Қазақстан Республикасының Экономикалық



бет4/4
Дата13.06.2016
өлшемі0.62 Mb.
#133807
1   2   3   4

Болашаққа міндеттер
184. Қазақстан Республикасы «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» негізгі стратегиялық құжатын әзірледі, онда гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, ана мен баланы қорғау, отбасы мен неке, көші-қон, сексуалдық құлдықтан қорғау, азаматтардың сот арқылы қорғалу құқығын іске асыру, сот жүйесін жаңғырту және нығайту, сот билігінің беделін, қоғам тарапынан оған деген сенімді арттыру бойынша әрі қарайғы міндеттер айқындалған.

Әлеуметтік-экономикалық саясаттың ортамерзімдік кезеңдегі негізгі мақсаты – бұл Қазақстан Республикасын дамытудың жаңа бағытын іске асыруды жалғастыру, кірістердің, өндіріске және адам капиталына инвестициялардың тұрақты өсу қарқыны есебінен экономиканың тиімді және сапалы өсуін қамтамасыз ету.

Елдің экономикалық әл-ауқаты адами капитал, денсаулықты дамыту, әлеуметтік күй, инклюзивтілік, қауіпсіз өмір сүру ортасы және өнімді және тұрақты экономикасы бар тиімді мемлекеттік басқару деңгейімен айқындалуға тиіс.

Аталған мақсатқа қол жеткізу мен елдің экономикалық әл-ауқатын қамтамасыз етуге жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық саясат сеп болады.

Орта мерзімді кезеңге әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі басымдықтары ретінде мыналар айқындалды:

1) макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты сақтау;

2) тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету;

3) қоғамды әлеуметтік жаңғырту;

4) өңірлік дамыту және урбандалу процесін басқару;

5) мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі қалыптастыру;

6) халықаралық интеграция.

Макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты сақтау

Макроэкономикалық тұрақтылық Жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын іске асыру және инфляцияны экономикалық өсім үшін қолайлы деңгейде ұстау бойынша шараларды қабылдау есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің алдында тұрған міндеттерді тиімді шешу мақсатында орта мерзімді перспективада инфляцияны 3-4 % дейін төмендетуге бағытталған шаралар кешені әзірленетін болады. Аталған шаралар елді макроэкономикалық дамудың қол жеткізілген оң нәтижелерін сақтау және экономиканың одан әрі тұрақты және түсімді өсуін қамтамасыз ету үшін тепе-теңдік сипатқа ие болады.

Бюджет саясаты мемлекеттік қаржының тұрақтылығын нығайтуға және Ұлттық қорда қаржының одан әрі жиналуына бағытталатын болады.

Экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету

Экономикалық саясат орта мерзімді кезеңдегі экономиканың өсуін 5-6, 8 % деңгейінде, инвестициялық белсенділік, экономиканы одан әрі индустрияландыру, агроөнеркәсіп кешенін (бұдан әрі – АӨК) жаңғырту, еңбек өнімділігінің өсуі, өңірлердегі іскерлік белсенділіктің артуы, салалардың инвестициялық тартымдылығы, елдің транзиттік әлеуетін көтеру және жаңа жұмыс орындарын құру есебінен қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Ішкі сұраныстың өсуі және экспорт үшін сыртқы жағдайлардың жақсаруы Қазақстан экономикасының артуының негізгі факторы болып табылады. Экономикадағы ішкі сұранысты қолдау үшін экономиканың өсуімен жұмыспен қамтуға үлкен мультипликативтік ықпал ететін мемлекеттік және салалық бағдарламаларды басымды қаржыландыру қамтамасыз етілетін болады.

Ел экономикасын одан әрі инновациялық индустрияландыру саясаты өңір ерекшелігіне қарай белгілі бір басымды секторларда өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға бағытталған индустриалдық-инновациялық дамытудың екінші бес жылдығы шеңберінде іске асырылатын болады.

Елдің инвестициялық тартымдылығын жақсарту мақсатында Қазақстанда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің корпоративтік басқарудың ең үздік стандарттары мен қағидаттары кезең-кезеңімен енгізілетін болады.

Шағын бизнес үшін қолайлы жағдай жасау және нақты мемлекеттік қолдау көрсету бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Қоғамды әлеуметтік жаңғырту

Әлеуметтік саясат денсаулық сақтау жүйесін дамыту, әлемдік деңгейдегі білім беру жүйесін құру және халықтың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету есебінен адами капиталдың сапалық жаңаруы және дамуы арқылы қоғамның одан кейінгі жаңғыруына бағытталатын болады.

Зейнетақы жүйесін жетілдіру Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының шеңберінде қамтамасыз етілетін болады.

Әлеуметтік сала басымдықтарының бірі ретінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру және олар үшін әлеуметтік жайлы жағдай жасау және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу болып айқындалды.

Өңірлік дамыту және урбандалу процесін басқару

Өңірлік саясат экономикалық әлеуеттің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын қалыптастыруға, урбандалу процесін ынталандыру және реттеу арқылы халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасауға және экономикалық өсудің маңызды нысаны болып табылатын агломерацияны дамытуға, экономикалық және демографиялық әлеуеті бар перспективалық елді мекендерді дамытуға және қолдауға бағытталатын болады.

Инклюзивтік әлеуметтік-экономикалық өсуді жылдамдату мақсатында басқарылатын урбандалу саясатын жүргізу қажет.

Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі қалыптастыру

Әкімшілік реформа шеңберінде мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру және азаматтардың, бизнестің және жалпы қоғамның құқықтары мен заңды мүдделерін қанағаттандыруға, артық өкілеттіктерден босатылған шағын үкіметті құруға, орталық және жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған сапалы жаңа модельді құру бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Мемлекеттік активтерді тиімді басқару және экономикадағы мемлекет пен жеке бизнестің рөлін нақты бөлуді қамтамасыз ету үшін жекелеген мемлекеттік кәсіпорындар мен квазимемлекеттік компанияларды жекешелендіру жалғасатын болады.

Халықаралық интеграция

185. Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің (бұдан әрі – БЭК) жұмыс істеуіне кедергі жасайтын шектеулерді жою бойынша жұмыс одан әрі жалғасатын болады.

Орта мерзімді кезеңде экономикалық саясаттың негізгі құралы Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдараламасын іске асыру болады, оған мынадай негізгі бағыттар кіреді:



  1. Елдің көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту;

  2. Индустриалдық инфрақұрылымды дамыту;

  3. Энергетикалық инфрақұрылымды дамыту;

  4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, су және жылумен қамтамасыз ету желісін жаңғырту;

  5. Тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту;

  6. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;

  7. Шағын, орта бизнесті және іскерлік белсенділікті қолдау.

186. Қазіргі уақытта Мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарын іске асыру жүргізілуде, олар:

1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту.

Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуын түбегейлі төмендету мақсатында Ұлттық қордан 2015 жылы 60 млдр. теңге, 2016 жылы 90 млрд. теңге көзделген.

2015 жылы аталған бағыт бойынша өңірлер үшін 96 әлеуметтік маңызды жоба іске асырылуда.

2015 жылы жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің 266,3 км және қазандықтың 14 бірлігі салынатын және қайта құрылатын болады.

2015-2017 жылдары Халықаралық қаржы ұйымдарымен (бұдан әрі - ХҚҰ) бірлесіп жылумен, сумен жабдықтау және су бұру саласында жалпы сомасы 464 млн. АҚШ долларын құрайтын барлығы 10 жоба іске асырылатын болады.

2) тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту.

2015-2016 жылдары жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысына және сатып алуға Ұлттық қордан 145 млрд. теңге көзделді.

Ағымдағы жылы 7000-нан астам пәтер салынатын және сатып алынатын болады, бұл үшін республикалық бюджеттің қаражатын есепке ала отырып 122 млрд.теңге бөлінді.

3) Кәсіпкерлік субъектілерін қолдау.

Кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру мақсатында Бағдарламада 2015 жылы өңдеуші өнеркәсіптегі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 млрд.теңге мөлшерінде жеңілдетілген несиелер беру, сондай-ақ ШОБ жобаларын одан әрі несиелендіру үшін 155 млрд. теңге мөлшерінде ХҚҰ-дан несиелік желілерді тарту көзделген.

4) Институционалдық даму

Экономикадағы құрылымдық реформаларды жүргізу ХҚҰ-мен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылады. Бүгінде инвестициялық және институционалдық жобалардың индикативтік қоржыны 12,9 млрд. АҚШ долларын құрайды.

5) Энергетикалық инфрақұрылымды дамыту.

Солтүстік аймақтың республиканың шығыс және оңтүстік өңірлерімен байланысын күшейту мақсатында «Транзит Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» жобасы іске асырылуда.

6) Білім беру саласындағы инфрақұрылымды дамыту

Авариялық мектептердің, үш ауысымдық оқытуды жою мақсатында 2017 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан 62 млрд. теңгеге жуық қаражат көзделген.

187. Қазақстанның институционалдық ортаны жақсарту арқылы дамыған мемлекеттердің санатына қосылуы және тұрақты өсуі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің сайлауалды науқанында реформалардың бес бағытын алға тартты. Бұл – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, экономикалық өсуді ынталандыру, қазақстандық біртектілікті нығайту және мемлекеттің ашықтығы мен есептілігін арттыру. Осы реформаларды іске асыру үшін 100 нақты қадам Жоспары «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» қабылданды және жарияланды. Реформалардың шеңберінде ең дамыған елдердегі мемлекеттік басқарудың қазіргі заманғы құралдары және стандарттары енгізілетін болады. Бұл үшін Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен Елдік бағдарламаға қол қойды.


Результаты согласования
27.1.2016: Мустафина С. Ж. (Управление международного сотрудничества) - - cогласовано без замечаний



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет