Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі



бет7/7
Дата13.11.2023
өлшемі89.82 Kb.
#483165
1   2   3   4   5   6   7
Тарих СРС

Отырықшылық – халықтың бір жерде қоныстануы, тұруы. Жергілікті жер жағдайы мен табиғат ерекшеліктеріне байланысты Қазақстанды ерте заманда мекендеген көне түркі тайпалары ғасырлар бойы көшпелі мал ш-мен айналысты. Дегенмен өзен-көл жағалаулары мен құнарлы аймақтарда егіншілік те қатар дамыды. Қазақстан жерін мекендеген түркі тілдес тайпалар 6 ғ-да Ертіс өңірінде, Сыр бойында және Жетісуда егіншілікпен айналысып, отырықшылық өмірге дағдылана бастады.
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D1%82%D1%8B%D1%80%D1%8B%D2%9B%D1%88%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D2%9B
Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы байланыс мәселесі тарих ғылымында әр түрлі пікірлер туғызып отыр. Біраз зерттеушілер көшпелілер мен отырықшылар қарым-қатынасын олардың арасындағы қырғи қабақ қақтығыстар, соғыстар, жаулап алу әрекеттерімен байланыстырады. Бұл ретте көшпелілер белсенді рөл атқарды деп есептейді. Енді бір топ зерттеушілер бұл қарым-қатынастағы көшпелілердің орнын төмендетіп көрсетуге тарысады. «Көшпелілер отырықшылардың мәдени жетістіктерін қиратушылар, не болмаса өздеріне қабылдап алушылар болды» деген пікірлер де жиі кездеседі.
Көбінде,көшпелі және отырықшы жұрттардың арасындағы қатынас әр заманда, әр түрлі аймақта әрқалай болды. Олардың карым-қатынасында қақтығыс, соғыстармен қатар бейбіт сабақтастық, шаруашылық, сауда, мәдени өзара әсерлер аз болған жоқ. Мал өнімдеріне мамандандырылған көшпелі экономика егіншілік өнімдерін, қолөнер бұйымдарын отырықшылардан алса, отырықшылар мал өнімдерін, кейбір қолөнер заттарын, қолөнерге қажетті шикізаттарды көшпелілерден алып отырды. Мұндай сауда, айырбас қатынастары, әсіресе отырықшы халықтар мен көшпелі елдер көршілес орналасқан шекаралық, аймақтарда пәрменді түрде іске асып отырды
Отырықшы елдерге жылқы малы, оны мініске, жегуге үйрету көшпелі малшы тайпалардан келді. Атты әскер дәстүрі, садақтың түрлері, қылыш, ат әбзелдері де көшпелілерден келген. Мысалы, VI ғасырда түркі тайпалары пайдаланған темір үзеңгілі ертоқым келесі ғасырларда бүкіл Еуропаға таралды. Отырықшы елдер көшпелілердің қару-жарағына, киіміне еліктеді. Мысалы, VII—VIII ғасырлардағы түркілердің кісе белдіктері Қытайдан Иракқа дейінгі аралықта пайдаланылған. Таң әулеті кезіндегі Қытайда көшпелілердің киімі кең таралды, Еуропада орыс, поляк, венгр ақсүйектері киім киісінде, шаш қоюында көшпелілер үлгісіне еліктеді. Көшпелілерде б.з.д. 1-мыңжылдықта пайда болған өнердегі «аң стилі» Қытайдан Дунайға дейінгі аралықтағы отырықшы елдерге де кең таралды.
Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. — 232 бет, суретті. ISBN 9965-33-633-4

Тарихшылар мен археолог ғалымдарымыз “Дала өркениеті” деп атаған түркілер мәдениеті өзінің мәдени дәстүрлерінің тарихи тамырларын сақтай отырып, көрші халықтардың мәдени жетістіктерін шығармашылықпен игерді. Осылайша өзінше қайталанбас дала өркениетінің сипатты белгілері қалыптасты. Ортағасырлық Қазақстан аумағы көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара тығыз байланысының орталығына айналды. дегенмен, мәселенің зерттелу тарихында мұндай пікір бірден қалыптаса қойған жоқ.


«Қазақстан тарихы» академиялық жинағының 1-томындағы К.М. Байпаков жазған «VI-IX ғғ. бірінші жартысындағы отырықшы және көшпелі мәдениет. Қала мен дала» атты тарауының «Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері» бөлімінде мәселені былайша түйіндейді: «Отырықшы және қала тұрғындарының көшпелі және жартылай көшпелі тұрғындарымен өзара әсерінің түрлі жақтары болды. Алайда көшпелілердің, егіншілер мен қала тұрғындарының көбінесе біртұтас әлеуметтік-экономикалық құрылым шеңберінде бірігуін атап өткен жөн. Отырықшы егіншілер мен қала тұрғындарының ықпалымен бұрынғы көшпелілер тез арада отырықшылыққа, қала өміріне көшіп отырды. Отырықшылық-егіншілік тұрмыс-салтының ықпалы көшпелілердің де дамуын жеделдетті.
Мәдениет жөнінен бір-біріне ықпал ету қырлары ауыс-түйіс, еліктеу, үйрену, араласу сияқты құбылыстармен сипатталды. Мәселен, отырықшы тұрғындар көшпелілерден қару-жарақ түрлерін, сәндік заттарды, қымбат тұратын металдардан істелген ыдыстарды алған.
Алайда отырықшы тұрғындар қалай болса солай көшіріп алу жолымен жүрмей, қайта бұл бұйымдарға өздеріне тән өзгерістер енгізді. Бірақ алдыңғы ортағасырлық қоғамның әскери ақсүйектері құнды бұйымдармен алмаса отырып, көшпелілер бұл бұймдарға деген өз қажеттерін дамыған қала қолөнері болған жағдайда ғана толық қанағаттандыра алатын еді. Сонымен, көшпелілердің, малшылардың сұранымы қала қолөнерінің дамуын қажет етті, ал түрік қағандары қалалар салынуына мүдделі болды. Сонымен бірге, отырықшы өмірге көшкен көшпелілер отырықшы тұрғындардан құрылыс ісіннің, үй салудың дәстүрлерін үйренді, ал түрік шонжарлары, сірә, сарай кешендерін тұрғызу және оларды безендірі үшін отырықшы халық арсынан құрылысшылар шақырып алатын болса керек» [348 б.].
Ноғайбаева М.С. «Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланыстары тарихнамасы» атты баяндамасы

Көшпелілердің өзіндік саяси мәдениеті болды. Олар ел басқарушыларын ерекше қасиетті адам, Тәңірдің жердегі өкілі деп түсінді, ерекше басқару жүйесі, империялық қызмет шендері, рәміздері, ел басқарудағы ерекше мұрагерлік дәстүрі болды. Осы мемлекеттік басқару тәртібін көшпелілер кейбір жаулап алған отырықшы елдердің саяси жүйесіне орнықтырып та отырды.


Көшпелілер отырықшы халықтардың бір-бірімен мәдениет алмасуына, олардың бірінен екіншісіне мәдени үдерістердің ауысуына себепші болды. Көшпелілер миграциясы, олардың бір отырықшы елдерден кейін келесі бір отырықшы халықтарды жаулап алуы арқылы мәдени диффузия іске асып отырды.
Ерте орта ғасырлар заманында көшпелілер отырықшылармен тек қана соғысып қойған жоқ, сонымен қатар өзара тығыз бейбіт байланыста болды. Көшпелілер отырықшы елдер шеберлеріне өздеріне қажетті құрал-сайман, жабдықтарға тапсырыс жасаумен қатар оларды кажетті шикізатпен қамтамасыз етіп отырды. Сонымен бірге көшпелілер отырықшылардан түрлі қолөнер түрін үйренді.
Сонымен, көшпелілер мен отырықшы халықтардың арасында тығыз байланыс болған. Бұл байланыс бірде жаугершілік, бірде арагүдік қақтығыстар, алым-салық түрінде болса, ал көпшілік жағдайда бейбіт қарым-катынас, сауда, айырбас түрінде іске асты.


https://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/show/8593

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет