Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидаларын бекіту туралы



бет6/9
Дата11.06.2016
өлшемі1.45 Mb.
#128339
1   2   3   4   5   6   7   8   9

9. Қосымша

59. Масштабы 1:500000 (1:200000) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданы әуе кеңістігінің құрылымдық картасы келтірілген, оған:

1) Осы Үлгілік нұсқаулықтың 3.2-тармағында көрсетілген әуе кеңістігінің құрылымдық элементтері;

2) КТА–дан 46 км. арақашықтықтағы әуеайлақ (тiкұшақ айлағы) деңгейiне қатысты биiктiктiгі 50 м және одан астам кедергілер жазылады.

60. Әуе кемелерінің ұшып келу және ұшып шығудың стандартты маршруттарының схемасы.

61. Әуе кемелерінің ұмаршруттарға, арнайы аймақтарға, ұшуды шектеу аймақтарына, көтерілудің (қонудың) барлық бағыттар үшiн үнемі қауіпті аймақтарға биіктікті алу (төмендету) және кету (шығу) схемасы.

62. ҰҚЖ әрбiр бағыты үшiн қонуға төмендеу және бет алу схемасы.

63. Кезектен тыс қону үшін маневрлерді орындау немесе бет алу қосалқы әуеайлаққа (тiкұшақ айлаққа) кету схемасы.

64. Қонуға дәл бет алу үшін жер бедерінің схемасы.

65. Ауа райының әуе барлауы үшiн ұшудың тұрақты маршруттарының схемасы.

66. Әуе қозғалысына қызмет көрсететін (ұшуларды басқаратын) органдар үшін әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қабылдау, беру шептерімен, аудандардың әуе қозғалысына қызмет көрсету аудандарының схемасы.

67. Әуе қозғалысына қызмет көрсететін (әуе қозғалысын басқаратын) органдар мен қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін қызметтердің арасындағы байланыс схемасы.

68. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) радиотехникалық жабдықтарының орналасу схемасы.

69. Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етудiң жердегi құралдарын, авиациялық электр байланысын және әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарық-сигнал жабдығы жүйелерiн айналып ұшып шығу схемасы.

70. Әрбір ҰҚЖ әуе кіреберіс жолдарындағы кедергілердің схемасы.

71. Әуеайлақ (тікұшақ айлағы) бойынша әуе кемелерінің тұрақ орындарының орналасу және қозғалыс схемасы.

72. Әуеайлақтағы (тікұшақ айлағындағы) адамдардың және арнайы автокөліктердің қозғалыс схемасы.

73. Әуеайлақта (тікұшақ айлағында) метеорологиялық жабдықтарды орналастыру схемасы.

74. Әуеайлақ (тікұшақ айлағы) төңірегінде құстардың шоғырлануы және ұшып өту схемасы.

75. Шуыл айлақтарының орналасу схемасы.

76. Әуеайлақ маңы аумағының схемасы.

77. Негiзгi метеорологиялық элементтердiң жылдық жүрiсiнiң кестесi, онда мыналар көрсетiледі:

- орташа қысым, сын.баған. және гПа;

- ауаның орташа температурасы, 0С,

- орташа ең көп температура, 0С;

- орташа ең аз температура, 0С;

- желдің орташа жылдамдығы м/с;

- румбадағы желдің басым бағыты, румбада;

- НГО биiктiктiң қайталануы, %;

- 1000м төмен,

- 200м төмен;

- көрінімнің қайталануы, %:

- 2000м кем,

- 1000м кем.

Кестенің төменгі жағында мыналар көрсетіледі:

Торт. - әуе температурасының орташа жылдық мәні;

Рмин. – көп жылғы деректер бойынша әуеайлақтағы атмосфералық қысымның ең аз мәні.
10. Қону алаңының ауданында

ұшуды жүргізу жөніндегі үлгі нұсқаулық
1. Келісу парағы

2. Қону алаңының аэронавигациялық паспортының түзетулерін тiркеу.

3. Түзету парағы / Бақылау парағы

4. Қону алаңының атауы, ірi ең жақын елдi мекенге қатысты орналасқан жерi туралы деректер мен сипаттама.

5. Қону алаңын пайдаланудың тиесілігі және сипаты. Қону алаңының орналасқан жер учаскесінің (құрылыс) меншіктік құқығы, сондай-ақ мекенжайы мен пайдаланушының телефон нөмері туралы деректер.

6. Қону алаңында қызмет көрсету жөніндегі қызметтердің (болған жағдайда) және құралдардың жұмыс уақыты.

7. Рұқсат етілген ұшудың түрі.

8. Шекарасын көрсете отырып, қону алаңының жоспары.

9. Қону алаңының тұрған орны.

10. Қону алаңының жоғарылауы. Магниттiк бұрылу.

11. Ұшу алаңы (алаңқайы) үстінің нысаны, мөлшері және сипаты.

12. ҰҚЖ және МК өлшемі.

13. Қону алаңының, тиеу алаңдарының және сыртқы аспада жүктерді ілу-ағытуға арналған алаңдардың орналасуы және өлшемдерi.

14. Әуе кемелерінің түрлері; нормаланған жүктеме санаты немесе ең көп салмағы; әуе кемелерінің ұшып шығуы және қонуының магниттік курсы.

15. Әуе кемелерінің негізгі әуеайлықтан ұшып өту және кері ұшып өту маршруты.

16. Қону алаңына кіреберістер және ерекше бағдалар.

17. Қосалқы әуейлақтар және қону алаңдары (МПУ және қону алаңының орталығынан әуеайлақтың КТА дейінгі арақашықтығы), қонудың магниттік курсы.

18. Әуе кемелерінің ұшуы және қонуы үшiн метеорологиялық қамтамасыз етулер және қону алаңының минимумы (ақпаратты беретін метеорологиялық станцияның атауы және метеорологиялық ақпаратты берудің нысаны мен тәсілі және БТШБ және көріну қашықтығы мәндерінде экипаждарды ауа райы туралы мәлiметтермен қамтамасыз ету). Жауапты адамдардың телефондарының нөмірлері және қосымша ақпараттар.

19. Әуе қозғалысына қызмет көрсетуді ұйымдастыу (әуе қозғалысын басқару).

20. ӘҚҚ ұйымдастыруды және тікелей қону алаңында ӘҚБ жүзеге асыратын орган. Негізгі әуеайлақпен радиобайланыс болмаған кездегі ӘҚҚ (ӘҚБ) жүзеге асыру ерекшелігі. Ұшудағы ерекше жағдайларда экипаждың және ӘҚҚ (ӘҚБ) органының іс-қимылы.

21 Қауiптi метеорологиялық құбылыстар және күрделi орнитологиялық ахуал болған жағдайдағы ӘК экипажының іс-қимылы.

22. Қар басқан, шаңды немесе құмды алаңдарда, сондай-ақ қарлы, шаңды немесе құмды борандарда, бұрғылама қондырғыларынан газ шығарындылары шыққан және тағы басқа болуы мүмкін жағдайдардағы ұшып шыққан және конған кездегі тікұшақ экипажының іс-қимылы.

23. Сыртқы асадағы жүкпен ұшқан кездегі тiкұшақ экипажының іс-қимылы.

24. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету құралдарын тасымалдау жолдары.

25. Жергілікті ерекшеліктер.

26. Негізгі әуеайлақпен(әуежаймен) байланыс.

27. Іздестіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және қамтамасыз ету.

28. Қону алаңындағы режимдiк-күзеттік іс-шаралар.

29. Қону алаңы ауданындағы кедергілер (атауы, азимуты және қону алаңының орталығынан алыстығы, жоғарылауы, жарық қоршауының және олардың таңбалануының болуы.

Қосымша.


30. Қону алаңының картасы (қысқа) (ерекше бағдарға байланыстырылған схема, фотосхема).

31. Жердегі қозғалыс картасы (оттар және жермен жүру белгілері).

32. Қону алаңының бақылау нүктесінен R=5 км кедергілер картасы.

33. Ұшып шығу картасының маршруттары.

34. Келу картасы маршруттары.

35. Аспап бойынша қонуға бет алу картасы (әрбір схема үшін).

36. Визуалды қонуға бет алу картасы.

37. Қону алаңының төңірегінде құстардың шоғырлануы және ұшып өту схемасы.

38. Қону алаңында радиотехникалық жабдықтардың орналасу схемасы.

39. Қону алаңында метеорологиялық жабдықтардың орналасу схемасы.

40. Қону алаңының ҰҚЖ остерінің ұзына бойғы кескінінің схемасы.

41. Кезектен тыс қонуға бет алу немесе қосалқы әуеайлаққа кету үшін маневрді орындау схемасы.

42. Анықтамалық ақпарат.

________________________


Қазақстан Республикасының

әуе кеңістігінде ұшудың

негізгі қағидаларына

3-қосымша


Қызмет көрсетуге ұсынылатын әуе кеңістігінің класы және ұшуды орындауға қойылатын талаптар
1-кесте

Әуе кеңістігінің класы


Қолданылатын ұшу қағидасы

Эшелондау

Қызмет көрсету

Радиобайланысқа қойылатын талап

Жылдамдықты шектеу

Үшудағы көріну

Бұлттарға дейінгі қашықтық

А

ҚҰҚ бойынша

Барлық әуе кемелері

Диспетчер лік қызмет көрсету

Тұрақты екіжақты радиобайланыс

Жоқ

Жоқ

Жоқ

С

ҚҰҚ бойынша

Барлық әуе кемелері

Диспетчер лік қызмет көрсету

Тұрақты екіжақты радиобайланыс

Жоқ

Жоқ

Жоқ

ҚҰҚ бойынша (1)

Барлық әуе кемелері

Диспетчер лік қызмет көрсету

Тұрақты екіжақты радиобайланыс

450 км/сағ артық емес аспаптық жылдамдық

Теңіздің орта және одан да көп деңгейінен 3000 м биіктіктегі 8 км

Көлденеңнен 1500м., тігінен 300м


Төменгі қауіпсіз эшелонға (3) дейінгі теңіздің орта деңгейінен 3000 м төмен 5 км биіктікте

Көлденеңнен 1500м., тігінен 300м (3)


G

ҚҰҚ бойынша (1)

Жүргізілмейді

Ұшу-ақпараттық қызмет көрсету

Жоқ

450 км/сағ артық емес (3) аспаптық жылдамдық

Теңіздің орта және одан да көп деңгейінен 3000 м биіктіктегі 8 км

Көлденеңнен 1500м., тігінен 300м


Төменгі қауіпсіз эшелонға (3) дейінгі теңіздің орта деңгейіне3000м төмен 5 км биіктікте

Бұлттар болмаған кезде және жер немесе су беті көрінуі кезінде

Ескертпе:

1. ҚҰҚ бойынша әрбір ұшу жер үсті тұрақты визуалдық бағалары арқылы жүзеге асырылады.

2. Бұлтқа дейінгі тігінен арақашықтық әуе кемесінен жоғары және төмен өлшенеді.

(1) Ұшуды визуалдық қағидасы ұшудың ақиқат жылдамдығы 45 км/сағ артық болмаған кезде әуе кеңістігінің төменгі шегінің 6100 м дейін қолданылады.

(2) Бұлттар үстінде ҚҰҚ бойынша ұшуға рұқсат ұшудың төменгі биіктігі екі октанттан артық болмаған кезде олардың саны және жер үстіндегі немесе су бетіндегі ұшуға рұқсат етіледі. Бұл ретте бұлттардың үстіңгі шекарасына дейін тігінен қашықтық кемінде 300 м болуы тиіс.

(3) ҚҰҚ ұшу арқылы ең аз метеорологиялық жағдайлар үшін 2-кестеде келтірілген.

2-кесте.



Жергілікті жер

Ұшу жылдамдығы, (өзіндік) км/сағ

ҚҰҚ бойынша ұшудың ең аз жағдайы

Рельефтің ең жоғарғы нүктесінің үстінен бұлттар шегінің төменгі биіктігі (м)

Көріну (м)

Бұлттардың төменгі шегіне дейінгі әуе кемесінің тік арақашықтығы (м)

ҰШУ ЖӘНЕ ҚОНУ АЙМАҒЫНДА

Жазық және қырат

(су беті)



300 және одан да аз

150

2000

50

301-450

300

5000

100

Таулы

450 және одан да аз

300

5000

100

Әуе трассалары,жергілікті әуе желілері және белгіленген бағыттар бойынша кіру аймағы

Жазық және қырат

(су беті)



300 және одан да аз

150

2000

50

301-450

300

5000

100

Таулы (2000 м дейінгі биіктік)

450 және одан да аз

400

5000

100

Таулы (2000 м биіктік және одан да көп)

450 және одан да аз

700

8 000

100

Ескертпе:

1. Ұшу және қону аймағындағы ең аз метеожағдаймен оралымы бойынша ұшу жылдамдығы белгіленеді.

2. Ұшудың 1500 м төменгі көрінуі кезінде тікұшақ ұшуларына рұқсат етіледі, егер олар уақтылы әуе кемелерін немесе басқа кедергілерді көре алатындай және олармен соқтығысып қалмауды болдырмау үшін жылдамдыққа маневрін жасайды.

Көріну тікұшақтың 30 секунд ішінде ұшып өткен арақашықтығынан кедергілерді көруге және олармен соқтығысып қалуды болдырмауға мүмкіндік береді (3-кестені қара).

3- кесте.



(VFR) тікұшақтардың визуалдық ұшуының ең төменгі көрінуі


Көріну, м

Жылдамдығы, км/сағ (kts)

800

93 (50)

1 500

185 (100)

2 000

220 (120)

4 кесте.
ҚҰҚ бойынша арнайы ұшуға арналған кедергілердің үстіндегі ең төменгі метеорологиялық жағдай мен ең төменгі биіктік қорлары


Жергілікті жері


Кедергілердің үстіндегі ең төменгі биіктік қорлары, м

Рельефтің ең жоғарғы нүктесінің үстінен бұлттар шегінің төменгі биіктігі (м)

Көріну, м.

күндіз

түнде

күндіз

түнде

күндіз

түнде

Денсаулық сақтау ұйымдарына қызмет көрсету бойынша шұғыл ұшу, іздестіру-құтқару жұмыстары және жаттығу ұшуы


Жазық және қырат

(су беті)



50

250

100

300

1000

4000

Таулы

300

-

400

-

2000

-

Аса маңызды ұшу және ӘК озуы бойынша ұшу

Жазық және қырат

(су беті)



-

400

-

450

-

4000

1. Ұшып шығу (қонуға кіру) схемасынан тыс әуеайлақ ауданында ұшудың қауіпсіз биіктігін есептеу кезінде жергілікті жер бедері асуын және ондағы жасанды кедергілерді есепке алу жолағы бағыт осінен екі жақтан күндіз 5 км, түнде- 10 км болып белгіленеді.

2. Ұшып шығу (қонуға кіру) схемасы бойынша ұшу кезінде кедергілерді есепке алу жолағы ұшып шығу (қонуға кіру) схемасын жасақтау кезінде кедергілерді есепке алу қағидасына сәйкес белгіленеді.

3. Жергілікті әуе желілері мен ұшудың белгіленген бағыттары бойынша ұшу кезінде жергілікті жер бедері асуын және ондағы жасанды кедергілерді есепке алу жолағының ені: күндіз- жергілікті әуе желісі, ұшу бағыты шеңберінде, түнде - жергілікті әуе желісі, ұшу бағыты осінен екі жақтан 25 км болады.

4. Авиациялық жұмыстар ауданында ұшу кезінде – бағыт осінен екі жақтан 5 км болады.

5. Бұлттардың төменгі шекарасының нақты және болжанып отырған биіктігі 150 м төмен және аспаптық ұшу жылдамдығы 300 км/сағ. аспайтын әуе кемелері үшін көріну 300 м және одан астам болғанда жазық немесе қыратты жерде күндізгі ұшу кезінде жасанды кедергілердің биіктігі ескерілмейді.

________________________
Қазақстан Республикасының

әуе кеңістігінде ұшудың

негізгі қағидаларына

4-қосымша


Әуе кеменің ұшу биіктігінің (эшелон) есебі
1. Ауеайлақ ауданының төменгі эшелонының (аралық эшелон) есебі мынадай формула бойынша жүргізіледі:

Нтөм.эш. ≥ Наралыұ + 300 + Нәуеайлық;

Мұнда Нәуеайл – теңіз деңгейінен әуеайлақты ұлғайту.

Есеп теңіз деңгейіне келтірілген әуеайлақтың атмосфералық қысымы стандартты қысымға теңестіру шартымен орындалады.

Әуеайлақ ауданының төменгі эшелоны әуеайлақта белгілі қысым диапазоны үшін белгіленеді. Осы диапазонның ең төменгі қысымы мынадай тәртіпте анықталады:

1) өту қабатының артығын анықтау:

Δ Наралық. = Н төм.эш. – (Наралық. + 300 + Нәуежай.);

2) Нтөм.эш. есептеу үшін әуеайлақтағы ең аз қысымды анықтау;

Р төм.әуеайл. = 760 – (Нәуеайл. + ∆Нөтп.) /11;

Әуеайлақта қысым (Рәуеайл.) Рәуеайл. төмен және мәні бойынша 27 мм. сын.бағ. артық емес жағдайда төменгі эшелон ретінде келесі жоғарғы эшелон белгіленеді, ал Ртөм.әуеайл. Рәуеайл.-тан төмен және мәні бойынша 27 мм.сын.бағ. артық болған жағдайда - кезекті жоғарғы эшелон және т.б.

Әуеайлақтағы қысымның есептелген эшелондары мен диапазондарының шегінде белгіленетін бұл эшелондар осы әуеайлақтың (әуеайлақтың аэронавигациялық паспортында) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулығында көрсетіледі.

Әуеайлақтың ӘҚҚК (ӘҚБ) органы ұшуды орындау алдында әуеайлақтағы қысымның нақты мәні (Рнақты әуеайл), жердегі ауа температурасы – to және осы диапазон үшін Р төм.әуеайл. ең аз мәнін ескере отырып, төменгі эшелонды анықтайды.

Нтөм.нақты эш. ≥ Н төм.эш. – (Рнақты әуеайл. – Ртөм. әуеайл.)х11 - ∆Нтемп.;

мұнда ∆Нтемп. – осы Қосымшаның 2-тармағында көрсетілген, навигациялық сызғышты есептеу немесе формула бойынша белгіленетін есептеу кезінде ескерілетін биiктiк өлшегiштiң әдiстемелiк температуралық түзетуi. Бұл ретте Нтүзету.=Нтөм.эш.

Мысалы, осы эшелондар шегінде белгіленетін әуеайлақтағы қысымның төменгі эшелондары және диапазондарын есептеу, сондай-ақ Нәуеайл.=162 м., Нөтп..=700 м., Рнақты әуеайл.=718 мм.сын.бағ., to= -15ºC болу шартымен ұшатын күні нақты төменгі эшелонды анықтау қажет.

Есептеу мынадай дәйектілікпен орындалады:

Нтөм.эш ≥700+300+162≥1162 м.;

Нтөм.эш=1200 м.;

ΔНөтп.1200-(700+300+162)=38 м.;

Рmin әуеайл.=760-(162+38)/11=742 мм.сын.бағ.

Осы әуеайлақ ауданында ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулығында төменгі эшелондар белгіленуі және көрсетілуі тиіс:

1200 м. кезінде Рәуеайл.≥742 мм.сын.бағ.;

1500 м. кезінде 742 мм.сын.бағ.> Рәуеайл.≥715 мм.сын.бағ.;

1800 м. кезінде Рәуеайл.<715 мм.сын.бағ.; және т.б.

Ұшу күні әуеайлақтың ӘҚБ органы жердегі ауаның нақты температурасын ескере отырып, төменгі эшелонды анықтайды:

Ннақты төм. ≥ 1500– (718–715)х11-((-15-15)/300)х1500=1617 м.;

Ннақты эш.=1800 м.

2. Атмосфералық қысым бойынша 760 мм немесе қауiпсiз ұшу биiктiгінің 1013,25 мбар есебі мынадай формула бойынша жүргізіледі:


Нқауіпсіз760 = Ншын қауіпсіз + Нбедер - ∆Нтемп.+ (760 - Ркелт.төм.) х 11

Нқауіпсіз1013,25 = Ншын қауіпсіз + Нбедер - ∆Нтемп.+ (1013,25 - Ркелт.төм.) х 8,25,

мұнда Ншын қауіпсіз - шынайы қауiпсiз ұшу биiктiгiнiң белгiленген мәнi, м;

Нбедер - маршрут енiнiң белгiленген шегiнде ондағы жасанды кедергiлердің биіктігі ескерiлген жер бедерiндегi ең жоғары нүктенiң абсолюттiк биiктiгi, м;

Ркелт.мин. - ұшу маршруты (маршрут кезеңі) бойынша теңiздің орташа деңгейiне келтiрiлген, ең аз атмосфералық қысым, мм. сын.бағ. (мбар/гПа);

∆Нтемп. - навигациялық сызғыш бойынша немесе мынадай формуламен анықталатын биiктiк өлшегiштiң әдiстемелiк температуралық түзетуi, м:

t 0 -15 0
∆Нтемп. = _________ x Hтүзет.,
300

мұнда Hтүзет. = Ншын қауіпсіз + Н бедер, м. ;


t 0 - ұшу маршруты (учаскесi) бойынша ең аз температура.

3. Жақындап келу ауданындағы қауiпсiз ұшу биiктiгiн есептеу (әуеайлақ ауданындағы ұшуды жүргiзу жөнiндегi нұсқаулыққа (аэронавигациялық паспорт) және аэронавигациялық ақпарат құжаттарына енгiзу үшiн) мынадай формулалар бойынша жүргiзiледi:

Н қауіпсіз жақын. = Ншын қауіпсіз. + Нбедер - ∆Нтемп.+ (760 – Ркелт. әуеайл.) х 11

Н қауіпсіз өтп. = Ншын қауіпсіз + Нбедер - ∆Нтемп.+ (1013,25 – Ркелт. әуеайл.) х 8,25,

мұнда Ншын қауіпсіз - шынайы қауiпсiз ұшудың белгiленген мәнi, м;

∆Нтемп. - биiктiк өлшегiшiнiң әдiстемелiк температуралық түзетiлуi, ол көп жылдық бақылау бойынша әуеайлақтағы ең аз температура үшiн анықталады, м;

Ркелт. әуеайл. - теңiз деңгейiне немесе теңіздің орта деңгейіне келтiрiлген көп жылдық деректер бойынша әуеайлақтағы ең аз атмосфералық қысым, мынадай формула бойынша есептеледi:
Ркелт. әуеайл. = Нәуеайл / 11(8,25) + Рәуеайл.,

мұнда Нәуеайл. – әуеайлақтың теңiз деңгейiне қатысты биiктігі;

Рәуеайл. – көп жылғы бақылау бойынша немесе теңіздің орта деңгейіне келтірілген әуеайлақтың ҰҚЖ деңгейiндегi ең аз атмосфералық қысым.

4. Әуеайлақ айналымы бойынша ең аз қауіпсіз ұшу биiктiгiн есептеу мынадай формула бойынша жүргiзiледi:

Найн. = Ншын қауіпсіз + ∆Нбедер - ∆Нтемп.,

мұнда Ншын қауіпсіз - ұшу және қону аймағындағы шынайы қауiпсiз ұшу биiктiгiнiң белгiленген мәнi, м;

Нбедер – жолақ енiнiң белгiленген шегiнде әуеайлақ деңгейiне қатысты жасанды кедергiлер ескерiлген жер бедерiндегi ең жоғары нүктенiң биiктiгi, м;
Hтемп. – осы Қосымшаның 2-тармағында көрсетілген формула бойынша анықталады. Бұл ретте Нтүзет. = Ншын қауіпсіз. + Нбедер, ал to - көп жылдық бақылаулар бойынша әуеайлақтағы ең аз температура, Цельсий град.

5. Әуеайлақ ауданындағы ең аз қауіпсіз биіктікті (МҚБ) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

МҚБ = 300 + ∆Нбедер - ∆Нтемп.,

мұнда ∆Нбедер – шамалы биік ҰҚЖ шегіне қатысты анықталған жасанды кедергілерді ескере отырып, жер бедерінің ең жоғары нүктесінің биіктігі, м.;

∆Нтемп. – осы Қосымшаның 2-тармағында көрсетілген формула бойынша анықталады. Бұл ретте Нтүзет. = 300 + ∆Нбедер, ал to - көп жылдық бақылаулар бойынша әуеайлақтағы ең аз температура, Цельсий град.

6. Әуеайлақ ауданында төменгi эшелоннан төмен ұшқанда қауiпсiз биiктiк мынадай формула бойынша есептеледi:

Нқауіпсіз әуеайл. = Ншын қауіпсіз + ∆Нкедергі - ∆Нтемп.,

мұнда Ншын қауіпсіз - ұшу және қону аймағындағы шынайы қауiпсiз ұшу биiктiгiнiң анықталған мәнi, м;

∆Нкедергі – әуеайлақ деңгейiне қатысты ондағы табиғи кедергiлер ескерiлген жер бедерiнiң ең жоғары нүктесiнiң биiктiгi. Жасанды кедергiлердің биiктiгi 300 км/сағаттан артық ұшу жылдамдығы кезiнде ∆Нкедергiде, ал таулы жерлерде – маршрут енiнiң белгiленген шегiндегi ұшу жылдамдығына қарамастан барлық жағдайларда ескерiледi, м.

∆Нтемп. – осы Қосымшаның 2-тармағында көрсетілген формула бойынша анықталады. Бұл ретте Нтүзету = Ншын қауіпсіз. + ∆Нкедергі, а to - әуеайлақтағы нақты температура, Цельсий град.

7. Маршрут бойынша төменгi эшелоннан төмен ең аз қауiпсiз ұшу биiктiгi мынадай формула бойынша есептеледi:

Нмин.қауіпсіз марш. = Ншын қауіпсіз + Нбедер - ∆Нтемп.,

мұнда Ншын қауіпсіз - шын қауiпсiз ұшу биiктiгiнiң анықталған мәнi, м.;

Нбедер – ұшу маршруты кезеңінде табиғи кедергiлер ескерiлген жер бедерiнiң ең жоғары нүктесiнiң абсолюттік биiктiгi.

∆Нтемп. – осы Қосымшаның 2-тармағында көрсетілген формула бойынша анықталады. Бұл ретте Нтүзету = Ншын қауіпсіз + Нбедер, ал to – ең аз қысым нүктесіндегі жердегі ауаның нақты температурасы, Цельсий град.

8. Күту аймағындағы төменгі эшелон биіктігін есептеу мынадай формулалар бойынша жүргізіледі:

Нтөм. эш.760 = Найн. + 300 - ∆Нтемп.+ (760 – Рәуеайл.) х 11;

Hтөм.эш.1013,25 = Найн. + 300 - ∆Нтемп.+ (1013,25 – Рәуеайл.)х8,25,

мұнда Найн. – айналым биіктігі, м;

Рәуеайл. – әуеайлақтағы қысым, мм.сын.бағ. (мбар/гПа);

∆Нтемп. – осы Қосымшаның 2-тармағында көрсетілген формула бойынша анықталады. Бұл ретте Нтүзету = Найн. + 300, м., ал to – әуеайлақтағы нақты температура, Цельсий град.

9. Әуеайлақтағы қысымның барометрлік биіктік өлшегішінің қысымдар шкаласында орнату кезіндегі ұшу биіктігін (эшелон) есептеу мынадай формуламен есептеледі:

Нкелт.әуеайл. = Нэш. – (760-Рәуеайл)х11,

мұнда Нэш. – берілген ұшу эшелоны,

Рәуеайл. – әуеайлақтағы қысым.

10. Әуеайлақтағы атмосфералық қысымның барометрлік биіктік өлшегішінде орнату кезінде басқарылатын әуеайлақ аймақтарында және жаттығу маршруттары бойынша ең аз қауіпсіз ұшу биіктігін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

НМҚ= Ншын қауіпсіз+Нбедер-Нәуеайл.-∆Нтемп.,

мұнда ∆Нтемп. – осы Қосымшаның 2-тармағында көрсетілген формула бойынша анықталады. Бұл ретте Нтүзет.=Ншын қауіпсіз+Нбедер-Нәуеайл.,м., а to – көп жылдық бақылаулар бойынша әуеайлақтағы ең аз температура, Цельсий град.

______________________Қазақстан Республикасының

әуе кеңістігінде ұшудың

негізгі қағидасына

5-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет