Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі кәрібаева саягүл елтайқызы


Жұмыссыз мәртебесін қалай алуға болады?



бет23/68
Дата28.01.2024
өлшемі2.36 Mb.
#490074
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68
DOC-20231215-WA0054.

Жұмыссыз мәртебесін қалай алуға болады?
Біздің елімізде мемлекеттік жұмыспен қамту орталығында жұмыс іздеуші ретінде тіркелген адамдар ғана жұмыссыз деп танылады. Жұмыссыз ретінде тіркелу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне барып тіркеліңіз. Ол жерге: 1) жеке куәлік; 2) еңбек қызметіңізді растайтын құжаттарды (еңбек кітапшасы, бұрынғы жұмыс орныңыздан жеке еңбек шарты (шарттар) немесе жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығару туралы бұйрықтардың көшірмесі болуы мүмкін) ұсыныңыз. Бұл маңызды! Сіз жұмыссыз ретінде тіркелгеннен кейін, күнтізбелік он күн ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде белгіленіп кетуіңіз керек. Егер сіз ауылдық жерде тұратын болсаңыз, онда айына бір рет ауыл әкіміне барып, белгіленіп отыруыңыз керек.
https://surak.baribar.kz/299586/
ЖАЗЫЛЫМ
8-тапсырма. Топтық жұмыс.


Сіздердің әрекеттеріңіз:

  1. 3 топшаға бөліну;

  2. Әр топқа берілген тапсырмалар түрлерін орындау;

  3. 1-топ сұрақтарды негізге ала отырып, берілген суретке талдау жасау;

  4. 2-топ қажет сөздерді пайдаланып, «Жұмыссыздыққа жол жоқ!» тақырыбында Қазақстан жастарына үндеу жазу;

  5. 3-топ жағдаятқа сәйкес пікір білдіру.

1-топ тапсырмасы. Сурет бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық қандай деңгейде? Жұмыссыздық азайған ба әлде көбейген бе? Дәлелдеңіз. Қай аймақта жұмыссыздық деңгейі жоғары? Неліктен? Қандай фактор әсер етуі мүмкін? Қай аймақта жұмыссыздық деңгейі төмен? Неліктен деп ойлайсыз?


2-топ тапсырмасы. Қажетті сөз тіркестері: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жәрмеңке, рухын көтеру, еңсені түсірмеу, екі қолға бір күрек, тепсе темір үзетін жігіттер, әлеуметтік ахуал, жалқаулықты жеңу, жұмыс талғамау.
3-топ тапсырмасы. Қазіргі қоғамда екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жастардың саны кемімей тұр. Кей адамдар жастардың жұмыссыздығының себебі бос жұмыс орындарының жоқтығы десе, басқа тарап жастар жалақысы көп, бірақ көп күш жұмсамайтын орындарда қызмет еткісі келеді дейді. Бұл туралы сіз не ойлайсыз?
ТЫҢДАЛЫМ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет