Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі кәрібаева саягүл елтайқызы



бет15/68
Дата28.01.2024
өлшемі2.36 Mb.
#490074
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68
DOC-20231215-WA0054.

8-тапсырма. Лексикалық тақырыпқа сәйкес себеп-салдар мәнді құрылымдармен сөйлем құрастырыңыздар.


Сіздердің әрекеттеріңіз:

  • Екі топқа бөліну;

  • Бірінші топ сөйлемнің бірінші бөлігін айтады;

  • Екінші топ сөйлемнің екінші бөлігін айту керек;

  • Кезектесіп рөлдермен алмасу;

  • Сөйлем айта алмаған топ жеңіледі.



Үлгі:
Бірінші топ: Тұрмысқа шығу — өз еліңді жат жұртқа танытып, түскен үйіңнің отымен кіріп, күлімен шығу деген сөз, .......
Екінші топ: сондықтан ол қадамды аттамас бұрын, әр адам шешімінің дұрыс екендігіне көз жеткізіп, ой елегінен өткізуі тиіс.


ТЫҢДАЛЫМ


9-тапсырма. "Отбасын құру" бейнесюжетті https://youtu.be/GRR1mdp0fRo сілтемесі бойынша қарап, кестені толтырыңыз.

Бейнесюжет атауы

Бейнесюжеттің мазмұны

Бейнесю-жетте көтерілген мәселе

Бейнесюжеттен сөздік қорыңызға қосқан лексикаңыз.

Түйін (бейнесюжет сізге қандай ой салды?)












ЖАЗЫЛЫМ


10-тапсырма. Кестені «Отбасы–шағын мемлекет» модулі бойынша толтырыңыз.
Сөздік картасы

Жаңа сөз











Жаңа сөздің мәтіндегі қолданысы











Ассоциация











Синоним











Антоним











Анықтама













Сөйлем













РЕФЛЕКСИЯ


11-тапсырма. Кестені «Отбасы – шағын мемлекет» модулі бойынша толтырыңыз.

Қандай тапсырмаларды орындау қиындық туғызбады?



Тапсырмаларды орындау барысында қандай қиындықтар кездесті?

Аталмыш модуль бойынша өзіңіздің лексика-грамматикалық білімңізді қанша пайызға бағалайсыз? (дәлелді аргумент келтіру)








ІІ МОДУЛЬ
ТАБЫСҚА БАРАР ЖОЛ
Т
АҚЫРЫП: 4.1 СҰРАНЫСҚА ИЕ МАМАНДЫҚТАР


ГРАММАТИКА: -у+-ға\-ге тура келу модальдылық мағынаның берілуі.
АЙТЫЛЫМ


1-тапсырма. І модуль сөздігін қайталайық. Лексикалық мағынасына қарай сөзді немесе сөз тіркесін анықтаңыз.



Үлгі: Бұл ұғым «отбасы» мен «тәрбие» категорияларының . жиынтығы ғана емес, олардың синтезі де болып табылады.

Отбасы тәрбиесі

«Сүйіспеншілік», «кешірім», «бірлік»,
« шыдамдылық» дегендерден туындайтын ұғым.




Бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі.




Өзара туысқандық қатысы бар, әртүрлі жастағы және әртүрлі құқылы адамдардан біріккен ұжым.




Отбасының ауызбіршілігі негізінде қалыптасатын құндылықтардың бірі.




Бұл құндылық отбасы мүшелерінің арасындағы бірлік, татулық, кішіпейілділік, көркем мінез арқылы қалыптасады.




Отбасы мүшелері арасында байланыстың орнығуына, өзара мәміленің қалыптасуына, отбасының әр мүшесінің қалыптасуына әсер ететін жетекші факторлардың бірі.




Киіз үйдің қақ төбесіндегі ең қасиетті, киелі бөлігі




Мұрагерлік жолмен ұрпақтан-ұрпаққа көшкен бір әулеттің арғы аталарының түтін түтеткен үйі.




Атадан қалған ұяның жылылығын және отбасының ынтымағын сақтауға мүдделі отбасындағы ер балалардың бірі, көп жағдайда үйдің кенжесі болады.




Отау болып, үй тігу дегенді білдіреді.




Ұлттық код, әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық құндылықтары: тілі, діні, ділі, мәдениеті, салт-дәстүрі, наным-сенімі.




Өмірлік жары, серігі болатын адамды кездестіру




Нақты бір тоқтамға, шешімге келу




Жанұяныңбұзылуы




Икемділік, бейімділік




Даналық, болжағыштық




Үлкен материалдық жетістіктерге жету




Мұқтаж болу




Ер адам мен әйел адамның ерлі-зайыпты болып бас қосуы




Кедергі, бөгет жасау






АЙТЫЛЫМ___2-тапсырма.'>АЙТЫЛЫМ


2-тапсырма. Сәйкестендіріңіз. Төмендегі сөздердің анықтамасын табыңыз.



1. Сараптама -

А) мінсіз, кемістіксіз

2. Сұраныс -

Ә) бір нәрсеге ренжу, налу

3. Сарапшы -

Б) ғылым, техника, өнер т.б. салаларда арнайы таным, білім мен білік талап ететін қандай да бір мәселеге зерттеу жүргізу

4. Тапшы мамандықтар -

В) сарапқа салушы, баға беруші.

5. Қынжылу -

Г) аз мамандықтар

6. Мүлтіксіз -

Ғ) қажет етушілік, керек затты т.б. талап ету



Есіңізде болсын!
Тура келді, тура келеді сөздері субъектінің бұл әрекетті орындағысы келмесе де орындау қажет мағыналы сөйлемдерде кездеседі, яғни белгілі бір әрекетті орындауға тиіс болады, жағдай одан оны талап етіп тұрады.


АЙТЫЛЫМ


3-тапсырма. Оқыңыз, сөйлемдер мағынасын салыстырыңыз.



Өзекті мамандықтарды анықтау үшін қазіргі заманғы экономикалық нарықтың ерекшеліктерін ескеру қажет.

Өзекті мамандықтарды анықтау үшін қазіргі заманғы экономикалық нарықтың ерекшеліктерін ескеруге тура келеді.

Жыл сайын сарапшылар тапшы мамандықтар рейтингін жасап, өз болжамдарын жариялап отыруы керек.

Сарапшыларға жыл сайын тапшы мамандықтар рейтингін жасауға және болжамдарын жариялауға тура келеді.

Жас мамандар өз мамандығы аясында бірнеше қызметті іске асыра алуға дайын болуы керек.

Жас мамандарға өз мамандығы аясында бірнеше қызметті іске асыра алуға дайын болуға тура келеді.



ОҚЫЛЫМ


4-тапсырма. Сөйлем бөліктерін қосыңыз, асты сызылған сөздерді мағыналас сөздермен алмастырыңыз.

Сөйлемнің бірінші бөлігі

Сөйлемнің екінші бөлігі

Сөйлем

Мағына-
лас сөз

1.Статистикалық зерттеулер бойынша, әлемде 40 мыңға жуық мамандық бар,бұл 40 мыңның ішінен өзіңе лайық біреуін таңдау оңайға соқпайды,

А)жас мамандарға мемлекеттік тілмен қатар, шетел тілдерін меңгерулеріне тура келеді.







2. Мамандыққа деген сұраныс қоғамдағы өзгерістерге қарай әр алуан болады,

Ә) сондықтан да бұл кәсіп иелеріне экономика және заң саласын да игерулеріне тура келеді.







3.Одан кейін заңгерлер, қаржыгерлер, кеденшілер оқытатын оқу орындарының таразысы төмен тартты, олардың тым көп даярланғаны соншалықты, жұмыссыз заңгерлер мен экономистердің армиясы қалыптасты,

Б) сол себепті жас мамандарға өз мамандығы аясында бірнеше қызметті іске асыра алуға дайын болуға тура келеді.







4.Соңғы жылдары ақпараттық технология, мұнайшылар, инженерлер, нанотехнологтер, маркетинг, электроника, биотехнология салаларының мамандары секілді кәсіп иелеріне сұраныс артты,

В) ол үшін нарықты зерттеп, яки қазіргі қоғамда сұранысқа ие мамандықтар бойынша өз бетіңше сараптама жүргізуге тура келеді,







5.Халықаралық ынтымақтастық қарқынды дамып жатқандықтан,

Г) бұларға амалсыз мамандығын өзгертуге, не басқа салада жұмыс жасауға тура келді.







6.Біліктілік талаптары жылдан-жылға артып келеді,

Ғ) Кеңес Одағы кезінде мектеп бітіруші түлектерге мұғалім, мал дәрігері, мал технигі секілді мамандықтарға оқытатын оқу орындарына түсуге тура келді.









Есіңізде болсын!
Етістік+у+ барыс септік+тура келу
Мамандық латын тілінен аударғанда ресми көрсетілген іс, сондықтан мамандық иесі болу үшін маған арнайы білім ал+у+ға тура келеді.
Етістік + тәуелдік жалғау + барыс септік (-ға\-ге; -қа\-ке; -а\-е; -на\-не) тура келу
Сарапшылардың зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырады, алайда олардың 12 %-ына қайтадан өз орнына қайту+лар+ы+на тура келеді.


ЖАЗЫЛЫМ

5-тапсырма. Оқыңыз. Жағдаяттарға сәйкес модаль сөзді (тура келу) пайдалана отырып, сөйлемді аяқтап жазыңыз.
Мен жастайымнан спортқа жақын едім. Бірақ ата-анам «қыз балаға спортшы болу қол емес, одан да экономист бол» деп менің таңдауыма түбегейлі қарсы болғандықтан, .......................................................................... .
Ол ата-анасының жалғыз ұлы еді, оған ата-анасы «мұғалім болып, ауылға кел» деді, .................................................................................................. .
Біздің таңдау пәніміз – география. Негізі экономист болсақ деп армандаған едік, бірақ ғаламтордан былтырғы өту ұпайларын саралап келіп, ................................................................................................................................... .
Сен бала күнінде дәрігер болып ойнайтын едің. Өскенде дәрігер боламын, адамдарды емдеймін деп айтатын едің. Әкең медицина саласының қиын екенін, оқудың ұзақтығын айтып қарсылық танытты, .....................................................................................................................................
Мен «Су ресурстары және оны пайдалану» мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Болашақта бұл мамандық бойынша су инженері болып жұмыс істеуге болады, бірақ, менің журналист болғым келеді ........................ .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет