7-тапсырма. Мәтіндерді түсініп оқып, кестені толтырыңыз.
Еліміздегі жастардың жұмыссыздық мәселесі шешіліп
жатыр ма?
Жұмыссыздық, соның ішінде жастар жұмыссыздығы, қай елдің болмасын өзекті, шешімін табуды қажет ететін мәселесі болып табылады. Бұл біздің елде де орын алып отырған басты мәселе. Қазақстандағы жастар арасындағы жұмыссыздық елдегі жалпы жұмыссыздық деңгейі бойынша жоғары көрсеткіште болып отыр. «Экономикалық дағдарыс кезеңінде жастар көбінесе халықтың осал тобына қосылады. Расында, экономикалық өсім құлдырығанда жастар дағдарыстың әсерін алғашқылардың бірі болып сезеді. Сонымен бірге, экономикалық қиын кезеңдерде жалпы жұртшылыққа қарағанда әсіресе жастардың жұмысқа орналасуы оңайға соқпайды», Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі жалпы жұмыссыздық деңгейінің жартысына жуығын құраған. Бұл тек біздің елдегі болып жатқан мәселе емес. Халықаралық еңбек ұйымы әлемде жастар арасындағы жұмыссыздық «дағдарыс деңгейіне» жетті дейді. Ұйымның баяндамасында әлемде жастардың 13 пайызға жуығы жұмыссыз екені айтылған. Ал Қазақстандықтар елдегі жұмыссыздық туралы әртүрлі пікір айтты. Женевада (Швейцария) орналасқан Халықаралық еңбек ұйымының мәліметі бойынша, әлемде 15 пен 24 жас аралығындағы азаматтардың 13 пайызы, шамамен, 75 миллион адам жұмыссыз қалған. Көптеген білікті жастар жарты жалақыға немесе қара жұмыс істеуге мәжбүр. Ұйым «Әлемде 6 миллионнан астам азамат жұмыс табудан үмітін үзген» деп жазады.
Достарыңызбен бөлісу: |