Қазақстан республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі 2011. 11. 01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен



бет25/35
Дата16.06.2016
өлшемі2.3 Mb.
#139603
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35

398-бап. Апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар беру тәртібі

1. Апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар үкiм қабылдаған сот арқылы берiледi. Апелляциялық сатыларға тiкелей келiп түскен апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар осы Кодекстiң 401-бабының және 402-бабының екiншi бөлiгiнiң талаптарын орындау үшiн үкiм қабылдаған сотқа жiберуге жатады.

2. Iстi екiншi қайтара қараған кезде шығарылған үкiмге дәл осындай тәртіппен шағым берiлуi, наразылық бiлдiрiлуi мүмкiн.

ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен  ; 2005.30.12  № 111-III ҚР Заңымен   (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 399-бап өзгертілді  



399-бап. Үкімдерге (қау­лыларға) апелляциялық шағымдану, наразылық бiлдiру мерзiмдерi

1. Апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар үкім (қаулы) жарияланған күннен бастап он бес тәулік ішінде берілуі мүмкін, ал қамауда отырған сотталған адам оны өзіне үкімнің (қаулының) көшірмесі табыс етілген күннен бастап нақ сондай мерзімде бере алады.

2. Сот актісіне шағым жасау үшiн белгiленген мерзiм iшiнде iс бірінші сатыдағы соттан талап етiле алмайды.

3. Мерзiмi өткеннен кейiн берiлген апелляциялық (жеке) шағым, наразылық қараусыз қалдырылады.

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңымен ; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 400-бап өзгертілді



400-бап. Апелляциялық (жеке) шағым беруге, наразылық бiлдiруге арналған мерзiмдi қалпына келтiру тәртiбi

1. Апелляциялық (жеке) шағым беруге, наразылық бiлдiруге арналған мерзiм дәлелдi себептермен өтiп кеткен жағдайда шағым беруге, наразылық бiлдiруге құқығы бар адамдар үкiмдi (қаулыны) қабылдаған сотқа өтiп кеткен мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiш жасай алады. Мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiштi iстi сот талқылауы кезiнде төрағалық етушi судья, ал ол ұзақ уақыт бойы болмаған кезде осы соттың басқа судьясы сот мәжiлiсiнде қарайды, ол өтiнiштi қозғаған адамды түсiнiк беру үшiн шақыртуға құқылы.

2. Өтiп кеткен мерзiмдi қалпына келтiруден бас тарту туралы судьяның қаулысына тиісті облыстық және оған теңестірілген сотқа шағым берiлуi, наразылық бiлдiрiлуi мүмкiн, ол өтiп кеткен мерзiмдi қалпына келтiруге және осы Кодекстiң 401-бабында және 402-бабының екiншi бөлiгiнде баяндалған талаптарды сақтай отырып шағым, наразылық бойынша iстi қарауға құқылы.

2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 401-бап жаңа редакцияда(2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



401-бап. Апелляциялық (жеке) шағым және наразылық беру туралы хабардар ету

1. Үкімді қабылдаған сот апелляциялық (жеке) шағым немесе наразылық беру туралы сотталған адамды немесе ақталған адамды, қорғаушыны, айыптаушыны, жәбірленушіні және оның өкілін, сондай-ақ, егер шағым, наразылық олардың мүдделерін қозғайтын болса, азаматтық талап қоюшыны, азаматтық жауапкерді немесе олардың өкілдерін хабардар етеді.

2. Шағымның, наразылықтың көшірмесі осы баптың бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға оларға жазбаша түрде қарсылық беру құқығы түсіндіріліп, ұсыну мерзімі көрсетіле отырып жіберіледі. Шағымға, наразылыққа келіп түскен қарсылық іске тігіледі.

3. Тараптар жаңа материалдарды апелляциялық (жеке) шағымға, наразылыққа қарсылықпен бірге немесе жеке түрде апелляциялық сатыға табыс етуге немесе оларды талап ету және зерттеу туралы өтініш жасауға, сондай-ақ өздері атаған жәбірленушілерді, куәларды, сарапшыларды сотқа шақырту және олардан жауап алу туралы өтініш жасауға құқылы.

 

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II; 11.07.01 ж. № 238-II Заңдарымен 402-бап өзгертілді; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 402-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



402-бап. Апелляциялық (жеке) шағым берудің және наразылық берудің салдарлары

1. Апелляциялық (жеке) шағым беру және наразылық беру үкімнің (қаулының) заңды күшіне енуін және оның орындалуын тоқтата тұрады.

2. Бірінші сатыдағы сот үкімге (қаулыға) шағымдану, наразылық беру үшін белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін бір тәуліктен кешіктірмей, осы Кодекстің 401-бабының талаптарын орындайды, содан кейін істі келіп түскен шағымдармен, наразылықпен және оларға қарсылықтармен қоса апелляциялық сатыға жібереді және процеске қатысушыларға істің апелляциялық сатыда қаралатын уақыты мен орны туралы хабарлайды. Сот талқылауы барысында шығарылған, үкім шығарумен аяқталған қаулыға шағым, наразылық берілген жағдайда іс үкімге шағымдану үшін белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін ғана жоғары тұрған сот сатысына жіберіледі.

3. Үкімге (қаулыға) шағымданған, наразылық берген тұлға өзінің шағымын, наразылығын апелляциялық сатыда сот отырысы басталғанға дейін кері қайтарып алуға құқылы. Прокурордың наразылығын да жоғары тұрған прокурор кері қайтарып алуы мүмкін.

 

 05.05.00 ж. № 47-II; 11.07.01. № 238-II  ; 2005.30.12  № 111-III  (бұр. ред. қара) ; 2007.29.06. № 270-III    (бұр. ред. қара) ҚР  Заңдарымен 403-бап өзгертілді



403-бап. Бiрiншi сатыдағы соттың қаулысына шағымдану, наразылық бiлдiру

1. 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3. Бiрiншi сатыдағы соттың қаулысына жеке шағым, наразылық жоғары тұрған сотқа шағымданатын шешiм шығарылған күннен бастап он бес тәулiк iшiнде берiледi және апелляциялық iс жүргiзу ережелерi бойынша қаралады. Қарау нәтижелерi бойынша шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру туралы не шағымданған шешiмдi жою немесе өзгерту туралы қаулы шығарылады.

4. Үкiм шығарумен аяқталған сот талқылауы кезiнде шығарылған қаулыға шағым берiлген, наразылық бiлдiрiлген жағдайда, iс жоғары тұрған сот сатысына үкiмге шағымдану үшiн белгiленген мерзiм өткен соң ғана жiберiледi. Бұл ретте, егер үкiмге апелляциялық шағым берiлген, наразылық бiлдiрiлген болса, жеке шағымды, наразылықты тексеру iстi апелляциялық тәртiпте қарайтын сол сот сатысы жүргiзедi.

5. Сот қаулысына шағымдануға сондай-ақ, егер қаулы олардың мүдделерiне қатысты болса, бұл iсте тараптар болып табылмайтын адамдар да құқылы.

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II; 11.07.01. № 238-II Заңдарымен 404-бап өзгертілді; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 404-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



404-бап. Істі апелляциялық сатыда қараудың шектері

1. Істі апелляциялық тәртіппен қарайтын сот үкімнің (қаулының) заңдылығын, негізділігін, әділдігін тек олардың шағымға немесе наразылыққа қатысты бөлігінде және шағымға немесе наразылыққа қатысы бар сотталушыларға қатысты ғана тексереді.

2. Егер істі қараған кезде заңсыз үкімнің (қаулының) шығарылуына алып келген басқа сотталушылардың құқық­тары мен заңды мүдделерінің бұзылуы анықталған болса, сот осы Кодексте көзделген қағидаларды сақтай отырып, оның шағымдалмаған, наразылық берілмеген бөлігінде де және өздері туралы шағым, наразылық берілмеген тұлға­ларға қатысты да күшін жоюға немесе өзгертуге құқылы.

3. Сот бірінші сатыдағы соттың үкіміне апелляциялық шағым, наразылық бойынша істі қарай отырып, жеке шағымдар, наразылықтар болмаған кезде де іс бойынша шығарылған жеке және өзге де сот қаулыларының заңдылығын тексеруге құқылы.

 

ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 47-тарау жаңа редакцияда



47-тарау. Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарау

 

2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 405-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



405-бап. Апелляциялық қараудың мәнi

Апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істе бар және қосымша табыс етілген, апелляциялық сатының отырысында зерттелген материалдар бойынша iстiң нақты мән-жайын анықтаудың және қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығын, iс жүргiзудi жүзеге асыру кезiнде қылмыстық iс жүргiзу заңы нормаларының сақталуын, бiрiншi сатыдағы сот үкiмiнiң немесе қаулысының заңдылығы мен негiздiлiгiн толық көлемiнде тексередi.

2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 406-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

406-бап. Iстi апелляциялық сатыда қарау мерзiмдерi

Iс апелляциялық тәртiппен ол келiп түскен күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей қаралуға тиiс. Дәлелдi себептер болған жағдайда бұл мерзiм iс жүргiзiп жатқан апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы бойынша бiр айға ұзартылуы мүмкiн. Қажет болған жағдайда iстi апелляциялық сатыда қарау мерзiмiн одан әрi ұзарту тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың алқа төрағасының қаулысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн. Бұл ретте, істі қарау мерзімін ұзарту әр ретте бір айдан аспауға тиіс.

 

2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 407-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



407-бап. Апелляциялық (жеке) шағым, наразылық

1. Апелляциялық (жеке) шағымда, наразылықта:

1) шағым, наразылық жіберіліп отырған соттың атауы;

2) шағым берген немесе наразылық келтірген тұлға туралы оның іс жүргізудегі жағдайы, тұрғылықты жері немесе жүрген жері көрсетілген деректер;

3) шағым, наразылық беріліп отырған үкім немесе қаулы және осы шешімді шығарған соттың атауы;

4) оларға үкімнің, қаулының қай бөлігіне немесе толық көлемінде шағым, наразылық беріліп отырғанын көрсету;

5) шағым, наразылық берген тұлғаның өз пікірі бойынша сот үкімінің, қаулысының дұрыс еместігі неде екендігі туралы дәлелдері және оның өтінішінің мәні;

6) шағымның, наразылықтың авторы өз талаптарына негіз ететін, оның ішінде бірінші сатыдағы сот зерттемеген дәлелдемелер;

7) шағымға, наразылыққа қоса тіркеліп отырған материалдардың тізбесі;

8) шағым, наразылық берілген күн және шағым, наразылық авторының қолы болуға тиіс.

2. Егер келтірілген шағым, наразылық осы талаптарға сәйкес келмесе, олар берілген деп есептеледі, бірақ аяғына дейін ресімдеу үшін мерзімі көрсетіліп қайтарылады. Егер апелляциялық (жеке) шағым, наразылық қайта жасалған­нан кейін көрсетілген мерзімнің ішінде сотқа ұсынылмаса, олар берілмеген болып есептеледі.

3. Тараптар апелляциялық (жеке) шағымның, наразы­лықтың негіздерін растау үшін шағыммен бірге немесе оны бергеннен кейін апелляциялық сатыдағы сотқа жаңа материалдарды табыс етуге немесе оларды талап ету және зерттеу туралы өтініш жасауға, сондай-ақ өздері көрсеткен куәларды, жәбірленушілерді, сарапшыларды, мамандарды сот отырысына шақырту және олардан жауап алу туралы, бірінші сатыдағы сот тергеуі олқылықтарының орнын толтыруға бағытталған өзге де іс-әрекеттер жасау туралы өтініш жасауға құқылы.

4. Апелляциялық (жеке) шағым, наразылық берген тұлға сот отырысы басталғанға дейін өзінің шағымын, наразылығын өзгертуге не жаңа дәлелдермен толықтыруға құқылы. Бұл ретте, прокурордың қосымша наразылығында немесе оның наразылықты өзгерту туралы өтінішінде, сол сияқты жәбірленушінің, жеке айыптаушының немесе олардың өкілдерінің үкімге шағымдану мерзімі аяқталғаннан кейін берген қосымша шағымында, егер бастапқы наразылықта немесе шағымда осындай талап болмаса, сотталған адамның жағдайын нашарлату туралы мәселенің қойылуы мүмкін емес.

 

2005.30.12  № 111-III  ҚР  Заңымен 408-бап  жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)  (Қолданысқа  енетін  мерзімін қараңыз); 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 408-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



408-бап. Апелляциялық сатыдағы сот отырысын тағайындау

1. Бірінші сатыдағы сот апелляциялық (жеке) шағым­дар мен наразылық беруге арналған мерзім өткен соң және осы Кодекстің 401-бабының талаптарын орында­ғаннан кейін істі қараудың облыстық немесе оған теңестірілген соттың келісімімен белгіленетін уақыты мен орнын көрсете отырып, істі тиісті апелляциялық сатыға жібереді.

2. Бірінші сатыдағы сот істің қаралатын уақыты мен орны туралы тараптарға хабарлайды. Күзетпен ұсталып отырған сотталған адамнан оның жағдайын нашарлатуға бағытталған шағымды немесе прокурордың наразылығын қарау кезінде апелляциялық сатының сот отырысына қатысу туралы өтініш түскен кезде, бірінші сатыдағы сот істі сотталған адамның тікелей қатысуымен не аталған адамның қашықтықтан қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ғылыми-техникалық құралдарды пайдала­на отырып қарау туралы қаулы шығарып, оны орындау үшін тиісті органдарға жібереді.

3. Өзге жағдайларда күзетпен ұсталып отырған сотталған адамды сот отырысына шақыру туралы мәселені апелляциялық сатыдағы сот шешеді. Бірінші сатыдағы сотта қаралмаған жаңа дәлелдемелерді зерттеген кезде сотталған (ақталған) адамның апелляциялық сатының отырысына қатысуы міндетті болып табылады. Мұндай жағдайларда осы Кодекстің 315-бабында көрсетілген мән-жайлар бар болған кезде істі сотталған (ақталған) адамның қатысуынсыз қарауға жол беріледі.

4. Қорғаушының апелляциялық сатыда қатысуы осы Кодекстің 71-бабында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған сотталған адамға қатысты іс қаралған кезде, не сотталған адамның жағдайын нашар­лату туралы мәселе қойылған, жәбірленушінің (азаматтық талап қоюшының), олардың өкілдерінің апелляциялық шағымы, прокурордың наразылығы бойынша іс қаралып жатқан не іс бойынша сотқа дейін іс жүргізу және бірінші сатыда істі қарау айыпталушының қатысуынсыз жүзеге асырылған жағдайларда не апелляциялық сатының жаңа дәлелдемелерді зерттеген кезінде қорғаушының апелляциялық сатыда қатысуы міндетті.

5. Жеке айыптау істерін қоспағанда, прокурордың апелляциялық сатыда қатысуы міндетті.

Апелляциялық сатыда прокурор осы Кодекстің 317-бабында көзделген өкілеттіктерге ие болады.

Қорғаушыны қоспағанда, апелляциялық отырыстың орны мен уақыты туралы уақтылы хабардар етілген процестің басқа қатысушыларының келмеуі істі қарауға кедергі болмайды.

6. Осы Кодекстің 396-бабына сәйкес үкімге шағым­дану құқығы берілген тұлғалар, сондай-ақ үкім шығарылғаннан кейін тапсырма алған сотталған (ақталған) адамның қорғаушысы немесе жәбірленушінің өкілі соттың апелляциялық отырысына барлық жағдайда жіберіледі. Оларға өздерінің өтініштері бойынша берілген шағымдарды немесе наразылықты не оларға қарсылықтарды негіздеп сөйлеу үшін сөз беріледі.

 

2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 408-1-баппен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

408-1-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың отырысын дайындау

1. Егер шағымдардағы, наразылықтағы дәлелдерді тексеру үшін тиісті іс жүргізу іс-әрекеттерін орындау қажет болса, судья іс келіп түскен күннен бастап он тәуліктің ішінде сараптамаларды тағайындау, сотталған (ақталған) адамды, жәбірленушіні, куәларды, сарапшыларды, мамандарды шақырту және олардан жауап алу туралы, материалдарды талап етіп алу және істі дұрыс шешу үшін өзге де қажетті іс-әрекеттер жасау туралы шешім қабылдай­ды. Көрсетілген іс-әрекеттерді орындау қажеттілігіне байланысты судья осы Кодекстің 406-бабына сәйкес істің апелляциялық сатыда қаралу күнін басқа мерзімге ауыстыруы мүмкін, ол жөнінде тараптарға хабарланады.

2. Судья сотталушыға немесе сотталған адамға қатыс­ты бұлтартпау шарасын сақтау, таңдау, оның күшін жою немесе өзгерту туралы мәселені шешеді, ол туралы қаулыда көрсетеді.

3. Судья істі апелляциялық сатыда қарауға дайындау туралы қаулы шығарады, онда қаралған мәселелер бойынша өзі қабылдаған шешімдер көрсетіледі. Қаулының көшірмесі ол шығарылған күннен бастап үш тәуліктің ішінде процеске қатысушыларға жіберіледі.



 

 

2005.30.12  № 111-III  ҚР  Заңымен 409-бап  өзгертілді   (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 409-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



409-бап. Апелляциялық сатыда істі қарау тәртібі

1. Осы Кодекстің 29-бабында көрсетілген жағдайларды қос­пағанда, апелляциялық саты істерді ашық сот отыры­сында қарайды. Төрағалық етуші сот отырысын ашады, қандай іс және кімнің апелляциялық (жеке) шағымы немесе наразылығы бойынша қаралып жатқанын жария­лайды. Содан кейін төрағалық етуші сот құрамын, іс бойынша тараптар болып табылатын, қатысып отырған тұлғалардың тегін, сондай-ақ аудармашылардың тегін жариялайды.

2. Төрағалық етуші отырысқа қатысушы тұлғаларға олардың апелляциялық сатыда істі қараған кездегі іс жүргізу құқықтарын түсіндіреді және тараптардан бас тартуы мен өтініштерінің бар-жоғын сұрайды, ал егер олар мәлімделсе, олар бойынша процеске қатысушылардың пікірін анықтайды, содан кейін сот осы Кодекстің 325-бабында көзделген тәртіпті сақтай отырып, оларды қарау нәтижелері бойынша қаулы шығарады.

3. Сотқа қосымша материалдарды табыс еткен тұлға олардың қандай жолмен алынғанын және оларды табыс ету қажеттігі неге байланысты туындағанын көрсетуге, сондай-ақ бірінші сатыдағы сот жүргізген сот тергеуін толық­тыру қажеттілігін негіздеуге міндетті. Қосымша материал­дарды тергеу әрекеттерін жүргізу жолымен алуға болмайды.

4. Тараптар іске жаңа материалдарды қосу немесе оларды талап ету және зерттеу туралы өтініштерді, сондай-ақ олар көрсеткен куәларды, жәбірленушілерді, сарапшы­ларды, мамандарды сот отырысына шақыру және олардан жауап алу туралы, бірінші сатыдағы сот тергеуі олқылықтарының орнын толықтыруға бағытталған өзге де іс-әрекеттер жасау туралы өтініштерді мәлімдеген жағдайда сот процеске қатысушылардың пікірін тыңдайды, содан кейін оларды қанағаттандыру немесе қабылдамау туралы қау­лы шығарады. Өтініштер осы Кодекстің 102-бабы бесін­ші бөлігінің талаптары сақтала отырып шешіледі. Тарап­тардың өз бастамасы бойынша келген куәлардан жауап алу туралы өтініштері қанағаттандырылуға жатады. Егер өтініштерді қанағаттандыруға байланысты тағайын­далған сараптамаларды жүргізу үшін немесе басқа да іс-әрекеттер жасау үшін уақыт талап етілетін болса, сот үзіліс жариялайды және қажет болған жағдайда апелляциялық сатыда істі қарау мерзімін ұзартады.

5. Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы сот үшін көзделген қағидалар бойынша істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар, тараптар табыс еткен немесе олардың өтініштері бойынша талап етіп алынған қосымша материалдарды, алынған сараптама қорытындыларын зерттейді, отырысқа шақырылған тұлғалардан жауап алады.

6. Сот тергеуін жүргізгеннен кейін сот жарыссөзін жүргізу қағидалары бойынша сот процеске қатысушы­лар­дың сөздерін тыңдайды, олар өз шағымдарындағы, нара­зы­лық­­тарындағы дәлелдері мен дәйектерін не оларға қарсылықтарын баяндайды. Тараптар өздерінің сөздерінде бірінші сатыдағы сот зерттеген материалдарға да, апелля­циялық саты зерттеген қосымша материалдарға да сілтеме жасауға құқылы. Шағым, наразылық берген процеске қатысушы бірінші болып сөз сөйлейді, егер олар бірнешеу болса, сот олардың пікірлерін ескере отырып, олардың сөз сөйлеу кезектілігін белгілейді. Егер айыптаушы тараптың шағымында, наразылығында сотталған (ақталған) адамның жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылса, қорғаушы тарап айыптаушы тараптың сөзі тыңдалғаннан кейін сөз сөйлейді.

7. Апелляциялық сатыдағы сот жаңа дәлелдемелерді зерттеген кезде, сотталған (ақталған) адамнан, куәдан, жәбірленушіден, сарапшыдан, маманнан және басқа да тұлғалардан жауап алған кезде осы Кодекстің 328-бабының талаптарына сәйкес ресімделетін сот отырысының хаттамасы жүргізіледі. Апелляциялық сатының отырысында жауап алынған тараптар мен тұлғалар сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған осы Кодекстің 329-бабында көзделген тәртіппен өздерінің ескертулерін беруге құқылы. Хаттамаға берілген ескертулер осы Кодекстің 330-бабында көзделген тәртіппен қаралады.

8. Сот отырысының тәртіптемесі және оны бұзу­шыларға қатысты қабылданатын шаралар осы Кодекстің 326, 327-баптарының қағидаларымен айқындалады. Кеңесу бөлмесінде шешімдер қабылдау тәртібі осы Кодекстің 370-бабының қағидаларымен айқындалады.

 

2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 410-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



410-бап. Апелляциялық сатының өкілеттігі

Апелляциялық шағыммен немесе наразылықпен бірге келіп түскен істі қарау кезінде сот үкімнің заңдылы­ғын тексеру және істі дұрыс шешу мақсатында тараптардың өтініш жасауы бойынша немесе өз бастамасы бойынша:

1) сотталған адамның, жәбірленушінің және іске қатысу­шы басқа да тұлғалардың денсаулық жағдайына, отбасы жағдайына және бұрынғы сотталғандығы туралы деректерге байланысты құжаттарды талап етіп алуға, тараптардың өтініштері бойынша басқа да құжаттарды талап етіп алуға;

2) сот-психиатриялық немесе өзге де сараптама тағайындауға;

3) сот отырысына қосымша куәларды, сарапшыларды, мамандарды шақыртып, олардан жауап алуға, тараптар табыс еткен немесе олардың өтініштері бойынша талап етіп алынған жазбаша, заттай немесе өзге де дәлелдемелерді зерттеуге;

4) бірінші сатыдағы сот зерттеген материалдарды дәлелдеме ретінде пайдалануға жол берілмейді деп тануға және оларды дәлелдемелер қатарынан алып тастауға;

5) бірінші сатыдағы сот дәлелдемелер қатарынан алып тастаған материалдарды дәлелдеме ретінде пайдалануға жол беріледі деп тануға және оларды зерттеуге;

6) азаматтық талап қоюға қатысты мән-жайларды зерт­теуге және азаматтық талап қою бойынша шешім қабылдауға;

7) істің барлық материалдарын толық, жан-жақты және объективті түрде зерттеуді қамтамасыз ету және іс бойынша ақиқатты анықтау үшін қажетті басқа да іс-әрекеттерді орындауға құқылы.

2. Бірінші сатыдағы сот жауап алған, сот отырысының хаттамасында баяндалған сотталған (ақталған) адамның, жәбірленушілердің, куәлардың, басқа да тұлғалардың жауаптарында әртүрлі түсінуге мүмкіндік беретін түсініксіз жайлар болған кезде сот өз бастамасы бойынша немесе тараптардың өтініш жасауы бойынша осы мән-жайлар бойынша жауап алу арқылы олардың жауаптарын нақтылауға құқылы.

 

2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 411-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет