Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі кәрібаева саягүл елтайқызы


ЖАС ОТБАСЫНЫҢ КЕЛІСПЕУШІЛІГІ: СЕБЕПТЕРІ МЕН АЛДЫН АЛУ



бет14/68
Дата28.01.2024
өлшемі2.36 Mb.
#490074
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68
DOC-20231215-WA0054.

3.2.ЖАС ОТБАСЫНЫҢ КЕЛІСПЕУШІЛІГІ: СЕБЕПТЕРІ МЕН АЛДЫН АЛУ


ОҚЫЛЫМ-ЖАЗЫЛЫМ


7-тапсырма. Оқыңыз, себебін түсіндіріңіз.


Есіңізде сақтай жүріңіз!



Сіздің жарыңыз – балаңыз емес, сіздің серіктесіңіз. Екеуіңіз өмірдің соңына дейін бірге болатын дос екендеріңізді ұмытпаңыздар. Жарыңыз сізді сәт сайын сүйіп өтуіне кепілдік жоқ. Бұл екеуіңізге де қатысты айтылған кеңес. 
«Мәңгілік махаббаттың» дастанын «мәңгілік сыйластық» үрдісі жалғастырады. Ең сенімді және отбасылық өмірді ұзағынан сақтауға, мәңгі бірге тату-тәтті өмір сүруге жетелейтін осы сыйластық екенін ескеріңіз.

Екі жастың махаббат сезімін мәңгі сақтаудың себебі:

Сәби – отбасы өмірінің тұтқасы. Көз қуанышы, бүкіл сезіміңіздің кепілі. Бірақ алғаш дүниеге келген сәбидің отбасында қолайсыздық тудыруы мүмкін. Бұл әрине жамандық шақыру емес, тек отбасын құрмастан бұрын дайын болу керек жағдай. Ұйқыңыз қанбайды, түн ұйқыңызды төрт бөлесіз. Шарсайсыз. Мазасызданасыз. Жауапкершілік бір емес, он есеге артады. Ал бұл қасиеттер мен сезімдерді бастан кешіп көрмеген сіз үшін және сіздер үшін аталған жағдай күйзеліс болуы әбден мүмкін. 

Тұңғыш баланың дүниеге келуі не себепті қиындық туғызуы мүмкін?

Жарыңыздың көңілін табу үшін үлкен сыйлық немесе гүл алып беру міндетті емес. Отбасының тұрақтылығын сақтайтын сөздер де бар. Бұл сөздер сіздің сыйлығыңыздан қымбат: «жаным», «сүйіктім», «қымбаттым» деген сынды еркелетуге бағытталған сөздер сізді де, оны да бақытты етеді. Есіктен кіріп келген кездегі бір-біріңізге деген жылы сөз ақ дастархан басындағы тыныштықтың кепілі. 

Жарыңызға көңіл бөліп тұрудың себебі:

Отбасы болғаннан кейін барлық мәселені бірігіп шешкен дұрыс. Бұл біріншіден екеуара сезінуге, сыйластыққа алып келеді. Ертең отбасы болғаннан кейін біріңіз ғана жұмыс істеп, біріңіз ғана мәселені шешуде кикілжің туындауы мүмкін. Мұндай жағдай туындаған сәтте араларыңызға селкеу түсіп, қолдаудан қалып, сенімнен айырыласыздар. Қандай әрекет, қандай мәселе болмасын айтыңыз, ескертіңіз, бірге шешіңіз. Отбасы өмірінде жеке бас мәселесі немесе «ол менікі, мынау сенікі» дейтін ұстаным болмауы керек. 

Мәселелерді бірігіп шешудің себебі:

Бұл мәселені тіпті қозғамаңыз. Ойыңызға да алмаңыз. Сіз екеуіңіз отбасылық өмірге қадам басқаннан кейін өз жұмыстарыңызды бұрын қалай жасап келдіңіздер, солай жасауға міндеттісіздер. Тек жауапкершілік артады. Сүйіктіңізге «сен сыртта жұмыстасың мен үйде бала бағамын, шаршадым»,– демеңіз, ал сіз жарыңызға «мен жұмыс істеймін, сен бала ғана бағасың ғой» деген сөзді мүлде айтпаңыз. Бұл ойды ұмытыңыз. 

Еңбек күшін бөліспеудің себебі:

Автор: Ерке Рахым


АЙТЫЛЫМ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет