Қазақстан республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі 2011. 11. 01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен



бет10/35
Дата16.06.2016
өлшемі2.3 Mb.
#139603
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35

129-бап. Дәлелдеу процесiндегi ғылыми-техникалық құралдар

1. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесінде ғылыми-техникалық құралдарды қылмыстық процесті жүргізуші орган, сондай-ақ сарапшы және маман өздері осы Кодексте көзделген іс жүргізу міндеттерін атқаруы кезінде пайдалана алады.

2. Қылмыстық процестi жүргiзушi органның ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануы кезiнде жәрдем көрсету үшiн маман тартылуы мүмкiн.

3. Ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға, егер олар:

1) заңда тiкелей көзделсе немесе оның нормалары мен принциптерiне қайшы келмесе;

2) ғылыми жағынан маңызды болса;

3) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн болса;

4) қауiпсiз болса, жол беруге болады деп танылады.

4. Қылмыстық процестi жүргiзушi органның ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануы ғылыми-техникалық құралдардың деректерi, оларды пайдаланудың шарттары мен тәртiбi, бұл құралдар қолданылған объектiлер және оларды пайдаланудың нәтижелерi көрсетiле отырып тиiстi iс жүргiзу iс-әрекеттерiнiң хаттамаларында және сот отырысының хаттамасында көрсетiледi.

ҚР 16.03.01 ж. № 163-II Заңымен 130-бап өзгертілді

130-бап. Қылмыстық iс бойынша дәлелдемеде жедел iздестiру

қызметiнiң нәтижелерiн пайдалану

1. Заң талаптарының сақталуы жағдайында алынған жедел iздестiру қызметiнiң нәтижелерi дәлелдемелердi жинауды, зерттеудi және бағалауды реттейтiн осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес осы Кодекстің 53-бабында және 21-тарауында сондай-ақ "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптар сақтала отырып, қылмыстық iстер бойынша дәлелдеуге пайдаланыла алады.

2. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы орган қызметкері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде тікелей қабылдаған нақты деректер аталған қызметкерден куә ретінде жауап алынғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органға жасырын негізде көмек көрсетуші адам тікелей қабылдаған нақты деректер аталған адамнан куә, жәбірленуші, сезікті (айыпталушы) ретінде жауап алынғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін.

3. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде анықталған істің мән-жайларын қылмыстық процесті жүргізуші адам тікелей қабылдауы қажет және мүмкін болған кезде істің бұл мән-жайлары осы Кодексте көзделген ережелер бойынша жүргізілетін тергеу не сот іс-әрекеттерінің хаттамаларында көрсетіледі.

4. Жедел-іздестіру қызметі барысында алынған заттар мен құжаттарды заттай айғақтар және құжаттар ретінде пайдалану тиісінше осы Кодекстің 121 және 123-баптарында көзделген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. Жедел-іздестіру қызметі материалдарын заттай айғақтар мен құжаттар ретінде іске қосу олардың пайда болуы туралы анық деректер болған ретте ғана осы Кодекстің 53 және 100-баптарының талаптары сақтала отырып жүргізіледі.

5. Анықтау органының бастығы қылмыстық процесті жүргізуші органның талап етуі бойынша не өз бастамасы бойынша жедел-іздестіру қызметі материалдарын табыс ету туралы шешім қабылдай отырып, осы Кодекстің 202-бабының ережелеріне сәйкес тиісті қаулы шығарады. Қаулыда: талап етуі бойынша жедел-іздестіру қызметінің нәтижелері табыс етіліп отырған, қылмыстық процесті жүргізуші орган; қандай жедел-іздестіру шарасының қандай нәтижелері және қандай көлемде табыс етілетіні; аталған нәтижелерді алу үшін пайдаланылған техникалық құралдар; қылмыстық іс материалдарына қосу үшін жіберілетін заттар мен құжаттар; қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігін, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ұсынылатын шаралар көрсетіледі. Анықтау органының бастығы қылмыстық процесті жүргізуші органға жедел-іздестіру материалдарын өз бастамасымен табыс еткен жағдайда, қаулыда жедел-іздестіру қызметі нәтижелерін қылмыстық іс бойынша дәлелдеуде пайдалану қажеттігіне негіздеме де келтіріледі. Жедел-іздестіру қызметінің материалдары олардағы нақты деректерді олардың тергеліп (қаралып) жатқан қылмысты іске қатыстылығы, пайдалануға болатындығы және дұрыстығы тұрғысынан бағалауға мүмкіндік беретін көлем мен нысанда табыс етілуге тиіс.

131-бап. Преюдиция

1. Қылмыстық iс бойынша соттың заңды күшiне енген үкiмi, сондай-ақ заңды күшiне енген басқа да шешiмдерi анықталған мән-жайларға да, олардың құқықтық бағалауына да қатысты барлық мемлекеттiк органдар, ұйымдар және азаматтар үшiн мiндеттi. Аталған ереже қадағалау тәртiбiндегi соттың жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша үкiмi мен басқа да шешiмдерiн тексеруге, олардың күшiн жоюға және өзгертуге кедергi жасамайды.

2. Соттың азаматтық iс бойынша заңды күшiне енген шешiмi оқиғаның немесе әрекеттiң орын алған-алмағандығы туралы мәселе жөнiнде ғана қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде қылмыстық процестi жүргiзушi орган үшiн мiндеттi және сотталушының кiнәлi немесе кiнәлi еместiгi туралы қорытындыларды күнi бұрын шешуге тиiс емес.

3. Соттың талап-арызды қанағаттандыруға құқықты танитын заңды күшiне енген үкiмi сот үшiн осы бөлiгiнде оның азаматтық iс қарауы кезiнде мiндеттi.

4. Қылмыстық iзге түсу органы қаулысының сот үшiн мiндеттi күшi болмайды.

4-бөлім. Iс жүргізулік мәжбүрлеу шаралары

17-тарау. Сезіктін ұстау

132-бап. Ұстауға негiз

1. Қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамды ұстау - оның қылмысқа қатыстылығын анықтау және оған қамауға алу түрiндегi бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселенi шешу мақсатында қолданылатын iс жүргiзулiк мәжбүрлеу шарасы.

2. Қылмыстық iзге түсудi жүзеге асырушы орган мына негiздердiң бiрi болған жағдайда:

1) ол адам қылмыс жасау кезiнде немесе тiкелей оны жасағаннан кейiн ұсталғанда;

2) көрген адамдар, оның iшiнде жәбiрленушiлер қылмыс жасаушы ретiнде ол адамды тура көрсетсе не ол адам осы Кодекстiң 133-бабында көзделген тәртiппен ұсталса;

3) ол адамда немесе оның киiмiнде, өзiнде немесе оның тұратын үйiнде қылмыстың анық iзi табылған кезде;

4) жедел iздестiру қызметiнiң заңға сәйкес алынған материалдарында ол адамға қатысты ол жасаған немесе дайындап жатқан ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы анық деректер болған кезде бас бостандығынан айыру түрiнде жаза қолданылуы мүмкiн болатын қылмыс жасағандығына күдiк келтiрiлген адамды ұстауға құқылы.

3. Адамның қылмыс жасағандығына сезiктенуге негiз беретiн өзге де деректер болған кезде ол адам жасырынуға әрекет жасаған не оның тұрақты тұратын жерi болмаған, немесе сезiктiнiң жеке басы анықталмаған жағдайларда ғана ұсталады.

133-бап. Азаматтардың қылмыс жасаған адамдарды

ұстауға құқығы

1. Жәбiрленушiнiң, сондай-ақ кез келген өзге де азаматтың жаңа қол сұғушылық жасау мүмкiндiгiнiң жолын кесу мақсатымен қылмыс жасаған адамды ұстауға құқығы бар.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда ұсталған адамға ол қарсылық көрсеткен кезде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 33-бабында көзделген шекте дене күшi мен басқа да құралдар қолданыла алады. Егер ұсталған адамда қару немесе өзге де қауiптi заттар немесе қылмыстық iс үшiн мәнi бар заттар бар деп ұйғаруға негiз болса, оны ұстаған азамат ұсталушының киiмiн тексеруге және құқық қорғау органдарына немесе өзге де мемлекеттiк өкiмет органдарына беру үшiн ондағы заттарды алуға құқылы.

09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен 134-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен 134-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

134-бап. Қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамды

ұстау тәртiбi

1. Нақты ұстау сәтiнен бастап үш сағаттан аспайтын мерзiмде тергеушi немесе анықтаушы ұстаудың негiзi мен дәлелдерi, жерi мен уақыты (сағаты мен минутын көрсете отырып), жеке тiнтудiң нәтижелерi, сондай-ақ хаттама жасалған уақыт көрсетiлетiн хаттама жасайды. Хаттама ұсталған адамға жарияланады және бұл ретте оған осы Кодекстiң 68-бабында көзделген сезiк келтiрiлген адамның құқықтары, соның iшiнде оның қорғаушы шақыру және соның қатысуымен жауап беру құқығы түсiндiрiлiп, бұлар хаттамада көрсетiледi. Ұстау хаттамасына оны жасаған адам мен ұсталған адам қол қояды. Жүргiзiлген ұстау туралы анықтаушы мен тергеушi ұстау хаттамасы жасалған сәттен бастап он екi сағаттың iшiнде прокурорға жазбаша хабарлауға мiндеттi.

2. Ұсталған адамнан осы Кодекстің ережелеріне сәйкес жауап алынуға тиіс. Жауап алыну басталғанға дейін ұсталған адамға қорғаушымен оңаша және құпия жолығу қамтамасыз етіледі.

 

135-бап. Ұсталған адамды жеке тiнту



Ұстауды жүзеге асырған адам ұсталған адамды қару бар деп ұйғаруға негiз болған не ол өзiнiң қылмыс жасағандығын айғақтайтын дәлелдемелерден құтылуға тырысқан жағдайларда немесе өзге де қажеттi жағдайларда осы Кодекстiң 233-бабында көзделген ережелердi сақтай отырып, ұсталған адамға дереу жеке тiнту жүргiзуге құқылы.

2008.05.07. № 65-IV ҚР Заңымен 136-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



136-бап. Қылмыс жасады деген сезiк бойынша ұсталған

адамды босатудың негiздерi

1. Қылмыс жасады деген сезiк бойынша ұсталған адам, егер:

1) қылмыс жасады деген сезiк расталмаса;

2) ұсталған адамға қамауға алу түрiндегi бұлтартпау шарасын қолдануға негiз болмаса;

3) ұстау осы Кодекстiң 134-бабының талаптарын бұзу арқылы жүргiзiлсе, анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың қаулысы бойынша босатылуға жатады.

2. Ұсталу кезiнен бастап жетпiс екi сағаттың iшiнде сезiктiге қатысты осы Кодексте белгiленген тәртiппен қамауға алу түрiндегi бұлтартпау шарасы таңдалуға тиiс немесе ол босатуға жатады.

3. Егер ұсталған кезден бастап жетпiс екi сағаттың iшiнде ұсталушыны ұстау орнының бастығына айыпталушыны, сезіктіні қамауға алуға санкция беру туралы сот қаулысы келiп түспесе, ұстау орнының бастығы ұсталушыны өзiнiң қаулысымен бiрден босатады және ол туралы iс жүргiзiп жатқан адамға және прокурорға хабарлайды.

4. Ұсталған адамды ұстау орны әкiмшiлiгiнiң бастығы осы баптың үшiншi бөлiгiнiң талаптарын орындамаған жағдайда заңмен белгiленгендей жауапты болады.

5. Ұсталған адамды босату кезiнде соңғысына оны кiм ұстағандығы, ұстаудың негiзi, орны және уақыты, босатудың негiзi мен уақыты көрсетiлетiн анықтама берiледi.

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II ; 16.07.01 ж. № 244-II Заңдарымен 137-бап өзгертілді

137-бап. Қылмыс жасады деген сезiк бойынша ұсталғандарды

қамауда ұстаудың тәртiбi

Қылмыс жасады деген сезiк бойынша ұсталғандар уақытша ұстау изоляторларында ұсталады. Қылмыс жасады деген сезiкпен ұсталған әскери қызметшiлер мен жазасын бас бостандығынан айыру түрiнде өтеп жүрген адамдар тиiсiнше абақтыларда және Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнiң бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны орындайтын қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде де ұсталуы мүмкiн. Осы Кодекстiң 65-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда қылмыс жасады деген сезiкпен ұсталғандар анықтау органының бастығы ұйғарған арнайы бейiмделген үй-жайларда ұсталады.Қылмыс жасады деген сезiк бойынша ұсталған адамдарды қамауда ұстаудың тәртiбi мен шарттары заңдармен белгiленедi.

138-бап. Сезiктiнiң туыстарына оның

ұсталғандығы туралы хабарлау

1. Анықтаушы, тергеушi он екi сағаттың iшiнде оның отбасының кәмелетке толған мүшелерiнiң бiреуiне, ал олар болмаған жағдайларда басқа туыстарына немесе жақын адамдарына сезiктiнiң ұсталғандығы және оның қай жерде екендiгi туралы хабарлауға немесе мұндай хабарлау мүмкiндiгiн сезiктiнiң немесе айыпталушының өзiне беруге мiндеттi.

2. Егер ұсталған адам басқа мемлекеттiң азаматы болып табылса, онда аталған мерзiмде ол мемлекеттiң елшiлiгi, консулдығы немесе өзге де өкiлдiгi хабардар етiлуге тиiс.

3. Iстiң ерекше сипаты талап ететiн айрықша жағдайлар кезiнде тергеудiң бастапқы кезеңiнiң құпиясын сақтауды тиiсiнше қамтамасыз ету мақсатында прокурордың, оның орынбасарының санкциясымен көрсетiлген адамдарға хабарлау, сезiктi кәмелетке толмаған болып табылған жағдайды қоспағанда, ұстау кезiнен бастап жетпiс екi сағат бойы жүргiзiлмеуi мүмкiн.

18-тарау. Бұлтартпау шаралары

139-бап. Бұлтартпау шараларын қолдану үшiн негiздер

Айыпталушы анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады, не iстi сотта объективтi зерттеуге және талдауға бөгет жасайды, немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткiлiктi негiздер болған кезде, сондай-ақ үкiмнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн қылмыстық процестi жүргiзушi орган өз өкiлеттiгi шегiнде ол адамға осы Кодекстiң 140-бабында көзделген бұлтартпау шараларының бiрiн қолданады.

140-бап. Бұлтартпау шаралары

Бұлтартпау шаралары:

1) ешқайда кетпеу және өзiн дұрыс ұстау туралы қол қойдыру;

2) жеке кепiлдiк беру;

3) әскери қызметшiнi әскери бөлiм командованиесiнiң бақылауына беру;

4) кәмелетке толмағанды қарауға беру;

5) кепiл болу;

6) үйде қамауда ұстау;

7) қамау болып табылады.

141-бап. Бұлтартпау шараларын таңдау кезiнде

ескерiлетiн мән-жайлар

Бұлтартпау шарасы және оның қайсысын қолданудың қажеттiгi туралы мәселенi шешу кезiнде осы Кодекстiң 139-бабында аталған мән-жайлармен қатар, тағылған айыптаудың ауырлығы, айыпталушының жеке басы, оның жас мөлшерi, денсаулық жағдайы, отбасы жағдайы, немен шұғылданатындығы, мүлiктiк жай-күйi, тұрақты тұратын жерiнiң бар-жоғы және басқа мән-жайлар ескерiлуге тиiс.

2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен  142-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 

142-бап. Сезiктiге қатысты бұлтартпау шараларын қолдану

1. Сезiктiге қатысты бұлтартпау шаралары ерекше жағдайларда осы Кодекстiң 139-бабында көзделген негiздер болған кезде және 141-бабында көрсетiлген мән-жайлар ескерiле отырып қолданылуы мүмкiн. Бұл реттегi айыптау сезiктiге бұлтартпау шарасы қолданылған кезден бастап он тәулiктен кешiктiрiлмей, ал егер сезiктi адам ұсталып, содан кейiн қамауға алынса, - ұсталған кезден бастап осындай мерзiмде тағылуға тиіс. Егер бұл мерзiмде айып тағылмаса, бұлтартпау шарасы дереу тоқтатылады.

2. Күдіктіге айып тағу кезінде сот оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды қолдану туралы мәселені осы Кодекстің 150-бабында көзделген тәртіппен қайтадан қарайды. Егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім аяқталғанға дейінгі жиырма төрт сағат ішінде күзетпен ұстау орнының бастығына соттың айыпталушыны қамауға алуға санкция беру туралы қаулысы келіп түспесе, күзетпен ұстау орнының бастығы ол туралы қылмыстық іс жүргізуінде жатқан органды немесе тұлғаны, сондай-ақ прокурорды хабардар етуге міндетті. Егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін бұлтартпау шарасын тоқтату немесе айыпталушыны қамауға алуға соттың санкция бергені туралы тиісті шешімдер келіп түспесе, күзетпен ұстау орнының бастығы оны өзінің қаулысымен босатып, қаулының көшірмесін жиырма төрт сағат ішінде қылмыстық іс жүргізуінде жатқан органға немесе тұлғаға және прокурорға жолдайды.

3. Қамауға ұстау орны әкiмшiлiгiнiң басшысы осы баптың екiншi бөлiгiнің талаптарын орындамаған жағдайда заңмен белгiленгендей жауапты болады.

143-бап. Бұлтартпау шараларын қолдану тәртiбi

1. Айыпталушыға (сезiктiге) бiр мезгiлде екi және одан да көп бұлтартпау шараларын қолдануға болмайды.

2. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган бұлтартпау шараларын қолдану туралы адамға ол сезiктi болған немесе айыпталатын қылмыс пен осы бұлтартпау шарасын қолдану үшiн негiздiң көрсетiлуiн қамтитын қаулы шығарады. Қаулының көшiрмесi соған қатысты шығарылған адамға тапсырылады және онымен бiр мезгiлде оған осы Кодексте көзделген бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешiмге шағымданудың тәртiбi түсiндiрiледi.

3. Сезiктi, айыпталушы оны болдырмау үшiн осы Кодекстiң 144, 145 , 146 , 147 , 148 , 149-баптарында көзделген шаралар қолданылған әрекеттердi жасаған жағдайда оған неғұрлым қатаң бұлтартпау шарасы қолданылады, ол туралы айыпталушыға, сезiктiге тиiстi қаулының көшiрмесiн тапсыру кезiнде жариялануы тиiс.

2009.04.12. № 215-IV ҚР Заңымен 144-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

144-бап. Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат

1. Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат қылмыстық процесті жүргізуші органның күдіктіден, айыпталу­шыдан анықтаушының, тергеушінің немесе соттың рұқсатынсыз тұрақты неме­се уақытша тұратын жерінен кетпеуі, сотта істі тергеуге және қарауға кедергі келтірмеуі, қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша белгіленген мерзімде келуі жөнінде жазбаша міндеттеме алуынан тұрады.

2. Күш қолданумен немесе оны қол­дану қаупін төндірумен байланысты қыл­мыс жасалған кезде қылмыстық про­цес­ті жүргізуші орган жәбірленушінің жазбаша өтініші бойынша күдіктіге, айыпталушыға жәбірленушіні іздестіруге, оның ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға тыйым салу туралы жазбаша түрде ескертеді.

 

145-бап. Жеке кепiлдiк



1. Жеке кепiлдiк сенiмге ие болған адамдардың олар сезiктiнiң немесе айыпталушының өзiн дұрыс ұстауына және олардың қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келетiндiгiне кепiлдiк беретiндiгi туралы жазбаша мiндеттемесiнен тұрады. Кепiлдiк берушiлердiң саны екеуден кем болмайды.

2. Бұлтартпау шаралары ретiндегi жеке кепiлдiктi таңдауға тек кепiлдiк берушiлердiң жазбаша өтiнiшi мен оған қатысты кепiлдiк берiлетiн адамның келiсiмi бойынша ғана жол берiледi.

3. Кепiлдiк берушi оған қатысты өзi кепiлдiк беретiн адамның айыбының мәнi, кепiлдiк берушiнiң оған сезiктi, айыпталушы бұлтартпау үшiн осы шара қолданылған әрекеттi жасаған жағдайда ақшадай айып салынатындығынан тұратын жауаптылығы түсiндiрiлгендiгiн растайтын жеке кепiлдiгi туралы қолхат бередi.

4. Кепiлдiк берушi қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудiң кез келген сәтiнде кепiлдiк беруден бас тартуға құқылы.

5. Сезiктi, айыпталушы оны болдырмау үшiн жеке кепiлдiк қолданылған әрекеттердi жасаған жағдайда, әрбiр кепiлдiк берушiге сот осы Кодекстiң 160-бабында көзделген тәртiппен жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде ақшалай айып салуы мүмкiн.

146-бап. Әскери бөлiмдер командованиесiнiң әскери

қызметшiлердi байқауы

1. Әскери бөлiмдер командованиесiнiң әскери қызметшiлер немесе оқу жиынына шақырылған әскери мiндеттiлер болып табылатын сезiктiлердi, айыпталушыларды байқауы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi мен Iшкi әскерлерiнiң жарғыларында көзделген және ол адамдардың тиiстi мiнез-құлқы мен олардың қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келуiн қамтамасыз етуге тиiстi шаралардың қолданылуынан тұрады.

2. Әскери бөлiмнiң командованиесiне ол бойынша аталған бұлтартпау шарасы таңдалған iстiң мәнi туралы хабарланады. Әскери бөлiмнiң командованиесi: байқау орнатылғаны туралы осы бұлтартпау шарасын таңдаған органға жазбаша хабарлайды.

3. Сезiктi, айыпталушы оны болдырмау үшiн аталған бұлтартпау шарасы таңдалған әрекеттi жасаған жағдайда әскери бөлiмнiң командованиесi ол туралы осы бұлтартпау шарасын таңдаған органға жедел хабарлауға мiндеттi.

4. Өздерiне жүктелген байқау жөнiндегi мiндеттi орындамағанына кiнәлi адамдар заңдарда көзделген тәртiптiк жауаптылыққа тартылады.

2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 147-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



147-бап. Кәмелетке толмағанды қарауына беру

1. Кәмелетке толмағанды ата-анасының, қамқоршыларының, қорғаншыларының немесе басқа да сенiмге ие адамдардың, сондай-ақ ол тұрып жатқан арнаулы мекеме әкiмшiлiгiнiң қарауына беру аталған адамдардың бiреуiнiң кәмелетке толмағанның тиiстi мiнез-құлқы мен оның қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келуiн қамтамасыз етуiн өзiне қабылдайтын жазбаша мiндеттеме қабылдауынан тұрады.

2. Кәмелетке толмағанды ата-анасының және басқа да адамдардың қарауына беру тек олардың жазбаша өтiнiшi бойынша ғана мүмкiн болады.

3. Қарауына қабылдау туралы қолхат алынып қойылған кезде ата-аналарға, қамқоршыларға, қорғаншыларға, арнаулы мекемелер әкiмшiлiгi өкiлдерiне кәмелетке толмаған сезiк келтiрiлген немесе ол айыпталған қылмыстық сипаты туралы және қарауына алу жөнiндегi өздерiне қабылданған мiндеттерiн бұзған жағдайдағы олардың жауаптылығы туралы хабардар етiледi.

4. Қарауына кәмелетке толмаған берiлген адамдарға олар қабылдаған мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда осы Кодекстiң 145-бабының бесiншi бөлiгiнде және 160-бабында көзделген жазалау шаралары қолданылуы мүмкiн.

148-бап. Кепiл

1. Кепiл сезiктiнiң, айыпталушының өзi не басқа жеке немесе заңды тұлға соттың депозитiне сезiктi, айыпталушы анықтау, тергеу органдарына немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келуi жөнiндегi мiндеттерiн орындауын қамтамасыз етуге енгiзетiн ақшадан тұрады. Кепiл ретiнде прокурордың немесе соттың рұқсатымен басқа да бағалы заттар мен жылжымайтын мүлiк қабылдануы мүмкiн. Кепiлдiң бағалылығын дәлелдеу кепiл берушiге жүктеледi. Кепiлдiң сомасын айыптаудың ауырлығын, сезiктiнiң, айыпталушының жеке басын, кепiл берушiнiң мүлiктiк жағдайын ескере отырып, осы бұлтартпау шарасын таңдаған адам белгiлейдi. Аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған адамдарға қатысты кепiл қабылданбайды.

2. Кепiл прокурордың санкциясымен не соттың шешiмi бойынша ғана қабылданады.

3. Кепiлдiң мөлшерi: шағын ауырлықты қылмыс жасағандығына айыпталуы кезiнде - айлық есептiк көрсеткiштiң жүз еселенген мөлшерiнен; орта ауырлықтағы байқаусызда жасалған қылмысқа айыпталуы кезiнде - айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүз еселенген мөлшерiнен; орташа ауырлықтағы қасақана қылмыс жасағандығына айыпталуы кезiнде айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүз еселенген мөлшерiнен; ауыр қылмыс жасағандығына айыпталуы кезiнде - айлық есептiк көрсеткiштiң мың еселенген мөлшерiнен кем болмайды.

4. Кепiл берушiге, егер оның өзi сезiктi немесе айыпталушы болмаса, оған қатысты осы бұлтартпау шарасы қолданылатын адамның айыбының мәнi түсiндiрiледi. Кепiлдiң қабылданғандығы туралы сезiктiге, айыпталушыға осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мiндеттерi түсiндiрiлгендiгi, ал кепiл берушiге сезiктi, айыпталушы шақыру бойынша келуден жалтарған жағдайда кепiл мемлекеттiң кiрiсiне айналатындығы туралы ескертiлгендiгi атап өтiлген хаттама жасалады. Хаттамаға осы бұлтартпау шарасын таңдап алған лауазымды адам, сезiктi, айыпталушы, сондай-ақ басқа адам болса кепiл берушi қол қояды. Соттың депозитiне кепiл енгiзiлгендiгi туралы хаттама мен құжат iстiң материалдарына қосылады, ал кепiл берушiге хаттаманың көшiрмесi тапсырылады.

5. Сезiктi, айыпталушы қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келмеген жағдайда бұлтартпау шарасы неғұрлым қатаңырақ етiп өзгертiледi.

6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көрсетiлген жағдайда прокурор сотқа кепiлдi мемлекеттiң кiрiсiне айналдыру туралы ұсыныс жолдайды. Сот кепiл берушi жоғары тұрған сотқа шағымдануы мүмкiн болатын тиiстi шешiм қабылдайды.

7. Қалған жағдайларда сот iстi тоқтату туралы үкiм немесе қаулы шығарған кезде кепiлдi кепiл берушiге қайтару туралы мәселенi шешедi.

8. Қылмыстық iс алдын ала тергеуде тоқтатылған кезде кепiл анықтау немесе алдын ала тергеу органының қаулысы бойынша кепiл берушiге қайтарылады.

2008.05.07. № 65-IV ҚР Заңымен 149-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет