Сақтардың мәдениеті. Діни наным-сенімдері мен ғұрыптары.
Сақтардың археологиялық ескерткіштерінен олардың жоғары мәдениетін, соның ішінде бейнелеу өнерінің ерекше болғанын білеміз. Сақтардың бейнелеу өнері “аң стилі” деген атауға ие болды.
Аң стилі деп бұйымдар жасауда және оларды әшекелеуде әртүрлі аң бейнелерін бедерлеуді айтады. Онда түрлі аңдарды және аңыздардағы ғажайып жануарларды бейнелеген. Мысалы, Есік қорымындағы “Алтын адамның”баскиіміндегі арқардың мүсіні, алдыңғы екі аяқтарын көтеріп тұрған жылқы, тау үстіндегі барыс, қанатты және мүйізді пырақтар бұлардың барлығы аң стилінің ең озық үлгісі.
Аң стилінің дамуын үш кезеңге бөлеміз:
1) Көне кезең-аңдар ешбір қозғалыссыз, бір орында жеке, тік тұрған қалпында бейнеленген[1,102].
2) Гүлденген кезең-аңдар мен жан-жануарлар қимыл-әрекет кезінде немесе бір әрекетті жасауға ыңғайланған қалпында бейнеленген.
3) Құлдырау кезең-ою-өрнекке ауыса бастады. Аңдар мен жануарлардың бейнесі анық емес тек сұлбалары бейнеленді.
Өю-өрнектердің геометриялық, өсімдік тектес, жануар тектес, рәміздік түрлері болды. Олар мәңгілік мұз болып сақталып қалған Пазырық, Берел қорымдарынан шыққан заттарда кеңінен бейнеленіп, сақталған.
Жартастарға сурет салу сақ заманында да дамыды. Алматы облысындағы Таңбалытас, Қойбағар ескерткіштері сақ дәуірінен қалған петроглифтерге толы[1,103].
Мұнда тұяқтарының ұшымен тұрған, аяқтарын бүгіп жатқан бұғылар, жабайы қабандар, түйелердің шайнасқан көрінісі, аю мен басқа да жыртқыштар бейнеленген.[1,104].
Тасмола мәдениеті. “Мұртты обалар” құпиясы. Еліміздің орталық аумақтарын мекендеген сақ тайраларының археологиялық мәдениеті-Тасмола мәдениеті деп аталады. Тасмола мәдениетін қалдырған сақ тайпалары Орталық Қазақстан аумағын мекендеген исседондар. Тасмола мәдениетін зерттеуді 1946 жылдан бастап белгілі қазақстандық зерттеуші Ә. Марғұлан және оның шәкірті М. Қадырбаев жүргізді. Бұл мәдениеттің басты ерекшелігі-“Мұртты обалардың”болуы. Олай аталуының себебі-обалардың сыртынан шығысқа қарай тартылған мұрт сияқты екі доғал тастар тізбегінің болуы. Ол екі обадан тұратын кешенді құрайды.[1,107]. Қосалқы обада жылқы сүйектері мен қыш ыдыстар қойылады. Ғалымдар обалардың мұртты болуын діни наным-сеніммен байланыстырады. Бұл Күн (от) тәңіріне табынудан шыққан. Ежелгі ата-баба рухын қастерлеумен де байланысты. Олар жерленген адамның рухы қосалқы обадағы атқа мініп, дәм татысып қоштасады. “Отты көпір” арқылы күншығысқа, яғни Тәңір мекеніне аттанды деп сенген[1,108].
Сақ мәдениеті-Орталық және Алдыңғы Азияның мәдениеті менөнері жетістіктерінің бірі болды. Ол заманға қатысты қорымдардың көп болуы ерте кезден-ақ Қазақстан аумағының оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінің толық игерілгенін байқатады. Сырдария, Іле, Талас, Лепсі, Есік, Шелек, Шарын, Кеген өзендерінің аңғарларында көптеген тас және топырақ обалар шоғырланған. Мысалы, Жуантөбе қорымы (Іле өзенінің сол жағалауы)-300 обадан,Беікқара қорымы (Талас өзенінің аңғары) 500 обадан,Кетпен-Төбе алқабында (Солтүстік Қырғыстан) 700 обадан тұратын қорымдар табылған[4,23].
Сақтардың археологиялық ескерткіштерімен танысу барысында біз олардың отқа, жылқыға, күнге және басқа да аспан денелеріне табынғанын білеміз. Ежелгі авторлар сақтардың Күн құдайына табынғанын жазған. Олар күн құдайына арнап жылқы шалған. Күн құдайын қанатты пырақ бейнесімен отпен байланыстырған. Сақтар отты барлық жамандықтан тазартатын күш деп сенген. Сақтардың отқа байланысты сенімінің сарқыншағы бүгінгі күнге дейін қазақтардың арасында отпен аластау, жаңа келген келінге отқа май құйғызу, жаман түс көргенде басына тұз айналдырып отқа тастау түрінде сақталып қалған. Сақтар ежелгі тайпалардан келе жатқан дәстүр бойынша аң-құстарға да табынды. Мұндай сенім түрі ғылымда тотемизм деп аталды. Өздерінің шығу тегі, арғы ата-бабасының бір киелі аң немесе құстан тарағаны туралы вңыздар сақталған. Осыған қарасты олар құсты киелі деп санап бойтұмар жасаған[1,106].
Төбесін түскиізбен жапқан шатырды сақтар белгілі діни рәсім өткізу үшін қолданған және сол арқылы тәңірмен тілдесеміз деп сенген. Сонымен бірге олар әрбір заттың жаны, рухы бар деп те сенген. Сенімнің бұл түрі ғылымда анимизм деп аталады.
Сақ тайпалары туралы жазба деректер.
Сақ тайпаларының көрші елдермен қарым-қатынасы.
Персия мемлекетінің павтшасы Кир – Мидия патшасы Крезбен б з б 558-529 жж соғысқан кезде – сақтармен одақ жасасып, олардан әжептәуір көмек алған. Кейін Кир сақтар мен массагетерді өзіне бағындыруды ұйғарады. Сөйтіп Мидия патшалығын жеңгеннен кейін Кирдің әскерлері сақтардың жеріне басып кіреді Сақтар парсылардың басқыншылық әрекеттеріне қарсы қайсарлықпен қайсарлық көрсетеді. Кирдің әскерлері өздерінің жеңісін тойлап жатқан кезде сақтардың жауынгерлері тұтқиылдан лап қойып, парсыларды қырып салады. Осы шайқаста Кирдің өзін де өлтіреді. Кирдің Орта Азиядағы басқыншылықтарын 1 Дарий б з б 521-486 жылдары жалғастырады. Жеке-жеке отырған сақ тайпаларын бір-бірлеп бағындырып, ол аз уақыт болса да оларды басып алады. Сақ тайпаларының біраз бөлігі оларға салық төледі және парсы патшасына жасаққа жігіттер беріп тұрды. Тіпті сақтардың біразы парсы патшасының өлмейтін он мың деп аталатын ұланының құрамына кіріп қызмет етті. Б з б 6 ғасырдың аяғы 5 ғасырдың басында 500-449 жж ежелгі Шығыстағы грек-парсы соғысында сақ тайпалары парсылар жағында болды. Мәселен б. з. б. 490 жылғы грек-парсы әскерлерінің Марафон жеріндегі болған соғыста сақтар парсылар жағында болып, гректерге қарсы соғысты. Б. з. б. 4 ғасырдың 30-шы жылдарында македониялық гректер Александр Македонский басшылығымен соңғы Ахеменид 3 Дарий Кодоманның әскерлерін талқандап, Орта Азияға басып кіріп, Шеткі Александр қаласы салынады. Сақ тайпалары грек басқыншыларына қарсы күресте өз тәуелсіздігін сақтап қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |