Қазақстан Республикасының халқына наркологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы


Наркологиялық көмек көрсететін мамандар. Наркологиялық көмек



бет2/3
Дата17.07.2016
өлшемі188.5 Kb.
#206456
1   2   3

6. Наркологиялық көмек көрсететін мамандар. Наркологиялық көмек
көрсететін медициналық ұйымдармен өзара әрекет ететін ұйымдар
      31. Бастапқы – профилактикалық наркологиялық көмек кезеңдерін көрсететін мамандар:
      1) наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың мамандары (бастапқы – профилактикалық наркологиялық көмек деңгейінде наркологиялық консультация беру дағдылары бар «психиатрия, наркология» мамандықтары бойынша дәрігерлер, ПБЗ-дан тәуелділікке тартудың жоғары қауіптерін түзету және өзгерген отбасылық қарым қатынастарды түзету дағдылары бар психолог – мамандар, психотерапия мәселелері бойынша біліктілікті арттырған, нысаналы топ өкілдерінен алғашқы сынамалар және ПБЗ-ға тәуелділікке тарту белгілері кезінде қысқа мерзімді терапиялық араласулар жүргізу дағдылары бар «психиатрия», «наркология» мамандықтары бойынша дәрігерлер);
      2) бастапқы профилактикалық наркологиялық көмек кезеңінде жұмыс істейтін наркологиялық бейіндегі мамандардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ететін жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының профессорлық-оқытушылық құрамы;
      3) ПБЗ-ға тәуелділікке тартуды тиімді бастапқы профилактикалау технологияларын әзірлеуге, сондай-ақ бастапқы – профилактикалық наркологиялық көмек көрсету кезеңінде мамандардың қызметін регламенттейтін біліктілік талаптарын әзірлеуге маманданатын бейінді ғылыми ұйымдардың ғылыми қызметкерлері;
      4) бастапқы – профилактикалық наркологиялық көмек кезеңін іске асыру бойынша негізгі сыртқы әріптестердің функциялары бар ұйымдардың мамандары (медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының, саламатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарының мамандары, білім беру жүйесінің мамандары, әлеуметтік педагогтар, валеолог - педагогтар, мектеп психологтары, ішкі істер органдарының мамандары, наркологиялық тақырыпта маманданатын бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері).
      32. Бастапқы – профилактикалық наркологиялық көмек көрсету кезеңінде наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдармен өзара әрекет ететін ұйымдар:
      1) әдістемелік қамтымдарды әзірлеу және біліктілікті арттыру және бастапқы – профилактикалық наркологиялық көмек кезеңінің, СӨС ҚО мамандарын қайта даярлау мәселелері бойынша өзара әрекет ететін денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар және білім беру ұйымдары;
      2) ПБЗ-ға тәуелділікті профилактикалау мәселелері бойынша өзара әрекет ететін білім беру ұйымдары және бейінді ҮЕҰ.
      3) нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі өңірлік басқарма.
      33. Бастапқы наркологиялық көмек кезеңінде өзара әрекет ететін мамандар (қызметкерлер):
      1) наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың мамандары (наркология мәселелері бойынша біліктілікті арттырған, наркологиялық консультация беру және бастапқы наркологиялық көмек деңгейінде уәждемелік терапия дағдылары бар «психиатрия», «наркология» мамандықтары бойынша дәрігерлер, әлеуметтік диагностика және консультация беру дағдылары бар әлеуметтік қызметкерлер және әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар, оңалту бойынша нұсқаушылар – наркологиялық консультация беру дағдылары бар тәуелділік бойынша және бастапқы наркологиялық көмек кезеңінде уәждемелік терапия консультанттары);
      2) бастапқы наркологиялық көмек деңгейінде жұмыс істейтін наркологиялық бейіндегі мамандардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ететін жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының профессорлық-оқытушылық құрам;
      3) бастапқы наркологиялық көмектің технологияларын және осы салаға біліктілік талаптарын әзірлеуге мамандандырылған наркологиялық бейіндегі ғылыми ұйымның ғылыми қызметкерлері;
      4) бастапқы наркологиялық көмек кезеңіне іске асыру бойынша негізгі сыртқы серіктестер функциясы бар ұйым мамандары (қызметкерлері) (есірткіні тұтынудан зиянды төмендетудің қолданыстағы бағдарламаларының жылжымалы және стационарлық сенім пункттерінің қызметкерлері, токсикологиялық бөлімшенің және жедел медициналық жәрдемнің мамандандырылған бригадаларының медициналық персоналы, ПБЗ тәуелді тұлғаларға детоксикация бейіні бойынша қызметтер көрсететін реанимациялық бөлімшенің, орталықтардың, қарқынды терапия палаталарының медициналық персоналы, көп бейінді емханалардың балаларға арналған кабинеттердің (бөлімшелердің) мамандары, психотерапиялық және консультациялық - психологиялық кабинеттердің, телефонмен консультация беру және шұғыл психологиялық көмек кабинеттерінің мамандары, ішкі істер органдарының мамандары).
      34. Бастапқы наркологиялық көмек көрсету деңгейінде наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдармен өзара әрекет ететін ұйымдар:
      1) әдістемелік қамтымды әзірлеу және біліктілікті арттыру және бастапқы наркологиялық көмек кезеңінің мамандарын қайта даярлау мәселелері бойынша өзара әрекет ететін денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдары;
      2) ПБЗ тұтынушының жіті және созылмалы улануы кезінде медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар, токсикологиялық орталықтар, жедел жәрдем ұйымдары, ЖИТС-орталықтары;
      3) психотерапиялық және психологиялық кабинеттер және орталықтар, телефонмен консультация беру орталықтары;
      4) есірткіні тұтынудан болатын зиянды төмендету және ЖИТС профилактикалау саласында маманданатын ҮЕҰ.
      35. ПБЗ тәуелді тұлғаларды амбулаториялық, стационарлық емдеу және оңалту мен рецидивке қарсы және қолдаушы терапия кезеңдерінде өзара әрекет ететін мамандар:
      1) наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың мамандары (наркология мәселелері бойынша біліктілігін арттырған «психиатрия», «наркология» мамандығы бойынша дәрігерлер, психотерапия мәселелері бойынша біліктілігін арттырған «психиатрия», «наркология» мамандығы бойынша дәрігерлер, психологтар, әлеуметтік қызметкер және әлеуметтік қызмет бойынша мамандар, орта медицина персоналы; диагностикалық бөлімшенің мамандары);
      2) наркологиялық бейіндегі мамандардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ететін жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының профессорлық-оқытушылық құрамы;
      3) ПБЗ тәуелді тұлғаларды амбулаториялық, стационарлық емдеу және оңалту мен рецидивке қарсы және қолдаушы терапия әдістемелерін әзірлеуге, сондай-ақ аталған салада кәсіби стандарттарды әзірлеуге маманданатын наркологиялық бейіндегі ғылыми ұйымдардың ғылыми қызметкерлері;
      4) наркологиялық көмек көрсететін, наркологиялық көмектің алдағы кезеңдерін іске асыратын медициналық ұйымдардың мамандары.
      36. ПБЗ тәуелді тұлғаларды амбулаториялық, стационарлық емдеу мен оңалту және рецидивке қарсы және қолдаушы терапия кезеңдерінде наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдармен өзара әрекет ететін ұйымдар:
      1) әдістемелік қамтым және біліктілікті арттыру мен ПБЗ тәуелді тұлғаларды амбулаториялық, стационарлық емдеу және оңалту мен рецидивке қарсы және қолдаушы терапия кезеңдерінде жұмыс істейтін мамандарды қайта даярлау мәселелері бойынша өзара әрекет ететін денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдары;
      2) меншік нысанына қарамастан наркологиялық көмектің алдағы кезеңдерін іске асыратын медициналық ұйымдар (бастапқы-профилактикалық көмек кезеңі, бастапқы наркологиялық көмек кезеңі).
7. Наркологиялық көмек көрсету кезеңдерінде қолданылатын
негізгі әдістемелер
      37. Наркологиялық көмек көрсететін ұйымдарды жарақтандыру мыналарды құрайды:
      1) көмек кезеңдерін іске асыратын бөлімшелерді, құрылымдық бөлімшелер мен мамандарды базалауға арналған ғимарат (үй-жай) және наркологиялық көмек көрсету кезеңдерінде жұмыс істейтін мамандардың жұмыс орындарының жабдықтары үшін қажетт мүккәмал;
      2) зертханалық қызметті қамтамасыз етуге арналған және ПБЗ-ға тәуелді тұлғалардың биологиялық сұйықтықтары мен организм тіндеріндегі ПБЗ-ның болуын уәкілетті орган бекіткен нормативтерге сәйкес айқындауға арналған диагностикалық жабдықтар мен шығыс материалдары;
      3) есептерге және ПБЗ-ға тәуелді тұлғаларға наркологиялық көмектің бекітілген хаттамаларға сәйкес дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың жиыны;
      4) әрбір жас ерекшелік топ бойынша ПБЗ-ға тәуелділікке тарту қауіптерінің психологиялық диагностикасының компьютерлік бағдарламалары;
      5) уәжделген ақпараттандырудың және наркологиялық консультацияның технологияларын (көбейту техникасы, бейнепроекторлар және басқалары) іске асыруға арналған техникалық мүмкіндіктер;
      6) байланыс құралдары;
      7) накрологиялық көмектің кезеңдерін іске асыру бойынша ақпаратты жинау мен талдауға арналған техникалық мүмкіндіктер (компьютерлер, статистикалық бағдарламалар).
Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау министрінің
2014 жылғы 15 сәуірдегі
№ 188 бұйрығымен бекітілген
Стандартқа      
1-қосымша       
Бастапқы-профилактикалық наркологиялық көмек кезеңін
ұйымдастыру стандартын іске асыру кезінде қол жеткізілетін
индикаторлар (нәтижелер) 





Индикатор атауы

Өлшем бірлігі

Индикатор мәні

1.

Балалар арасында, жалпы халық арасында ПБЗ-ға тәуелділікті айқындау

тиісті халық санының 100 мыңына шаққанда

болашақта тұрақтануы және төмендеуі болатын бастапқы өсу

2.

ПБЗ-қа тәуелді болу қаупін психологиялық диагностикалау бағдарламаларына кірген балалар мен өңірдегі балалар санына арақатынасы

%

40

3.

Психологиялық тестілеу нәтижелері бойынша ПБЗ-қа тәуелді болу бейініне сай жоғары қауіп тобына кіретін балалардың өңірдегі балалар санына арақатынасы

%

2-3

4.

Топтық және жеке наркологиялық консультациялармен, топтық және жеке психологиялық консультациялармен қамтылған, ПБЗ-дан тәуелділікке әуестенудің психологиялық тұрақтылық қалыптастыру бойынша әлеуметтік-психологиялық тренингтерінен өткен ПБЗ-ға тәуелді болу бейіні бойынша жоғары қауіп тобындағы наркологиялық кеңес беру технологиясына кіретін балалардың ПБЗ-ға тәуелді болу бейіні бойынша жоғары қауіп тобындағы балалардың жалпы санына арақатынасы

%

40-50

5.

ПБЗ-ға тәуелді болу бейіні бойынша жоғары қауіп тобының қысқа мерзімді топтық психотерапия технологиясымен қамтылған өкілдерінің ПБЗ-ға тәуелді болу бейіні бойынша жоғары қауіп тобындағы жалпы балалар санына арақатынасы

%

30-40

6.

Қайталанған психологиялық диагностика кезінде бастапқы-профилактикалық шаралармен қамтылған балалардың ПБЗ-дан тәуелділікке елігу қаупінің деңгейлік көрсеткіші

%

көрсеткіш төмендеуінің тұрақты динамикасы

7.

Қайталанған психологиялық диагностика барысында анықталған ПБЗ-дан тәуелділіктің қалыптасу бейіні бойынша жоғары қаупі бар балалар тобындағы қауіптіліктің деңгейлік көрсеткіші

%

көрсеткіш төмендеуінің тұрақты динамикасы

8.

Наркологиялық көмектің бастапқы-профилактикалық технологияларымен қамтылған жоғары қауіпті балалар тобындағы оқу үлгерімі көрсеткіші

%

көрсеткіш жоғарылауы-ның тұрақты динамикасы

9.

Жоғары қауіптің ерте кезеңдегі диагностикасы және балалардың ПБЗ-ға тәуелді болуының бастапқы белгілерінің мәселесі жөнінде наркологиялық кеңес беру технологиясымен қамтылған өңірдегі педагогикалық ұжым өкілдері санының өңірде жұмыс істейтін педагогикалық бейіндегі мамандардың жалпы санына арақатынасы

%

30-40

10.

ПБЗ-ға тәуелділікке еліктеу бейіні бойынша атаулы бастапқы-профилактикалық іс-шаралардың оң бағалану санының сауалнамаға қатысқан тұлғалардың (жалпы халық, балалар мен жастар құрамы, отбасы мүшелері) жалпы санына арақатынасы

%

40-50

Қазақстан Республикасы 


Денсаулық сақтау министрінің
2014 жылғы 15 сәуірдегі
№ 188 бұйрығымен бекітілген
Стандартқа      
2-қосымша       
Бастапқы наркологиялық көмек кезеңін ұйымдастыру стандартын
іске асыру кезінде қол жеткізілетін индикаторлар (нәтижелер)





Индикатор атауы

Өлшем бірліктері

Индикатор мәні немесе оның динамикасы

1.

Өңірде амбулаториялық емдеу мен оңалту кезеңінде бастапқы наркологиялық көмек кезеңінен өтіп кеткен ПБЗ-дан тәуелді тұлғалардың бастапқы наркологиялық көмек кезеңімен қамтылған ПБЗ-дан тәуелді тұлғалардың жалпы санына арақатынасы

%

10-20

2.

Стационарлық емдеу мен оңалту кезеңінде бастапқы наркологиялық көмек кезеңінен өтіп кеткен ПБЗ-дан тәуелді балалардың бастапқы наркологиялық көмек кезеңімен қамтылған ПБЗ-дан тәуелді балалардың жалпы санына арақатынасы

%

10-15

3.

Бастапқы наркологиялық көмек кезеңімен қамтылған қоса тәуелді тұлғалардың бастапқы наркологиялық көмек кезеңімен қамтылған ПБЗ-дан тәуелді тұлғалардың жалпы санына арақатынасы

%

20-30

4.

Жасы мен тәуелділік түрі бойынша амбулаториялық емдеу мен оңалту кезеңінде бастапқы наркологиялық көмек кезеңінен ауыстырылған ПБЗ тәуелді адамдар санының арақатынасы

%

индикатор мәнінің тұрақты өсуі

5.

Ремиссиядағы ПБЗ тәуелді және бастапқы наркологиялық көмек кезеңімен қамтылған тұлғалардың бастапқы наркологиялық көмек кезеңімен қамтылған тұлғалардың жалпы санына арақатынасы

%

индикатор мәнінің тұрақты өсуі

6.

Оң АИТВ-мәртебесі бар ПБЗ тәуелді және бастапқы наркологиялық көмек кезеңімен қамтылған тұлғалардың бастапқы наркологиялық көмек кезеңімен қамтылған тұлғалардың жалпы санына арақатынасы

%

индикатор мәнінің тұрақты төмендеуі

7.

ПБЗ шектен тыс мөлшерін қолданған немесе уланған ПБЗ тәуелді және бастапқы наркологиялық көмек кезеңімен қамтылған тұлғалардың бастапқы наркологиялық көмек кезеңімен қамтылған тұлғалардың жалпы санына арақатынасы

%

индикатор мәнінің тұрақты төмендеуі

8.

Бастапқы наркологиялық көмек кезеңінде Ұсынылған қызметтердің бастапқы наркологиялық көмек кезеңінде қамтылған зиянды салдары бар ПБЗ тұтынушылар мен оған тәуелді тұлғалардыңрепрезентативті таңдалған топтарын сұрау кезінде қамтылған контингенттің күтулері мен мұқтаждығына сәйкестігінің орта немесе жоғары дәрежесінің болуы

%

50

Қазақстан Республикасы 


Денсаулық сақтау министрінің
2014 жылғы 15 сәуірдегі
№ 188 бұйрығымен бекітілген
Стандартқа      
3-қосымша       
ПБЗ тәуелді тұлғаларды амбулаториялық емдеу және оңалту кезеңін
ұйымдастыру стандартын іске асыру кезінде қол жеткізілетін
индикаторлар (нәтижелер)





Индикатор атауы

Өлшем бірліктері

Индикатор мәні немесе оның динамикасы

1.

Жалпы халықтың арасынан ПБЗ тәуелділікті анықтау

100 мың жалпы халыққа шаққанда

кейіннен тұрақтану және төмендеумен бастапқы өсуі

2.

Балалардың арасынан ПБЗ тәуелділікті анықтау

100 мың балаға шаққанда

кейіннен тұрақтану және төмендеумен бастапқы өсуі

3.

Жалпы халықтың арасынан ПБЗ тәуелділікпен сырқаттанушылықтың жалпы көрсеткіші

100 мың жалпы халыққа шаққанда

кейіннен тұрақтану және төмендеумен бастапқы өсуі

4.

Балалардың арасында ПБЗ тәуелділікпен сырқаттанушылықтың жалпы көрсеткіші

100 мың балаға шаққанда

кейіннен тұрақтану және төмендеумен бастапқы өсуі

5.

Соңғы жылдың ішінде амбулаториялық емдеу мен оңалту курсынан өткен ПБЗ тәуелді тұлғалар санының өңірдегі ПБЗ тәуелді тұлғалардың ескерілген контингентінің жалпы санына арақатынасы

%

10-15

6.

Соңғы жыл ішінде амбулаториялық емдеу мен оңалту курсынан өткен зиянды салдары бар ПБЗ тұтынатын және оған тәуелді балалар санының зиянды салдары бар ПБЗ тұтынатын және оған тәуелді балалардың ескерілген контингентінің жалпы санына арақатынасы

%

20-25

7.

ПБЗ тәуелді және амбулаториялық емдеу мен оңалту кезеңінің бағдарламасын аяқтаған ремиссиядағы тұлғалардың амбулаториялық емдеу мен оңалту кезеңімен қамтылған ПБЗ тәуелді тұлғалардың жалпы санына арақатынасы

%

индикатор мәнінің тұрақты өсуі

8.

ПБЗ тәуелді және амбулаториялық емдеу мен оңалту кезеңінің бағдарламасын аяқтаған ремиссиядағы балалардың амбулаториялық емдеу мен оңалту кезеңімен қамтылған ПБЗ тәуелді балалардың жалпы санына арақатынасы

%

индикатор мәнінің тұрақты өсуі

9.

Соңғы ремиссия кезеңінде есіркілерге тәуелді адамдар контингентін амбулаториялық емдеу мен оңалту кезеңімен қамтыған АИТВ жұқтыру көрсеткіші

%

индикатор мәнінің тұрақты төмендеуі

10.

ПБЗ тәуелді тұлғаларды амбулаториялық емдеу мен оңалту кезеңінде ұсынылған күтілетін қызметтерді тұтынушылар мен зиянды салдары бар ПБЗ оған тәуелді тұлғалардың сауалнама өту барысында амбулаториялық емдеу мен оңалту кезеңімен қамтылған контингенттің сәйкестігінің орта немесе жоғары дәрежесінің болуы

%

50

Қазақстан Республикасы 


Денсаулық сақтау министрінің
2014 жылғы 15 сәуірдегі
№ 188 бұйрығымен бекітілген
Стандартқа      
4-қосымша       
ПБЗ тәуелді тұлғаларды стационарлық емдеу және оңалту кезеңін
ұйымдастыру стандартын іске асыру кезінде қол жеткізілетін
индикаторлар (нәтижелер)





Индикатор атауы

Өлшем бірліктері

Индикатор мәні немесе оның динамикасы

1.

Соңғы жылдың ішінде стационарлық емдеу мен оңалту курсынан өткен ПБЗ тәуелді пациенттер санының наркологиялық есепте тұрған ПБЗ тәуелді тұлғалардың жалпы санына арақатынасы

%

жыл сайын 10% өсу

2.

МӘО толық курсынан өткен ПБЗ тәуелді пациенттер санының жыл ішінде наркологиялық стационарды пайдаланған ПБЗ тәуелді пациенттердің жалпы санына арақатынасы

%

30-40

3.

Соңғы жылдың ішінде стационарлық емдеу мен оңалту курсынан өткен ПБЗ тәуелді пациент-балалар санының наркологиялық есепте тұрған ПБЗ тәуелді балалардың жалпы санына арақатынасы

%

10-15

4.

МӘО толық курсынан өткен ПБЗ тәуелді пациент-балалар санының жыл ішінде наркологиялық стационарды пайдаланған ПБЗ тәуелді пациент-балалардың жалпы санына арақатынасы

%

20-30

5.

ПБЗ тәуелді және стационарлық емдеу мен оңалту курсын аяқтаған ремиссиядағы тұлғалардың стационарлық емдеу мен оңалту кезеңімен қамтылған ПБЗ тәуелді тұлғалардың жалпы санына арақатынасы

%

индикатор мәнінің тұрақты өсуі

6.

ПБЗ тәуелді және стационарлық емдеу мен оңалту курсын аяқтаған ремиссиядағы балалардың стационарлық емдеу мен оңалту кезеңімен қамтылған ПБЗ тәуелді балалардың жалпы санына арақатынасы

%

индикатор мәнінің тұрақты өсуі

7.

Соңғы ремиссия кезеңінде есіркіге тәуелді адамдар контингентін стационарлық емдеу мен оңалту кезеңімен қамтылғандардың АИТВ жұқтыру көрсеткіші

%

индикатор мәнінің тұрақты төмендеуі

8.

ПБЗ тәуелді тұлғаларды стационарлық емдеу мен оңалту кезеңінде ұсынылған күтілетін қызметтерді тұтынушылар мен зиянды салдары бар ПБЗ оған тәуелді тұлғалардың сауалнама өту барысында стационарлық емдеу мен оңалту кезеңімен қамтылған контингенттің сәйкестігінің орта немесе жоғары дәрежесінің болуы

%

50

Қазақстан Республикасы 


Денсаулық сақтау министрінің
2014 жылғы 15 сәуірдегі
№ 188 бұйрығымен бекітілген
Стандартқа      
5-қосымша       

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет