Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы


-параграф. Қалалар мен кенттердің халық тығыз орналасқан аудандарының үстінен ұшуды орындауға рұқсат беру тәртібі



бет5/14
Дата03.11.2023
өлшемі119.38 Kb.
#482276
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
ұшақсыз аппарат.kaz

1-параграф. Қалалар мен кенттердің халық тығыз орналасқан аудандарының үстінен ұшуды орындауға рұқсат беру тәртібі

27. Қалалар мен кенттердің халық тығыз орналасқан аудандарының үстінен ұшуды орындауға рұқсатты ұшуды орындау биіктігі мен орнына қарамастан ПӘЖ пайдаланушы сұратады. Бұл жағдайда ұшу "ерекше" операциялар санатына жатады.


Рұқсатты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым ПӘЖ пайдаланушыға 5 (бес) жыл мерзімге береді.


28. Ең жоғары ұшу салмағы 250 грамнан кем "өте жеңіл" санатындағы ПҰА-ның ұшуы үшін рұқсат алу талап етілмейді.


29. Қалалар мен кенттердің халық тығыз орналасқан аудандарының үстінен ұшуды орындауға рұқсат алуға өтінім берген кезде "жеңіл" санатындағы ПҰА-ныпайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға мынадай құжаттарды ұсынады:


ЖСН көрсетілген, ПҰА-ның қауіпсіз емес пайдаланылуы үшін жауапкершілікпен танысқанын растайтын еркін нысандағы өтініш.


жеке куәліктің көшірмесі;


белгіленген тәртіппен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген ПҰА-ға арналған бағдарлама негізінде сыртқы пилотты бастапқы даярлау бағдарламасы бойынша оқуды сәтті аяқтағаны туралы құжаттың көшірмесі.


30. Қалалар мен кенттердің халық тығыз орналасқан аудандарының үстінен ұшуды орындау үшін "орташа", "орташа ауыр" және "ауыр" санаттағы ПҰА-ныпайдаланушының ПӘЖ қолдана отырып, авиациялық жұмыстарды орындауға қолданыстағы рұқсаты негіз болып табылады.


31. Қажетті құжаттардың куәландырылған көшірмелері бар өтінім уәкілетті ұйымға электрондық пошта арқылы ұсынылуы мүмкін. frontoffice@caakz.com немесе уәкілетті ұйымның мекенжайына пошта жөнелтілімі арқылы жіберіледі.


32. Уәкілетті ұйымға ұсынылған құжаттарды қарау күнтізбелік 15 күн ішінде жүргізіледі.


33. Ұсынылған құжаттарды қарау және ескертулердің болмауы нәтижелері бойынша өтініш берушінің электрондық мекенжайына осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес рұқсат жіберіледі.


Осы рұқсаттың көшірмесі оның қолданылу мерзімі өткенге дейін уәкілетті ұйымның электрондық қоймасында сақталатын болады.


34. Өтініш берушіге мынадай жағдайларда рұқсат беруден бас тартылады:


1) ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес келмесе;


2) өтініш берушінің жасы 18 жастан кіші.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет