Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі кәрібаева саягүл елтайқызы



бет34/68
Дата28.01.2024
өлшемі2.36 Mb.
#490074
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   68
DOC-20231215-WA0054.

Мағыналық бөліктері

Тілдік құрылымдар

Мәтіннің тақырыбы (мәтін деп аталады, ... тақырыбына арналады..)




Мәтінде көтерілген мәселелер (талданады, қарастырылады...)




Мәтіннің негізгі идеясы (автордың айтпақ ойы)




Қорытынды (не түйдіңіз, пікіріңіз)......






ОҚЫЛЫМ- ЖАЗЫЛЫМ


7-тапсырма.


Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі
«ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі. Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелік қабілетін арттыра алады. «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз» деп атап өткен Мемлекет басшысының бастамасы қолдауға лайық.
Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі. Сондықтан келешек ұрпағымызды білімді, білікті, бәсекеге қабілетті етіп тәрбелеу – мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі.
«Мен Мемлекет басшысы ретінде өскелең ұрпақтың болашағына баса мән беремін. Жастарға зор үміт артамын. Жастарымыз атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың, реформалардың игілігін міндетті түрде көреді. Олардың арасында көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр азаматтар аз емес. Біз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек» деген Қасым-Жомарт Кемелұлы жастарға ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.
Жастар – қоғамның неғұрлым ұтқыр, икемді, жігерлі бөлігі және нақ сол жастар ел экономикасының қозғаушы күшіне айналуға тиіс. Заманауи білім, қажырлы еңбек және жастар бастамасы қажет. Жастардың жанқиярлығы, еңбекқорлығы мен құлшынысы жағдайында ғана Қазақстан экономикасының мүмкіндіктері ол үшін шынайы игіліктерге айналуы мүмкін.
«Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниеден сыбағалы орын алсақ та, бір оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі – тұман» деп Міржақып Дулатұлы айтқандай, заманауи, қарқынды дамып келе жатқан әлемде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелесек, үлкен жетістіктерге жетеріміз хақ! Ең басты міндет – егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, қазақ елінің болашағына адал қызмет ететін, ар-намысы биік, парасатты ұрпақ тәрбиелесек, елдің дамуына қосқан нақты үлесіміз болмақ. Біз Президентімізді және оның барлық бастамаларын әрқашан қолдап, әрқашан сенім білдіреміз!
Ақпарат дереккөзі: https://qazaqadebieti.kz/

Жоғарыдағы мәтіндегі сөйлемдерді негізге алып, ашық рай+дейді моделін құрастырыңыздар





Есімше

Барыс септігі жалғауы

Ашық рай

+дейді




қа

І жақ

+дейді




ке

ІІ жақ

+дейді




ға

ІІ жақ (сыпайы)

+дейді




ге

ІІІ жақ

+дейді


СӨЙЛЕСІМ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет