экологиялық негiздерi
Қазақстан Республикасы орнықты дамуының экологиялық негiздерi:
1) адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету жөнiндегi мақсатқа мемлекеттiң қол жеткiзуi;
2) қоршаған ортаны қорғау және биоәртүрлiлiктi сақтау;
3) Қазақстан Республикасының өз табиғи ресурстарын өндiруге құқықтарын қамтамасыз ету мен iске асыру және табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету мәселелерiнде ұлттық мүдделердi қорғау;
4) қазiргi және болашақ ұрпақтардың сұранысын әдiл қанағаттандыру;
5) өндiрiс пен тұтынудың орнықты үлгiлерiн дамыту;
6) қоршаған ортаның жай-күйiн есепке ала отырып, экологиялық нормалаудың әлеуметтiк және экономикалық даму талаптарына сай келуi;
7) әрбiр адамның экологиялық ақпаратқа қол жеткiзу құқығын сақтау және жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму мәселелерiн шешуге жан-жақты қатысуы;
8) қоршаған ортаны қорғау саласында қабылданатын шаралардың жариялылығын қамтамасыз ету;
9) Жердiң экожүйесiнiң салауатты жай-күйi мен тұтастығын сақтау, қорғау мен қалпына келтiру мақсатындағы жаhандық әрiптестiк;
10) қоршаған ортаға залал келтiргенi үшiн жауаптылыққа қатысты халықаралық құқықтың дамуына жәрдемдесу;
11) қоршаған ортаға елеулi залал келтiретiн немесе адам денсаулығы үшiн зиянды деп есептелетiн қызмет пен заттардың кез келген түрлерiн басқа мемлекеттерге көшiру мен ауыстыруды тежеу, болдырмау, сондай-ақ қоршаған ортаға елеулi немесе орны толмайтын залал қатерi төнген жағдайларда сақтандыру шараларын қолдану болып табылады.
5-бап. Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының
негiзгi принциптерi
Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының негiзгi принциптерi:
1) Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету;
2) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
3) экологиялық қатынастарды реттеу кезiндегi экожүйелi көзқарас;
4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқару;
5) қоршаған ортаны ластаудың және оған кез келген басқа түрде залал келтiрудi болдырмау жөнiнде алдын алу шараларының мiндеттiлiгi;
6) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылықтан бұлтартпау;
7) қоршаған ортаға келтiрiлген залалды өтеу мiндеттiлiгi;
8) қоршаған ортаға әсер етудiң ақылы болу және оған рұқсат алу тәртiбi;
9) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезiнде неғұрлым экологиялық таза және ресурс үнемдеушi технологияларды қолдану;
10) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органдар қызметiнiң өзара әрекеттестiгi, үйлесiмдiлiгi мен жариялылығы;
11) табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаны ластауды болдырмауға, азайтуға және оны жоюға, қалдықтарды кемiтуге ынталандыру;
12) экологиялық ақпараттың қолжетiмдiлiгi;
13) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезiнде ұлттық мүдделердi қамтамасыз ету;
14) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының халықаралық құқық принциптерiмен және нормаларымен үйлесуi;
15) жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптiлiгi презумпциясы және оны жүзеге асыру туралы шешiмдер қабылдаған кезде қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерiн бағалау мiндеттiлiгi болып табылады.
6-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк
реттеудiң және табиғи ресурстарды пайдалану
саласындағы мемлекеттiк басқарудың негiзгi
ережелерi
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу:
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтi лицензиялауды;
2) экологиялық нормалауды;
3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеуді;
4) мемлекеттiк экологиялық сараптаманы;
5) экологиялық рұқсаттар берудi;
6) мемлекеттiк экологиялық бақылауды;
7) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеу жүйесiн, неғұрлым экологиялық таза технологияларды енгiзудi ынталандыруды, табиғат қорғау iс-шараларын қаржыландыру жүйесiн;
7-1) парниктік газдар шығарындыларын квоталауды;
7-2) парниктік газдарды түгендеуді;
7-3) парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірудің нарықтық тетігін белгілеуді;
7-4) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің нақты көлемінің мониторингі жүйесін;
8) мемлекеттiк экологиялық мониторингтi;
9) табиғат пайдаланушыларды, қоршаған ортаны ластау көздерi мен учаскелерiн мемлекеттiк есепке алуды;
10) экологиялық бiлiм беру мен ағарту iсiн қамтиды.
2. Табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқару:
1) табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк жоспарлауды;
2) табиғи ресурстарды қорғауға, пайдалануға және молықтыруға мемлекеттiк бақылау жасауды;
3) табиғи ресурстарды пайдалану құқығына лицензиялар, рұқсаттар берудi және шарттар (келiсiмшарттар) жасасуды;
4) табиғи ресурстарды қалпына келтiру мен молықтыруды, ресурс үнемдейтiн технологияларды енгiзудi ұйымдастыруды;
5) табиғи ресурстардың мониторингi мен кадастрларын жүргiзудi;
6) табиғи ресурстарды пайдалануға лимиттер белгiлеу мен квоталар бөлудi;
7) табиғи ресурстарды пайдалануды, қалпына келтiру мен молықтыруды жүзеге асыратын мемлекеттiк заңды тұлғаларды басқаруды;
8) табиғи ресурстарды қорғауды ұйымдастыруды қамтиды.
Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7-бап. Қоршаған ортаны қорғау объектiлерi
1. Жер, жер қойнауы, жер үстi және жер асты сулары; атмосфералық ауа; ормандар мен өзге де өсiмдiктер; жануарлар дүниесi, тiрi организмдердiң гендiк қоры; табиғи экологиялық жүйелер, климат және Жердiң озон қабаты жойылудан, тозудан, зақымданудан, ластанудан және өзге де зиянды әсерден қорғалуға тиiс.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi айрықша қорғалуға тиiс.
8-бап. Мемлекеттiк табиғи-қорық қоры
1. Мемлекеттiк табиғи-қорық қоры - табиғат эталондары, уникумдар және реликттер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, ағарту, бiлiм беру, туризм мен рекреация нысанасы ретiнде экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды, мемлекеттiк қорғауға алынған қоршаған орта объектiлерiнiң жиынтығы.
2. Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленедi.
3. Мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қорғау ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру жолымен, сондай-ақ қоршаған ортаның экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды объектiлерiн пайдалануға тыйым салу мен шектеулер белгiлеу арқылы қамтамасыз етiледi.
9-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ - ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерiнiң және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлерi, құру тәртiбi, қорғау режимiнiң түрi, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлерiнiң қызметiн ұйымдастыру ерекшелiктерi "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленедi.
10-бап. Табиғат пайдалану ұғымы және оның түрлерi
1. Адамның күнделiктi өмiрiнде, жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметiнде табиғи ресурстарды пайдалануы және (немесе) қоршаған ортаға әсер етуi табиғат пайдалану болып табылады.
2. Табиғат пайдалану жалпы және арнайы болып бөлiнедi.
3. Жалпы табиғат пайдалану тұрақты болып табылады және халықтың өмiрлiк қажеттi сұраныстарын қанағаттандыру үшiн және табиғи ресурстар пайдалануға берiлмей, тегiн жүзеге асырылады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, табиғатты жалпы пайдалануды шектеуге жол берiледi.
4. Арнайы табиғат пайдалану - осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен табиғи ресурстарды ақылы негiзде пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғаның қызметi. K030442, K030481, K030477, Z040593
5. Табиғат пайдалану түрлерiне:
1) жердi пайдалану;
2) суды пайдалану;
3) орманды пайдалану;
4) жер қойнауын пайдалану;
5) жануарлар дүниесiн пайдалану;
6) өсiмдiктер дүниесiн пайдалану;
7) қоршаған ортаға эмиссиялар;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн өзге де табиғат пайдалану түрлерi жатады.
6. Табиғат пайдалану түрлерi бойынша арнайы табиғат пайдалану құқығының туындау ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
7. Арнайы табиғат пайдалану табиғат пайдаланудың бiр түрiн не олардың бiрнеше түрiнiң жиынтығын қамтуы мүмкiн.
11-бап. Табиғат пайдаланушылар
1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын жеке және заңды тұлғалар табиғат пайдаланушылар болуы мүмкiн.
2. Табиғат пайдаланушылар:
1) тұрақты (табиғат пайдалану құқығы мерзiмi шектелмейтiн сипатта болады) және уақытша (табиғат пайдалану құқығы белгiлi бiр мерзiммен шектелген);
2) бастапқы (табиғат пайдалану құқығы мемлекеттен не басқа да бастапқы табиғат пайдаланушылардан сол құқықтан айыру немесе әмбебап құқық мирасқорлығы тәртiбiмен алынған) және кейiнгi (табиғатты уақытша пайдалану құқығы бұл мәртебенi өзiнде сақтап қалатын бастапқы табиғат пайдаланушыдан шарт негiзiнде алынған) болуы мүмкiн.
3. Табиғат пайдаланушылар осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарды сақтауға мiндеттi.
12-бап. Арнайы табиғат пайдалану құқығының туындау
негiздерi және оны жүзеге асыру шарттары
1. Арнайы табиғат пайдалану құқығы:
1) табиғи ресурстарды пайдалану мен алуға және қоршаған ортаны қорғау саласында жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялар және (немесе) рұқсаттар;
2) табиғи ресурстарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен табиғат пайдалануға беру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерi;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен жасалатын табиғат пайдалануға арналған шарттар (келiсiмшарттар) негiзiнде туындайды.
2. Арнайы табиғат пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген тәртiппен, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бiр, екi не барлық актiлер негiзiнде туындауы мүмкiн.
3. Жылжымалы көздерден туындайтын эмиссияларды қоспағанда, қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылардың арнайы табиғат пайдалану құқығын жүзеге асыруына экологиялық рұқсаттар болған кезде жол берiледi.
4. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы жеке және (немесе) заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес берiледi.
5. Арнайы табиғат пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оларға билiк ете алмайды.
6. Арнайы табиғат пайдалану құқығы мемлекет қауiпсiздiгiн және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкін.
Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2-тарау. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ, ҚОҒАМДЫҚ БIРЛЕСТIКТЕРДIҢ ЖӘНЕ
ЖЕРГIЛIКТI ӨЗIН-ӨЗI БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН
МIНДЕТТЕРI
13-бап. Жеке тұлғалардың қоршаған ортаны қорғау
саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
1. Жеке тұлғалардың:
1) өздерiнiң өмiрi мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға;
2) қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға;
3) қоршаған ортаны қорғау қоғамдық бiрлестiктерi мен қорларын құруға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешiмдер қабылдау процесiне қатысуға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы жиналыстарға, митингiлерге, пикеттерге, шерулер мен демонстрацияларға, референдумдарға қатысуға;
6) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша хаттар, шағымдар, арыздар мен ұсыныстар беруге және оларды қарауды талап етуге;
7) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан уақтылы, толық және дұрыс экологиялық ақпарат алуға;
8) қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын әзiрлеу кезеңiнде оларды талқылауға қатысуға және әзiрлеушiлерге өз ескертпелерiн ұсынуға;
9) қоршаған ортаға байланысты жоспарлар мен бағдарламаларды дайындау процесiне қатысуға;
10) қоғамдық экологиялық сараптама өткiзу туралы ұсыныс жасап, оған қатысуға;
11) кәсiпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан қауiптi өзге де объектiлердi орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына терiс әсер ететiн шаруашылық және өзге де қызметiн шектеу мен тоқтату туралы шешiмдердiң әкiмшiлiк немесе сот тәртiбiмен күшiн жоюды талап етуге;
12) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының бұзылуы салдарынан өздерiнiң денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиянның өтелуi туралы сотқа талап-арыз беруге құқығы бар.
2. Жеке тұлғалар:
1) қоршаған ортаны сақтауға, табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға;
2) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған шараларды iске асыруға жәрдемдесуге;
3) өз кiнәсiнен экологиялық қауiпсiздiкке төнуi мүмкiн қатердi болдырмауға;
4) өз қызметiн Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi.
3. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де құқықтары мен мiндеттерi болады.
14-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң қоршаған ортаны қорғау
саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
1. Қоғамдық бiрлестiктердiң қоршаған ортаны қорғау саласында өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде:
1) экологиялық бағдарламаларды әзiрлеуге және насихаттауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға, оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы белсендi қызметке ерiктi негiзде тартуға;
2) қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыру жөнiндегi жұмыстарды орындауға, экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектiлерiн қорғауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызметiне қатысуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешiмдер қабылдау процесiне қатысуға;
4) экологиялық бiлiм беру мен ағарту жұмыстарын орындауға, қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми зерттеулер жүргiзуге;
5) қоғамдық экологиялық сараптамаға және қоғамдық тыңдаулар өткiзуге бастамашылық жасауға және оларды ұйымдастыруға;
6) қоғамдық экологиялық бақылауды жүзеге асыруға;
7) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан уақтылы, толық және дұрыс экологиялық ақпарат алуға;
8) қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк органдармен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтасуға және өзара iс-қимыл жасауға, олармен келiсiмдер жасауға, олар үшiн шарттар бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген белгiлi бiр жұмыстарды орындауға;
9) қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын әзiрлеу кезеңiнде оларды талқылауға қатысуға және әзiрлеушiлерге өз ескертпелерiн ұсынуға;
10) қоршаған ортаға байланысты жоспарлар мен бағдарламаларды дайындау процесiне қатысуға;
11) жеке және (немесе) заңды тұлғаларды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының бұзылуы салдарынан азаматтардың денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянның өтелуi туралы сотқа талап-арыз беруге;
12) кәсiпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан қауiптi өзге де объектiлердi орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру туралы шешiмдердiң әкiмшiлiк немесе сот тәртiбiмен күшiн жоюды, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына терiс әсер ететiн шаруашылық және өзге де қызметiн шектеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы шешiм шығаруды талап етуге;
13) қоршаған ортаны қорғау қорларын құруға құқығы бар.
2. Қоғамдық бiрлестiктер қоршаған ортаны қорғау саласындағы өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде:
1) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған шараларды iске асыруға жәрдемдесуге;
2) өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi.
3. Қоғамдық бiрлестiктердiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де құқықтары мен мiндеттерi болады. Z970093
15-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының
қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану
саласындағы өкiлеттiктерi
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану саласындағы өкiлеттiктерiне:
1) елдi мекендердi абаттандыру мен көгалдандыру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
2) елдi мекендердi санитарлық тазартуды қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
3) өндiрiс және тұтыну қалдықтарын сақтау мен көму орындарын күтiп ұстау;
4) жергiлiктi атқарушы органдарға, тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар табиғи және басқа да объектiлердi тарих немесе мәдениет ескерткiштерi деп жариялау туралы ұсыныстар енгiзу жатады.
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ
ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТI
16-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласында:
1) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану, қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, оларды жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық шараларды әзiрлейдi;
1-1) Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерін орындау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;
2) алып тасталды - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
3) табиғат пайдаланудың әралуан түрлерi бойынша тұжырымдамаларды мақұлдайды;
4) табиғи ресурстарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен табиғат пайдалануға беру туралы шешiмдер қабылдайды; K030442, K030477, Z100291
5) республикалық деңгейде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi сондай-ақ, гидрометеорология, климатты және Жердің озон қабатын қорғау саласындағы бағдарламаларды бекiтедi;
6) табиғи ресурстардың әрбiр түрiнiң мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк кадастрлары мен мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды; P060862, P030958, P030956, P031378, P031182.
7) мыналарды:
қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттердi;
ең озық қолжетiмдi технологиялар тiзбесiн;
эмиссиялар нормативтерi белгiленетiн ластаушы заттар мен қалдық түрлерiнiң тiзбесiн;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын;
қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелердi сату тәртiбiн;
ластану учаскелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн;
қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген залалды экономикалық бағалау қағидаларын;
коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын;
Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарын;
парниктік газдарды түгендеу мониторингі мен оған бақылау жасау тәртібін;
парниктік газдар шығарындалары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыру тәртібін;
қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу қағидаларын;
Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын;
Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;
8) мыналарды:
шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiнiң тiзбесiн;
айрықша экологиялық, ғылыми және мәдени маңызы бар қоршаған ортаны қорғау объектiлерiнiң тiзбесiн;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткiзу тәртiбiн;
сот шешiмiмен республикалық меншiкке түстi деп танылған иесiз қауiптi қалдықтарды басқару тәртiбiн;
қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру тәртiбiн айқындайды;
9) мыналарды:
қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн айқындау тәртiбiн;
кешендi экологиялық рұқсаттар беру тәртiбiн және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешендi экологиялық рұқсаттар алу мүмкiн болатын өнеркәсiп объектiлерi үлгiлерiнiң тiзбесiн;
озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнiмдерi бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргiзуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру тәртiбiн;
озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды мемлекеттiк есепке алу тәртiбiн;
аумақтардың экологиялық жағдайын бағалау критерийлерiн;
жердi бағалаудың экологиялық критерийлерiн;
Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi мемлекеттiк қорық аймағының шекарасын;
қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу тәртiбiн;
мемлекеттік реттеу объектілері болып табылатын парниктік газдар тізбесін;
белгіленген мөлшердің бір бөлігін, парниктік газдар шығарындыларын азайту бірліктерін, шығарындыларының сертификатталған азайту бірліктерін, сіңірулерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген басқа да туынды бірліктерді құру және айналымы тәртібін;
парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру тәртібін;
белгіленген мөлшер резерві мен Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервін қалыптастыру тәртібін;
парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру тәртібін;
экологиялық (жасыл) инвестицияларды іске асыру тәртібін белгілейді;
10) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
11) аумақты төтенше экологиялық жағдай аймағы деп жариялайды және төтенше экологиялық жағдай аймағы құқықтық режимiнiң қолданысын тоқтату туралы шешiм қабылдайды;
11-1) жобаларды іске асыру кезінде алынған парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру бірліктерінің бөлігін басқа елдердің тізіліміне беруді және (немесе) оларды квоталардың белгіленген мөлшер резервіне немесе Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервіне беруді шектеу туралы шешім қабылдайды;
12) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi
органның құзыретi
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:
1) бiртұтас мемлекеттiк экологиялық саясатты жүргiзедi және қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламалардың орындалуын ұйымдастырады;
1-1) республикалық деңгейде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, сондай-ақ гидрометеорология, климатты және Жердің озон қабатын қорғау саласында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді;
2) өз құзыретi шегiнде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асыру бөлiгiндегi қызметiн үйлестiредi;
3) климатты және Жердiң озон қабатын қорғау саласында мемлекеттiк басқаруды жүзеге асырады;
4) жеке және заңды тұлғалардың климатты және Жердiң озон қабатын қорғау, биоәртүрлiлiктi сақтау, жердiң шөлейттенуi мен жұтаңдауы саласындағы қызметiн үйлестiрудi өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады;
5) өз құзыретi шегiнде шаруашылық және өзге де қызмет бойынша экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды бекiтедi немесе келiседi;
6) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi бағдарламаларын әзiрлейдi;
7) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi өңiрлiк бағдарламалар мен iс-шаралар жоспарларын келiседi;
8) өз құзыреті шегінде экологиялық рұқсаттар бередi, оларда қоршаған ортаға арналған эмиссияларға лимиттер белгiлейдi;
8-1) алып тасталды - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
9) мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асырады;
10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиялар берудi жүзеге асырады;
11) табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы лицензияларды, рұқсаттарды, шарттарды (келiсiмшарттарды) өз құзыретi шегiнде келiседi;
12) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзедi, сондай-ақ Қазақстан Республикасында экологиялық сараптаманы жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi үйлестiредi және оған әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
13) алып тасталды - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
14) мiндеттi экологиялық аудит жүргiзу туралы шешiм қабылдайды және міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы қорытындының нысанын бекiтедi;
15) қоршаған орта жай-күйiнiң мемлекеттiк мониторингiн және мониторингтiң жекелеген арнайы түрлерiн жүргiзудi ұйымдастырады, сондай-ақ Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн жүргiзудi үйлестiредi;
16) Табиғи ресурстар кадастрларының бiрыңғай жүйесiн жүргiзедi;
17) Өндiрiс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттiк кадастрын жүргiзудi ұйымдастырады;
18) Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көмудiң және сарқынды суларды жер қойнауына жiберудiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзудi ұйымдастырады және оны жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттарды бекiтедi;
19) қоршаған ортаның ластану учаскелерiн мемлекеттiк есепке алуды ұйымдастырады;
20) Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттiк кадастрын жүргiзудi ұйымдастырады;
20-1) көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;
20-2) парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;
20-3) қалдықтарды кәдеге жаратуды ынталандыру және олардың түзілу көлемін азайту жөніндегі іс-шаралар тізбесін айқындайды;
21) озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнiмдерi бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргiзуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат бередi;
22) Табиғат пайдаланушылардың және қоршаған ортаны ластау көздерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзедi және оларды есепке алу тәртiбiн белгiлейдi;
23) Экологиялық ақпараттың мемлекеттiк қорын жүргiзудi ұйымдастырады, қоршаған ортаға әсердi бағалау рәсiмiне және белгiленiп отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша шешiмдер қабылдау процесiне қатысты экологиялық ақпаратқа қол жеткiзу мерзiмдерi мен тәртiбiн белгiлейдi;
24) ең озық қолжетiмдi технологиялар тiзбесiн әзiрлейдi және олардың тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады;
24-1) экологиялық қауіпті технологиялардың, техника мен жабдықтың тізілімін жүргізеді;
25) әр түрлi дәрежедегi полигондарда орналастыру үшiн қалдықтар тiзбесiн айқындайды;
26) қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлейдi;
27) мемлекеттiк экологиялық бақылауды ұйымдастыру мен жүргiзуге қатысты құжаттардың нысандарын әзiрлейдi және бекiтедi;
28) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу тәртiбiн қоса алғанда, қоршаған ортаға әсердi бағалау және мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттарды әзiрлейдi және бекiтедi;
28-1) алып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
28-2) парниктік газдарды түгендеу мониторингі мен оған бақылау жасау тәртібін әзірлейді;
28-3) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асырудың тәртібін әзірлейді;
28-4) Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарын әзірлейді;
28-5) парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу тәртібін әзірлейді;
28-6) қалдықтарды басқару бағдарламаларын әзірлеу тәртібін әзірлейді;
28-7) Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді;
28-8) Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді;
29) мыналарды:
қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерiн айқындау әдiстемесiн;
қалдықтар сыныптамасын;
қауiптi қалдықтар бойынша есеп беру нысанын;
табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берiлетiн рұқсаттарға енгiзу тәртiбiн, қоршаған ортаны эмиссияларға рұқсат беру мәселелерi бойынша құжаттардың нысандарын және оларды толтыру тәртiбiн;
қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралардың үлгiлiк тiзбесiн;
қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақыны есептеу әдiстемесiн;
мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысының нысанын;
техникалық реттеу саласындағы сараптама кеңесiнiң құрамын және оның ережесiн;
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн жүргiзу жөнiнде ақпарат алмасудың тiзбелерiн, нысандарын және мерзiмiн;
өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламаларын келiсу тәртiбiн бекiтедi және өндiрiстiк экологиялық бақылау нәтижелерi жөнiндегi есептiлiкке қойылатын талаптарды;
парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру тәртібін;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде квоталар бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру тәртібін;
парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау тәртібін;
сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу тәртібін;
қондырғы паспортының нысанын;
парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысанын;
парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау тәртібін;
парниктік газдар шығарындыларын, шығарындыларын азайтуды және сіңіруді есептеу әдістемесін;
жойылуы қиын органикалық ластауыштармен және олар құрамында бар қалдықтармен жұмыс істеу қағидаларын;
көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін белгілейді;
30) мыналарды:
қоғамдық тыңдау өткiзу тәртiбiн;
парниктiк газдар шығарындыларын және озон қабатын бұзатын заттарды түгендеу тәртiбiн;
парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірудің нарықтық тетігінің субъектілері үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталарды белгілейді;
өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептілікке қойылатын талаптарды белгілейді;
31) мемлекеттiк экологиялық бақылау органдары жүйесiндегi зертханалық-талдамалық бақылау қызметтерiнiң жұмысын жетiлдiредi;
32) су объектiлерiн кешендi пайдалану мен қорғаудың бассейндiк схемаларын келiсуге, бассейндiк келiсiмдердi дайындауға, су объектiлерiн пайдалану, молықтыру және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк (өңiрлiк және бассейндiк) бағдарламалар әзiрлеуге, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде су ресурстарын басқарудың бассейндiк принципiн iске асыруға қатысады;
33) қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
34) қоршаған ортаны қорғау саласында келiсiмдер, меморандумдар жасасады;
35) Ұлттық экологиялық атласты әзiрлеудi және жариялауды ұйымдастырады;
36) мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткен нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының тiзiлiмiн жүргiзедi;
36-1) Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттарын іске асыруды жүзеге асырады;
36-2) Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттарын іске асыру жөніндегі жұмыс органын айқындайды;
36-3) Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру жөніндегі жобаларды мақұлдайды;
36-4) парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру саласында кәсіби верификациялық және валидациялық (детерминациялық) қызметті, сондай-ақ парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауды жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттейді;
37) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
38) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
38-1) Қазақстан Республикасының табиғи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі халықаралық шарттарын іске асыру бойынша орталық атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді;
38-2) Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластауыштар туралы халықаралық шарттарын іске асыруды ұйымдастырады;
38-3) Қазақстан Республикасының халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негізделген келісім рәсімі туралы халықаралық шарттарын іске асыру жөніндегі ұлттық органның функциясын жүзеге асырады;
38-4) метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу үшін нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді;
38-5) қоршаған ортаға эмиссияларды есептеу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді, қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін есептеу үшін бағдарламалық кешендерді қолдануды келіседі;
38-6) Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластауыштар туралы, қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және олардың жойылуын бақылау туралы және халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты негізделген алдын ала келісім рәсімі туралы халықаралық шарттарының міндеттемелерін орындау шеңберінде, жойылуы қиын органикалық ластауыштарды қоса алғанда, қауіпті химиялық заттарды мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады.
39) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.06.23 N 164-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
17-1-бап. Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті
органның құзыреті
Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган:
1) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
2) өз құзыреті шегінде коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді;
3) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді ұйымдастырады;
5) коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзірлейді;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 17-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
18-бап. Арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың
Достарыңызбен бөлісу: |