«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы»



бет4/13
Дата13.06.2016
өлшемі0.91 Mb.
#133727
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

3. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы жоспарлау, бағдарламалау және стандарттау мәселелері. Экологиялық нормалары және қоршаған ортаға әсердің жол беруге болатын шекті нормативтері.

Экологиялық нормалаудың мақсаты экологиялық қауiпсiздiктi, экологиялық жүйелер мен биологиялық әртүрлiлiктi сақтауды қамтамасыз ететiн қоршаған орта сапасын реттеу және оған жол беруге болатын әсердi белгiлеу болып табылады.

Экологиялық нормалау процесiнде қоршаған орта сапасының нормативтерi, эмиссиялар нормативтерi және табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау саласындағы нормативтер белгiленедi.

Қоршаған орта сапасының нормативтерiне:

1) қоршаған орта жай-күйiнiң химиялық көрсеткiштерiне сәйкес белгiленген нормативтер, оның iшiнде радиоактивтi заттарды қоса алғанда, жол беруге болатын шектi шоғырлану, химиялық заттардың шамалап алынған қауiпсiз деңгейлерiнiң нормативтерi;

2) қоршаған орта жай-күйiнiң физикалық көрсеткiштерiне сәйкес белгiленген, оның iшiнде шудың, тербелiстiң, магнит өрiстерiнiң, радиоактивтiлiктiң, жылудың және өзге де физикалық әсерлердiң жол беруге болатын шектi деңгейлерiнiң нормативтерi;

3) қоршаған орта жай-күйiнiң биологиялық көрсеткiштерiне сәйкес белгiленген, оның iшiнде қоршаған орта сапасының индикаторлары ретiнде пайдаланылатын өсiмдiктердiң, жануарлардың және басқа да организмдердiң түрлерi мен топтарының нормативтерi, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен және нормалармен, гигиеналық нормативтермен регламенттелетiн, микроорганизмдердiң жол беруге болатын шектi шоғырлану нормативтерi: топырақ бонитетi, қарашiрiндiнiң құрамы, топырақтың су және жел эрозиясына ұшырау, олардың батпақтану, сортаңдану, тұздану көрсеткiштерi және жер топырағының басқа да сипаттамалары; аумақтың ормандылығы және онда орман өсiру, орманның қоқыстануы, ормандардың санитарлық жай-күйi, орман қорының жекелеген учаскелерiнiң басқа да сандық және сапалық көрсеткiштерi;  ауыз суға және өзге де мақсаттарға пайдаланылатын су сапасының нормативтерi; табиғи ресурстар жай-күйiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де нормативтерi; 

4) қоршаған орта сапасының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де нормативтерi жатады. 

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган жол беруге шектi шоғырлану нормативтерiн белгiлеу мақсатында зиянды заттарды қауiптiлiк дәрежесiне қарай сыныптауды қамтитын, ықтимал қауiптi химиялық заттарды мемлекеттiк тiркеудi жүргiзедi. Мемлекеттiк тiркеуден өткен химиялық заттарды Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берiледi. 

Жол беруге болатын шектi шоғырлану және заттардың шамамен алынған қауiптiлiк деңгейлерiнiң нормативтерiн белгiлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы заңнамаларында, Қазақстан Республикасының жер заңнамасында  айқындалады. Жекелеген аумақтар үшiн қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi белгiленуi мүмкiн. 

Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi қоршаған орта сапасын бiрте-бiрте жақсарту қажеттiгi ескерiле отырып, қоршаған ортаның нормаланатын параметрлерiнiң белгiлi бiр уақыт кезеңiне арналған шектi деңгейiн реттейдi.

Қоршаған орта сапасының әртүрлi нысаналы көрсеткiштерi: 

1) қоныстану аумағы;

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;

3) рекреациялық аймақтар;

4) шөл және шөлейт аудандар;

5) су объектiлерi үшiн белгiленуi мүмкiн. 

Эмиссиялар нормативтерiне:

1) эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi;

2) ластаушы заттардың жол беруге болатын шектi шығарындылары мен төгiндiлерiнiң нормативтерi;

3) өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтерi

4) жол берiлетiн физикалық әсер (жылу мөлшерiнiң, шу, тербелiс, иондаушы сәуле және өзге де физикалық әсерлер деңгейiнiң) нормативтерi жатады.


      Эмиссиялар нормативтерi аумақтардың және акваторияның табиғи ерекшелiктерi ескерiле отырып, қоршаған орта сапасы нормативтерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге тиiс және жол берiлетiн шектi шоғырлану немесе қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi негiзiнде есептеледi.
      Эмиссиялар нормативтерiнiң шамалары шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына терiс әсерiн азайту мақсатында экологиялық рұқсаттар беру мен қажеттi техникалық iс-шаралар өткiзу қажеттiгi туралы шешiмдер қабылдауға негiз болып табылады. 

Эмиссиялар нормативтерiнiң жобалары шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған ортаға әсерiн бағалау құрамында не жекелеген құжаттар түрiнде негiзделедi.

Эмиссиялар нормативтерiн әзiрлеудi қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады. 

Жекелеген көздер бойынша эмиссиялар нормативтерi эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерiне теңестiрiлiп белгiленедi не қоршаған орта сапасының нормативтерi негiзiнде есептеу арқылы айқындалады.

Эмиссиялар нормативтерiн есептеу арқылы айқындау әдiстемесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.

Табиғи ресурстарды қорғау мен молықтыру мақсатында табиғи ресурстар жай-күйiнiң нормативтерi белгiленедi.

рәсiм.

Қоршаған ортаға әсердi бағалау қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тiкелей немесе жанама әсер етуi мүмкiн болатын кез келген шаруашылық және өзге де қызмет түрлерi үшiн мiндеттi болып табылады.
      Қоршаған ортаға әсер ететiн шаруашылық және өзге де жобаларды, қоршаған ортаға әсерiн бағаламай әзiрлеуге және iске асыруға тыйым салынады. Әсердi бағалау нәтижелерiн жоспарлау алдындағы, жоспарлау құжаттамасының, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасының ажырамас бөлiгi болып табылады.

Жобаланып жатқан және жұмыс iстеп тұрған объектiлердiң перспективалық қызметi осы Кодекстiң талаптарына сәйкес қоршаған  ортаға әсерiн бағалауға жатады.

Жобалардың тапсырыс берушiсi (бастамашысы) мен әзiрлеушiсi қоршаған ортаға әсер етуге жүргiзiлген бағалау нәтижелерiн ескеруге және қоршаған орта мен адам денсаулығына неғұрлым аз зиян келтiретiн нұсқаның қабылдануын қамтамасыз етуге мiндеттi. 

       Қоршаған ортаға әсердi бағалау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қала құрылысының және құрылысты жобалаудың кезеңдерi ескерiле отырып, дәйектi түрде жүзеге асырылады. 


      Қоршаған ортаға әсердi бағалау мынадай кезеңдердi қамтиды:   

1-кезең. Аумақты бағалау (қоршаған ортаның жай-күйiн шолу), объектiнi орналастыруға арналған учаскенi оңтайлы таңдауды негiздеу үшiн орындалады;

2-кезең. Инвестициялардың негiздемесiне (жобалардың техникалық-экономикалық негiздемесiне) iлесе жасалатын қоршаған ортаға әсердi алдын ала бағалау;

3-кезең. Әсердi бағалау, ол жобаны iске асырудың немесе шаруашылық және өзге де қызметтi одан әрi жүзеге асырудың ықтимал әсерлерiн толық және кешендi талдау, баламалы нұсқаларды негiздеу және қоршаған ортаны қорғауды басқару жоспарын (бағдарламасын) әзiрлеу мақсатында орындалады;

4-кезең. Жұмыс жобасы құрамындағы "Қоршаған ортаны қорғау" бөлiмi, ол қоршаған ортаға қолайсыз әсерлердi болдырмау жөнiндегi техникалық шешiмдердi қамтиды; 

5-кезең. Жобалаудан кейiнгi талдау, ол шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асыру басталғаннан кейiн бiр жыл өткен соң объектiнiң қоршаған ортаға қауiпсiздiгiн растау және табиғат қорғау iс-шараларына түзету енгiзу үшiн жүзеге асырылады. 

Қоршаған ортаға әсердi бағалауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге лицензия алған жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады. 

Қоршаған ортаға әсердi бағалау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыруды жоспарланып отырған қызметтің тапсырыс берушiсi (бастамашысы) қамтамасыз етедi.

Қоршаған ортаға әсердi бағалау әзiрленiмiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар шартқа сәйкес қоршаған ортаға әсердi бағалау жүргiзуден алынған нәтижелердiң дұрыстығы, толықтығы мен сапасы үшiн тапсырыс берушi алдында жауапты болады.

Қоршаған ортаға әсердi бағалау рәсiмiн орындау кезiнде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

Қоршаған ортаға әсердi бағалау процесiнде:

1) тiкелей әсер - объектiнi орналастыру ауданында жоспарланып отырған негiзгi және iлеспе қызмет түрлерiнiң тiкелей тигiзетiн  әсерi;

2) жанама әсер - жобаны iске асыру салдарынан пайда болатын жанама (кейiнгi) факторлардан туындайтын қоршаған ортаға әсер;

3) кумулятивтiк әсер - жобаны iске асыруға iлесе жасалатын, өткен, қазiргi немесе негiзделiп алдын ала болжанатын iс-әрекеттерден туындайтын, үнемi ұлғаю үстiндегi өзгерiстер салдарынан пайда болатын әсер есепке алынуға тиiс.

Қоршаған ортаға әсерiн бағалау жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызмет маңыздылығы мен толымдылығы бойынша I, II, III, IV болып 4 санатқа бөлiнедi.

I санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 1 және 2-сыныбына жататын қызмет түрлерi, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалардан басқа пайдалы қазбаларды барлау мен өндiру жатады.

II санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 3-сыныбына жататын қызмет түрлерi, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларды өндiру, орман пайдалану мен суды арнайы пайдаланудың барлық түрлерi жатады.

III санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 4-сыныбына жататын қызмет түрлерi жатады.

IV санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 5-сыныбына жататын қызмет түрлерi, сондай-ақ әуесқойлық (спорттық) балық аулау мен аң аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдаланудың барлық түрлерi жатады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Мемлекеттің қоршаған ортаны басқару саласының ерекшелігі

2. Мемлекеттік қоршаған ортаны бақылау органдары

3.Қоршаған ортаны бағалау процессі

4.Қоршаған ортаға әсерді бағалау сатылары
Тақырып 6. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері

1. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің түсінігі мен құрамдас элементтері.

2. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау мен қаржыландыру.

3. Экологиялық төлемдер мен алымдарды алу және есептесу тәртібі. Экологиялық сақтандыруды құқықтық реттеу.

1. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің түсінігі мен құрамдас элементтері.

Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеудің мақсаттары төлемдер жүйесін қалыптастыру мен табиғи ресурстарды молайту және ұтымды пайдаланудың тұрақты экономикалық негізін құру, сондай-ақ мемлекеттің мүдделері мен табиғат пайдаланушылардың мүдделерін экономикалық жағынан қорғау болып табылады.

Экономикалық әдістер мыналарға бағытталған: шаруашылық қызметінің субъектілері материалдық шығынды анықтау арқылы өзінің шаруашылық қызметінде қоршаған ортаның ластануын азайтуға мүдделі болуы керек. Сөйтіп, экологиялық қатынастар субъектілеріне ықпал етудің экономикалық әдістерінің жүйесі қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыруға жәрдемдеседі.

Осы көзқарасты сондай-ақ Б.В. Ерофеев те ұстанып отыр, ол былай деп есептейді: «Қоршаған ортаны экономикалық жағынан реттеу заңның экологиялық талаптарын сақтауда экономикалық мүддені қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылады».

Табиғат қорғау қызметінің тиімділігі қаржы ынталылығын жасаумен аныкталады, ал табиғат пайдаланушыларды табиғат қорғау шаралары мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды жүргізуге ынталандырудың өзі қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдаланудың көмегімен жүргізілуге тиіс.

Экономикалық тетік ұғымына келсек М.М. Бринчук былай деп есептейді: «Табиғат қорғаудың экономикалық тетігі дегенннен қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдаланудың занда көзделген экономикалық шараларды камтамасыз етудің жиынтығы ұғынылады».

Сондай-ақ инновацияларды және табиғи ресурстарды ұтымды паидалануды енгізу, неғұрлым тиімді аз калдықты технологияны дамытумен енгізу.

В. В. Петровтың пікірі бойынша, экономикалық тетіктің құрамына тұрақты жұмыс істейтін институттар, оларсыз калыпты қызмет атқара алмайды, сондай-ақ нарықтық қатынастарға көшетін қатынастар негізінде пайда болған жаңа институттар жатады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының 2004-2015 жывдарға арналған экологаялық қауіпсіздік Тұжырымдамасына сәйкес табиғат пайдаланудың жаңа экономикалық тетіктері баға белгілеудің жүйесіне экологиялық сипаттамаларды, табиғат пайдалануға ақы төлеу жүйесін жетілдіруді және міндетті экологиялық сақтандыруды көздейді.

ҚР-ның ЭК-нің 95 бабында Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетiктерiнiң түрлерi көзделген:

1) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау мен қаржыландыру;


2) қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн ақы төлеу; 

3) табиғи ресурстардың жекелеген түрлерiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеу;


4) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру;

5) нарықтық тетiктер және қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн квоталарды сату;

6) экологиялық сақтандыру;

7) қоршаған ортаға келтiрiлген залалды экономикалық бағалау қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетiктерiнiң түрлерi болып табылады. 

Экономикалық тетіктің рөлі ең алдымен мынамен анықталады: ол табиғатты және қоршаған ортаны ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл міндет осы тетікке жататын барлық экономикалық шараларды дәйекті түрде жүзеге асыру арқылы іске асырылады.

Экономикалық шаралар мен оның әдістері салалық табиғи ресурстар актілерінде де көзделген. Мысалы, ҚР-ның 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 104-бабына сәйкес орман қорын күзетудің, қорғаудың, пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсірудің экономикалық принциптері мен әдістері:

1) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсіру іс-шараларын жоспарлау;

2) мемлекеттік орман қорында Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нормалар мен нормативтерге сәйкес орман шаруашылығын жүргізуді қаржыландыру;

3) орман ресурстарын және ормандардың пайдалы қасиеттерін ақылы түрде пайдалану;

4) ерекше қорғалатын орман аумақгарын ақылы түрде пайдалану;

5) Қазақстан Республикасының аумағында орманды өңірлерді үлғайтуды ынталандыру;

6) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік орман иеленушілердің және орман пайдаланушылардың жауапкершілігін сақтандыру болып табылады.

ҚР-ның Су кодексінің 132-бабына сәйкес экономикалық реттеудің негізгі түрлері:

1) су пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген төлемдер мен алымдарды алу;

2) су объектілерін ұтымды пайдалану мен қорғаудың бекітілген бағдарламаларын әзірлеу және қаржыландыру;

3) Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес жеке және занды тұлғалардың ресурстар сақтауға қалдығы аз технологияларды және энергияның дәстүрден тыс түрлерін енгізу және игеруі, су ресурстарын қорғау мен ұтымды пайдалану жөніндегі басқа да тиімді шараларды жүзеге асыруы кезінде оларға кредиттік және өзге де жеңілдіктер беру;

4) қоғамдық қорлар құру және оларды су объектілерін қалпына келтіру мен қорғау үшін пайдалану болып табылады.

Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуде экономикалық шаралар рөлін сипаттаған кезде мынаны атап көрсету керек: табиғат қорғау қызметін басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістері бір-біріне баламалы болып табылмайды. Керісінше, олар бір-бірін толықтырады және табиғат қорғау қызметімен басқарудың әкімшілік және экономикалық әдістерін қолдануды оларды оңтайлы ұштастыру бағытында реттеудің маңызы зор.

Петров В.В. сондай-ақ былай деп пайымдайды: «қазіргі кезеңде экологиялық қатынастарды реттеудің негізгі белгісі экономикалық ынталандыру арқылы қоршаған табиғи ортаны қорғауда әкімшілік-құқықтық құралдарды ұштастыра жүргізуде болады».

Экономикалық тетіктің ынталандырушылық қызметі олардың атына қойылған экономикалық заңның талаптарын табиғат пайдаланушылардың ынталылығы жағдайын жасауда болып табылады.

ҚР-ның ЭК-нің 103-бабына сәйкес Табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды тиiмдi жүзеге асыруын экономикалық ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақының шектi ставкаларын бекiтуi мүмкiн. 

Сонымен бірге экономикалық ынталандыру шаралары салалық нормативтік-құқықтық актілерде де көзделуі мүмкін. Мысалы, ҚР-ның Орман кодексінің 106-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының орманды аумағын арттыруды экономикалық жағынан ынталандыру мыналар арқылы:

1) Казақстан Республикасының зандарына сәйкес босалқы жерлерден ауыл шаруашылығында пайдалануға жарамсыз өзге де жер санаттарынан орман қорына жер бөлу;

2) Қазақстан Республикасының салық зандарына сәйкес, орман өсіруді ынталандыру және арнайы мақсаттағы плантациялар, агроорман мелиорациялық және өзге де қораншылық екпелер жасау;

3) Республикасының сүрек ресурстарына мүқгажын қамтама-сыз ету мақсатында өнімі жоғары плантациялық екпелер отырғы-зуға ынталандыру;

4) селекциялық-гендік негіздегі түқым қуалау сапасы жақсартылған орман тұқымдарын және отырғызылатын материалдарды өндіру мен қолдануды ынталандыру;

5) шаруашылығына инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау жолымен жүзеге асырылады.

2. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау мен қаржыландыру

Республика әлеуметтік және экономикалық процестердің дамуы мен күшеюі жүріп жатқан қазіргі кезенде қоршаған ортаға антропогендік ықпалдың келеңсіз зардаптарын мейлінше азайтуға мүмкіндік беретін табиғат ресурстарын пайдалануда салақтыққа жол бермейтін жоспарлау, сондай-ақ қатынастардың қарастырылып отырған саласында құқықтық талаптардың негізгі кепілдіктерінің бірі болып табылатын қоршаған ортаны қорғаудың тиімділігіне қол жететін болады.

ҚР ЭК-нің 96-бабына сәйкес Қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдық, әлеуметтiк және экономикалық шаралар кешенi қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар болып табылады.

Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға:

1) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған; 

2)  қоршаған ортаның сапалық сипаттамаларын арттыру арқылы қоршаған орта құрауыштарының жай-күйiн жақсартатын; 

3) экологиялық жүйелердiң жай-күйiн тұрақтандыру мен жақсартуға, биологиялық әртүрлiлiктi сақтауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға ықпал ететiн;

4) қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына залал келтiрудiң алдын алатын және оларды болғызбайтын;

5) қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты ұтымды пайдалануға және қоршаған ортаны басқарудың халықаралық стандарттарын енгiзуге бағытталған әдiстер мен технологияларды жетiлдiретiн; 

6) өндiрiстiк экологиялық бақылауды дамытатын; 

7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық жүйелердi қалыптастыратын және экологиялық ақпарат беруге ықпал ететiн;

8) экологиялық бiлiмдi насихаттауға, тұрақты даму үшiн экологиялық бiлiм мен ағарту iсiне ықпал ететiн iс-шаралар жатқызылады. 



Жоспарлау процесі экономикалық қажеттіктері мен қоршаған ортаның жай-күйі және оның компоненттері арасындағы оңтайлы ара қатыстылығының үйлесімін қамтамасыз ететін экологиялық болжамдардың алдағы әзірленуі үшін сапалық сипаттамалары мен көрсеткіштерінің болуын көздейді.

Қазіргі кезде табиғи ресурстарды пайдаланатын салалық ведомстволар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің, сондай-ақ ғылыми-зерттеу мекемелері мен қоғамдық табиғат қорғау ұйымдары арасындағы өзара нашар байланысы сияқты факторлар, ғылыми-негізделген экологиялық көрсеткіштер жұйесінің шектеліп әзірленуі қоршаған ортаны жоспарлау процесіне келеңсіз ықпал етуі мүмкін.

Осының салдарынан бұл саладағы қазіргі танда неғүрлым болашағы бар бағыттар мыналар болып табылады: жоспарлаудың ғылыми негізділігін жақсарту, әр тұрлі ведомстволардың жоспарланған шараларын іске асыру процесіне ғылыми-зерттеу және мамандандырылған қоғамдық ұйымдардың белсенді түрде қатысуы, оларды іске асырудың кешенді-мақсатты бағдарламалары мен қүқықгық кепілдіктерін бекіту, Қазақстан Республикасы дамуы-ның стратегиялары мен тұжырымдамалары бар осы бағдарламалардың өзара іс-қимылын анықтайтын айқын құқықтық ережелерін әзірлеу, мұның өзің өз кезегінде қарастырылып отырған саладағы салааралық мүдделерді келісуді және үйлестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Табиғат пайдаланудың әр түрлі бағыттары бойынша экологиялық бағдарламалар мен тұжырымдамапарды әзірлеу мен іске асыру саласындағы мемлекеттік органдардың тұжырымдамасы ҚР-ның ЭК көзделген. Мысалы, ҚР-ның үкіметі мемлекеттік экологиялық бағдарламаларды әзірлейді және оларды ҚР Президентіне бекітуге ұсынады, шараларды табиғат қорғау шараларына жатқызу тәртібін белгілейді, шараларды қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларға жатқызу ережелерін бекітеді.

Шараларды қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларға жатқызу Ережелері негізінде облыстың қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларның тізбесін әзірлеп, бекітеді. ҚР-ның Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2004 жылғы 4 қазандағы N 269- п «Шараларды табиғат қорғау шараларына жатқызу тәртібін және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес бұл тізбекке мынадай шаралар жатады:

1. Су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану, тазарту құрылыстарын (жобалау, салу және қайта құру, барлық түрдегі айналым және сарқынсыз сумен жабдықтау жүйелерін енгізу мен қайта құру; сарқынды су жинағыштарын қайта құру мен жою және олардың қоршаған ортаға ықпалының зардаптарын жоюға бағытталған шараларды жүргізу; сапаны бақылаудың, ағынды сулар тастандыларының құрамы мен көлемдерінің автоматтандырылған жүйесін құру және енгізу; жер үсті және жер суларынң арының ластануын болдырмайтын және жоятын осы суларды қорғау жөніндегі шараларды орындау; судың сапасын жақсарту жөнін-дегі шараларды жүзеге асыру; су тұтынуды, ағызып жіберілетн ластанған сулардың сапасын және т.б. нормалау).

2. Ауа бассейнін қорғау (атмосфераға зиянды шығарындылардан кететін газдарды тазарту өдістерін әзірлеу жөніндегі тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғыларын салу, атмосфералық ауаның ластануын бақылаудың автоматтандырылған жүйесін құру; отын-ның баламалы түрлеріне көшу және қоғамдық электр көлігін пайдалануды ұлғайту, тозаң-газ бөлетін ұйымдасқан және ұйымдаспаған көздерді бітеу және жою; жер қойнауын пайдалану объектілерінде шаңды басу жөніндегі шараларды жүргізу; атмосфералық ауаның жай-күйін байқау бекеттерін салу мен қалпына келтіру; санитарлық-қорғаныш аймақтарын жобалау, салу және абаттау; ілеспе газдарды кәдеге жарату немесе кдйталап пайдала-ну; атмосфералық ауаның ластау көздерінің шығарындыларын нор-малаужәне т.т.).

3. Жер ресурстарын қорғау (жерді тозудан, шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, өндіріс және тұтыну қалдықтарының басып қалуынан және химиялық, биологиялық , радиоактивті және басқа да зиянды заттармен ластануынан қорғау; бұзылған жерлерді қалпына келтіру, жердің құнарлылығы мен басқа да пайдалы қасиеттерін қалпына келтіру мен жақсарту және оны қазіргі талапқа сай шаруашылық айналымына енгізу; жер ресурстарын кешенді әрі ұтымды пайдалану жөніндегі шаралар, сондай-ақ олардың жай-күйін бағалау жұмыстарын жүргізу; топырақтың ластануын бақылау жүйесін құру, топырақгың ластануын бақылау жөніндегі зертханаларды сатып алу мен жарақтандыру және т.б.).

4. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау (шаруашылық қызметін жүзеге асыру кезінде биологиялық әралуандыққа катерді болғызбау; қоршаған ортаның ортадағы жай-күйін анықтау үшін экологиялық зерттеулер жүргізу, өнеркәсіп қызметінің экологи-ялық жүйеге ықтимал келеңсіз ықпалын анықгау және осындай жағдайлар жөніндегі шараларды жоспарлау; жабайы жануарлардың, құстар мен балықтардың санын молайту, қалпына келтіру жөніндегі биотехникалық шараларды жүргізу; ерекше қорғалатын аумақгарды құру мен жайғастыру үшін табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу; шөлейттенуге және баска да қолайсыз экологиялық факторларға бейімделген жерді көгалдандыру; аумақгарды орман өрттерінен кейін, орманды қалпына келтіруден кейін оңалту және т.б.).

5. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын пайдалану (қалдықтардың кез келген түрлерін өңдеу, сұрыптау және жағу жөніндегі зауыттарды жобалау, салу және жаңғырту; иесіз қалдықгардың кез келген түрлерін жинау, тасымалдау мен зиянсыздандыру жөніндегі технологияларды сатып алу мен енгізу: өндіріс пен тұтыну қалдықтарынан шикізат немесе дайын өнім алу үшін қондырғылар-ды орнату; рүқсат қоқыс төгінділерін жою жөніндегі шаралар; үймектелетін қалдықтар құрамын бақылау жүйелерін қүру, қалдықтар құрамын бақылау жөніндегі зертханаларды сатып алу мен жарақгандыру; иесіз объектілерді орналастыру мен қалдықгарды көмуді экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес келтіру мен оларды жайғастыру жөніндегі шаралар және т.б.)

Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі шараларды жоспарлау ұзақ болашаққа есептеліп жүргізіледі және мұндай жоспарлау неғұрлым егжей-тегжейлі әрі айқын тәртіптеуді қажет етеді, оның болмауы табиғатты құқықтық қорғау проблемаларын әдістемелік жағынан негізделген, бәрін қамтитын шешімді қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Осымен байланысты қоршаған ортаның жай-күйі туралы бастапқы материалды жинауды, талдау мен ғылыми жинақтауды одан әрі жетілдіру қажет, сондай-ақ болашақтағы және ағымдғы тиісті жобаларды жасау үшін негіз болып табылатын көрсеткіштер жүйесін әзірлеудің және одан әрі дамытудың зор маңызы бар.

ҚР ЭК-тің 97-бабына сәйкес Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру:

1) бюджет қаражаты;

2) табиғат пайдаланушылардың өз қаражаттары;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.

Әртүрлi деңгейдегi бюджеттерден қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар мемлекеттiк, салалық (секторлық) және өңiрлiк бағдарламаларда белгiленетiн бағыттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерiне сәйкес айқындалады.

Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын экологиялық бағдарламаларды, жоспарларды әзiрлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен белгiленедi.

Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар Қазақстан Республикасының, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламаларына, жоспарларына, белгiлi бiр аумақтың экологиялық бағдарламаларына, жоспарларына енгiзiледi.

Өңiрлiк экологиялық бағдарламалар, жоспарлар және тиiстi аумақтың әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламалары, жоспарлары олар бекiтiлгенге дейiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлуге жатады.

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары инвестициялық экологиялық жобаларды (бағдарламаларды) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әзiрлеп, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға табыс етедi. 

Экологиялық бағдарламаларды әзiрлеу үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстары жүргiзiлуi мүмкiн, оларды өткiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. 

Табиғат пайдаланушының өз қаражаты есебiнен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды табиғат пайдаланушы дербес жоспарлайды. 

Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар табиғат пайдаланушы экологиялық рұқсаттар алу үшiн әзiрлейтiн қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспарына енгiзiледi.

Өзге де көздер есебiнен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет