7-тарау. Қайта санау кассасының жұмыс тәртiбi
60. Банк клиенттерiнiң инкассаланған ақша түсiмiн қайта санау үшiн касса бөлiмшесiнде қайта санау кассасы ұйымдастырылады. Қайта санау кассасының кассирлерi инкассатор қоржындарындағы ақшаны қолма-қол ақшаны жеке өңдеуден өткiзу жолымен өте тәжiрибелi кассирлердiң iшiнен тағайындалған контролер-кассирдiң бақылауымен қайта санайды.
Қайта санау кассасының бригадасы кiлтi бақылаушыда болатын металл шкафпен және арнайы жабдықталған үстелдермен әрi кiлтi қайта санау кассасының кассирлерiнде болатын қозғалмалы металл шкафтармен оның жабдықталуы тиiс.
Қызметкерлерге қайта санау кассасына сырт киiммен және сөмкелермен, басқа да жеке заттармен, құндылықтармен кiруге тыйым салынады.
Жұмыс кезiнде бригада кассирлерiне бiр жаққа кетiп қалуға болмайды, ал түскi ас кезiнде олар қолындағы ақшаны арнайы үстелдiң жеке шкафында немесе кiлтпен жабылуға тиiс қозғалмалы металл шкафта сақтауға мiндеттi.
Барлық бригада құрамына инкассаторлық қоржынмен берiлген ақшаны қайта санағаннан кейiн ғана жұмыс орнынан бiрге кетуге рұқсат етiледi.
Жұмыс басталғанға дейiн қайта санау кассасының бригада бақылаушылары ақша салынған қоржындарды кешкi касса бақылаушысы мен кассирден немесе инкассаторлар бригадасынан анықтама түрiндегi қолхатпен қабылдап алады.
61. Қайта санау кассасының контролер-кассирi кешкi кассаның кассирiнен және контролерiнен қолма-қол ақша салынған қоржындарды және олардың жүк құжаттарын кешкi касса қолма-қол ақшасымен қабылдап алған қоржындар (қаптар) және бос қоржындар туралы анықтамаға қол қойып (Ережеге 16 қосымша), қолма-қол ақшасымен қабылдап алынған қоржындарды (қаптарды) және бос қоржындарды немесе қаптардың жүк құжаттарын (Ережеге 14 қосымша) есепке алу журналы бойынша қабылдап алады.
Кассаның контролер-кассирiне босаған инкассатор қоржындары, құндылықтарымен қабылдап алынған қоржындарды (қаптарды) және бос қоржындарды есепке алу журналы, инкассаторларға берiлген қоржындар (қаптар) және келу карточкалары туралы анықтама да жiберiледi. Контролер қоржынның бүтiндiгiн және қабылдап алатын қоржынның (қаптың) нөмiрiнiң құндылықтарымен қабылдап алынған қоржындарды (қаптарды) және бос қоржындарды есепке алу журналының нөмiрiне сәйкес келуiн тексередi.
62. Контролер-кассир жұмыс күнi бойы қолма-қол ақша салынған қоржындарды қайта санау үшiн металл шкафта сақтайды. Контролер-кассир қайта санау кассасының әрбiр кассирiне қайта санау үшiн бiр-бiр қоржыннан бередi, берерде оның нөмiрiн қолма-қол ақшаны қайта санау жөнiндегi тексеру ведомосына (Ережеге 18 қосымша) жазып қояды.
Кассир қоржынды алғаннан кейiн пломбалардағы пломба бедерлерiнiң анықтығын тексеруге тиiс. Қоржынды шуда жiптiң бiр айналымын ғана кесiп ашады. Пломбаны шуда жiбiмен қоржыннан алғаннан кейiн, кассир одан қолма-қол ақшаны алып, қоржынды қайта санау кассасының контролер-кассирiне бередi, ашылған қоржынның пломбасын қайта санау аяқталғанша тастамайды, ол бұрын қайта саналған қоржындардың пломбасынан бөлек жатуға тиiс. Банкноттар, металл ақшалар кем болып шыққан немесе төлеуге жарамсыз қолма-қол ақша анықталған жағдайда, бұл пломбаның бет-бейнесi жойылмайды, он жұмыс күнi клиент талап еткенде көрсету үшiн контролер-кассирде сақталады. Қайта санау кассасының контролер-кассирi қоржыннан қолма-қол ақшаның түгел алынғандығын тексереді қоржынның iшіндегі арнайы қалтадан жолдама ведомосты алып, қоржынды және осы құжаттарды тексеру үшiн өзiнде қалдырады.
63. Кассир құндылықтарды қайта санап болғаннан кейiн, қоржында iс жүзiнде болған ақша сомасын контролерге хабарлайды. Қайта санау кассасының контролер-кассирi аталған соманы жолдама ведомостың бетiнде және екiншi бетiнде көрсетiлген сомамен салыстырып тексередi.
Кассир атаған және жолдама ведомоста көрсетiлген сомалар бiрдей болып шыққан жағдайда, қайта санау кассасының контролерi жолдама ведомосты немесе квитанцияны қол қою үшiн кассирге бередi. Осыдан кейiн қайта санау кассасының контролер-кассирi жолдама ведомосты немесе квитанцияны қол қойып куәландырып, соманы тексеру ведомосiне жазады. Кассир қайта саналған барлық қолма-қол ақшаны өз үстелiнiң тартпасына салады, содан кейiн контролерден басқа сумка алады.
Қоржындағы нақты бар сома мен жолдама ведомоста көрсетiлген сома арасында айырмашылық болған жағдайда, кассир бақылаушы кассирмен бiрге қайта саналған ақша сомасын құны бойынша салыстырып тексередi және құны бойынша сомасында айырмашылық болған қолма-қол ақшаны екiншi рет бiр-бiрлеп қайта санайды.
Кем болғаны немесе артық болғаны расқа шықса, сондай-ақ төлеуге жарамсыз, күмәндi және жалған (қолдан жасалған) қолма-қол ақшаның бар екенi анықталса, жолдама ведомостың бетiне және қоржынға кассир мен контролер қол қойып, акт жасайды.
Ұлттық және шетел валютасының төлемге жарамсыз және күмәнды банкноталары мен монеталары акт-тізімдемеде тіркеледі (Ережеге 3-қосымша), онда клиенттің атауы, валютаның атауы, банкноталардың (монетаның) құны, олардың нөмірі мен сериясы, жалпы сомасы, өзіне тән төлемге жарамсыздық белгілері көрсетіледі және касса бөлімшесінің басшысына беріледі. Ұлттық валютаның алынған төлемге жарамсыз және күмәнды ақша белгілері Ұлттық Банк филиалына сараптамаға жіберіледі. Төлемге жарамдылығы күмән тудыратын шетел валютасындағы ақша белгілерімен және төлем құжаттарымен жұмыс Ереженің 221-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Қайта санаған кезде табылған қолдан жасалғандығының анық белгілері бар ұлттық немесе шетел валютасындағы ақша белгілері ішкі істер органдарына немесе қаржы полициясы органдарына беріледі. Касса бөлімшесінің басшысы осындай факт туралы осы ақша белгілері табылған банктің клиентіне және ішкі істер органдарына немесе қаржы полициясы органдарына хабарлайды. Ішкі істер органдарының немесе қаржы полициясы органдарының өкілдері банкке келгеннен кейін қолдан жасалған анық белгілері бар ұлттық немесе шетел валютасындағы ақша белгілерін алып, осы ақша белгілерінің алынғаны туралы хаттама жасайды, оның бір данасы банкке беріледі.
Ішкі істер органдары немесе қаржы полициясының органдары ақша белгілерінің түпнұсқалығын растаған кезде олар клиентке өтеледі, жасанды екені белгіленгенде - ішкі істер органдарында немесе қаржы полициясының органдарында заттай айғақ ретінде қалады.
Қайта санау кассасының контролер-кассирi қолма-қол ақшаның кем боп шыққаны туралы тез арада касса меңгерушiсiне, ал қажет жағдайда қолма-қол ақшаның кем боп шығу себептерiн анықтау мақсатымен тиiстi шара қолдану үшiн банктiң басшысына хабарлауға мiндеттi.
Қайта санау кассасында әрбiр клиентке карточка арналады, онда әрбiр акт бойынша қолма-қол ақша салынған қоржындарды қайта санағанда анықталған кем немесе артық боп шыққан сома тiркеледi. Кем немесе артық боп шыққан соманы анықтаған әрбiр кассир бойынша да осындай есеп жүргiзiледi.
Банк басшылары қоржындардағы қолма-қол ақшаның артық және кем боп шығуы туралы мәлiметтердi ай сайын қарап отыруға және клиенттердiң инкассатор қоржындарына қолма-қол ақшаны дұрыс салмау оқиғасын (рекламациялық хаттар және түсiндiру жұмыстары, шарттарда көзделген айып санкцияларын қолдану) болдырмау үшiн қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi.
Ескерту: 63-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен.
64. Барлық қоржындарды ашып, қолма-қол ақшаны қайта санағаннан кейiн, контролер-кассир әрбiр кассир бойынша тексеру ведомостарында қайта саналған қолма-қол ақшаның сомасын шығарады және жолдама ведомостар мен қоржындарды түсiмдi қайта санау қорытындысын кассалық кiрiс журналына жазу үшiн және бухгалтерлiк есепте көрсету үшiн тексерушi-бухгалтерге, ал босаған қоржындарды олардың санын көрсетiп жеке кiтапқа қол қойғызып инкассация бөлiмшесiнiң (қызметiнiң) бастығына (кезекшi инкассаторға) бередi.
65. Күннiң аяғында қайта санау кассасының кассирi өзi қайта санаған және бумалаған қолма-қол ақша сомасын тексеру ведомосының мәлiметтерiмен салыстырып тексередi, кассир қайта санаған қолма-қол ақшаның жалпы сомасына кассир мен тексерушi-кассир қол қойып ол ведомосты ресiмдейдi. Касса меңгерушiсi жұмыс күнiнiң iшiнде ақша тапсырғанда да осындай салыстырып тексеру болады.
Толық бума жасауға келмейтiн банкноттар мен металл ақшаларды, түбiртектер және қаптарды кассирлер контролердiң нұсқауы бойынша тексеру парақтарына қол қойғызып, арнайы бөлiнген кассирге бередi, ол оларды өңдейдi және белгiленген тәртiппен қалыптайды.
66. Қайта саналған және жинақталған қолма-қол ақшаны кассирлер кешкi кассаның контролерiне немесе касса меңгерушiсiне тексеру парақтарына қол қойғызып бередi. Қолма-қол ақшаны қайта санау жөнiндегi құжаттар да соған берiледi.
67. Касса меңгерушiсiнiң өзi кассирлерден алған ақша сомасының қолма-қол ақшасымен касса қабылдап алған қоржындар мен босаған қаптар туралы анықтаманың мәлiметтерiне сәйкес келуiн салыстырып тексередi және оған қолын қояды.
8-тарау. Операция кассасының операциялық
күндi аяқтау тәртiбi
68. Касса айналымын касса журналымен салыстырып тексергеннен кейiн, кассирлер өздерiндегi қолма-қол ақшаның белгiленген тәртiппен қалыпталған қалдықтарын анықтамалармен және касса құжатымен бiрге касса меңгерушiсiне бередi.
Касса меңгерушiсi кассирлерден қолма-қол ақшаны, есеп жүргiзу анықтамалары мен құжаттарды алғаннан кейiн:
1) анықтамаларда қолма-қол ақшаның қалғаны қабылданған және берiлген ақшаны (құндылықтарды) есепке алу кiтабындағы жазбаларды ескере отырып шығарылғандығының дұрыстығын;
2) кассирлер өткiзген құжаттар саны мен солар бойынша сомалардың анықтамалардағы мәлiметтерге сәйкес келуiн тексередi.
Кейiннен касса меңгерушiсi операция кассасы кассирлерiнiң есеп жүргiзу анықтамалары және қабылданған қолма-қол ақша сомасы туралы журналдардағы қайта санау кассасы мен кешкi кассаның жазбалары негiзiнде, сондай-ақ ақшасын өзi жеке қабылдап алған немесе өзiне берiлген құжаттар бойынша бiр күнгi касса айналымы туралы жиынтық анықтама жасайды (Ережеге 11 қосымша) және оның қорытындысын бухгалтерлiк есептiң мәлiметтерiмен салыстырып тексередi. Бухгалтерия қызметкерi бiр күнгi касса айналымы туралы жиынтық анықтамаға қол қойып, салыстырып тексерудi куәландырады, жиынтық анықтама кассирлердiң бiр күнгi касса айналымы туралы есеп жүргiзу анықтамаларымен және құндылықтың қалдықтарымен бiрге (Ережеге 5 қосымша) сол күнгi касса құжаттарында сақталады.
Бiр күнгi касса айналымдарын тексергеннен кейiн, касса меңгерушiсi операциялық кассаның қолма-қол ақшасын және басқа құндылықтарды есепке алу кiтабына кiрiс пен шығыстың жалпы сомасын жазады және соған кассаның қалдығын, сондай-ақ келесi күннiң басындағы басқа құндылықтардың қалдығын шығарады (Ережеге 10, 37, 38), оларды құндылықтарды сақтауға жауап беретiн лауазымды адамдардың қолымен куәландырады.
69. Кассада қалған қолма-қол ақшаның қалдығы мен бухгалтерлiк есептiң мәлiметтерiнiң арасында айырмашылық болған жағдайда, касса меңгерушiсi бұл туралы тез арада айырмашылықтың себебiн анықтау мақсатымен шара қолдану үшiн банк басшысына, бас бухгалтерге және касса бөлiмiнiң бастығына хабарлайды. Артық немесе кем шыққандығы расқа шықса, акт жасалады (Ережеге 7 қосымша).
Кассаның мәлiметiнен кейiн касса меңгерушiсi касса құжаттарын брошюралайды немесе оларды қосымшаларымен бiрге касса қызметкерлерiнiң бiреуiне қалыптауға және брошюралауға бередi.
70. Касса құжаттары бойынша анықтамалар талап етiлген кезде касса құжаттарына жауап беретiн касса қызметкерi бас бухгалтерге немесе оның орынбасарына қол қойғызып бередi.
Касса бөлмесінен касса құжаттары салынған папкаларды банк басшысының жазбаша рұқсаты болғанда болмаса, сыртқа шығаруға болмайды. Жұмыс күнiнiң соңында құжаттар мiндеттi түрде кассаға қайтарылуға тиiс.
71. Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заң талаптарына сәйкес касса құжаттарын банктен алып шығуға болады. Шығарылған түпнұсқалық касса құжаттарының орнына шығарылған құжаттың касса меңгерушiсi куәландырған көшiрмесi, құжаттарды шығару туралы алысқан бүкiл хат-хабар, қаулы және шығару жөнiндегi хаттама тiгiледi.
Бiр күнтiзбелiк жылдың әртүрлi датасындағы бiрнеше касса құжаттары бiр мезгiлде шығарылатын болғанда, шығарылатын құжаттардың бiреуiнiң орнына оның көшiрмесi, құжаттарды шығару жөнiндегi қаулы және хаттама, ал басқалардың орнына құжаттарды алу жөнiндегi қаулы мен хаттаманың қайда екендiгi туралы белгi жасалған олардың көшiрмелерi қалады.
9-тарау. Касса құжаттарын ресiмдеу тәртiбi
72. Қолма-қол ақша мен құндылықтарды қабылдау және беру жөнiндегi барлық касса құжаттарында банк құндылығының сақталуына жауапты банктiң лауазымды адамдарының қолы болуға тиiс.
Чек кiтапшасын берген кезде чектiң топографиялық номерi қол қою және мөр таңбасының үлгiлерiнде тiркеледi. Клиенттерден жекелеген чектер түскен кезде банк чек номерiн қол қою және мөр таңбасының үлгiлерiнде тiркелген чек кiтапшасының номерлерiмен сәйкестiгiн тексередi. Чектерге клиенттердiң заңды лауазым иелерi қол қояды және мөр таңбамен бекiтiледi.
Ескерту: 72-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен.
73. Кассирлерде банктiң басшысы растаған және банктiң мөрiмен бекiтiлген есеп айрысу-касса құжаттарына қол қоюға рұқсат етiлген адамдардың қол қою үлгiлерi болуға тиiс.
74. Қолма-қол ақша мен құндылықтарды қабылдауға және беруге арналған кассалық құжаттар сиямен немесе шарикті қаламмен (көк немесе қара түсті) анық толтырылады және онда міндетті деректемелер (құжаттың атауы, нөмірі және күні, клиенттің толық атауы, банктік шотының нөмірі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, ақша жіберушінің коды, бенефициардың коды, төлем белгілеу коды, сондай-ақ салықтарды және басқа да міндетті төлемдер төлеуге, бюджетке түсетін салықтық емес және өзге де түсімдерге қолма-қол ақша қабылдаған кезде - бюджеттік жіктеу коды) болуға тиіс. Кассалық операция жасалатын касса құжаттарындағы сома сандармен және жазумен (сомасы жазумен бас әріптермен жазылады), айы жазумен көрсетіледі. Касса құжаттарындағы сомасы жазумен және санмен көрсетуге арналған бос орындардың асты сызылады. Касса құжаттарын түзетуге жол берілмейді.
Қолма-қол ақшаны және құндылықтарды қабылдауға және беруге арналған касса құжаттарына клиенттер, банктің кассалық және операциялық қызметкерлері қол қояды.
Міндетті деректемелерінің болуы шартымен компьютерлік жүйелерді және арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланумен толтырылған касса құжаттарының бланкілерін пайдалануға жол беріледі.
Қандай да болмасын түзетулер бар құжаттар қайта ресімдеу үшін қайтарылады.
Ескерту: 74-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен.
75. Кассалық құжаттар банктiң iшкi құжат айналымында белгiленген тәртiпке сәйкес берiледi. Клиенттердiң қолына беру көзделген құжат даналарын басқа касса құжаттарын клиенттер арқылы табыстауға, сондай-ақ клиенттерге төленген және орындалған касса құжаттарын беруге тыйым салынады.
Касса құжаттарын белгiленген форма бойынша ресiмдемей құндылықтарды қабылдауға және беруге болмайды. Ақша мен құндылықтардың касса операциясының қорытындысы бойынша пайда болған және кассалық құжаттармен ресiмделмеген артық немесе кем ақша мен құндылықтар тиiсiнше кiрiске жазылуға немесе акт жасап кассирден өндiрiп алынуға тиiс.
76. Әрбiр күнгi касса құжаттары кассаның кiрiсi және шығысы бойынша жеке-жеке баланс шоттары бойынша (нөмiрлерi өсе беретiн тәртiппен) жиналады. Баланстан тыс құжаттар баланстан тыс шоттардың нөмiрлерi бойынша жиналады: алдымен кiрiс, содан кейiн шығыс бойынша.
Кассалық құжаттар келесi жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей әр күнi жеке папка болып қалыптастырылуға тиiс.
Касса құжаттарының санақ жүргiзген қызметкер қол қойған кiрiс және шығыс бойынша жеке-жеке есептеу таспасы кассалық құжаттар алдына папкаға салынады.
Касса құжаттары салынған папкаға банктiң кiрiс және шығыс құжаттары тiгiледi. Касса құжаттары салынған папканың титулдық бетi Ережеге 19 қосымшаның деректемелерiне сәйкес ресiмделедi.
Касса құжаттарының сомасы операция кассасының қолма-қол ақшасымен және басқа құндылықтарды есепке алу кiтабымен салыстырылып тексерiлгеннен кейiн, касса құжаттары салынған папканың бетiндегi жазбаны соны қалыптастырған қызметкер және касса меңгерушiсi куәландырады.
Қолма-қол шетел валютасымен операциялар бойынша касса құжаттары кассалық ордерде валюта коды және операция орындалған күнгi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша бойынша теңгемен баламасы көрсетiле отырып, валютаның әр түрi бойынша жеке жасалады.
Ескерту: 76-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен.
77. Келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей касса құжаттары бойынша шығыс және кiрiс операцияларының қорытынды сомасын банктiң бас бухгалтерi немесе осындай операцияны жасау жүктелген адам бухгалтерлiк есептiң мәлiметтерiмен салыстырып тексеруге және оны қол қойып куәландыруға тиiс.
Жұмыс көлемi шағын болғанда касса құжаттарын бiр күнтiзбелiк айдан аспайтын мерзiмде бiрақ бiрнеше жұмыс күнi iшiнде брошюралауға рұқсат берiледi, сонда әрбiр жұмыс күнiнiң құжатына титулдық бет жабыстырылады (Ережеге 19 қосымша).
Белгiленген тәртiппен брошюраланған немесе брошюраланбаған касса құжаттары күндер бойынша жиналуға және олар толық қалыптасқанша папкада болуға және қоймадағы касса меңгерушiсiнiң жауапкершiлiгiнде немесе жеке жанбайтын сейфте (металл шкафта) банкішілік ережелермен бекітілген, бірақ бір күнтізбелік жылдан кем емес мерзім ішінде сақталуға тиiс, содан кейiн олар архивке сақтауға тапсырылады.
Ескерту: 77-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен.
10-тарау. Қолма-қол ақшамен жұмысты
ұйымдастыру тәртiбi
78. Жұмыс уақытында кiрiс және шығыс кассаларында қолма-қол ақшаны және құндылықтарды ағымдағы операцияларға қажеттi сома мөлшерiнде ғана ұстау қажет. Қалған ақша мен құндылықтардың барлығы банк қоймасында сақталуы тиiс.
79. Банк қоймасында банктiң бухгалтерлiк есебiнен өткен және касса кiтабы бойынша кiрiске алынған ақша мен құндылықтар сақталады.
80. Қойма және онда сақталатын құндылықтар, сондай-ақ кiлттер мен құндылықтарды сақтауға жауапты адамдардың мөрлерi басқа адамдарға - банктiң (банк филиалының) бiрiншi басшысының бұйрығы бойынша құндылықтарға тексеру жүргiзу жолымен уақытша өткiзiледi.
81. Кассирлер жұмыс күнi iшiнде қолма-қол ақшаны шкафтарда немесе кассир жұмыс орнында уақытша болмаған кезде кiлтпен жабылатын арбашаларда сақтауы тиiс. Осыған орай кiлттердi құлыпта қалдыруға үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады.
11-тарау. Қолма-қол ақшаны жинақтау және орау тәртiбi
82. Барлық банктерде қолма-қол ақшаны өңдеудiң, жинақтаудың және ораудың осы Ережеде белгiленген бiрыңғай тәртiбi қолданылады.
83. Кассирлер өздерi кассаға қабылдап алған қолма-қол ақшаны құнына қарай, ал содан кейiн айналымға жарамды және тозығы жеткен деп сұрыптауға мiндеттi. Тозығы жеткен банкноттар қатарына жатқызылған банкноттар айналымға жiберiлмейдi және белгiленген тәртiппен Ұлттық Банктiң филиалына мiндеттi түрде өткiзiлуге тиiс.
Кассир құнына қарай сұрыпталған жарамды және тозығы жеткен банкноттарды жинақтап, бiрқалыпты етiп (бәрiнiң бет жағын жоғары қаратып) қояды және жеке орайды.
84. Құны бiрдей әрбiр 100 (жүз) парақ банкнот бiр түпке жинақталады және көлденеңiнен бандероль түрiнде байланады. Бандерольға: банктiң атауы, банктiң сәйкестендiру коды, оралған күнi, қолма-қол ақшаны сұрыптаған және қайта санаған кассирдiң жеке мөртабаны мен қолы қойылады.
Құны бiрдей әрбiр 10 (он) түп банкнот үстiңгi және астыңғы жағынан стандартты жапсырмасы бар 1000 (мың) парақтан бiр бумаға жинақталады және түйiнсiз, үзiксiз шпагатпен крест түрiнде екi байламды төрт тұйық түйiнмен оралып байланады.
Үстiңгi стандартты жапсырмада банктiң атауы, банктiң сәйкестендiру коды, құны, сомасы, оралған күнi, кассирдiң қолы, қолма-қол ақшаны санаған және бумаға жинақтаған кассирдiң жеке мөртабаны мен немесе жеке коды қойылады. Тозығы жеткен қолма-қол ақшаның үстiңгi жапсырмасында жоғарыда аталған деректемелерден басқа "Тозығы жеткен" деген қосымша мөртабан қойылады. Кассир астыңғы жапсырма жағындағы түйiннiң жанынан шпагаттың екi ұшына пломба қояды.
Банкнот бумасын орау кезiнде шпагат пайдаланумен бiрге вакуумдық орағыштарды пайдалануға болады.
Қолма-қол ақшаны вакуумдық орағыштардың көмегiмен 1000 (мың) парақтан полиэтилен пакеттерге орау кезiнде банкноттар белгiленген тәртiппен 100 (жүз) түптен түбiртекке жинақталады. Үстiңгi стандартты жапсырмаға жоғарыда көрсетiлген барлық деректемелер қойылады. Қосылған тiгiсiне клишенiң көмегiмен банктiң сәйкестендiру коды және қолма-қол ақшаны жинақтаған және ораған кассирдiң жеке коды қойылады.
85. Кассирде қалған, толық бумаға және түпке жинақтауға келмейтiн қолма-қол ақша бiрiктiрiлу және оралу үшiн арнайы бөлiнген кассирлерге қабылданған және берiлген ақшаны (құндылықтарды) есепке алу кiтабына қол қойғызып бередi.
Кассирлер бiрiктiру және орау кезiнде қабылданған банкноттарды толық емес бiр-бiрлеп түпке жинақтауға келмейтiн қолма-қол ақша түрлi құндылықтағы банкноттардан тұратын бумаға оралады. Сонымен бiрге бумадағы банкноттардан деректемелерiн ресiмдемей бiр жалпы бандероль жасайды. Буманың үстiңгi жапсырмасында банктiң атауы, банктiң сәйкестендiрiлген коды, әрбiр құндылықтағы банкноттың саны және сомасы, жалпы салым сомасы, оралған күнi, қолма-қол ақшаны қайта санаған кассирдiң коды (жеке мөртабаны және қолы) көрсетiледi.
Түрлi кассирлерден қабылданған толық түбiршектердi құрама бумаға жинақтауға тыйым салынады, бұл түбiршектердiң барлығы мiндеттi түрде бiр-бiрлеп қайта санауға жататындар. Одан кейiн барлық толық түбiршектер құндылықтары бойынша iрiктеледi және толық бумаға оралады.
Толық бумалар жинақтауға болмайтын кейбiр түптер бiр құндылықтағы толық емес бумаларға немесе түрлi құндылықтағы қолма-қол ақша бумаларына оралады, бiрақ бiр бумада он түптен артық емес. Бумалардың жоғарғы жапсырмаларына: банктiң атауы, банктiк бiрыңғай код, жинақталған күнi, қолма-қол ақшаны қайта санаған кассирдiң коды (мөртабаны және қолы) қойылады және әрбiр құндылықтағы банкноттардың құны, саны және сомасы, салымның жалпы сомасы жеке жазылады, ал әртүрлi құндылықтардағы түптерден тұратын бумаларға қосымша - "Құрама" мөртабаны қойылады. Құрама бумалар операциялық касса қалдығында он күнтiзбелiк күннен артық сақталмайды.
Құрама және толық емес бумалар, сондай-ақ операциялық касса қалдығында қалған толық емес түптерден тұратын бумалар оларды бiрiктiру үшiн касса меңгерушiсiнiң қолма-қол ақшаны (құндылықтарды) қабылдау және беру есеп кiтабына қол қойғызып арнайы бөлiнген касса қызметкерiне берiледi. Мұндай жағдайда оны жинақтаған касса қызметкерлерiнiң қолма-қол ақшаны қайта санауына және бiрiктiруiне болмайды.
Тексеру үшiн қайта санауға iлiккен қолма-қол ақша Ереженiң 85-тармағына сәйкес оралады, сонымен бiрге бандерольдерге және жоғарғы жапсырмаларға қосымша "қайта есептеу" мөртабаны қойылады.
"Тозығы жеткен", "Құрама", "Тексеру үшiн қайта есептеу" мөртабандары жоғарғы жапсырмаларға, ал бандерольдерге - тек қана "Тозығы жеткен" және "Тексеру үшiн қайта есептеу" мөртабандары қойылады.
86. Клиенттерге сол күнi беруге арналған банкнот бумаларында тек жоғарғы жапсырмалар болады, шпагатпен крест түрiнде байланып, шпагат ұштарына пломбы қойылмайды немесе вакуумдық орағыштардың көмегiмен полиэтилен пакеттерге салынады.
Кассирлер металл ақшаны құны бойынша қапшықтарға (қалташаларға, тюбиктерге) толық және толтырмай жинақтауларына болады. Бiр қапшыққа номиналы бойынша мынадай көлемде металл ақша салынады:
1 теңгелiк - 3000 (үш мың) дана;
3 теңгелiк - 2000 (екi мың) дана;
5 теңгелiк - 1500 (бiр мың бес жүз) дана;
10 теңгелiк - 1000 (бiр мың) дана;
20 теңгелiк - 500 (бес жүз) дана;
50 теңгелiк - 500 (бес жүз) дана;
Бiр қапшыққа номиналы бойынша жаңа металл ақша ретiнiң мынадай көлемi салынады:
1 теңгелiк - 4000 (төрт мың) дана;
2 теңгелік - 4 000 (төрт мың) дана
5 теңгелiк - 3000 (үш мың) дана;
10 теңгелiк - 2500 (екi мың бес жүз) дана;
20 теңгелiк - 2500 (екi мың бес жүз) дана;
50 теңгелiк - 1500 (бiр мың бес жүз) дана;
100 теңгелік - 1 000 (бір мың) дана.
Банктер әр түрлі номиналдағы монеталар салынған, салмағы 7 килограмнан аспайтын құрама қапшықтарды қалыптастыра алады.
Металл ақшаны iшiнара алған немесе қапшыққа қосымша салған кезде кассирлер металл ақшаның қалдығын мiндеттi түрде бiр-бiрлеп, ал буылып-түйiлген металл ақшаны - пакеттердегi (тюбиктердегi) жазулар бойынша қайта санау керек.
Ескерту: 86-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен.
Достарыңызбен бөлісу: |