төсеу және пайдалану кезiндегi экологиялық
талаптар
1. Әрбiр нақты объектiнi салу мен пайдалануға арналған трассалар, конструкциялар, жабдықтар, технологиялар мен техникалық құралдар орналастырылатын жерлердi таңдау қоршаған ортаға тигiзетiн терiс әсердi азайту мақсатында баламалы негiзде жүргiзiлуге тиiс.
2. Құбыр трассасына немесе су асты кабельдерiне бес жүз метрден жақын арақашықтықта бұрғылау-жару жұмыстарына және пневматикалық және басқа да қуатты толқындар (сейсмикалық дабыл) тудыру көздерiмен сейсмикалық барлауға тыйым салынады.
3. Құбырлар мен су асты кабельдерi трассаларын кесiп өтетiн жолмен сейсмикалық косты сүйреуге және балық аулау кемелерiне тралмен балық аулауға тыйым салынады.
4. Салынуға тиiс құбырлар мен соған iлеспе инженерлiк құрылыстарды жобалау:
1) олардың берiктiгiнiң, қауiпсiздiгiнiң, олардың техникалық жай-күйiн қорғау мен бақылаудың жоғары деңгейi;
2) кездейсоқ ахуалдарға жедел ден қою мүмкiндiгi;
3) жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарының жеделдiгi мен сапасы;
4) қоршаған ортаға терiс әсердiң неғұрлым аз болуы қамтамасыз етiлуге тиiс.
5. Жобада мiндеттi түрде құрылыс, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелердiң талаптарына, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның нұсқамалық құжаттарына сәйкес келетiн дербес "Қоршаған ортаны қорғау" бөлiмi болуға тиiс.
6. Жобалау-сметалық құжаттамалардың толықтығы мен дұрыстығына тапсырыс берушi мен жобаны әзiрлеушi жауап бередi.
7. Бекiтiлген жобаны қоршаған ортаға тигiзетiн терiс әсердi арттыратындай өзгерту және одан ауытқу мемлекеттiк экологиялық сараптамадан қайта өтудi талап етедi.
8. Құбыр төсеу жобаларында құрылыстарды салған және кейiннен пайдаланған кезде оларды қорғау жөнiндегi шаралар көзделу қажет. Құрылыстың әрбiр кезеңiнде және көмiрсутегi шикiзаты мен оның өңделген өнiмдерi тасымалданатын құбырды пайдаланған кезде қоршаған ортаны, сондай-ақ тәуекелi жоғары объектiлерге жататын құбырларды қорғау жөнiнде шаралар қабылдануға тиiс.
9. Құбырлардың кеме жүзетiн өзендермен және каналдармен қиысу орындары жағалауларда навигациялық белгiлермен белгiленедi. Навигациялық белгiлер магистральдық құбыр салған кезде Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi саласындағы заңнамасына сәйкес орнатылады.
10. Құбырлардың зақымдану ықтималдығын болғызбау үшiн оларды төсеудiң кез келген түрiнде күзет аймағы:
1) су асты өтпе жолдарының бойымен - өтпе жолдардың шеткi сызықтарының осiнен әрбiр жағынан жүз метр қашықтықтағы, параллель жазықтар арасында орналасқан, су үстiнен түбiне дейiнгi су кеңiстiгiнiң учаскесi түрiнде;
2) өнiмдi тасымалдауға дайындаудың технологиялық қондырғыларының, басты және аралық, қайта айдайтын және құятын насос станцияларының, резервуарлық парктердiң, компрессорлық және газ бөлетiн станциялардың, өнiм өлшейтiн тораптардың құятын және ағызатын эстакадалардың, мұнай мен мұнай өнiмдерiн қыздыратын пункттердiң айналасында - аталған oбъектiлер аумағы шекараларының жан-жағынан жүз метр қашықтықта орналасқан тұйық сызықпен шектелген жер учаскесi түрiнде белгiленедi.
11. Күзет аймақтарын, оның құрамына кiретiн коммуникациялар мен объектiлердi қоса, құбырлардың нақты жағдайының материалдары оларды аудандық жер пайдалану карталарына енгiзу үшiн тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарға берiлуге тиiс. Жергiлiктi атқарушы органдар мүдделi заңды тұлғаларға олардың сұраулары бойынша құбырлардың орналасқан жерi туралы мәлiметтер бередi.
12. Құбырлардың күзетiлетiн аймақтарында олардың қалыпты пайдаланылуының бұзылуына не бүлiнуiне әкеп соғуы мүмкiн iс-әрекет жасауға:
1) навигациялық айырым белгiлерiн, бақылау-өлшеу пункттерiнiң орнын ауыстыруға, оларды көмуге және сындыруға;
2) кабель байланысының қызмет көрсетiлмейтiн пункттерiнiң люктерiн, қақпалары мен есiктерiн, тораптық арматуралар тораптарының қоршауларын, катодтық және сорғыту қорғаныс қондырғыларын, желiлiк және қарап көруге арналған құдықтар мен басқа да желiлiк қондырғыларды ашуға, крандар мен жылжытқыштарды ашып, жабуға, байланыс, энергиямен жабдықтау және құбырлар телемеханикасы құралдарын қосуға немесе ажыратуға;
3) қоқыс үйiндiлерiне айналдыруға, қышқылдар, тұздар мен сiлтiлер ерiтiндiлерiн төгуге;
4) жағалауларды бекiтетiн құрылыстарды, су өткiзетiн қондырғыларды, құбырларды бұзылудан, ал iргелес аумақтар мен айналадағы жердi тасылатын өнiмдердiң авариялық жайылып төгiлуден сақтайтын топырақтан жасалған немесе өзге құрылыстарды (қондырғыларды) бұзуға;
5) зәкiр тастауға, түсiрiлген зәкiрлермен, шынжырлармен, лоттармен, ысырғыштармен және тралдармен өтуге, түбiн тереңдететiн және топырағын аршитын жұмыстар жүргiзуге;
6) от жағуға және ашық немесе жабық от көздерiн орналастыруға тыйым салынады.
13. Құбырлардың күзетiлетiн аймақтарында магистральдық құбыр желiсi меншiк иесiнiң жазбаша рұқсатынсыз кез келген жұмысты атқаруға, оның iшiнде ұңғымалар, шурфтар орнатумен және топырақ сынамасын алумен байланысты геологиялық-түсiру, геологиялық-барлау, iздеу, геодезиялық және басқа iздестiру жұмыстарына, сондай-ақ жару жұмыстарын жасауға тыйым салынады. Құбырлардың күзетiлетiн аймақтарында жару жұмыстарын жүргiзуге жазбаша рұқсат осы жұмыстарды жүргiзетiн ұйым Жару жұмыстары кезiндегi қауiпсiздiктiң бiрыңғай ережелерiнде көзделген тиiстi материалдарды табыс еткеннен кейiн ғана берiледi.
14. Құрамында күкiрттi сутегi бар мұнай және су авариялық жағдайда төгiлген кезде оларды дереу жинау және сол жерде залалсыздандыру немесе көмуге алып кету керек.
15. Газ-, мұнай-, конденсат құбырлары қиылысатын темiр және су жолдарына, автомобиль жолдарына, жыраларға және басқа да табиғи кедергiлерге, бұрылыс бұрыштарына, адамдар көп жиналуы мүмкiн пункттерге, газ-, мұнай-, конденсат құбырлары технологиялық тораптарына тиiстi қауiпсiздiк белгiлерi мен жазбалар қойылады. Аталған жерлер үшiн жобада шығарындылардың қауiптiлiгiн болғызбайтын немесе азайтатын қосымша iс-шаралар көзделуге тиiс.
223-бап. Сақтық аймағы шегiнде жер қойнауын пайдалану
жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiндегi
экологиялық талаптар
1. Сақтық аймағы шегiнде жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы оларды су деңгейi көтерiлген жағдайда теңiздiң ластануын болғызбайтындай немесе барынша азайтатындай етiп жүргiзуге мiндеттi.
2. Сақтық аймағы шегiнде жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы, өзiнiң келiсiмшарт аумағында теңiз ластанған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушының кiнәсi болмаса да, қоршаған ортаға, жеке немесе заңды тұлғаларға келтiрiлген залал мен шығындар үшiн жауаптылықта болады.
33-тарау. СУДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
224-бап. Су объектiлерiн пайдалану кезiндегi
экологиялық талаптар
1. Су объектiлерiнде суды ортақ пайдалану Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Жеке және заңды тұлғалар облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген суды ортақ пайдалану ережелерiн сақтауға мiндеттi.
3. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыру қоршаған ортаны қорғаудың, жер қойнауын қорғаудың, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi, су ресурстарын молайту мен ұтымды пайдаланудың талаптары мен ережелерiн сақтай отырып, сондай-ақ аталған объектiлер қызметiнiң экологиялық салдарлар ескерiле отырып жүргiзiледi.
4. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды салу, реконструкциялау, пайдалану, консервациялау, жою, қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органының оң қорытындылары болған кезде жүзеге асырылады.
Ескерту. 224-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
225-бап. Сарқынды суды ағызып жiберу кезiндегi
экологиялық талаптар
1. Табиғи су объектiлерiн сарқынды суды ағызып жiберу үшiн пайдалануға осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тыйым салынады.
2. Қоршаған ортаға эмиссияға тиiстi экологиялық рұқсат бар болған кезде сарқынды суды жер үстi су объектiлерiне және жер қойнауына ағызып жiберуге жол берiледi.
Бұл ретте, сарқынды суды жер үстi су объектiлерiне ағызып жiберуге - су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсаты бойынша, сарқынды суды жер қойнауына ағызып жiберуге Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүргiзiлген сараптаманың оң қорытындысы болған кезде жол берiледi.
3. Сарқынды суды жинақтаушысы бар табиғат пайдаланушылар оның қоршаған ортаға әсерiн болғызбайтын қажеттi шаралар қабылдауға, сондай-ақ оларды пайдалану тоқтатылғаннан кейiн осы жинақтаушылар орналасқан жердiң қайта өңделуiн жүзеге асыруға мiндеттi.
3-1. Жинақталған сарқынды суды кәдеге жаратудың немесе қалдықсыз өндіріске ауыстырудың басқа әдістерін қолданудың мүмкін еместігі негізделген кезде жаңа жинақтауыш-буландырғыштар құруға (қолданыстағыларын кеңейтуге) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының рұқсаты бойынша жол беріледі.
Жобаланған (пайдалануға жаңадан берілетін) өндірістік сарқынды суларды жинақтауыш-буландырғыштарға:
1) сүзгіге қарсы экранның болуы;
2) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар жобалық шешімдерге сәйкес нормативтік-тазартылған сарқынды суды орналастыру талаптары қойылады.
4. Табиғат пайдаланушы ластаушы заттардың сарқынды суда белгiленген шоғырлану нормативтерiн асыра немесе сарқынды судың құрамына экологиялық рұқсатта көзделмеген жаңа заттарды қоса алмайды. Аталған талаптар бұзылған кезде сарқынды суды ағызып жiберу тоқтатылуға тиiс. Беткі су айдынына ағызылатын су мөлдiр, бояусыз, иiссiз болуға, құрамында ауру тудыратын бактериялар және гигиеналық нормативтерден асатын шоғырлануларда адамның денсаулығы мен жануарлар үшiн зиянды заттар болмауға тиiс. Ағызылатын судың температурасы Цельсий бойынша 30 градустан аспауға тиiс.
5. Ағызылатын суда бетон мен металды бүлдiрiп-бұзатын заттар болмауға тиiс.
6. Сарқынды суды, олардың тазалану деңгейiне қарамастан, орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң санитарлық қорғалу аймақтарындағы, курорттардағы, суға түсуге арналған жерлердегi су айдындарына ағызып жiберуге жол берiлмейдi.
7. Сарқынды суды су объектілеріне, жер қойнауына, сарқынды су жинақтауыштарға, жергілікті жердің рельефіне ағызуды жүзеге асыратын немесе су бөлудің тұйықталған циклінде жұмыс істейтін табиғат пайдаланушылар Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес су көлемін есептеу аспаптарын пайдалануға және су тұтыну мен су бөлуді есепке алу журналын жүргізуге тиіс.
8. Тау-кен металлургиясы кәсіпорындарының карьер суын, сондай-ақ сумен суыту үшін пайдаланылатын суларды сумен жабдықтаудың тұйықталған (айналымды) жүйесінде орналасқан су жинақтауыштарға төгуді қоспағанда, сарқынды суларды алдын ала тазартусыз су объектілеріне, сарқынды су жинақтауыштарға, жергілікті жердің рельефіне ағызуға тыйым салынады.
Ескерту. 225-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
34-тарау. ОРМАНДАРДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ӨСIМДIКТЕРДI ПАЙДАЛАНУ
КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
226-бап. Аралық пайдалану мақсатында ағаш кесудi жүзеге
асырған кезiндегi экологиялық талаптар
Мемлекеттiк орман қоры санатындағы ормандарда бағалылығы төмен және қорғаныштық, су сақтау және басқа экологиялық функцияларын жоғалта бастаған екпелердi реконструкциялаумен байланысты ағаш кесу мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсаты бойынша ғана жүргiзiледi.
227-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман
пайдалануды жүзеге асыру кезiндегi экологиялық
талаптар
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асырған кезде орман пайдаланушылар:
1) жұмысты топырақ эрозиясының пайда болуына жол бермейтiн, ормандардың жай-күйi мен молықтырылуына, сондай-ақ су және басқа да табиғи объектiлердiң жай-күйiне терiс әсердi болдырмайтын немесе оны шектейтiн және жануарлар дүниесi мен олардың тiршiлiк ету ортасының сақталуын қамтамасыз ететiн тәсiлдермен жүргiзуге;
2) ағаш сүрегiн дайындаған кезде мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткен жобаларда көзделген техника мен технологияны пайдалана отырып, ормандарды табиғи түрде молықтыру үшiн оңтайлы жағдайларды сақтау жөнiндегi талаптарды ұстануға;
3) ағашы кесiлетiн жерлерде оны дайындау мен тасып әкетудiң белгiленген мерзiмi аяқталған соң кесiлмеген және дайындалған ағаш сүректерiн қалдырмауға;
4) ағаш сүрегiн дайындаумен бiр мезгiлде кеспеағаш аймағын кесiлген ағаштардың қалдықтарынан тазартуды жүргiзуге;
5) мемлекеттiк орман қорының орман пайдалануға бөлiнген учаскелерiнде ағаштың заңсыз кесiлуiне және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын өзгедей бұзуға жол бермеуге;
6) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кескен кезде, орман орналастыру жобасына сәйкес, орманды қайта жаңартуды қоса алғанда, ағашы кесiлген алаңның екi еселенген мөлшерiнен астам алаңға ағаш отырғызуды жүзеге асыруға;
7) ағашы кесiлген жерлерде және өздерiнiң қызметi нәтижесiнде өскiндерi жойылған, ағаш пен бұта өсiмдiктерi құрып кеткен алаңдарда ормандарды молықтыруды өз есебiнен жүзеге асыруға;
8) ормандардың санитарлық жай-күйiн қамтамасыз ету мен жақсарту жөнiндегi ережелердi сақтауға;
9) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану кезiнде мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға;
10) мемлекеттiк орман иеленушiлердi мемлекеттiк орман қорының орман пайдалану үшiн оларға бөлiп берген учаскелерiнде орман зиянкестерi мен ауруларының пайда болғаны туралы хабардар етуге;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға және оның аумақтық органдарына, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына және мемлекеттiк статистика саласындағы уәкілетті органға орман қорының мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк орман кадастрын, мемлекеттiк орман мониторингiн жүргiзу, орман пайдалану төлемақысының мөлшерiн анықтау үшiн қажеттi ақпаратты берiп тұруға мiндеттi.
Ескерту. 227-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.
228-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман
шаруашылығын ұйымдастыру кезiндегi экологиялық
талаптар
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын жүргiзу ормандардың ресурстық және экологиялық әлеуетiн арттыруды қамтамасыз етуге тиiс.
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандардың ресурстық және экологиялық әлеуетiн арттыру ағаш кесудiң ғылыми негiзделген жүйесiн iске асыру, ормандарды молықтыру, олардың тұқымдық құрамын жақсарту, селекциялық-гендiк негiзде тұрақты ормандық тұқым базасын жасау және оны тиiмдi пайдалану, су-орман мелиорациясы, күтiп-баптау үшiн ағаш кесу мен санитарлық ағаш кесудi қоса алғанда, орманды күтiп-баптау, орман шаруашылығы мақсатында жол салу, басқа да орман шаруашылығы iс-шараларын өткiзу нәтижесiнде жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандардың ресурстық және экологиялық әлеуетiн арттыру жөнiндегi iс-шараларды орман мекемелерi мен орман пайдаланушылар орман орналастыру жобаларына сәйкес жүргiзедi.
229-бап. Ормандарды молықтыру мен орман өсiру кезiндегi
экологиялық талаптар
1. Ормандарды молықтыру мақсаты мемлекеттiк орман қорының ағашы кесiлген, өртелген және бұрын орман өскен өзге де аумақтарында орманды уақытында қалпына келтiру, ормандардың тұқымдық құрамын жақсарту, олардың өнiмдiлiгiн арттыру, мемлекеттiк орман қоры жерлерiнiң ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету болып табылады.
2. Орман өсiрудiң мақсаты бұрын орман өспеген аумақтарда екпелер отырғызу болып табылады.
3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды молықтыру жөнiндегi iс-шаралар орман өсiру жағдайлары мен экономикалық мақсатқа сәйкестiгi ескерiле отырып, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталып, неғұрлым қысқа мерзiмде өнiмдiлiгi жоғары және төзiмдi екпелер жасауды қамтамасыз ететiн тәсiлдермен жүргiзiлуге тиiс.
4. Мемлекеттiк орман қорында ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөнiндегі жұмыстар көлемi мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткен жобалармен айқындалады.
230-бап. Ормандарды молықтыру мен орман өсiру үшiн
орман тұқымдары мен екпе материалдарды
дайындау, өңдеу, сақтау, орнын ауыстыру, сату
және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
1. Сатуға және егу үшiн пайдалануға жататын орман тұқымдарының егу сапасын, олардың мемлекеттiк стандарттарға, техникалық шарттарға және орман тұқым шаруашылығы жөнiндегi басқа да нормативтiк құжаттарға сәйкестiгiн айқындауды орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның мамандандырылған ұйымдары жүзеге асырады.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптарға сәйкестiгi тексеруден өтпеген орман тұқымдарын сату мен егуге тыйым салынады.
3. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектiлердi қалыптастыру, оларды мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде пайдаланудың режимiн белгiлеу мемлекеттiк-экологиялық сараптамадан өткен жобалармен айқындалады.
231-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандарды
молықтырған және орман өсiрген кезде
мемлекеттiк орман қорының учаскелерiн
пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандарды молықтырған және орман өсiрген кезде мемлекеттiк орман қорының учаскелерiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
232-бап. Қалалық ормандар мен орман саябақтарында
орманды пайдалану кезiндегi экологиялық
талаптар
Қалалардың шекарасы шегінде орналасқан ормандар (қала ормандары мен орманды саябақтар) халықтың тынығуына, мәдени-сауықтыру және спорт шараларын өткiзуге, сондай-ақ қолайлы қоршаған ортаны сақтауға арналған. Қалалық ормандарда және орманды саябақтарда басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге және осы ормандардың мақсатымен сыйыспайтын орман пайдаланудың өзге де түрлерiн жүзеге асыруға тыйым салынады.
233-бап. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер
пайдаланушыларға пайдалануға берiлген
мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш және
бұта өсiмдiктерiн күзету, қорғау, молықтыру
және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға ауыл және орман шаруашылықтарын кешендi жүргiзу үшiн берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш және бұта өсiмдiктерiн күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану Қазақстан Республикасының Орман кодексiнің талаптарына сәйкес жүргiзiледi.
2. Пайдалануына мемлекеттiк орман қоры учаскелерi берiлген жер учаскелерiнiң меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Орман кодексiнде белгiленген тәртiппен оларда орман орналастыру жұмыстарын жүргiзуге және орман қорының мемлекеттiк есебiн жүргiзуге қатысуға мiндеттi.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген ағаш және бұта өсiмдiктерiнiң жай-күйiн, күзетiлуiн, қорғалуын, пайдаланылуы мен молықтырылуын бақылауды орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
234-бап. Басқа меншiк иелерiнiң немесе жер
пайдаланушылардың жер учаскелерi арасында
орналасқан мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн
күзету, қорғау, пайдалану, мемлекеттiк орман
қоры учаскелерiнде ормандарды молықтыру
кезiндегi экологиялық талаптар
1. Басқа меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелерi арасында орналасқан мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн күзетудi, қорғауды, пайдалануды, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды молықтыруды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк орман иеленушiлердiң Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген тәртiппен бөтен жер учаскесiн шектеулi мақсатта пайдалану (сервитут) құқығы бар.
2. Табиғи өсiп шығатын ормандарды сыртқы қолайсыз әсерлерден қорғау үшiн басқа меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелерi арасында орналасқан мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнiң шекарасын бойлай енi жиырма метр болатын күзет аймақтары белгiленедi.
3. Күзет аймағы шегiнде мемлекеттiк орман қоры учаскесiнiң жай-күйiне керi әсер ететiн кез келген қызметке тыйым салынады.
235-бап. Темiр жолдарға, автомобиль жолдарына,
каналдарға, магистральдық құбырларға және
басқа да желiлiк құрылыстарға бөлiп берiлген
белдеулердегi қорғаныштық екпелердi күзету,
қорғау және пайдалану кезiндегi экологиялық
талаптар
1. Темiр жолдарға, автомобиль жолдарына, каналдарға, магистральдық құбырларға және басқа да желiлiк құрылыстарға бөлiп берiлген белдеулерде орналасқан қорғаныштық екпелер осы объектiлердi қолайсыз табиғи құбылыстардан қорғауға, қоршаған ортаның ластануын болдырмауға, шудың әсерiн азайтуға арналған.
2. Темiр жолдарға, автомобиль жолдарына, каналдарға, магистральдық құбырларға және басқа да желiлiк құрылыстарға бөлiп берiлген белдеулердегi қорғаныштық екпелерде, қорғаныштық екпелер жасау жобаларына сәйкес орманды күтiп-баптау үшiн кесуге, санитарлық кесуге, бағалылығы төмен екпелердi, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа да функцияларын жоғалта бастаған екпелердi реконструкциялауға байланысты кесуге және өзге де мақсаттарда кесуге жол берiледi.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қорғаныштық екпелердi күзетудi, қорғауды және пайдалануды, Қазақстан Республикасының Орман кодексiне сәйкес жер пайдаланушылар өздерi орналасқан жерлерде жүзеге асырады.
35-тарау. ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСIН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ТАЛАПТАР
236-бап. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану кезiндегi
экологиялық талаптар
1. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жануарлар дүниесi объектiлерiн табиғи ортадан алып қойылмай жүзеге асырылады.
2. Жануарлар тiршiлiгiнiң пайдалы қасиеттерiн, сондай-ақ жануарлар дүниесi объектiлерiн ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк, эстетикалық және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа мақсаттарда пайдалану жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылады.
3. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалануды жүзеге асыру кезiнде жануарларды алып қоюға, олардың паналау орындарын және басқа да құрылыстарды қиратуға, жануарларды көбею кезеңiнде мазалауға, жануарлардың тiршiлiк ету ортасын бұзуға және олардың көбею жағдайларын нашарлатуға тыйым салынады.
237-бап. Елдi мекендердi, кәсiпорындарды, темiр
Достарыңызбен бөлісу: |