Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі кәрібаева саягүл елтайқызы



бет12/68
Дата28.01.2024
өлшемі2.36 Mb.
#490074
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   68
DOC-20231215-WA0054.

ОТБАСЫШАҒЫН МЕМЛЕКЕТ
Т
АҚЫРЫП: 3.1 СТУДЕНТТІК ОТБАСЫ


ГРАММАТИКА: Себеп-салды мәнді құрылымдар: сондықтан, сол себепті, өйткені жалғаулықтары.


АЙТЫЛЫМ


1-тапсырма. Сәйкестендіріңіз. Төмендегі сөздердің анықтамасын табыңыз.



1. Неке құру -

А) өмірлік жары, серігі болатын адамды кездестіру

2. Теңін табу -

Ә) жанұяның бұзылуы

3. Ептілік -

Б) даналық, болжағыштық

4. Бел буу -

В) мұқтаж болу

5. Отбасының ыдырауы -

Г) үлкен материалдық жетістіктерге жету

6. Көрегендік -

Ғ кедергі, бөгет жасау

7.Зәру болу -

Д) ер адам мен әйел адамның ерлі-зайыпты болып бас қосуы

8.Тосқауыл -

Ж) икемділік, бейімділік

9. Аяққа тұрып кету -

З) нақты бір тоқтамға, шешімге келу


1

2

3

4

5


















АЙТЫЛЫМ


2-тапсырма. Оқыңыз, сөйлемдер мағынасын салыстырыңыз.



Екі ғашықтың арасында махаббат сезімінің туындауы нәтижесінде отбасы құралады.

Екі ғашықтың арасында махаббат сезімінің туындауы салдарынан отбасы құралады.

Екі жастың бір-біріне құрметпен және қамқорлықпен қарауы нәтижесінде берік отбасы қалыптаспақ.

Екі жастың бір-біріне құрметпен және қамқорлықпен қарауы салдарынан берік отбасы қалыптаспақ.

Екі жастын махаббаты, ортақ қызығушылықтары нәтижесінде үйлесімді отбасының негізі қаланады.

Екі жастың махаббаты, ортақ қызығушылықтарының салдарынан үйлесімді отбасының негізі қаланады.



Есіңізде болсын!
Нәтижесінде, салдарында сөздері нәтиже беретін әрекет себебін және зат сапасынан, қасиетінен немесе әрекеттен туындайтын қорытынды ретіндегі себепті білдіреді.
Есіңізде болсын!
Сондықтан, сол себепті жалғаулықтары болған, болатын, болып жатқан іс сапа, күйлердің себебін білдіретін сөйлемдерді байланыстырады.
Өйткені, себебі жалғаулықтары жүзеге асқан, не жүзеге асуы тиіс жайлардың себебі айтылатын сөйлемдердің құрамында келеді.


ОҚЫЛЫМ


3-тапсырма. Екі жай сөйлемді себеп-салдар конструкцияларымен (нәтижесінде, сондықтан, сол себепті, себебі, өйткені) күрделі сөйлемге айналдырыңыз.

1.Болашақ отбасын құруда ерлі-зайыптылардың жас ерекшелік дайындығы ғана емес, олардың психологиялық даярлығы да маңызды. Болашақ шаңырақ иелерінің бір-бірін толық танып, жақсы түсіністік қарым-қатынаста болуы да үлкен рөл атқарады. 2. Отбасының берік болуы болашақ ерлі-зайыптылардың өзіне байланысты. Олар болатын қиыншылықтарды алдын-ала сезіп, саналы түрде соны жеңіп шығуға бел бууы қажет. 3. Отбасында түрлі экономикалық, әлеуметтік және жеке тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты мәселелер туындамай тұрмайды. Ондай қиыншылықтардың соңы отбасының ыдырауына әкеп соғатыны да белгілі. 4. «Отбасы - шағын мемлекет» деп жатамыз. Осы шағын мемлекетті құру, онда өмір сүру адамнан үлкен ептілікті, көрегенділікті, шыдамдылықты талап етеді. 5. Студенттік отбасы деп ерлі-зайыптылардың екеуі де студент болып табылатын отбасын айтамыз. Мұндай жас отбасында ерлі-зайыптылардың жасы 25-тен, ал отбасылық өтілі 5 жылдан аспайды. 6. Студенттік отбасылардағы ең маңызды мәселе - баланың туылуы болып табылады. Оқуды баланы тәрбиелеу, тұрмыс және отбасын құру мәселелерін шешумен бірге қиыстыру үлкен өмірлік тәжірибе мен шыдамдылықты қажет етеді.




ЖАЗЫЛЫМ


4-тапсырма. Күрделі сөйлемді себеп-салдарлы жай сөйлемдерге айналдырыңыз.


Үлгі: Ерлі-зайыптылар бір шаңырақ астында тұрып жатқандықтан бір-бірінің кемшіліктерін де көре бастайды.
Ерлі-зайыптылар бір шаңырақ астында тұрып жатады. Осылайша бір-бірінің кемшіліктерін де көре бастайды.

1.Ер адам да әйелі сияқты психологиялық қолдауға зәру болғандықтан әйелі еріне жылы сөзімен, жайлы мінезімен, орынды ақыл-кеңесімен қолдау білдіріп отыруы керек. 2. Еркек пен әйелдің жаратылысы бөлек, сол себепті олардың отбасындағы өзіндік міндеттері де бөлек екені белгілі. 3. Қазіргі таңда отбасын құруға ұлттық немесе қандай да бір басқа, әлеуметтік тосқауыл жоқ, сондықтан жастар жар таңдағанда, оның бойында өзіне ұнайтын мінез қырларын табуға тырысады. 4. Жастар көп жағдайда жалпы көзқарастарының байланыстылығын, қызығушылықтарын, жалпы мақсаттары мен дүниеге деген көзқарастарын ескермейді, сондықтан отбасылық өмірдің алғашқы сәттерінен бастап ажырасуға әкеп соқтыратын мәселелерімен қақтығысады.




НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!


Сөйлемдегі ойды қуаттау, растау, сендіру үшін қолданылатын тілдік бірліктер:
• әрине
• әлбетте
• рас
• сөз жоқ, сөзсіз
• дауа жоқ
• жасыратыны жоқ
шынын айту керек
• өзіңізге белгілі, өзіңе мәлім
• шынында, расында
• әділі сол


ОҚЫЛЫМ-АЙТЫЛЫМ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет