Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі:(АБ1+АБ2)∙0,3 +Емт∙0,4
3. Пәннің қысқаша мазмұны.
«Инклюзивті білім беру» пәнінің мақсаты - болашақ педагогтердің білім берудің инклюзивтілігі принципі туралы тұтас түсінікті және инклюзия жағдайында қызмет ету дайындығын қалыптастыру.
Пәннің негізгі міндеттері білім алушыларда пәндер бойынша оқыту нәтижелерін (РО) ББ(ОП) бойынша пәндік құзыреттіліктермен қатар қалыптастыру болып табылады;
«Инклюзивті білім беру» пәнінің негізгі міндеттері:
Болашақ мұғалімдердің инклюзивті білім беру құндылықтарын қабылдауға ықпал ету.
Студенттерді инклюзивті білім берудің әдіснамасы мен аспектілерімен таныстыру: инклюзивті саясат, инклюзивті мәдениет, инклюзивті тәжірибе
балалардағы білім алудағы ерекше қажеттіліктері, себептерің, оларды жалпы білім беру процесіне қосу технологиялары туралы идеяларды қалыптастыру.
Инклюзивті тәжірибені жобалау және жүзеге асыру саласында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру: ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауда әртүрлі педагогикалық ресурстарды пайдалану.
Білім алушыларда серіктестік қарым-қатынастар үштігінде жұмыс істей алу біліктерін қалыптастыру: педагог-бала-ата-ана
балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру;
арнайы қажеттілігі бар балалар үшін мектептерде, мекемелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу.
«Инклюзивті білім беру» пәнін оқу негізінде студент:
инклюзивті білім берудің терминологиялық аппараты, ұғымның мәні, саясаты, әдіснамасы туралы;
ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға білім беруді қолдау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілердің мазмұны;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың санаттары туралы;
-инклюзивті білім беру практикасын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының педагогтері, мамандары қызметінің мәні мен ерекшелігі
инклюзивті білім берудің мазмұнын, құрылымын, қайшылығын және қисынын;
инклюзивті білім берудің заманауи тұжырымдамаларын;
білуі керек;
жанашырлық пен адамгершілік таныту, толерантты болу;
оқуда қиындықтарға тап болған балаларды анықтау және олардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау мақсатында педагогикалық бақылау жүргізу
басқа мамандармен өзара әрекеттесу және командада жұмыс істеу, ББЕҚ бар балаларға көмек көрсету және қолдау шараларын талқылау;
оқу пәні бойынша ББЕҚ бар оқушыға арналған бейімделген / жеке оқу бағдарламасын жобалау;
ұжымдағы балалар арасындағы қарым-қатынасты реттеу;
ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту процесінде туындайтын мәселелерді шешуде ата-аналармен өзара әрекет жасауға;
икемді болу
білім беруде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық - педагогикалық сүйемелдеу технологиясын қолдану;
үлгілік оқу бағдарламасы негізінде ББЕҚ бар балалар үшін оқу бағдарламаларын бейімдеу және жеке бағдарламалар әзірлеу;
баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, қызметті жоспарлау және жүзеге асыру: көп деңгейлі тапсырмаларды құрастыру, оқытудың балама әдістерін қолдану, бағалау критерийлерін бейімдеу, іріктеу.
дағдыларын меңгеруі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |