлеуi мүмкiн.
      Ескерту: 170-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен.

      171. Құндылықтар салынған қоржындарды сақтау арнайы бөлінген қоймаларда немесе осы мақсатқа арналған бөлмедегі сейфтерде инкассаторлардың жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Инкассация қызметiнiң басшысы (кезекшi инкассатор) инкассаторлар бригадасының жұмысы басталар алдында бригада басшысына және жинаушы инкассаторға келу карточкаларын, қоржындарды, мөрлердi және ақша түсімін жинауға сенiмхаттарды есепке алу журналына (Ережеге N 26 қосымша) қол қойғыза отырып металл мөрлердi және қойманың немесе сейфтердің кілттерін бередi.


      Қойма немесе сейф 2 (екi) кiлтпен жабылады, осы адамдардың мөрлері қойылып, қоймаларды, жанбайтын сейфтердi және басқа ақша сақтау орындарын ашуға, жабуға және мөр қоюға рұқсат етiлген адамдарға бақылау журналына (Ережеге N 29 қосымша) қол қойғыза отырып күзетке өткiзедi. Журнал инкассаторлар бригадасының басшысында сақталады.
      Ескерту: 171-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен.

      172. Инкассаторлар инкассацияланған құндылықтармен бiрге сейфтердiң бiрiне келу карточкаларын, жапсырма қағаздарды, сенiмхатты, мөрдi, қызмет куәлiгiн, байланыс құралдарын, сондай-ақ жеке қорғаныс құралдарын салып, жауып қояды.


      Инкассаторлар қару сақтауға және алып жүруге берiлген рұқсатпен бiрге қару мен оқ-дәрiлердi қару мен оқ-дәрiлерге жауап беретiн адамға өткiзедi, осыдан кейiн жауапты адам өткiзiлген қару мен оқ-дәрiлердi мұқият тексередi, бұл жөнiнде қару мен оқ-дәрiлердi беру және қабылдау журналына (Ережеге 28 қосымша) тиiстi белгi қояды. Сонан соң алынған қару және оқ-дәрiлер бөлмедегi қару сақтауға арналған сейфке салынады. Қару мен оқ-дәрiлердi басқа заттармен, оның iшiнде құжаттармен және құндылықтармен бiрге сейфте сақтауға тыйым салынады. Қару мен оқ-дәрiлер қару мен оқ-дәрiлердi есепке алудың тиiстi кiтабына (Ережеге 46 қосымша) есепке алынады.
      Қару мен оқ-дәрiлер ауысымға шығатын автомобиль жүргiзушiлерге осы журналға қол қойғыза отырып берiледi.
      Ескерту: 172-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен.

      173. Әрбiр жүру бағытынан қоржындар әкелiнгеннен кейiн инкассаторлар сейфтердi жабады және мөр басып, сондай-ақ күзетуге өткiзедi.


      Қоржындарды сейфке салу, келесi жолы қоржындарды салу үшiн сейфтердi ашу, сондай-ақ касса қызметкерiне өткiзу үшiн қоржындарды алу бригада инкассаторларының бәрiнiң қатысуымен жүзеге асырылады, ол жөнiнде қоймаларды, жанбайтын сейфтердi және басқа ақша сақтау орындарын ашуға, жабуға және мөр қоюға рұқсат етiлген адамдарға  бақылау журналына жазбалар жасалып, инкассаторлардың және күзетшiлердiң қолдары қойылады (Ережеге 29 қосымша).
      Ескерту: 173-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен.

      174. Әртүрлi инкассаторлар бригадалары инкассациялаған құндылықтар салынған қоржындарды бiр сейфте сақтауына тыйым салынады.


      Ескерту: 174-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен.

      175. Инкассаторлар касса жұмысы басталар кезде банк басшысы белгiлеген уақытта келуге мiндеттi және құндылықтар салынған қоржындарды және олардың жапсырма қағаздарды Ереженiң 50-55 тармақтарында көзделген тәртiппен өткiзуге сонан кейiн инкассация қызметi басшысының (кезекшi инкассатордың) алдында есеп беруге мiндеттi.


       Ескерту: 174-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен.

      176. Қару мен басқа да құндылықтарды бiрiншi кезекшi инкассатордың екiншi инкассаторға беруiн (егер бұл қажет болса) қару, оқ-дәрi, құжаттар мен басқа да құндылықтарды өткiзу және қабылдап алу журналы бойынша инкассация учаскесiнiң кезекшiсi жүзеге асырады (Ережеге 30 қосымша).



21-тарау. Инкассация қызметiнiң
құндылықтарды тасымалдауы

      177. Инкассатор бригадасының басшысы бригаданың құндылықтарды тасымалдау жөнiндегi барлық жұмысын ұйымдастырады, сонымен бiрге оған банктiң басшысы немесе оның орынбасары және бас бухгалтерi (оның орынбасары) қол қойып, банктiң мөрi басылған бір жыл мерзімге сенімхат берiледi (Ережеге 31 қосымша). Сенiмхаттың сырт жағына инкассация қызметi басшысының қолы қойылып, инкассация қызметiнiң мөрi басылады.


      Ескерту: 177-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен.

      178. Инкассаторларға қолма-қол ақша мен басқа құндылықтар банк басшысының, бас бухгалтерiнiң және касса меңгерушiсiнiң қолы қойылған кассалық шығыс немесе баланстан тыс ордерлер бойынша берiледi. Ордерлерде белгiленген жер бойынша құндылықтарды жөнелту туралы өкiмнiң номерiне және күнiне сiлтеме жасалуға тиiс.


      Инкассаторлар құндылықтарды алған кезде сенiмхатты және жеке басын куәландыратын құжатты көрсетедi. Инкассаторлардың қолма-қол ақшаны бума және түбiртек бойынша бумалар орауының, әрбiр бумадағы түбiртек санының дұрыс және бүтiн болуын, жапсырма қағазда көрсетiлген сомалардың дұрыстығын және олардағы пломбирлердiң (полиэтилен пакеттердегi клишенiң) бүтiндiгiн, таңбасының айқын болуын тексере отырып қабылдайды. Құны бiрдей банкноттардың толық емес бумасы жапсырма қағаздағы түбiртектер мен жазбалар бойынша, ал түбiртектерi толық емес бумалар - жапсырма қағаздағы жазбалар бойынша тексерiле отырып қабылданады.
      Инкассаторлар металл ақшаны қапшықтардағы буманың дұрыстығын және бүтiндiгiн, қапшыққа бекiтiлген таңбасының болуын, металл ақша құнын және салынған сомасын, пломбының бүтiн және кассирлердiң қойған қолдарының анық болуын тексере отырып қабылдайды.
      Инкассаторлардың банкнот бумалары мен металл ақша салынған қапшықтарды тексерген кезде табылған ақаулы бумаларды және ресімдеуді қабылдауына болмайды.
      Құндылықтарды тексергеннен кейiн инкассаторлар касса меңгерушiсiнiң немесе басқа касса қызметкерiнiң бақылауымен оларды қапшықтарға салады. Әрбiр қапшықтың аузы тiгiлiп, жiппен мықтап байланады. Жiптiң ұшына матадан жасалған таңба жапсырылады, онда жолдама ведомостегi номерге сәйкес оралған күнi және қапшықтың рет номерi көрсетiледi, жiптiң ұшы түйiнделедi, қапшыққа пломбы қойылып, ондағы таңбаға ақшаны буған кезде бақылау жасайтын касса қызметкерi қол қояды. Инкассаторлар құндылықтарды қабылдаған кезде кассалық шығыс және баланстан тыс ордерлерге қол қояды.
      Ескерту: 178-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен.

      179. Қолма-қол ақшаны және қатаң есепке алынатын бланкiлердi жiберушi банк iлеспе тiзiмдеменi (Ережеге 4 қосымша) үш дана етiп жасайды:


      1) бiрiншi данасын касса меңгерушiсi мөр қойған конвертпен инкассаторлар бригадасының басшысы арқылы құндылықтарды алушы банктiң басшысына жiбередi;
      2) екiншiсiн - инкассаторлар құндылықтарды қабылдау және жолдама үшiн пайдаланады және тапсырманы орындағаннан кейiн инкассация қызметiнiң басшысына өткiзедi;
      3) үшiншiсiн - жiберушi банктiң құндылықтарды жiберу туралы ордерiмен және нұсқаумен бiрге жiберушi банктiң құжаттарында қалады.

      180. Инкассаторлардың банктен алған құндылықтарын тез арада тасымалдау мүмкiн болмаған жағдайда, олар оны пломбыланған қапшықтарға салып (баланстан тыс есепшот бойынша кiрiске алмай-ақ) банктiң қоймасында сақтауға қалдырады. Қойманың аузына бригада басшысының мөрi қойылып қосымша бекiтiледi де, белгiленген тәртiппен күзетке тапсырылады. Мұндай жағдайда қойма инкассаторлар бригадасы басшысының қатысуымен ашылады. Инкассаторлар қабылдаған құндылықтарды осы Ереженің 171-тармағында көзделген талаптарды орындай отырып, қоймаларда не сейфтерде жауапты сақтауға жол беріледі.


      Ескерту: 180-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен.

      181. Инкассаторлардың қабылдап алған құндылықтарын тасымалдау үшiн алып шығу құндылықтардың барлығын қабылдап болғаннан кейiн және инкассаторлар бригадасы басшысының мiндеттi түрде қатысуымен жүзеге асырылады. Құндылықтарды автомобильмен немесе басқа көлiкпен бiр орыннан екiншi орынға апарғанда, қойылған орындар мiндеттi түрде есептелiнедi, ал бригада инкассаторлары құндылықтарды апаратын қызметкерлердiң жүру бағыты көрiнетiндей етiп орналастырылады.

      182. Құндылықтарды автомобильмен немесе басқа көлiкпен тасымалдау осы тапсырманы орындайтын барлық бригада инкассаторларының алып жүруi арқылы жүзеге асырылады. Мұндайда көлiк жүргiзушiнiң тапсырманы орындау кезiнде басқа жаққа кетiп қалуына тыйым салынады.

      183. Құндылықтарды автомобиль көлігімен тасымалдау Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тиiсiнше түрлi-түстi графикалық схемаға сай боялған және арнайы радиобайланыс құралдарымен және тасымалданатын құндылықтар мен инкассация қызметкерлерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге арналған басқа да құрал-жабдықтармен жабдықталған инкассация қызметiнiң арнайы автомобильдерімен ғана жүзеге асырылады.


      Инкассаторларға бағыттан басқа жаққа кетуiне, сондай-ақ автомобильмен бөтен адам және құндылықтардан басқа жүк алып жүруге тыйым салынады.
      Ескерту: 183-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен.

      184. Жол бойы немесе құндылықтарды өткiзген кезде құндылықтардың жоғалғаны, ұрланғаны немесе жетiспейтiнi анықталған жағдайда инкассаторлар бригадасының басшысы болған жағдай туралы тез арада жiберушi банкке хабарлауға мiндеттi, ол құндылықтарды iздестiру және оқиғаны тексеру жөнiнде жедел шаралар қабылдау үшiн болған жағдай туралы тез арада құқық қорғау органдарына хабарлауға тиiс.


      Инкассаторлар жеткiзген құндылықтар дәл сол күнi қабылданбаған болса, Ереженiң 20-тарауында айтылған талаптарға сәйкес сақталуға тиiс.

      185. Банктерде инкассаторлардан ақша және басқа құндылықтар қабылдауды тексерушi мен кассир Ереженiң 49-58-тармақтарына сәйкес жүзеге асырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет