Қазақстан Республикасының Экономикалық


жылғы 25 желтоқсандағы № 881 бұйрығымен бекітілген



бет3/4
Дата13.06.2016
өлшемі0.62 Mb.
#133807
1   2   3   4
12 жылғы 25 желтоқсандағы № 881 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы азаматтарының репродуктивтік денсаулығын нығайту жөніндегі «Жол картасы» әзірленді және бекітілді. Қауіпсіз ана болу мәселелері бойынша әйелдерді оқыту және ақпараттандыру (тексеру, жүктілікке дайындау, контрацепция, босанулар арасында оңтайлы аралықты таңдау); халықтың отбасын жоспарлау әдістері мен қызметтеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында (бұдан әрі – МСАК) отбасын жоспарлау кабинеттері ашылды. Жол картасының шеңберінде репродуктивтік денсаулықты сақтау, отбасын жоспарлау және антенатальдық күтім мәселелері бойынша дәрігерлер және орта медицина қызметкерлері оқытылды, сертификатталған 35 өңірлік үйлестіруші (тренер) даярланды.

Мыналар: 1) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медицина ұйымдары үшін отбасын жоспарлау, контрацепция, бедеулік, жүктілікті көтере алмау бойынша консультация беру алгоритмі; 2) репродуктивтік денсаулықты сақтау және отбасын жоспарлау мәселелері бойынша оқу бағдарламасы (жасөспірімдер мен жастардың қауіпсіз жыныстық мінез-құлқын қалыптастыру, түсіктің профилактикасы, контраптация әдістері, жүктілікке дайындау және жүктілігі бойынша есепке қою үшін ерте келу, жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардың профилактикасы) әзірленді.

Жергілікті мемлекеттік атқарушы органдар жыл сайын тәуекел тобындағы фертильді жас шамасындағы әйелдер, сонымен қатар жасөспірімдер мен жастар үшін контрацептивтік құралдарды сатып алуға қаржы қаражаттары бөлінеді. Мәселен, 2014 жылы 120 млн. теңгеден астам бөлінді, бұл 2012 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Жоспарланбаған жүктілік бойынша тәуекел тобындағы фертильді жас шамасындағы әйелдерді контрацептивтік құралдармен қамтамасыз ету шамамен 70 % құрайды. Дәріхана желісінде Қазақстанда тіркелген контрацептивтілерге қолжетімділік еркін.

169. Сонымен қатар, жасөспірімдер және жастар арасында түсік тастаулардың алдын алу және жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардың (ЖЖЖИ) профилактикасы бойынша ақпараттық жұмыс жалғасып жатыр. Жүкті әйелдерге арналған брошюралар, отбасын жоспарлау, қыздардың репродуктивтік денсаулығын сақтау, қаламаған жүктіліктің профилактикасы бойынша оқушылар мен олардың ата-аналары, аналарға арналған жадынамалар әзірленіп, шығарылуда.

2014 жылы республика бойынша 82 332 түсік жасату тіркелді, оның ішінде 15 жасқа дейінгі жасөспірім қыздар арасында – 34 (0,04 %), 15-тен 18 жасқа дейінгі – 1551 (1,8 %). 2010 жылмен салыстырғанда (барлық түсік жасату - 106 074, оның ішінде 15 жасқа дейінгі жасөспірім қыздар арасында – 56 -0,05 %, 15-тен 18 жасқа дейінгі – 3 256 – 3 %) жасөспірім қыздарда түсік жасату саны 2 есе төмендеді.

170. Халық денсаулығын нығайту мақсатында отбасы денсаулығы орталықтарын, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшелерін, жастар денсаулық орталықтарын (бұдан әрі – ЖДО), денсаулықты нығайту орталықтарын құру арқылы МСАК әлеуметтік бағдарланған моделін енгізуге, сондай-ақ МСАК штаттық нормативтеріне әлеуметтік қызметкерлерді, психологтарды кіргізуге ерекше көңіл бөлінген.

Бүгінгі күні МСАК деңгейінде 2188 әлеуметтік қызметкер және 813 психолог, 7 863 патронаждық бике жұмыс істейді. Республикада 87 ЖДО және 4 582 денсаулық мектебі жұмыс істейді. Олардың функциясына репродуктивті денсаулықты сақтау, қауіпті түсік тастаулардың, жыныстық жолмен жұғатын инфекциялар профилактикасы, қаламаған жүктіліктен жеке қорғану құралдарын ұсыну, психологиялық және құқықтық көмек жыныстық жолмен жұғатын инфекцияға қатысты емдік-диагностикалық қызметтер, сондай-ақ ақпараттық-білім беру материалдарын (жадынамалар, үнпарақтар және т.б.) тарату бойынша консультациялық қызметтер көрсету жатады. Медицина қызметкерлері консультация беру, үйге жиі бару, үйде көмек көрсету және бақылауды (патронаж бен әлеуметтік сүйемелдеу) жүргізеді, қолдау топтары құрылады, өз-өзіне және өзара тренинг өткізіледі.

171. Үкіметтік емес ұйымдардың атқаратын рөлі маңызды. 2011 жылдан бастап Министрлік әлеуметтік жобаларды іске асыруда. Әлеуметтік жобалар Саламатты өмір салтын насихаттауға, репродуктивті денсаулықты нығайтуға, сексуалды тәрбиелеуге, отбасыны жоспарлау т.б. мәселесінде халықтың хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған.

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын» орындау үшін келесі әлеуметтік жобалар іске асырылды: «Отбасы денсаулығы», «АИТВ/ЖИТС алдын алу, контрацепция мәселелері бойынша консультациялық телефон желісі қызметтері», «Мүмкіндіктері шектеулі әйелдердің денсаулығын қорғау», «Ана мен бала», «Отбасы бәрін істей алады», «Репродуктивті денсаулықты қорғау, отбасыны жоспарлау, халықты, медицина қызметкерлеріне консультация беру және оқыту арқылы жүктілікке, дені сау балалар тууға дайындалу». Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.

Ұсыным 34-тармақ

172. 2015 жылдың үшінші тоқсанында ҚР ДСӘДМ жүйесінде наркологиялық есепте 33360 есірткі құралдары мен психотроптық заттарды тұтынушылар (2014 жылғы 3 тоқсанда – 38537 адам) тұрды, оның ішінде ауыл тұрғындары – 4461 адам (2014 жылғы 3 тоқсанда – 4526 адам); әйелдер – 2618 адам (2014 жылғы 3 тоқсанда – 3180 адам); кәмелетке толмағандар – 336 адам (2014 жылғы 3 тоқсанда – 387 адам).

Метадонмен қолдаушы алмастырушы терапия қазіргі уақытта республиканың 10 қаласында жобалық қуаттылығы 400 адаммен пилоттық жоба режимінде іске асырылады. 2015 жылдың қыркүйегінде бағдарламаға 290 пациенттің қатысуы жоспарланған (Ақтөбе – 26, ШҚО – 36, Семей – 75, Жамбыл – 20, БҚО – 30, Қарағанды – 10, Теміртау – 23, Қостанай – 29, Павлодар – 67, Екібастұз – 24)

Ұсыным 35-тармақ

173. Бұрын қабылданған бағдарламалық құжаттарды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасын (бұдан әрі – Тұжырымдама) іске асыру жалғасып жатыр. Су ресурстарын орнықты пайдалану, орнықты және өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығын дамыту, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, электр энергетикасын дамыту, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, ауаның ластануын азайту, көлік құралдарын отынның экологиялық таза түрлеріне көшіру және тиісті инфрақұрылым құру, ЖЭС  шығарындыларын тазартуды енгізу, өндіріс  пен  тұрмыстағы ең жаңа  технологиялар негізінде  электр энергиясын жаппай үнемдеу, сондай-ақ отандық ғылымға мемлекеттік қолдау көрсету жөніндегі шаралар көзделген іс-шаралар жоспары бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Президенттің 2014 жылғы 26 мамырдағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңес құрылды.

ТҚҚ бойынша проблеманы шешу үшін Үкімет «Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғыртудың 2014 – 2050 жылдарға арналған бағдарламасын» қабылдады. Бағдарлама тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеу жүйесін жетілдіруге; тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, кәдеге жарату, өңдеу және көму жөнінде көрсетілетін қызметтер кешенінің тиімділігін, сенімділігін, экологиялық және әлеуметтік қолайлылығын жоғарылатуға; заманауи технологиялар мен басқару әдістерінің негізінде ТҚҚ секторын жаңғыртуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын бұлжытпай орындау жөнінде шаралар қабылдауға бағытталған.

Бағдарлама Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрмыс сапасы мен жағдайларын айтарлықтай жақсартатын болады. Қоршаған ортаны қорғау секторындағы басым міндеттердің бірі экологиялық заңнаманың құқық бұзушылықтарын анықтау және олардың алдын алу бойынша мемлекеттік экологиялық бақылау тиімділігін арттыру болып табылады.

Мемлекет пен халықты гидрометеорологиялық және экологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету сапасын арттыру мақсатында гидрометеорологиялық желілерді қосымша жабдықтау жоспарланған.

Заңнама базасы негізінде ұлттық деңгейде нарықтық тетік дамытылуда – оларды квоталау, мониторингтеу және есеп жүргізу арқылы парниктік газдар шығындыларын реттеу.

Қазақстан БҰҰ-ның Климатты өзгерту жөніндегі шеңберлік конвенциясы бойынша келіссөздер процесіне белсенді атсалысады және жаңа келісімді әзірлеуге қатысады.



174. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі экологияның әсерінен болатын аурулардың алдын алуға күш салуда. Осылайша, сәуленің әсеріне шалдыққан халықтың сандық және жас-жыныстық құрамын қалыптастыру, денсаулық жағдайын бағалау, радиациялық-гигиеналық мониторинг жүргізу негізінде патологиялық жағдайларды анықтау және ранжирлеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Осы міндеттерді шешу үшін СИЯП (ГНАМР) қызметінің нәтижесінде йондаушы сәулелену әсеріне шалдыққан ҚР халқының мемлекеттік ғылыми автоматтандырылған тізілімі құрылды.

Сәулеге шалдыққан халық үшін медициналық салдарын бағалау мақсатында Семей қаласында Радиациялық медицина және экология жөнiндегi ғылыми-зерттеу институты (бұдан әрі – РМЭҒЗИ) құрылды.

Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстары аудандарының ең көп зардап шеккен ауыл тұрғындарына скринингтік тексеру жүргізілді. Скрининг нәтижелері бойынша РМЭҒЗИ оңалту бөлімшесінде одан әрі терең зерттеу және емдеу үшін тәуекел тобы құрылуда.

Ұсыным 36-тармақ

175. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2011 жылдан бастап «Саламатты өмір салты және қауіптің мінез-құлық факторларымен шартталған әлеуметтік маңызды аурулардың деңгейін төмендету» денсаулықты сақтау жөніндегі сектораралық кіші бағдарлама орындалуда. Оның шеңберінде жыл сайын ұлттық деңгейде бір миллионнан астам іс-шаралар орындалады. Әрбір іс-шараға нысанды топтарға байланысты 1 миллионнан астам адам қатысты. Республика бойынша және өңірлерде жыл сайын БАҚ әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу және саламатты өмір сүру салтын қалыптастыру бойынша мәселелерді тұрақты жарияланады: баспасөз-конференциялар, ТВ-хабарлар, радиохабарлар, мақалаларды жариялау, республикалық арналарда және Астана, Алматы қалаларының әуежайларының LED-мониторларында бейне және аудиороликтерді көрсету. Ауру туғызатын қауіп факторларын ескерту маңыздылығы, ескерту жолдары және денсаулықты нығайту туралы халықтың хабардар болуын арттыру үшін үкіметтік емес ұйымдарды тартумен 100 әлеуметтік жоба іске асырылды.

2012 жылдың мамыр айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Балалар мен жастарға арналған №150 ұлттық сенім телефон желісі» жұмыс істейді. Жұмыс істеу кезеңі ішінде 1 046 434 өтініш болды. Абоненттерге мынадай көмек: 14 216 абонентке психологиялық қолдау, 1 243 абонентке әлеуметтік қолдау, 1 671 абонентке құқықтық қолдау көрсетілді.

Ең үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында республикалық және өңірлік деңгейде симуляциялық жабдықты пайдалану бойынша заманауи инновациялық технологиялар енгізілуде. 2011-2015 жылдар аралығында бір жыл сайын ақпараттық-білім беру материалдары, сонымен бірге 3 оқыту ақпараттық кешен әзірленді және таратылды; 44 бейне және 42 аудиоролик, танымал тұлғаларды тартумен 36 телехабаркөрсетілді. Ақпаратты тұрақты негізде жаңартып отыратын аудандық СӨСҚ веб-сайттары: www.hls.kz, www.zhas-hls.kz жұмыс істейді. Интернет арқылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің және www.youtube.com. веб-сайтында бейнероликтерді орналастыру арқылы Саламатты өмір салтын насихаттау жұмысы күшейтілді.

Ұсыным 37-тармақ

176. ҚР «Мәдениет туралы» заңының 4-бабына сәйкес үкіметтің мәдениет салысындағы негізгі міндеттерінің бірі мәдени құндылықтарға еркін қолжетімдікті қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы № 939 Жарлығымен Мәдениет саяасаты тұжырымдамасы бекітілді, оның шеңберінде халықтың мәдениет өнімдері мен қызметтеріне кең қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Мәдени ұйымдардың көбісі мәдени іс-шараларға қатысу қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында тегін қызмет көрсетеді немесе арнайы жеңілдіктерді қарастырады. Оның ішінде М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрында, М. Лермонтов атындағы Орыс мемлекеттік академиялық театрында, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік жасөспірімдер мен балалар академиялық театрында, Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттік жасөспірімдер мен балалар академиялық театрында, Республикалық Неміс драма театрында мүгедектерге тегін кіру қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайына ҰОС ардагерлері, мүгедектер, мектепалды жастағы балалар, жетім балалар, көп балалы аналар тегін кіреді.

2005 жылдан бастап Алматы қаласындағы Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана «Вести» газетін шығарады. Сонымен қатар, айына бір рет СD форматында «Менің жолым» атты газетін шығарады. Бұл басылымдар зағип және нашар көретіндерге арналған арнайы қаріпті қолданумен шығарылады.

«Мәдениет туралы» ҚР Заңының 24-бабының 6-тармағына сәйкес еліміздің барлық мемлекеттік кітапханалары мүгедектер мен қарттарға сырттай немесе негізгіден тыс қызмет көрсету түрлері арқылы қызметтер ұсынады.

2015 жылы бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын концерттік ұйымдарға, тетрларға, мәдениет-демалу ұйымдарына, кітапханаларға, мұражайлар мен қорық-мұражайларға, цирктерге қолжетімділік нормативтерін қамтитын «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектердің қол жеткізуін қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты бекітілді. Стандартқа сәйкес, бірінші және екінші топ мүгедектері мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар көрсетілетін қызметтерді бюджет қаражаты есебінен қолданады, ал үшінші топ мүгедектері – көрсетілетін қызметтердің 50 пайызын төлейді.

Ұстаным 38-тармақ

177. Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі үшін оның маңызды құрамдас бөлігі сондай-ақ ана мен бала денсаулығы болып табылатын Қазақстанның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексін арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет. Балалардың өлi тууы мен өлім-жітімінің санын қысқарту мақсатында практикаға дәлелді медицинаға негізделген және ДДҰ ұсынылған халықаралық технологиялар енгізілді, туу мен өлімді тіркеу нысаны қайта қаралды. Салалық және ұлттық бағдарламаларды, оның ішінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын қабылдаудың арқасында бірқатар жүйелі іс-шаралар іске асырылды.

Ауыр патологиясы бар жүкті әйелдер мен уақытынан бұрын босанатын әйелдер 21 перинаталды орталыққа жіберіледі, онда шала туылған және ауру жаңа туған нәрестелерді реанимациялау және күту үшін жоғары білікті мамандар жұмыс істейді, заманауи медициналық жабдық шоғырландырылған және қымбат дәрілік заттар қолданылады.

Жоғары білікті жедел көмектің уақтылылығын және қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында 2011 жылдан бастап республикада республикалық санитариялық авиация қызметі жолға қойылды. 2014 жылы 1874 ұшу жасалды, 1839 пациентке көмек көрсетілді, 1735 тасымалданды, оның 1027 (59%) – бұл жүкті әйелдер мен балалар.

