7-тапсырма. Берілген ақпаратты түсініп оқыңыз, сұхбат берушілер нені атап өткенін жазыңыз.
Жастар жылы туралы пікірлер
2019 жыл жастар жылы болды. Қазақстанның жастары – елдің басты байлығы. Еліміздің болашағы да жастар, сондықтан оларға үлкен үміт артылып отыр. Тәуелсіздік жылдарында көп жетістікке қол жеткіздік. Мемлекетіміздің нығая түсуіне бұрынғыдан да мол үлес қосу үшін жастар енді бұрынғыдан да белсенді болуы керек.
Ауылдағы жастардың кәсіпкерлікпен айналысуына өмірі мен жұмысына қолайлы жағдай жасалмақ. Ауыл – мемлекеттің тірегі, ұлтжандылық пен рухани күштің қайнар көзі.
25 жыл бұрын қаладан ауылға жұмыс істеуге келдім. Барлығын жоқтан бастадым. Бірақ әрдайым Президенттің қолдауын көрдім, ол ауыл шаруашылығын дамытуға арналған бағдарламалары арқылы жастарға жігер берді. Қазір менде қарқынды дамып келе жатқан шағын шаруа қожалығы бар. Өзім агро және ауыл туризмімен де айналысамын, «Қазақстанның болашақ аграршысы» атты жобаны жүргіземін, жастарға жаңа жұмыс орындарын ашамын, жас фермерлерді дайындаймын, қысқасы, ауыл жастарымен жұмыс істеймін. «Open World» бағдарламасы бойынша АҚШ-та оқып келдім. «Жастарға жасалған» тауарлар мен қызметтерді сату орталығын құрдым. 2018 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Елбасымен кездестім. Сонда сөйлеген сөзім, айтқандарым Мемлекет басшысының ықыласына ие болды. Бұл маған жігер берді. Міне, енді Президент қызметтің түрлі саласында барлық Қазақстан жастарына қолдау көрсетілетінін айтып отыр. Елбасы аграрлық секторға айрықша көңіл бөліп келеді. Біздің де айтар алғысымыз мол! Жастар жылы – жастардың өзін дамытуына үлкен мүмкіндік. Еліміздің барлық жастарына тек сәттілік тілеймін!
Дмитрий КОРЕПАНОВ,
фермер, аудандық мәслихаттың депутаты
Павлодар облысы, Павлодар ауданы
|
|
Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауы – біз үшін қуантарлық жағдай. Мемлекет тарапынан жастарға ерекше назар аударылып, жағдай жасалғалы отырғандықтан, осы күнге дейін шетелде және Қазақстанда алған біліміміз бен тәжірибемізді елімізге арнауға дайынбыз.
Мен Ұлыбританиядағы Уорик университетінің және Назарбаев Университетінің түлегімін. Қазіргі уақытта Жоғары білім беру мектебінде постдокторант-зерттеушімін. Біздің мектепте білім беру және зерттеу саласына үлес қосып жүрген бірнеше жас ғалым жұмыс істейді, көптеген талантты магистрант және докторант білім алады. Біз, жас зерттеушілер үш тілде білім беру, жоғары білім беру саласын басқару, инклюзивті білім беру сияқты аса маңызды тақырыптарды зерттеумен айналысамыз. Зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, еліміздегі білім жүйесін жақсартуға бағытталған ұсыныстар дайындаймыз және стейкхолдерлер арасында таратуға тырысамыз.
Жастар жылының салтанатты ашылуына қатысқан Инженерия мектебінің докторанты, әріптесіміз Дамира Пернебаеваның айтқан ұсынысына Елбасы қолдау білдірді. Қазақстан жастары арасында ең үздік 100 ғылыми зерттеу жұмысын анықтау, шын мәнінде, көптеген саладағы жас зерттеушілерді ынталандырып, еліміздегі ғылым сапасын жетілдіріп, жаңа серпін береді. Ұзақ мерзімді тұрғыдан алсақ, мұндай зерттеу жұмыстарының еліміздің экономикасы мен әлеуметтік саласын жақсартуда әлеуеті зор. Осы үздік 100 жобаның арасында білім беру саласында жүргізілген зерттеу жұмыстарына біз де атсалысатын боламыз.
Лаура ҚАРАБАСОВА,
Назарбаев Университет Жоғары білім беру мектебінің постдокторанты, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі
|
|
ЖАЗЫЛЫМ
Достарыңызбен бөлісу: |