Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-бап



бет35/205
Дата04.04.2024
өлшемі1.37 Mb.
#497746
түріКодекс
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   205
kazakstan respublykasynyn kylmystyk kodeksi

152-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу

1. Жұмыскермен еңбек шартын заңсыз тоқтату не соттың жұмысқа қайта орналастыру туралы шешiмiн орындамау, сол сияқты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi зиян келтіруге әкеп соққан өзге де бұзу –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бір жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

2. Әйелмен оның жүктілігі себебі бойынша еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тарту немесе онымен еңбек шартын негізсіз тоқтату немесе үш жасқа дейінгі балалары бар әйелмен осы себептер бойынша еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тарту немесе онымен еңбек шартын негізсіз тоқтату, сол сияқты мүгедектігі бар адаммен оның мүгедектігі себебі бойынша не кәмелетке толмаған адаммен оның кәмелетке толмағандығы себебі бойынша еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тарту немесе еңбек шартын негізсіз тоқтату –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бір жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

3. Басқару функцияларын орындайтын адамның ақшаны өзге мақсаттарға пайдалануына байланысты жалақының толық көлемде және белгiленген мерзiмде төленуiн бiрнеше рет кiдiртуi –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Ескерту. 152-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет