зiлзала салдарынан зардап шеккен адамдарға
келтiрiлген зиянды өтеу
Төтенше экологиялық жағдайдың немесе экологиялық зiлзаланың салдарынан зардап шеккен адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес өздерiне келтiрiлген зиянды өтетуге, сондай-ақ әлеуметтiк қорғалуға құқығы бар.
178-бап. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық
зiлзала аймақтарындағы экологиялық жағдайдың
мониторингi
1. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зiлзала аймақтары аумағында, сондай-ақ оларға iргелес жатқан аумақтарда мемлекеттiк нысаналы бағдарламалар шеңберiнде қоршаған ортаның және халықтың денсаулығының жай-күйiне арнайы бақылау мен зерттеулер жүргiзiледi.
2. Бақылау және зерттеу объектiлерi:
1) төтенше экологиялық жағдайдың немесе экологиялық зiлзаланың туындауына әкеп соқтырған факторлар;
2) төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зiлзала аймағы аумағындағы қоршаған ортаның және халықтың денсаулығына әсер ететiн келеңсiз өзгерiстер болып табылады.
179-бап. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық
зiлзала аймақтарында құқықтық режимнiң
қолданысын тоқтату
Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы және экологиялық жағдайдың қалыпқа түсуiн куәландыратын зерттеу материалдарының негiзiнде төтенше экологиялық жағдай аймақтарында құқықтық режимнiң қолданысы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен, ал экологиялық зiлзала аймақтарында құқықтық режимнiң қолданысы - Қазақстан Республикасы заңымен тоқтатылуы мүмкiн.
180-бап. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық
зiлзала аймақтарында құқықтық режимдi
бұзушылық үшiн жауаптылық
Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зiлзала аймақтарында құқықтық режимнiң бұзылуына кiнәлi жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
7-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
БIЛIМ БЕРУ МЕН АҒАРТУ, ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
25-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН АҒАРТУ, МАМАНДАРДЫҢ
БIЛIКТIЛIГIН АРТТЫРУ
181-бап. Экологиялық бiлiм беру мен ағартудың,
мамандардың бiлiктiлiгiн арттырудың мақсаты
және негiзгi мiндеттерi
1. Экологиялық бiлiм беру мен ағартудың мақсаты орнықты даму принциптерiне негiзделген азаматтардың белсендi өмiрлiк ұстанымын және қоғамдағы экологиялық мәдениеттi қалыптастыру болып табылады.
2. Қазақстан Республикасындағы экологиялық бiлiм беру, экологиялық ағарту және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру орнықты дамуға арналған бiлiм жүйесiнiң бiр бөлiгi ретiнде дамиды.
3. Экологиялық бiлiм беру мен ағарту, мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру саласындағы негiзгi мiндеттер:
1) экологиялық бiлiм берудiң мазмұнын өзектi ету, бiлiм беру ұйымдарын қазiргi заманғы оқу-әдiстемелiк материалдармен қамтамасыз ету, оқытушы кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру арқылы экологиялық бiлiм берудiң сапасын жақсартуды;
2) қоғам мен отбасында экологиялық ағарту жөнiндегi ұйымдастыру негiздерiн, бағдарламалар мен iс-шараларды дамытуды;
3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мiндеттердi iске асыру үшiн кәсiби кадрлар даярлауды қамтиды.
182-бап. Экологиялық бiлiм беру мен ағарту, мамандардың
бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтің
ұйымдастырушылық негiздерi
1. Экологиялық бiлiм беру және ағарту, мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру саласындағы қызметтi мемлекеттiк органдар, бiлiм беру, мәдениет және ғылым ұйымдары, табиғат қорғау мекемелерi, табиғат пайдаланушылар, қоғамдық бiрлестiктер, жекелеген жетекшi педагогтар мен ғалымдар ұйымдастырады және жүзеге асырады.
2. Қоғам мен отбасында экологиялық ағартуды ұйымдастыруды оқу-әдiстемелiк және ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етуде сектораралық ынтымақтасу мен ведомствоаралық өзара iс-қимыл жасау, бiлiктiлiктi арттыру мен қайта даярлау мақсатында бiлiм беру, ғылым ұйымдары мен қоғамдық бiрлестiктер жанынан өңiрлiк кеңестер (орталықтар) құрылады. Өңiрлiк кеңестердiң (орталықтардың) құрамына осы баптың 1-тармағында аталған ұйымдар мен тұлғалардың өкiлдерi кіруі мүмкiн.
183-бап. Бiлiм беру ұйымдарындағы экологиялық бiлiм беру
1. Үздiксiз және кешендi экологиялық бiлiм беру жүйесi бiлiм берудiң барлық деңгейлерiн қамтиды.
2. Бiлiм беру ұйымдарындағы экологиялық бiлiм беру мамандандырылған және пәнаралық бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру, сондай-ақ экологиялық аспектiлердi қазiргi оқу пәндерiне кiрiктiру арқылы жүзеге асырылады.
3. Табиғат қорғау мен табиғат байлықтарына ұқыптылықпен қарауға белсендi азаматтық ұстанымды тәрбиелеу бiлiм беру ұйымдарындағы тәрбиенiң басым мiндеттерiнiң бiрi ретiнде танылады.
4. Мемлекеттiк жалпыға бiрдей мiндеттi бiлiм беру стандарттары мен қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мамандықтар бойынша кәсiби бiлiм берудiң үлгiлiк оқу бағдарламаларын білім беру саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып бекiтедi.
Ескерту. 183-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз) Заңымен.
184-бап Экологиялық бiлiм беру мен ағартуды мемлекеттiк
қолдау
1. Мемлекет мынадай басым бағыттар бойынша:
1) Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуi үшiн бiлiм беру саласында ұзақ мерзiмдi iс-қимыл жоспарын айқындау;
2) экологиялық бiлiм беру мен ағартудың оқу-әдiстемелiк және ғылыми-әдiстемелiк негiздерiн жетiлдiру;
3) қоршаған ортаны қорғау саласында бiлiктi мамандар даярлау;
4) экологиялық бiлiм беру мен ағарту жөнiндегi оқу және әдiстемелiк материалдардың қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету;
5) қоғам мен отбасында экологиялық ағарту жөнiндегi бағдарламаларды және iс-шараларды жүзеге асыратын ұйымдарды дамытуға жәрдемдесу жөнiнде экологиялық бiлiм беру мен ағартуды қолдауды жүзеге асырады.
2. Мемлекеттiк қолдау шаралары:
1) бiлiм беру ұйымдарындағы экологиялық бiлiм берудi (экологиялық бiлiм беру мен ағарту, мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi оқу-әдiстемелiк жұмыстар мен iс-шараларды) әртүрлi мемлекеттiк, салалық және өңiрлiк бағдарламалар шеңберiнде қаржыландыруды;
2) мемлекеттiк органдардың мамандар даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын қалыптастыруға белсене қатысуын;
3) орнықты даму үшiн бiлiм беру саласындағы ғылыми зерттеулерге мемлекеттiк тапсырыс берудi;
4) экологиялық бiлiм беру мен ағарту саласындағы қызметтi жүзеге асыратын қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс берудi;
5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламалар шеңберiнде экологиялық бiлiм беру мен ағарту, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру мен қайта даярлау жөнiндегi қажеттi iс-шараларды қамтамасыз етудi қамтиды.
26-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР
185-бап. Экологиялық ғылыми зерттеулердiң мақсаттары
мен мiндеттерi
1. Экологиялық ғылыми зерттеулер қоршаған ортаны қорғауды ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету, табиғи экологиялық жүйелердi жақсарту, қалпына келтiру, орнықты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiндегi ғылыми негiзделген iс-шараларды әзiрлеу, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молайту, Қазақстан Республикасының экологиялық қауiпсiздiгi мен әлеуметтiк, экономикалық және экологиялық теңгерiмдi дамуын қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.
2. Экологиялық ғылыми зерттеулердiң мiндеттерi:
1) қоршаған ортаның жай-күйiн ғылыми тұрғыдан бағалау және болжау;
2) ғылыми негiзделген экологиялық нормативтердi, стандарттар мен талаптарды әзiрлеу;
3) табиғи ресурстарды кешендi және ұтымды пайдалануды негiздеу;
4) қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласында мемлекеттiк реттеу мен басқаруды қамтамасыз ету үшiн ғылыми ұсынымдар әзiрлеу;
5) экологиялық тұрғыдан тиiмдi ресурстарды сақтау технологияларын ғылыми тұрғыдан негiздеу, әзiрлеу және енгiзу болып табылады.
186-бап. Экологиялық ғылыми зерттеулердiң негiзгi
бағыттары
1. Қоршаған ортаны қорғау саласын ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету мiндеттерiн шешу үшiн ғылыми зерттеулердiң мынадай түрлерi:
1) аумақтардың әлеуметтiк-экономикалық орнықты дамуының кешендi мемлекеттiк, өңiрлiк, жергiлiктi ғылыми негiздемелерiн әзiрлеу;
2) экологиялық жүйелердiң антропогендiк әсерге тұрақтылығын зерттеу және экологиялық тәуекелдердi айқындаудың ғылыми негiздерiн әзiрлеу;
3) қоршаған ортаға антропогендiк жүктемелер деңгейiн және экологиялық жүйелер мен ландшафттардың бүлiну дәрежесiн бағалау;
4) қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми негiзделген нормативтiк құжаттар әзiрлеу;
5) экожүйелер мен ландшафттарға антропогендiк әсер ету шегiнiң аймақтық деңгейлерiн айқындау;
6) қоршаған орта факторларының халық денсаулығына әсер етуiн анықтау;
7) республика аумағын экологиялық шиеленiсу дәрежесi бойынша аудандарға бөлу және саралау;
8) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiнiң бағдарламаларын әзiрлеуге байланысты зерттеулер;
9) қоршаған ортаға эмиссияларды тазарту жөнiндегi әдiстердi және технологияларды әзiрлеуге байланысты зерттеулер;
10) шикiзатты кешендi пайдалану, қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жарату жөнiндегi зерттеулер;
11) экологиялық тиiмдi және ресурсты сақтаудың жаңа технологияларын iздестiру, оларды ғылыми-техникалық негiздеу және енгiзу жөнiндегi зерттеулер;
12) қоршаған ортаның жай-күйiн бағалауды әзiрлеу мен ғылыми тұрғыдан сүйемелдеу және олардың антропогендiк және табиғи факторлар әсерiнен өзгеруiн болжау;
13) қоршаған ортаға антропогендiк немесе табиғи факторлардың әсер етуiнiң терiс салдарларын болғызбау немесе бәсеңдету әдiстерiн ғылыми негiздеу;
14) көп жылғы байқаулар мен жедел бақылау негiзiнде экожүйелер мен объектiлер жай-күйiнiң сандық және сапалық көрсеткiштерiне экологиялық мониторингтiң нәтижелерiн жүйелi зерделеу және жинақтау;
15) қоршаған орта жай-күйiнiң мониторингiн ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету;
16) қоршаған ортаға эмиссияларға, табиғи ресурстарды пайдалануға арналған лимиттердi (квоталарды) әзiрлеу және ғылыми негiздеу;
17) климаттың өзгеруiн кешендi зерттеу және оның Қазақстан Республикасының экономикасы мен табиғи ресурстарына әсерiн бағалау;
18) озон қабатының жай-күйiн, оның бүлiну және қалпына келу процестерiн зерттеу, озон қабатына адам қызметiнiң әсер етуiн болдырмау жөнiндегi шараларды әзiрлеу;
19) табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетiктерiнiң проблемаларын зерттеу, табиғат қорғау iс-шараларының экономикалық тиiмдiлiгi мен оған жұмсалатын шығындарды бағалау әдiстерiн әзiрлеу және осы iс-шараларды ғылыми тұрғыдан сүйемелдеу;
20) елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының экологиялық индикаторларын әзiрлеуге және ғылыми негiздеуге қатысу;
21) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық шарттар бойынша мiндеттемелерiн орындауына байланысты ғылыми зерттеулер жүргiзу;
22) қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастық жүзеге асырылуы мүмкiн.
2. Iргелi және қолданбалы ғылыми экологиялық зерттеулер бюджет қаражаты мен Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде тыйым салынбаған басқа да қаржыландыру көздерi есебiнен жүзеге асырылады.
187-бап. Экологиялық ғылыми зерттеулердi жүргiзуге
қойылатын талаптар
1. Экологиялық ғылыми зерттеулердi осы Кодекске және Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңына сәйкес ғылыми ұйымдар жүргiзедi.
2. Қазақстан Республикасының аумағында қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулердi қазақстандық та, шетелдiк те жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын мiндеттi түрде орындаған жағдайда, халықаралық ұйымдар жүзеге асыра алады.
27-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
188-бап. Халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары мен
деңгейлерi
1. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысуы мынадай:
1) адамның өмiрi мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғау;
2) орнықты дамуға қол жеткiзу;
3) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мүдделерiн қорғау;
4) трансшекаралық ластануларды болғызбау, оларды азайту және бақылау;
5) еркiн халықаралық сауда мен инвестицияларды экологиялық стандарттар мен талаптарды сақтау негiзiнде дамыту және қолдау;
6) төтенше экологиялық жағдайлар болғанда халықаралық көмек көрсету;
7) трансшекаралық және өңiрлiк экологиялық проблемаларды шешу үшiн халықаралық құқықтың нормалары мен принциптерiн қолдану;
8) қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму саласындағы халықаралық бастамаларға қатысу басымдықтарына негiзделедi.
2. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басым мiндеттерi жаhандық, трансшекаралық, өңiрлiк және екiжақты негiзде шешiледi.
189-бап. Халықаралық ынтымақтастықтың принциптерi
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастығы:
1) халықаралық мiндеттемелердi адал орындау;
2) мемлекеттердiң өз табиғи ресурстарын игеруге деген егемендi құқығын құрметтеу;
3) орнықты дамуға қол жеткiзу үшiн қоршаған ортаны қорғау мен экономикалық дамудың интеграциясы;
4) басқа мемлекеттердiң немесе Қазақстан Республикасының юрисдикциясынан тысқары жатқан аудандардың қоршаған ортасына келтiрiлетiн залалдың алдын алу жөнiндегi шараларды қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiң жауапкершiлiгi;
5) алдын ала сақтанушылық және алдын ала ескеру шараларын қабылдау;
6) халықаралық дауларды бейбiт жолмен шешу;
7) қоршаған ортаға ықтимал елеулi трансшекаралық әсерi бар қызмет жөнiнде алдын ала хабарлау және өзара консультациялар алысу;
8) жаhандық, өңiрлiк, ұлттық және жергiлiктi деңгейлерде жұмсалатын күш-жiгердiң өзара бiрiн-бiрi толықтыруы;
9) қоршаған ортаны ластауға байланысты шығындар үшiн ластаушының жауапкершiлiгi принциптерiне негiзделедi.
190-бап. Халықаралық ынтымақтастықтың экономикалық
негiзi
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықтығының экономикалық негiзiн:
1) халықаралық ұйымдарға төленетiн мiндеттi және ерiктi жарналар;
2) халықаралық бағдарламаларды, форумдар мен өзге де халықаралық iс-шараларды қаржыландыруға қатысу;
3) трансшекаралық әсердiң салдарынан келтiрiлген залал үшiн жауапкершiлiк;
4) табиғи ресурстарды бiрлесiп пайдалануға арналған құрылыстарды пайдалануға беруге жұмсалған шығындарды пайдаланылатын табиғи ресурстарға үлестiк қатысу принципiне орай өтеу;
5) бiр мемлекеттiң басқа мемлекетке Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың негiзiнде белгiленген өз табиғи ресурстарының үлесiн (үлесiнiң бiр бөлiгiн) өтемақылық негiзде беруi құрайды.
191-бап. Экологиялық құқық бұзушылықтар үшiн
халықаралық жауапкершiлiк
Экологиялық құқық бұзушылықтар, шектес мемлекеттердiң қоршаған ортасы мен табиғи ресурстарына келтiрiлген залал, халықаралық шарттардың мiндеттемелерiн сақтамағаны үшiн халықаралық жауапкершiлiк шаралары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының ережелерiне сәйкес қолданылады. P970670
192-бап. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану
саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың
тетiгi
1. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың тетiгi Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар жөнiндегi мiндеттемелерге сәйкес мынадай халықаралық және трансшекаралық рәсiмдерге:
1) экологиялық ақпараттың деректерiн алмасу;
2) келiсiлген талаптар мен стандарттар негiзiнде қоршаған ортаның бiрлескен мониторингiн жүргiзу;
3) халықаралық маңызы бар биологиялық түрлер мен табиғи объектiлердi анықтау және сақтау;
4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық реттеу нысанасы болып табылатын белгiлi бiр қызмет түрлерiн жүзеге асыруға алдын ала негiзделген келiсiм алу;
5) қоршаған орта мен адам денсаулығына ықтимал қатер төндiретiн белгiлi бiр қызмет түрлерiне қатысты арнаулы рұқсаттар беру;
6) қоршаған ортаға әсердi бiрлесiп нормалау және оларды қолданудың тиiмдiлiгiн бағалау;
7) қоршаған ортаға әсердi трансшекаралық бағалау;
8) трансшекаралық әсердiң ықтимал қаупi болған кезде төтенше жағдайлар туралы хабарлау;
9) трансшекаралық әсердiң қаупi болатын төтенше жағдайлар кезiнде басқа мемлекеттердiң сұрауы бойынша көмек көрсету, оған қоса тиiстi бiрлесiп назар аудару жоспарларын әзiрлеу;
10) халықаралық мiндеттемелердiң орындалғаны туралы ұлттық баяндамалар әзiрлеу және ұсыну;
11) арнайы уәкiлеттi халықаралық ұйымдар жүргiзетiн халықаралық шарттар жөнiндегi мiндеттемелердiң сақталуын бағалау;
12) басқа мемлекеттердiң немесе Қазақстан Республикасынан тысқары жатқан аудандардың қоршаған ортасына залал келтiргенi үшiн жауапкершiлiк шараларын қолдану рәсiмдерiне қатысуын көздейдi.
2. Халықаралық шарттарда белгiленген жағдайларда Қазақстан Республикасы екiжақты және көпжақты ынтымақтастық негiзiнде осы баптың 1-тармағында аталған қажеттi рәсiмдердi әзiрлейдi.
3. Халықаралық ынтымақтастық тетiгiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн және осы баптың 1-тармағында аталған рәсiмдердiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi мен мемлекеттiк органдар өз құзыреттерiне сәйкес мемлекетаралық органдар құруға бастамашы болуға құқылы.
193-бап. Халықаралық шарттар
1. Халықаралық шарттар қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың құқықтық нысаны ретiнде болады.
2. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату тәртiбi Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар туралы заңнамасымен реттеледi.
3. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық шарттарды iске асыру:
1) олардың орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi қажеттi iс-әрекеттер жоспарын әзiрлеу мен бекiтудi;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық шарттың орындалуын қамтамасыз етуге жауапты мемлекеттiк органды айқындауды;
3) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық шарттарға қатысу тиiмдiлiгiне тұрақты талдау жүргiзудi қамтуы мүмкiн.
ЕРЕКШЕ БӨЛIМ
8-БӨЛIМ. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТТI ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
28-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
194-бап. Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын
экологиялық талаптар және олардың түрлерi
1. Экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметке белгiленедi.
2. Экологиялық талаптар мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын жалпы экологиялық талаптар;
2) табиғи ресурстарды пайдалану кезiнде қойылатын экологиялық талаптар;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы экологиялық талаптар;
4) Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi мемлекеттiк қорық аймағындағы шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптар;
5) радиоактивтi материалдарды, атом энергиясын пайдалануға және радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қойылатын экологиялық талаптар;
6) ықтимал қауiптi химиялық және биологиялық заттарды, генетикалық түрлендiрiлген өнiмдер мен ағзаларды өндiру және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар; P080346
7) өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс iстеу кезiндегi экологиялық талаптар;
8) әскери және қорғаныс объектiлерiне, әскери қызметке қойылатын экологиялық талаптар.
3. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында экологиялық талаптардың өзге де түрлерi белгiленуi мүмкiн.
195-бап. Экологиялық талаптарды әзiрлеудiң және
бекiтудiң тәртiбi
1. Экологиялық талаптар осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiнде белгiленедi және жекелеген құжаттар немесе шаруашылық және өзге де қызметтiң тиiстi түрлерiн жүзеге асыру ережелерiнiң жекелеген бөлiмдерi түрiнде қабылдануы мүмкiн.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган экологиялық талаптарды әзiрлеу кезiнде мамандандырылған ғылыми-зерттеу, жобалау институттары мен басқа да ұйымдарды, сондай-ақ табиғат пайдаланушыларды тартуы мүмкiн.
3. Жер ресурстарын, жер қойнауы мен минералдық ресурстарды, жер асты және жер үстi суларын, орман және өсiмдiктер дүниесiнiң өзге де ресурстарын, жануарлар дүниесiнiң ресурстарын пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар тиiсiнше жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық атқарушы органмен, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, орман шаруашылығы саласындағы, жануарлар дүниесiн қорғау, молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша белгiленедi.
4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы экологиялық талаптар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша белгiленедi.
5. Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi салу мен реконструкциялау, пайдалануға беру және пайдалану, қалалар мен басқа да елдi мекендердi салу, радиоактивтi материалдарды пайдалану, ықтимал қауiптi химиялық және биологиялық заттарды, генетикалық түрлендiрiлген өнiмдер мен организмдердi өндiру және пайдалану, өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс iстеу кезiнде оларды жобалауға және, орналастыруға қойылатын, әскери және қорғаныс объектiлерiне, әскери қызметке қойылатын экологиялық талаптар осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiнде белгiленедi. Z070305, Z070302, Z070301, Z050029, Z040567, Z947000, Z970093
196-бап. Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру кезiндегi
экологиялық талаптар мен мiндеттемелердi
есепке алу
1. Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру кезiнде жекешелендiрудi жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк орган экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етедi.
2. Кәсiпорындарды және өзге де объектiлердi жекешелендiру кәсiпорынды және өзге де объектiнi жекешелендiру жоспарында көзделуге тиiстi экологиялық жай-күйдi тексерудiң нәтижелерi ескерiле отырып жүзеге асырылады және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қатысуымен жүзеге асырылады.
197-бап. Экологиялық қауiптi шаруашылық және өзге де
Достарыңызбен бөлісу: |