Babies матрицасына сәйкес дене салмағы және өмір кезеңдері бойынша нәрестелердің өлім-жітімін талдау нәрестелер өлім-жітімінің мониторингін жүргізуге және басқарушылық шешімдермен тиісті араласу пакеттерін қабылдау үшін проблемаларды анықтауға мүмкіндік берді.

Республикада ұтымды халықаралық технологиялар енгізілген. Бұл аналардың қауіпсіздігі, балалық шақтағы ауруларды сабақтастыра емдеу (бұдан әрі – БШАСЕ) және басқа да бағдарламалар. «Аналардың қауіпсіздігі» бағдарламасына мынадай технологиялар кіреді: әріптестік босандыру, босануда еркін қалыпты таңдау, ананың баламен ерте байланысы, «жылылық тізбегін сақтау», ана мен баланың бірге болуы, тек емшекпен тамақтандыру.

Соңғы 3 жыл ішінде ұтымды технологияларды енгізудің республикалық үйлестіру орталығы жұмыс істейді және көрсетілген технологияларға босандыру және балалар ұйымдарының медицина қызметкерлерінің 80 % (сыни масса) астамы оқытылды. Еліміздің барлық өңірлерінде техникалық жабдықталған БШАСЕ (балалық шақтағы ауруларды сабақтастыра емдеу) ұтымды перинаталды көмекті енгізу бойынша өңірлік оқу орталықтары құрылды, ұтымды перинаталдық көмек бойынша 16 үйлестіруші жұмыс істейді.

ДДҰ ұсынылған тірі және өлі туылғандар критерийлерінің енгізілуін, әйелдер мен балалар өлім-жітімі себептерінің құрылымын ескере отырып, елімізде стационарлық қызметті жетілдіру және нығайту, практикаға қарапайым, үнемді, қолжетімді, дәлелді медицинаға негізделген халықаралық технологияларды ұтымды перинаталдық күтімді, балалық шақтағы ауруларды сабақтастыра емдеуді енгізу басталды. Халықтың аз қамтылған топтарының арасында баланың денсаулығы үшін қауіпті белгілерді білудің төмен деңгейін анықтап, Министрлік ЮНИСЕФ және ДДҰ бірлесіп, бүгінде 5 жасқа дейінгі балаларды күту ережелері жөнінде аналарды ақпараттандыру бойынша кең ауқымды жұмыстар жүргізуде. 2014 жылы аналарға арналған «5 жасқа дейінгі баланың дамуы бойынша жеке карточка» және мейіргерлерге арналған балаларды тамақтандыру және психо-моторлық дамуы бойынша оқу-әдістемелік нұсқау әзірленді, сондай-ақ халыққа арналған 5 жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру және психо-моторлық дамуы, ауру кезіндегі қауіпті белгілер жөніндегі, емшекпен тамақтандырудың маңыздылығы туралы бейнероликтер түсірілді. «Профилактикалық медицина академиясы» ҚБ бірге 5 жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру бойынша оқу фильмін түсірді.

2014 жылғы қыркүйек-желтоқсан аралығында ДДҰ ұсынылған медициналық көмектің сапасын бағалау құралдарын енгізу үшін ДДҰ халықаралық консультанттарын шақырумен БШАСЕ және ҰПК (ұтымды перинаталдық күтім) жетілдіру бойынша жоба жүзеге асырылды. Жоба шеңберінде халықаралық консультанттар ДДҰ ұсынған тиімді технологияларды енгізуді ұйымдастыру және бағалау бойынша 80 өңірлік үйлестірушіні, оның ішінде 32 тәуелсіз аккредиттелген медицина сарапшысын оқытты.

Перинаталдық көмекке бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз ету үшін және 325 клиникалық хаттама халықаралық стандартқа сәйкестендіріліп бекітілді, медицина қызметкерлері оқытылды. 2014 жылғы 20 мамырда № 275 Церебральді сал ауруымен ауыратын балаларды оңалтуды ұйымдастыру бойынша жол картасы бекітілді. Бүгінгі күні «Қазақстан Республикасында 0-ден 5 жасқа дейінгі балаларға педиатриялық көмек көрсету стандарты», «Қазақстан Республикасының халқына акушерлік көмек көрсету стандарты» стандарттар жобалары бекіту сатысында. Бұдан басқа, қазіргі уақытта тағы 42 клиникалық хаттама әзірлену және бекіту сатысында.

Медициналық көмектің сапасын арттыру, жетім балаларды немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды сәтті дамыту үшін «Дамыту мақсатындағы күту» БШАСЕ оқу модулін енгізу бойынша Балалар үйлерінің мамандары үшін іс-шаралар (Жол картасы) әзірленді, ол балалардың үйлесімді дене және психикалық дамуына ықпал ететін болады.

Дені сау анадан ғана дені сау бала туатыны барлығына белгілі. Осыған байланысты ең әуелі медициналық алғашқы-санитарлық көмекті дамытуға көңіл бөлінеді, мейіргерлердің, әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардың рөлі артқан, жеткен нәтижелері үшін учаскелік дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерін материалдық ынталандыру жалғасын табуда.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында отбасын жоспарлаудың 350-ден астам кабинеті ашылды. Профилактика және әлеуметтік-психологиялық бөлімшелері бар отбасы денсаулығы орталықтары, 87 Жастар денсаулығы орталығы, денсаулықты нығайту орталықтары (жас ана, репродуктивтік денсаулық мектептері, бастамашылық клубтары және т.б.) құрылды. «Әр бала қалаулы, әр босану қауіпсіз» қағидаты насихатталады.

Баланың дұрыс дамуы мақсатында халықтың, балалардың денсаулығы, тамақтандыру, емшекпен тамақтандырудың артықшылығы, гигиена туралы хабардарлығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде, ақпараттық материалдар шығарылады және үкіметтік емес ұйымдар арқылы әлеуметтік жобалар іске асырылады. Тек емшекпен тамақтандырумен қамту 6 айға дейінгі балалардың 84% құрайды. Мектеп жасындағы балалардың денсаулығын нығайту үшін саламатты өмір салты, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі қағидаттары насихатталады. Білім және ғылым министрлігімен сектораралық өзара әрекеттесу шеңберінде мектеп медицинасын жетілдіру туралы мәселе қарастырылуда. Жыл сайын МСАК деңгейінде 18 жасқа дейінгі балаларды профилактикалық тексеру жүзеге асырылады.

МСАК деңгейінде және балалар стационарларында балалық шақтағы ауруларды сабақтастыра емдеу (БШАСЕ) технологиясы енгізілді. Қабылдау бөлмелері деңгейінде дер кезінде жедел көмек көрсету үшін ауыр науқастарды іріктеу жүргізіледі. Барлық балалар стационарларында терапия уақытында эмоционалдық қолдау көрсету үшін ойын бөлмелері ұйымдастырылған.

Туа біткен даму кемістіктерін дер кезінде анықтау және емдеу мақсатында 2007 жылдан бастап Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде туу алды (босануға дейінгі) және неонатальды (жаңа туған) генетикалық скрининг жүргізіледі.

Қазақстанда алғаш рет "Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы" АҚ базасында аяқталмаған остеогенезбен ауыратын 3 балаға телескопиялық стерженьдермен ұзын түтікті сүйектердің интрамедулярлы металл-остеосинтезі жасалды.

2014 жылдың есептік кезеңінде «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» РМҚК базасында Қазақстан Республикасындағы балалар онкологиясы мен гематология қызметін жетілдіру бойынша жол картасын іске асыру шеңберінде 1523 бала емделді, бұл ретте 3 балаға сүйек кемігін транспланттау жасалды.

«Алматы қаласының № 5 қалалық клиникалық аурухасы» РМК, «Ақсай» республикалық клиникалық балалар ауруханасы» РМҚК базасында жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету шеңберінде Алматы қаласында 90 балаға «кохлеарлық имплантация» оталары жасалды.

2014 жылы жұмыс істеп тұрған жүректе миокарда ісігін алып тастау бойынша алғаш рет ота жасалды, бұл ретте әлемде осындай барлығы 4 ота жасалған, сондай-ақ 3 балаға кеңірдек өңеш терең жарасы бар өңеш бітеу өзегін эндоскопиялық жедел емдеу жасалды.

Амбулаториялық және стационарлық деңгейде медициналық көмек балаларға диагностика мен емдеудің жоғары технологиясын және қымбат әдістерін қолданумен тегін көрсетілетінін атап өткен жөн.

Қазақстан – қант диабетімен ауыратын балаларға тегін инсулиндік помпалар ұсынған әлемдегі жалғыз ел. Сирек генетикалық аурулармен (Гоше ауруы, муковисцидоз, мукополисахаридоз) ауыратын балалар ТМККК шеңберінде өмір бойы қымбат емдік терапиямен қамтамасыз етіледі. Қазақстанның халықаралық деңгейде балаларды вакцинациялаумен толық және тегін қамтамасыз ететін мемлекет мәртебесі бар, оларды қамту «MICS 2010 ж.» деректері бойынша 97,5% құрайды. Соңғы 7 жыл ішінде вакцинациялауға мемлекеттің шығыны 1-ден 12 млрд. теңгеге дейін өсті. Вакцинациялаудан кейінгі реакцияны төмендету мақсатында Қазақстан 2013 жылдан бастап олардың жоғары тиімділігі кезінде көкжөтел, дифтерия мен сіреспеге қарсы аз реактогенді вакцинамен қамтамасыз етуге көшті. Нәтижесінде соңғы 20 жыл ішінде қызамықпен ауру 291 есе азайды, балалардың арасында «В» гепатитімен ауру 135 есе, дифтериямен 100 есе, қызылшамен 25 есе, көкжөтелмен ауру 20 есе азайды. Біздің ел 2002 жылдан бастап полиомиелит, ал 2012 жылдан бастап малярия жоқ аумақ ретінде ДДҰ тарапынан сертификатталды.

2012 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы мен Маңғыстау облысында балаларды пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялау басталды, 2015 жылы осы вакцинациялау бүкіл республика бойынша енгізілетін болады. 5 жасқа дейінгі балалардың пневмониямен ауруы 50 %, ал өлім-жітім 20 % (осы вакцинациялауды енгізу кезінде ДДҰ болжамы бойынша) төмендейді деп күтілуде.

2013 жылғы маусымда Қазақстан Республикасында БҰҰ-ның Балалар өлім-жітімін бағалау жөніндегі ведомствоаралық сарапшылар тобы (БӨВСТ) жұмыс істеді. Олардың сапары барысында балалар мен нәрестелердің өлім-жітімі көрсеткішін қайта есептеу жүргізілді.

БӨВСТ есептеу деректері бойынша (Child Mortality, Report 2014) Қазақстанда 2013 жыл қорытындысы бойынша 1000 тірі туылғанға нәрестелер өлім-жітімінің көрсеткіші 15 құрады, 1000 тірі туылғанға балалар өлім-жітімі 16 құрады. Осылайша, Қазақстан балалар өлім-жітімін 70,3 % төмендетіп, МДМ №4 мерзімінен бұрын жетті.

Бұдан басқа, БӨВСТ сарапшылары Қазақстандағы балалар мен нәрестелер өлім-жітімін тіркеудің дұрыстығы мен деректілігін растады.

Аталған жетістіктер Дүниежүзілік Банктің ресми деректер қорына 2014 жылы енгізілді және Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексін есептеу кезінде нәрестелер өлім-жітімі көрсеткіштері бойынша Қазақстан рейтингі 17 позицияға дейін жақсарды (98-ден 81-ге дейін).

2014 жылғы қарашада Министрліктің бастамасы бойынша БҰҰ-ның Аналар өлім-жітімін бағалау жөніндегі ведомствоаралық сарапшылар тобы жұмыс істеді. Аналардың өлім-жітімін бағалау көрсеткіштерін қайта қарау нәтижелері 2015 жылғы қыркүйекте жарияланатын болады.

178. Қазақстан Республикасының Конституциясы тегін орта білімге кепілдік береді. Орта білім міндетті болып табылады. Бұл норма сондай-ақ «Білім туралы» Заңда көрініс тапқан. Бұл Бала құқықтары туралы конвенцияның 28 және 29-баптарына сәйкес келеді. Осыған сәйкес – орта білім жүйесіндегі бастауыш білім барлығы үшін міндетті және тегін болып табылады.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында міндетті тегін мектепалды білім алуға мемлекеттік кепілдіктер көзделген.

Білім саласында қабылданатын барлық шаралар оның қолжетімдігі мен сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жыл сайын білімге мемлекеттік бюджеттен шығын ұлғайтылады: 2010 жылы – 797,0 млрд. теңге немесе ЖІӨ-ге 4,1 %, 2014 жылы - 1,4 млрд. теңге немесе ЖІӨ-ге 3,5 %.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда «Балапан» салалық бағдарламасының арқасында жыл сайын мектепке дейінгі ұйымдардың желісі артуда.

Республикада 8 467 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оларда 727,4 мың бала (қамту 78,6 %) мектепке дейінгі біліммен қамтылған. 2010 жылы – 6 446 мектепке дейінгі ұйым 446,4 мың бала (қамту 41,6%) қамтылған.

2010 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдар желісі 2 021 бірлікке артты. Мектепалды дайындықпен мектепалды жастағы балалардың жалпы санының 96,4%, 2010 жылы 88,9% қамтылған.

Республикада 7 222 (2013/14 оқу жылдары - 7 307) күндізгі жалпы білім беру мектебі жұмыс істейді, онда 2,6 миллионнан астам оқушы оқиды. Қысқарту шағын жинақталған мектептерді оңтайландырумен байланысты.

Орта білім жүйесінде білім мазмұнының сапасын жақсарту бойынша бірқатар шаралар қабылданды.

2013 жылдан бастап барлық мектептерде 1 сыныптан бастап ағылшын тілін, 5 сыныптан бастап «Информатика» пәнін оқыту енгізілген, сонымен бірге 9-11 сынып оқушыларына арналған «Адам. Қоғам. Құқық» ықпалдастырылған пәні енгізілді.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары іске асырылуда. Орта мектептерге арналған барлық оқу бағдарламалары оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуды ескере отырып, жаңартылды.

Орта білімнің қолжетімдігін және сапасын жақсартуды қамтамасыз ету үшін республиканың білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығаюда. Республиканың жалпы білім беру мектептері республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жаңа модификациядағы пәндік кабинеттермен жабдықталады. 2014-2015 оқу жылында мектептерді пәндік кабинетпен жабдықтау орта есеппен 49,3 % (7 222 мектептен 3 562 мектеп) құрайды, соның ішінде: физика – 48 % (3 468 мектеп); химия – 41,3 % (2 986 мектеп); биология 81,5 % (2 904 мектеп); мультимедиялық лингафондық кабинеттер - 56,5 % (4 085 мектеп).

Оқытудың жаңа нысандары мен технологиялары енгізілді – балалар интерактивтік парктері (ғылым қалашықтары), технопарктер, балалар ғылыми мұражайлары.

2013 жылы Астана қаласының Оқушылар сарайында балалар мен жасөспірімдерге арналған Ұлттық интерактивтік парк ашылды.

Назарбаев Зияткерлік мектептер желісін дамыту жалғасуда, олардың саны 2014 жылғы қазанда 16 (2010 жылы – 0 құраған), онда 10 655 оқушы оқиды. Республиканың жалпы білім беру мектептерінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін трансляциялау жүргізілуде.

Көптілді білім беруді енгізу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

Бүгінгі күні 4085 (2010 жылы - 3 450) мектепте қазақ, орыс және шетел тілдерін үйретуге арналған мультимедиялық лингафондық кабинеттер бар.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ана тілінде білім алу құқығы болған кезде тиісті білім беру ұйымдарын, сыныптар, топтар құру, сондай-ақ олардың жұмыс істеу жағдайларын жасау арқылы қамтамасыз етіледі.

2014-2015 оқу жылының басында өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын 37 мектепте және 171 аралас мектепте 97 692 оқушы аз ұлттар тілдерінде оқытылады.

өзбек тілінде – өзбек тілінде оқытатын 20 мектепте және 114 аралас мектепте 78 986 оқушы;

ұйғыр тілінде – ұйғыр тілінде оқытатын 13 мектепте және 49 аралас тілдерді оқытатын мектепте 14 694 оқушы;

тәжік тілінде – тәжік тілінде оқытатын 4 мектепте және 8 аралас мектепте 4 012 оқушы.

Барлық оқу орындары меншік нысанына қарамастан мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, сонымен бірге әрбір білім деңгейі үшін мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына сәйкес орыс және бір шет тілін оқытуды қамтамасыз етеді.

Жыл сайын ұйғыр тілі және әдебиеті, өзбек тілі және әдебиеті бойынша республикалық олимпиадалар өткізіледі.

Қазіргі уақытта техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде (ТжәнеКБ) 820 (2012 жылы – 888 бірлік) оқу орны жұмыс істейді, оларда 531,4 (2012 жылы - 587,3 мың адам) мың адам, оның 256,2 мың қыздар мен әйелдер оқиды.

2014 – 2015 оқу жылында ТжәнеКБ оқу орындарына 173,9 (2012-2013 оқу жылында – 203,9 мың адам) мың адам қабылданды. Мемлекеттік білім беру тапсырысы (мемтапсырыс) бойынша 87,1 мың адам (2012 жылы – 84,2 мың адам), ақылы негізде – 86,8 мың адам (2012 жылы – 119,7 мың адам) оқиды.

Жастардың техникалық және технологиялық кәсіптер бойынша техникалық және кәсіптік білім алуға қолжетімділігін арттыру үшін 2014-2015 оқу жылында республикалық бюджет есебінен ТжәнеКБ кадрларын дайындауға мемлекеттік тапсырыстың көлемі 5358 бірлікке ұлғайтылды.

Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының білім алушылары заңды негізде «студенттерге» теңестіріліп, кәсіптік лицейлер колледж болып қайта аталды.

2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап студенттер стипендия мен жол жүруге өтемақы (4 АЕК) алады.

Барлық білім беру ұйымдары компьютерлік техникамен 100% жабдықталған. Республикада электрондық оқыту жүйесі енгізілуде.

2013-2014 оқу жылында 1159 орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы электрондық оқыту жүйесіне қосылған. Жоба шеңберінде әрбір білім беру ұйымы заманауи дербес компьютерлермен, ноутбуктермен жабдықталған, кеңжолақты интернетпен және Wi-Fi желісімен қамтамасыз етілген.

Барлық мектептерде кітапханалар бар, кітапхана қорын 106 721 556 дана оқулық пен көркем әдебиет құрайды.

Балалардың мәдени-рухани және шығармашылық дамытуға арналған қосымша білім беру ұйымдарының желісі ұлғаюда. 2014 жылы қосымша білім берудің 1 022 ұйымы, 2013 жылы 641 ұйымы жұмыс істеді.

Ұсыным 39-тармақ.

179. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті халықаралық қауымдастықтың Қазақстан ратификациялаған ұсыныстарын этникалық аз топтардың кепілдік берілген құқықтарын іске асыруда кемсітушілікке жол бермеу бөлігінде қатаң сақтайды.

Осылайша, ҰҚК «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы саладағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған бірқатар нормативтік құқықтық актілерді әзірледі және қабылдады.

Оларды қабылдау адамның, қоғамның және мемлекеттің мүддесін қорғаудың сапалы жаңа деңгейіне көтеруге мүмкіндік береді.

ҚР ҰҚК нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде заң жобалары орталық мемлекеттік органдарда келісуден, оның ішінде адам құқықтарының сақталу сәйкестігіне өтетінін атап өткен жөн.

Оның үстіне, «Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының құқыққа сыйымды әрекеттерімен терроризм актісінің жолын кесу кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу қағидаларын бекіту туралы», «Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидаларын бекіту туралы», «Терроризм актісін жасауы салдарынан, сондай-ақ олар жасаған терроризм актісінің жолын кесу кезінде өлген адамдарды жерлеу қағидаларын бекіту туралы», «Арнаулы және түзеу мекемелерінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жасау бойынша ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура органдарының және Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы», «Террористік акциялардан зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 64 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңға тәуелді актілерінің қабылдануымен азаматтардың, оның ішінде терроризмге қарсы шараларды іске асыру кезінде зардап шегуі мүмкін этникалық аз топтардың экономикалық және әлеуметтік құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлінеді.

40-тармақ бойынша ұсыным

180. 2010 жылы Қазақстан Республикасы Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялады.

2011 жылы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексі қабылданды.

2012 жылғы қарашада Қазақстан Республикасының Заңымен Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенциясы бекітілді.

2013 жылғы шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осы Заңда жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйді бірінші кезекте алу құқығы көзделген.

Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық заңнама БҰҰ Бала құқықтары туралы Конвенциясының талаптарына сәйкес келтірілген.

Қазақстан Республикасында бала құқықтары бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық базасы қалыптастырылған, ол жалпы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

Елде заңнамамен балалардың өмір сүруге, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға, жеке басына қол сұқпаушылыққа, тұрғын үйге, білім алуға, әлеуметтік қамтамасыз етілу және әлеуметтік қызмет алуға, денсаулығын сақтауға және медициналық көмекке, мәдени құндылықтарға қолжеткізу және басқа ең маңызды құқықтары қамтамасыз етілген.

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара әрекеттесудің тиімді жүйесі құрылған.

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмысын жалғастыруда.



Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясын іске асыру шеңберінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексіне ДДҰ ұсынған темекі бұйымдарына акциздер мөлшерлемесін сатылап арттыруға қатысты өзгеріс енгізу туралы ұсыныс жасалды.

Донорлардың, реципиенттердің және транспланттау бойынша қызметтерді ұсынатын медициналық ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын заңнамалық базаны қалыптастыру үшін өмір мен денсаулыққа қауіпті болып табылатын аурулар табылған адамдар, сондай-ақ жүкті әйелдер тірі донор бола алмайтындығын айқындау ұсынылады.

Сондай-ақ, ақысыз донорлық міндетті жүзеге асыратын донорға орташа жалақысының сақталуымен бір күн қосымша демалыс алу құқығы көзделген. Аталған норма ерікті ақысыз донорлықты ынталандыру мақсатында енгізіледі.

Тірі донордан тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу, алуға келісу нотариаттың куәландыруын талап етпейтін Гемопоэздік дің жасушаларын қоспағанда, оның нотариат куәландырған жазбаша келісімімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

Жетілдіру және халықаралық деңгейге шығу мақсатында заң жобасында тіндер реципиенттерінің тіркелімін тіркеуді және тіндер донорларының тіркелімін (тіндер бөлігін және/немесе ағзалардың (ағзалар бөлігін) қалыптастыру бекітілген.

Тиісінше тіндер (тіндер бөлігі) донорларының тіркелімі ұғымы, сондай-ақ ағзалар (ағзалар бөлігі) донорларының тізілімі ұғымы енгізілді. Бұл ретте тіндерді (тіндер бөлігін) және/немесе ағзаларды (ағзалар бөлігін) транспланттауға, қызметін лицензияға сәйкес жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында жол берілетінін нақтылау енгізілген.

Бұдан басқа, пациенттің құқығын қорғау, сонымен бірге медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында мекенжайын анықтау мүмкін емес туыстарының не болмаса заңды өкілдерінің келісімінсіз медициналық құжаттамада жазбаны міндетті түрде ресімдеумен және кейін бір тәулік ішінде денсаулық сақтау ұйымының лауазымды адамына ол жөнінде хабарлаумен дәрігерлер консилиумының шешімі бойынша жедел транспланттау жасау көзделген.

Халықтар арасында тегін донорлық мәселесін тарату үшін өнердегі, спорттағы, бизнестегі танымал қайраткерлерді тартумен, соның ішінде мемлекеттік қызметшілер, ұлттық компаниялар, холдингтер, бизнес-құрылымдар арасында жыл сайын акциялар өткізу жолымен ерікті тегін донорлықты дамыту бойынша жұмыстар жүргізіледі.

41-тармақ бойынша ұсыным

181. Қазақстан Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіге Факультативтік хаттаманы ратификациялауға қатысты ұсынымдарды қолдайды. Осы бағыттағы жұмыстар болашақтағы ықтимал қаржы міндеттемелерін айқындау қажеттігіне байланысты қатысушы мемлекеттерге сараптамалық және техникалық көмек ұсыну үшін Нысыналы қор құрылғаннан кейін жанданатын болады.

42-тармақ бойынша ұсыным

182. Пікірлерге толық мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету және құқық қорғау саласында қажетті шешімдер қабылдауға жәрдемдесу мақсатында ҚР СІМ жанынан «Адами өлшем бойынша диалог алаңы» атауымен Консультативтік-кеңесші орган (ККО) құрылды, оның жұмысына ҮЕҰ, Қазақстанда аккредиттелген халықаралық құқық қорғау ұйымдарының, саяси партиялардың, мемлекеттік органдардың, ел Парламентінің өкілдері қатысады.

Осы алаңда белсенді талқылаулар жүргізіледі, проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланады, Үкімет атына ұсынымдар әзірленеді, Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерді орындау мәселелері бойынша құқық қорғау ұйымдары мен құзыретті мемлекеттік органдар өкілдерінің арасында сындарлы пікір алмасу жүзеге асырылады.

ККО шеңберінде демократия, құқықтың үстемдігі, адам құқығы және азаматтық сектордың заң шығару процесіне қатысу мәселелері бойынша 4 кіші топ жұмыс істейді. Жақын арада аталған Жұмыс тобы және кіші топтар әзірленген ұсынымдарды имплементациялау барысын талқылауға көшеді.

43-тармақ бойынша ұсыным

183. Ағымдағы жылдың ақпан айында Қазақстан БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын бекітті («Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» 2015 жылғы 20 ақпандағы № 288-V Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды).

2008 жылы Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға және Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттамаға қол қойып («Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға және Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 711 Жарлығы) елдің адам құқықтары саласында халықаралық стандарттарды одан әрі имплементациялауға және мүгедектердің құқықтарын неғұрлым тиімді іске асыру үшін құқықтық алаң құруға дайындығын растады.

Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялауға жағдай жасау мақсатында 2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Жоспардың бірінші және екінші кезеңдерінің шеңберінде мүгедектердің құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау саласында заңнаманы жетілдіру бойынша шаралар жүзеге асырылды, мүгедектерді жұмыспен қамтудың және мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін кедергісіз орта құрудың негізгі тетіктері әзірленді, ақпараттық науқандар жүргізіледі.

Қазіргі уақытта Конвенцияға қол қойған 159 елдің 92-і Факультативтік хаттамаға қол қойды және тек 85-і ғана оны ратификациялады.

Осыған байланысты, Факультативтік хаттаманы ратификациялау мәселесін Жоспардың іске асырылу мерзімі аяқталғаннан және қол жеткізілген нәтижелер бағаланғаннан кейін қарастырған орынды деп есептейміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет